Методическая разработка урока по казахскому языку в 5 классе по обновленной программе содержания. «Тазалық-денсаулық кепілі»


Тасмагамбетова Алла Ашкеновна

учитель казахского языка и литературы Нежинской средней школы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы «Денсаулық-зор байлық»

Сабақ  №7
Мектеп: Нежинка орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Тасмагамбетова Алла Ашкеновна
Күні:

Сынып:5
Қатысқан оқушы: 15
Сабақтың тақырыбы:
«Тазалық-денсаулық кепілі»
Сабаққа  негізделген оқу мақсаттары
А4.Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.

Т6.Материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.
Сабақтың мақсаттары:

Ойлау дағдыларының деңгейі
Барлық оқушы: Мәтіннің мазмұнына жоспар құрайды

Оқушылардың көбі: Жоспарға сүйеніп мәтіннің мазмұнын айтады.

Кейбір оқушылар:қосымша ақпарат көздерінен мәлімет жинап, өз көзқарасын білдіреді.

Білу,түсіну,қолдану.
Бағалау критерийлері

Білім алушы:

-мәтіннің мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап береді.

-Мәтінге жоспар  құрайды

-жоспарға сүйеніп мәтінді баяндайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар жоспар құруды үйренеді ,осы жоспар арқылы   мәтіннің мазмұнын айтуға үйренеді.

Тақырыпқа сай жаңа сөздер:

Жу,сүрт,тазалық,денсаулық,кепіл,тырнақ.

Диалогқа арналған сұрақтар :

-Дені сау адамның көңілі көтеріңкі бола ма?

-Адамның денсаулығы қандай байлық?

-Жеке бас тазалығының ережелері қандай?

-Тері тазалығын сақтау үшін не істеу керек?
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану,биология
Құндылықтарға баулу
Салауатты өмір салтына баулу
Алдыңғы оқу

пайдалы,зиянды тағамдарды біледі
Жоспар

Жоспарланған уақыт
Жоспарланған  жаттығу түрлері
Сабақтың басы

10 мин

Сәлемдесу. Психологиялық ахуал . Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

Бүгінгі сабақтың  тақырыбын ашу үшін « «Миға шабуыл» әдісі.

қолданылатын сөздер:

.денсаулы

Сабақтың тақырыбына келтіру үшін    сұрақ қою.

Осы суреттегі заттар нені білдіреді?

Осы заттар не үшін керек?

Мозайка әдісі бойынша  топқа  бөлу

1-топ «Денсаулық»  2-топ «Тазалық»  3-топ «Байлық»

1-тапсырма:Осы берілген сөздерімен(сабын,денсаулық, тарақ,су) сөз тіркестері мен  сөйлем құрастыру, «Синквейн» әдісі бойынша бес жолды өлең құрастырады.
Саралау
Берілген сөздермен сөз тіркестері мен сөйлем құрастырады.
Бағалау
Оқушылар өз ойларын айтады.
Сұрақ
Балалар, сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбын,мақсатын айтады.
Сабақтың ортасы

 

25 мин
«Ойлан-жұптас-бөліс»  тәсілі

1.Мәтінді аудиотаспа арқылы тыңдап, мәтін мазмұны бойынша топтар бір‑біріне сұрақ дайындайды.

 

«Допты лақтыру» әдісі

Топтағы оқушы доп лақтырып, сұрақ қояды.Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп,өзінің сұрағын қояды
Сабақтың соңы

10 мин

Саралау

3.Мәтіндегі азат жолдар бойынша әр топ жоспар құрып, мәтін мазмұнын басқа топқа баяндайды. /айтылым/

1-топ:1 абзац

2-топ:2 абзац

3-топ: 3 абзац

Адамның денсаулығы -қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болады.  Әрбір адам жеке бас тазалығының  ережесін сақтау керек.

Жеке бас тазалығының ережелері:

-бөлмеңді желдетіп ал

– шынықтыру жаттығуын жаса;

– таңертең тісіңді тазала

– беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

– өзің отыратын орынның шаңын сүрт;

– мектепке ұстайтын заттарыңды реттеп ұста.

Тері тазалығы – адам денсаулығы кепілінің бірі.Ыстық сумен және сабынмен жуын.Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.

Дара диаграмманы толтырады,  өз түсінгендерін баяндап береді.

– Негізгі ақпараттарды тірек сөздер арқылы анықтайды.

– Мәліметтерді жинақтайды.
Бағалау

Сұрақ
Өзін-өзі бағалайды

Тазылықтың маңыздылығын қалай түсінесің?
Кері байланыс: