«Оқыту принциптері туралы түсінік»


Азизова Азиза Фарухқызы
Семей көп салалы колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы

Пән: Педагогика

Сабақтың тақырыбы: Оқыту пинциптері туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: Студенттерге  оқыту процесінің  принциптері, олардың өзара байланысы  туралы  мағлұмат беру.

Дамытушылық: Студенттердің  алған  теориялық білімін өз бетінше өзіндік  тұжырымдай білуге   дағдыландыру.

Тәрбиелік: Студенттерді  адамгершілікке, инабаттылыққа, сауаттылыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: сұрақ-жауап әдісі, сәйкестендіру кестесі, РАФТ әдісі, деңгейлеп оқыту технологиясының элементтері.

Пәнаралық байланыстар: психология, әлеуметтану.

Сабақтың жабдықталуы: тест таратпалары, сәйкестендіру кестесі, интерактивті тақта, рефлексия материалы.

Қолданылатын әдебиеттер: Ж.Ә.Әбиев, С.Б.Бабаева,А.М.Құдиярова «Педагогика»

 

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі                                                       5 мин

II. Үй тапсырмасын тексеру                                             15 мин

III. Жаңа сабақ                                                                    35 мин

IV. Жаңа материалды бекіту                                             18 мин

V. Қорытынды кезең                                                          5 мин

1)    Бағалау

2)    Рефлексия

VI. Үйге тапсырма                                                              2 мин

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

«Біз білікті білімгер» тренингі /5 мин/

Мақсаты: сыныпта жағымды атмосфералық ахуал орнату, топқа бөлу.

Барлық білімгерлер постерден өздеріне ұнаған түстеріне бойынша бір стикер алып, шеңбер бойына келіп, сағат тілінің бағытымен стикерде жазылған сөйлемдерді дауыстап айтады: «Мен білімді білімгермін», «Мен жаңашыл білімгермін», «Мен мықты көшбасшымын» т.с.с.

Стикерлердің түсіне қарай топтасып отырады.

 

II. Үй тапсырмасын тексеру                                              15мин

1 тапсырма Деңгейлік ұяшықтағы тапсырмалар (слайдта көрсетілген ұяшық номерін таңдап, жауап беру қажет)

2 тапсырма РАФТ әдісі.

Р – рөл, А – аудитория, Ф-форма, Т-тақырып.

Рөл ретінде бүгінгі тақырып «Оқыту үрдісінің негізгі құрамдық бөліктері.Оқыту мақсаты, оқытудың мазмұны».

І топ. Аудитория (тақырыпқа сипатамма береді)

ІІ топ. Форма (осы тақырып бойынша эссе, өлең, шығарма т.б. жазады)

ІІІ топ. Тақырып. (тест сұрақтарына жауап беру)

 

3  тапсырма «Сәйкесін тап» ойыны

Дидактика
кез-келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын іс-әрекет
Оқыту
адамға тiкелей əсер ететiн заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелену процесi
Ұғыну
оқушылардың бiлiмдi берiк ұғынуының тиiмдi əдiс-тəсiлi.
Білім
іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі
Іскерлік
оқушыны бiлiмдендiру, тəрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған iс -əрекет
Дағды
Адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі
Қабылдау
бiлiм беру мен оқыту мəселелерiн зерттейтiн ғылым саласы.
Бекіту
саналы түрде ғылыми бiлiмдi, заңды-лықтарды ұғу, фактiлердi жинақтау процесi, қорытынды шығару
 

ІІІ. Жаңа сабақ                                                                    35 мин

Оқыту принциптері – мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі – табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, “принцип” сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой. А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудық өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудық белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық – қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол “Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар” – деп тұжырымдалады. Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі. В.Е.Гмурман ұсынған принциптер: оқытудық саналылығы және белсенділігі; оқытудық көрнекілігі; оқытудық жүйелілігі; ғылым негіздерін берік меңгеру. Талданған оқытудық принциптері оқушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталды. Оқыту принциптерін аталған педагогтардан басқа М.А.Данилов, М.Н.Скаткин зерттеді.Зерттеу қорытындылары бойынша И.П.Подласый, Т.Сабыров, т.б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады. Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі сияңты принциптер кең қолданылады.

 

Оқыту Принциптері
Шарттары:
Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондьщтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
•  педагогиканың, психологияның, озың тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбектіғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау;
ғылыми таным әдістерін қолдану. Оқушыларды іздендіру, шығармашылық жұмыспен айналыстыру;
•  жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу;
•  оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
•  тәжірибе жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау;
•  жалған сөйлемеу.
Оқытудық бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі.
•  оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану. Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру;
•  оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау;
•  пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану;
•  өткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру;
•  материалға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу;
•  оқушылардың өз ойларын қалай айтатынын қадағалау;
•  баланы өздігінен жұмыс істеуге үйрету, көмектесу;
•  оқушылардың білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын айтқызу. Әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу;
Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі.
•  жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу;
•  түсінікті етіп оқыту;
•  оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену;
•  оқушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі бала өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді.
•  әрбір ережеге мысал келтіру;
•  негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап алу;
•  тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз;
•  сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту;
•  әрбір ережеге мысал келтіру;
•  негізгіні түсіндіруге назар аудару;
•  оқушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу;
•  баланы өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге үйрету;
•  дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану.
6. Теория мен тәжірибенің байланысы.
Оқытудың өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысы-ның жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және поли-техникалық әзірлікке берілген уақытқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
•  мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Оқушы оқу тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту;
•  “Білім — өмір” байланысы, өмірден алынған мысалдарды талдау. Өлкетіну мәліметтерін қолдану;
•  Мәселелік – ізденіс, зерттеу жұмыстары теория мен тәжірибені байланыстырудық басты құралы;
•  қоғамдьщ пайдалы еңбектің оқу және тәрбие мақсаттарына сай жүргізілуі. Қоғамдық пайдалы жұмыс – оқытудық өмірмен байланысын жүзеге асырудық маңызды жолдарының бірі;.

7.Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы – көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады.
•  балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;
•  оқытудық алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дөмін таттыру;
•  қазіргі көрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т.б. қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу;
•  көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, бай-қампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;
•  көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату;
8. Оқушылар білімінің беріктігі. Бұл принципте мына заңдылықтар бар: білім мазмұны және оқушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктер; оқу материалын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді.
•  қазіргі оқытуда естен гөрі ақыл-ойға баса назар аударылады.
•  дұрыс қабылданбаған, түсініксіз нерселердің есте қалып қоюына жол бермеу. Бала тек саналы меңгерілген, түсінікті материалды ғана есінде сақтау керек;
•  әр түрлі анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, энциклопедияларды қолдануға үйрету;
•  өзара оқытуды кең қолданып, оны бағыттау. Өзара оқыту мұғалім қалыптастыра алмайтын сапаларды қалыптастырады;
•  қайталау және бекіту кезінде оқушылардың естерін, ақыл-ойларын, сезімдерін жұмыс істетіп, білімдерін тереңдетіп, жаңа мысалдар келтіріп, қорытындыларды нақтылау;
•  жаттығулар санын, орындалатын мерзімін белгілеу;
•  оқыту нәтижелерін жүйелі түрде тексеру және бағалау;
9. Түсініктілік принципі. Бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білімінің, іскерлігінің, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай түсінеді. Аталған принципті жүзеге асыру үшін өуелі оқай, белгілі, қарапайым материалдар, содан кейін қиын, белгісіз, күрделі оқу материалдары оқылады.

•  оқылатын материалдарды әрбір жас кезеңдеріне бөлу;
•  баланың ақыл-ойы белгілі бір пәнді оқуға әзір болу керек екенін ұмытпау;
•  жақсы оқушылардың дамуын тежемеу, оқу үлгерімі нашар оқушыларды тез қарқынмен жұмыс істеуге үйрету;
•  өте асықпау!
•  оқушыға келген ойды танымның соқы емес, басы деп түсіну;
•  түсініктілік мұғалімнің анық түсіндіруіне және тіліне байланысты; ұғымдарды нақты және біржақты етіп тұжырымдап өмірден, әдебиеттен жарқын мысалдар келтіріп, бірсарынды сөйлемеу;
•  монологты ұзаққа созбау, мұғалім іс-әрекеті мен оқушы іс-ерекетін анықтап алу. Балалардың түсінігіне жеңіл оқу материалдарын өз бетімен оқуға беру;
Ынталандыру принципі
Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады.
•  жаңа және дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдану;
•  компьютерлік технологияны қолдану;
•  интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану;
•  өзара оқыту (жұптық, топтық);
•  білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру;
•  сыныпта жағымды микроклимат жасау;
•  мұғалімнің өз пөніне, оқушыларға оң көзқарасы;
•  оқушылардың оқудағы жетістіктерін көрсету;
•  білімнің оны ашқан адамдардық тағдырымен байланысы;
11. Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі – оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.
•  оқушының өз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау;
•  үлгерімі нашар, жауапкершілігі төмен оқушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру;
•  баланы түсіну, жақсы көру, бірақ талапта қою;
•  оқушының табысына шынайы түрде қуану;
•  баланың дене кемістігін сөз етпеу;
•  баланың өздігін баспау;
•  балаларды басқа балалармен салыстырмау;
•  баланың ар-намысына тиетін сөз айтпау.
12. Мәселелік принцип – оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермей, оқушылардан ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады.

13. Интеграциялау принципі
Бұл – жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип.
Интеграция – әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді.
 

 

IV. Жаңа материалды бекіту                                                                        18 мин

1 тапсырма «Миға шабуыл» әдісі (слайдта көрсетілген сұрақтарға жауап беру)

1.Принцип дегеніміз не?

2.Мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер:

3.Оқытуға қойылатын талаптар қандай қағидаларға сүйеніп тұжырымдалады?

4.Түрлі ережелерді қолдану арқылы не орындалады?

5.Ғылыми білімдерді меңгерту үшін не қолданылуы керек?

6.Қай принципті қолданғанда оқушылар ізденеді,шығармашылық жұмыстар жасайды?

7.Мұғалімнің жалған сөйлемеуіне негізделген қай принцип?

8.Оқушылардың білімді меңгеруіне көмектесетін:

9.Дағдыларды қалыптастыру үшін не керек?

10.Қай принциптің ережесінде материалдың тірек конспектісін,сызбасын жасап оқушының түсінуін жеңілдету туралы жазылған?

2 тапсырма Жасырынған сөзді тап:

1-топ. Тапсырмасы (Ғылыми материалистік )

 

Ғ
М
Е
Л
Р
Т
І
Ы
С
А
И
Л
И
Ы
К
М
А
Т

И

2-топ. Тапсырмасы (Интеграция)

 

Н
И
И
Т
Г
А
Е
Ұ
Я
Ц
 

3-топ. Тапсырмасы (Оқыту жүйесі)

 

Ү
Т
С
У
Й
Ы
Қ
Ж
І
О

Е

V. Қорытынды кезең                                                 5 мин

1.Бағалау

Тақтаға бағалау шкаласы ілінеді. Әр білімгер шкала бойынан бүгінгі сабақ қаншалықты өзіне түсінікті болғандығын көрсету мақсатында шкала бойынан деңгейін стикерлермен көрсетеді.

Мұндағы 1-өте нашар білемін, 10-өте жақсы білемін.

 

 

2. Рефлексия

 

 

VI.Үйге тапсырма                                                           2 мин

1 тапсырма: Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова «Педагогика»

Ә. Әбенбаев «Педагогика»  3.3 -348-361 бет

 

2 тапсырма: А) Кестені толтырыңдар:

 


Оқыту принциптері
Түрлері:
Мазмұны:
Ерекшелігі: