Эссе “Менің мамандығымның ерекшлігі”


Таскынбаева Алия Айтмуханбетовна
Учитель начальных классов
Алматинчкая область, Аксуский район, селоКопа, Средняя школа имени Ш.Уалиханова

Менің мамандығымның ерекшелігі

Шебердің инесі де алтын,

Соққан күймесі де алтын.

Халық даналығы

Қазіргі заманда Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта бар қалан» демекші, әр бір адам осы өмірде тұлға болып қалыптасып, өз жолын, өз арнасын тауып өмір сүру үшін қандай да бір мамандықты таңдауы тиіс. Ол мамандықты таңдап қана қоймай оның бір шебері болуға талпынуы қажет деп ойлаймын. Егер әрбір адам өз мамандығын жүрек қалауымен таңдайтын болса және сол мандықтың мықты бір шебері болуға бар ынта-ықыласын жұмсайтын болса, онда біздің өміріміз әлде қайда жақсы, еліміз одан бетер дамып, нұр үстіне нұр болар еді деймін.

«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла…» – деп Абай Құнанбаев айтқандай, әрбір адам әрқилы, бір-біріне ұқсамайтын жеке дара. Міне осы бір құпияны ашып, кішкентайынан бастап зерттеп, танып білу бұл бір керемет іс. Осы бір мамандық менің ойымша өте ерекше және үлкен жауапкершілікті қажет ететін бір кәсіп деп ойлаймын. Себебі біз баланың кішкентайынан бастап қарап, бойындағы ерекшеліктері мен дарынын танып, оны аша білуге дайын болуымыз керек. Адам жаны бір хрусталь секілді емес пе. Егер бір шытынасы, қайта орнына келуі мүмкін емес.

Басында осы кәсіпті таңдап, қызмет ете бастаған шағымда бұл мамандықты алып кете алам ба деген екі ойда болғаным рас. Өз – өзіме деген сенімділігіме күмәнданғаным да бар еді. Бірақ уақыт өте келе менің бойымдағы қасиеттерім, өз мамандығыма сай екеніне көз жеткіздім. Мен әрбір адамның бойында ең алдымен адамгершілік қасеттері болуы керек деп ойлаймын. Себебі әлемдегі екінші ұстаз Әбу Насыр Әл – Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» демекші, біз алдымен бала бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіре білуіміз қажет. Ал оны бала бойына дарыту үшін өз бойыңда, өз ісіңде адамгершілік, қарапайымдылық пен қайырымдылық болу қажет. Бұл қасеттер адам бойынан көптеп табылса, онда біздің өміріміз мәнді де, сәнді болар еді.

Мұғалім мамандығы қызығы мен шығына толы өте ерекше мамандық. Бұл мамандық адамнан төзімділікті, шыдамдылықты, білімділік пен біліктілікті, мейірімділік пен жан-жақтылықты қажет етеді. Алдыңдыңдағы кішкентай бүлдіршінді өзіңе қаратып, тарта білу үшін, оның бойына адамгершілікті дарытып, кері қасеттерімен күресіп жеңу үшін көп еңбектену қажет. Міне сондықтанда мұғалім маман ол:

·        Адам жанын танып, біліп емдеуші;

·        Өмір талаптары мен қатігездіктеріне төзіп, әрі қарай өмір сүруге жол көрсетіп, бағыт-бағдар беруші;

·        Назардан тыс қалып, бағаланбай, байқалмай жүрген балалардың жанын емдеп, жылы алақанымен аялаушы;

·        Ұжымда адамдарды бір-бірімен жақсы қарым-қатынасқа түсе білуге, өзін мәдениетті, ұстамды бола білуге үйретуші;

·        Әр бір жанның жүрегіне терең үңіліп, бойындағы «дарындылығы» мен ерекшеліктерін танып, оны көрсетуге, шығаруға жол сілтеуші;

·        Кішкентай бүлдіршіндердің тұлға болып қалыптасып, адам болуына барлық жағдайды жасап, дамытушы.

Мұндай мамандық иесі өз басына сан қилы құндылықтарды жинап, әртүрлі жанарларға сыр ұға қарайтын, тек қана әрбір адамға жүрек жылуын сыйлауды басты мақсатым деп ұғатын адам болуы недеген керемет десеңші. Қазіргі заман талабына сай мықты психолог маманы болу үшін менде көп ізденіп, ғаламтор беттерінен, өзіміздің қазақстандық психологтардың еңбектерімен және де шетел психологтарының жұмыстарын назрда ұстап, оқып, санама түйюдемін. Қазақ атамыз айтқандай «Тән ауруы жазылар, жан ауруы жазылмайды» дегендей, осы заманда адамдардың психикасы өте нәзік деп ойлаймын. Сондықтанда адаммен жұмыс жасауда оның жанына сызат, дақ қалдырмай, керісінше өмірге деген талпынысы мен күш жігерін қамшылауға тырысамын. Бойындағы жақсы қасеттерін дамытып, өзіне деген сенімділіген қатайтыға жол сілтеймін. «Қамшының сабындай қысқа өмірде» көреалмаушылық пен қызғаншақтық сияқты басқа да жаман қасеттер мен кертарпа істерге орын жоқтығын әрбір тұлғанын санасына сіңіруге күш жұмсаймын.

Мектепте мұғалімнің атқаратын қызметі өте күрделі. Себебі кішкентай ақ парақтай тап-таза бейкүнә бүлдіршіннің бойындағы ерекшелігін танып, оның жақсы адам болуына сенің де септігін тиетінін сезіну бұл бір мақтаныш. Өзімді  мәдениетті және ұстамды етіп  балалардың алдында жүремін, өйткені менің де, тәрбиешілердің де іс-әрекеті ол балаға сабақ, әрі үлгі.

Бүрдіршіндер ол үйіндегі әке-шешесінің айнасы. Сондықтан өз жұмысымда ата-аналармен де байланыста болып, әрдайым өз кеңестерімді айтып отыруға тырысамын. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі кебір келеңсіздіктері мен түсініксіз жайыттарда жол көрсетіп, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлінің маңыздылығын жіті айтып беруге өз білімімді сарп етемін. Ата-ананың өзін күнделікті бала алдында ұстауы мен баламен қарым-қатынастағы шыдамдылық пен төзімділіктің алар орынның ерекше екенін түсіндіремін. Қазіргі бейнетінің, ертең зейнетін көретінін сансына құйюға бармын. Осы орайда ата-аналармен әртүрлі жұмыстар ұйымдастырамын. Жылдың басында әрбір топтың ата-аналар жиналысына қатысып,  бала тәрбиесі мен жас ерекшеліктері туралы сөз қозғап, өз пікірімді айтып әңгімелестім. Одан кейін «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі » атты балабақша тәрбиеленушілерінің әкелерімен дөңгелек үстел ұйымдастырып, отбасындағы және бала тәрбиесіндегі ер азаматтың алар орнының ерекшелігіне жіті мән берулерінің маңызын көрсетуге тырыстым. Дөңгелек үстел барысында түсінгенім бүгінгі күннің ер азаматтары бала тәрбиесіне бей – жәй қарамайтындығы, қазіргі таңда осы тақырыпта қаншалықты білімді екендері. Бұл жағдай да қуантарлық, себебі, бала шыр етіп дүнеге келгеннен анасының аялы алақаны мен әкесінің мейіріміне бөленіп өссе, бұл әлемде бақытсыз бала мен отбасы болмас еді деп ойлаймын.

Өз жұмысымда ұжымдағы адамдардың өзара жақсы және сыйластық, әріптестік қатынаста болуларына ерекше мән беремін. Себебі, әрбір тұлға ерекше. Және осы дүние есігін ашқан әрқайсымыз бұл өмірде лидерміз. Бірақ сондада бір-бірімізбен санасып, бір-бірімізді тыңдап, сыйласудың мәнін түсіндіріп, келеңсіздіктердің алдын – алуға тырысамын.

Қорыта айтар болсам «Шебердің инесі де алтын,соққан күймесі де алтын» деп дана халқым айтқандай, әрбір адам өз мамандығының асқан шебері, мықты маман иесі болуға бар күшін жұмсауы қажет деймін. Ол үшін талмай еңбектеніп, осы өмір жолында кездесетін қиыншылықтарға төтеп беріп, шыдамдылық пен төзімділік танытуы қажет деп есептеймін. Мен өзім де осы бағытымнан таймай, алдағы уақытта мықты маман, әрі адам жанын түсінетін,  мықты тәрбиелейтін мұғалім болуды басты назарға қоюдамын.