Сан есім


Аттебай Дарияш
Ақмола облысы,Шортанды ауданы, Новоселовка аулы бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: «Сан есім» тақырыбын тірек-сызба бойынша меңгерту барысында жаттығулар орындату.

Дамытушылығы: Ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, достыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,  талдау, ажырату, топтау, жазбаша дәлелдеу.

Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, тірек-сызба, суреттер сызбалар, кесте.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

а) Психологиялық дайындық.

Балалар хормен:

Мейірімді жүрекпен
Амандасып алайық.
Ақ пейілді тілекпен
Бір жадырап қалайық.

Оқушыларды бір, екі сандары арқылы  топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мақалдар жазып келіп, ішінен сын есімді тауып сызу.

1.Жақсы сөзге жан семіреді,

Жаман сөзден жан қорқады.

2.Өнерлі бала сүйкімді.

3.Сабағы жаман жемістің, дәні де жаман.

4.Ақылды қария, ағып жатқан дария.

ІІІ. Өткенді білмегеннің-ертеңі болмайды. (Өткен тақырыпты пысықтау)

«Тірек-сызба» бойынша жұмыс.

«Ой қозғау» Сөздер мағынасына қарай неше сөз таптарына бөлінеді? (Қандай?)

Сөз таптары
 

 

Біз осылардың ішінде қайсысын өттік?(Зат есім, Етістік, Сын есім)

1.Зат есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?

2.Етістік дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?

3.Сын есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту. Мұғалім суретші сызбаны көрсетіп: (әртүрлі сандардан салынған адамның бейнесін көрсетеді).

-Өмір бойы жан-жануар бейнесін,

Салып келген суретшіге не дерсің?

Жауабын кім тез береді, білсе егер,

Қай сандардан сурет салды бұл шебер?

Мұғалім оқушылардың айтқан сандарын тақтаға жазып тұрады:

-үш, алты, тоғыз, сегіз

Сұрақтар: -Осы сандарды қатыстырып тағы қандай сандар құрауға болады?

– алпыс үш, жиырма сегіз, отыс бес

– Суреттегі адамның көздері нешеу?- екеу

– Балалар, тақтадағы жазылған сандарға сұрақ қойыңдар. (қанша? неше? нешінші?)

-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Сан есім

 

 

Сан есім
Заттың санын, ретін

Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?

 

Мысалы:

-Екі көзің не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін

-Екі қолың не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін

Балалар, өлеңде адамның қандай дене мүшелері туралы айтылған?

-Қол мен көз туралы

Олар жайлы не білесіңдер?

Жаттығуда қандай сандарды кездестірдік?

-Екі саны

Қазақ халқының санға байланысты қандай мақал-мәтелдерін білесіңдер?

-Бас екеу болмай, мал екеу болмайды.

-Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.

-Бір мылтықтың аузына, мың адам сияды.

Күнделікті математика сабағында ғана емес, басқа уақыттарда да (дүкенге барғанда, автобусқа отырғанда) сандармен кездесіп тұрамыз.

Бүгінгі сабағымызда біз сан есімге байланысты жаттығу жұмыстары мен әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз. Олай болса, жаттығу жұмыстарын орындауға кірісейік!

Дәптермен жұмыс.

Бүгінгі күннің тақырыбын жазып, жаттығу жұмысын орындайық.

Оқулықпен жұмыс.

І топ

2-жаттығу. Сан есімдердің қасына тиісті зат есімдерді қойып жаз.

Төрт, алты, тоғыз, он жеті, жиырма төрт.

Үлгі: төрт қап,……….

 

ІІ топ

3-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тауып,сан есім қай сөз табымен байланысып тұрғанын айт

 

Қай пәнмен байланысып тұр?

-Математика

Ойын «Кім тапқыр?»  Мұғалім дауыстап мақалды оқиды, жоқ сөздің орнына керекті сан есімді оқушы тез тауып айту керек.

1……………………. ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.  (тоқсан)

2……………………. теңгең болғанша, ……… досың болсын. (жүз)

3……………………. кісінің түсін білгенше,  (жүз)

…………………… кісінің атын біл.  (жүз)

4 Білекті ………… жығады, білімді…………….. жығады.     (бірді)    (мыңды)

 

Кім тез орындап, жауап берген балаға смайлик беріледі.

Сергіту сәті. Шаршаған да болармыз бойымызды сергітіп алайық!

Көбелек тұрып ертемен,

Күлімсіреп керілді.

1 деген де-шықпен бетін жуды,

2 деген де- шыр көбелек айналып бұрылды.

3 деген де-еңкейіп жерге жетті,

4 деген де-ұшып кетті.

Шығармашылық тапсырма.

Ребусты шешу:

І  топ  «Сөз табы»

ІІ  топ   «Сан есім»

«Кім тез ойлайды?» ойыны. Саны бар сөздердің шешуін тауып, екі-үш сөйлем құрастыру.

І топ                                                                ІІ топ

К+3+ік- күшік                                                       6+бақан-алтыбақан

8+көз- сегіз                                                            Тү+1- түбір

Дер+5- дербес                                                        Жел+90- желтоқсан

1+қазан- бірқазан                                                  9+құмалақ-тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ-қазақтың ұлттық ойыны.

Желтоқсан жылдың соңғы айы.

 

І топ  Семантикалық картамен жұмыс.

Сөз таптары

 

Сөздер
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Айгүл, дәптер, оқулық
+

Төрт, бес, жүз

+
Қызыл, қызық, биік

+

 

ІІ топ Семантикалық картамен жұмыс.

Сөз таптары

 

 

 

Сөздер
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Адам,қалам,бала
+

Үш, он , мың

+
Көк ,аласа,жақсы

+

 

ІІІ. Қорытындылау.

І топ

Бес жолды өлең

ІІ топ

Шағын мәтін құрау  «Менің сыныбым»

 

Бүгінгі сабақта нені үйрендік? Не білдік?

Сабақ ұнады ма?

-Егер ұнаса, күнге күлкіні салып қойыңдар

ҮІ. Бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.   4-жаттығу,188-бет