«Лунтикке конакка барамыз»


Нугманова Ботагоз Тулеухановна
воспитатель КГКП Ясли сад «Балбөбек»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

 

 

Тобы: «Еркетай»

Өткізу күні: 25.04.2018 жыл

Тәрбиеші: Нұғманова Б.Т.

Білім беру саласы: Таным

Тарау: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: «Лунтикке қонаққа барамыз»

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту (дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш).Геометриялық денелердің айырмашылығын білу., Өзіңнен оңға, солға, үстінде, астында, алдында, артында сияқты кеңістік бағыттарын атауға және айыра білуге оқытуын жалғастыру. 5 саны көлемде тура және кері санауын бекіту. Таң, кеш, күн, түн сияқты мезгіл бөліктерін, апта күндерін қайталау. Сан қатарын дұрыс қоюға, оны суреттегі заттармен сәйкестендірулерін қадағалау. Логикалық сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін тексеру.

Міндеттері:

1.Тәрбиелік:  Ересектермен қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйретіп тәрбиелеу.

Жақсылық, қуаныш сыйлай білуге тәрбиелеу

2.Дамытушылық:  Санау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту

3.Оқыту: Әртүрлі анализатор (есту, көру, сезу) арқылы санауға жаттықтыру.

Билингвалдық компонент: көктем-весна-spring, зымыран-ракета, бес-пять-five, дөңгелек-круг,  таң-утро.

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

 

1.Ұйымдастырушылық  кезеңі

Топқа балалармен бірге кіру. Қонақтармен амандасу.

-Сәлеметсіздер ме!

-Здравствуйте!

-Hello!

Балалар сендердің көңіл күйлерің қалай?

-Балалар, сендердің көңіл-күйлерін жақсы, өте жақсы, тамаша болса онда бәріміз бірге бүгінгі ұйымдастырылған оқу-іс әрекетімізді таңғы шеңберден бастайық.

Біз әдепті баламыз,

Амандасып  аламыз.

Амандасу үлкенмен,

Тәрбиенің ісі ғой.

Ал қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң балалар!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем орысша, ағылшынша қалай болады?

Көктемде қандай өзгерістер болады?

Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Қандай жыл мезгілдері бар екенін ата.

Бір жылда неше ай бар?

Қазір қандай ай? Сосын қандай ай келеді? Осы айдың алдында қандай ай болды?Маған көктем, қыс, күз, жаз айларын ата.

2. Негізі бөлімі

Тосын сый:

Электронды поштаға хат келген дауыс шығады.

Тәрбиеші:

Ой, балалар менің электронды поштама біреуден хат келген сияқты. Кімнен хат келгенін екенін көрейік. Тәрбиеші электронды поштасын ашқанда экраннан Лунтиктің суреті шығып тұрады. Ол аудиозапись арқылы балаларды қонаққа шақырады.

Лунтик: Сәлеметсіңдер ме, «Еркетай» тобының кішкентай бүлдіршіндері. Мен Лунтик сендерді қонаққа шақырамын. Маған қонаққа келерде менің достарым сендерге біраз тапсырмалар дайындап қойды. Егер сол тапсырмаларды орындасандар, мен сендерге сыйлық беремін.

– Балалар Лунтикке  қонаққа барамыз ба?
– Лунтик қайда өмір сүретінін кім маған айтады? Ал айға қалай баруға болады? Дұрыс зымыранмен баруға болады. Ендеше бәріміз мына үстелдің басына отырып В.Воскобовичтің «Чудо-крестики»-терін алып зымыран жасайық. (Тәрбиеші балалардан зымыранды қандай пішіндерден жасағанын сұрайды? Қандай пішіндер жетпейтінін сұрайды.)

-Зымыранда жасадық енді аспанға ұшу үшін оның жасырын кодын табуларын керек. Ол үшін сендер апай қолымен шапалақтағанын мұқият тыңдандар.

Тәрбиеші қолымен шапалақтайды, балалар орысша, ағылшынша санайды.

-1,2,3,4,5 (2-3 бала тура санайды)

-Біздің зымыранымыз ұшпай жатыр, мүмкін кері санау керек шығармыз. Сендер кері санау білесіңдер ме?

-5,4,3,2,1 (3-4 бала кері санайды). Енді бәріміз бірге кері санайық. 5,4,3,2,1

Телидидардан зымыранның суреті мен ұшып бара жатқан дыбысы шығады.

Тәрбиеші: Балалар, біз аспанға келдік. Ақырындап зымыраннан түсіңдер. Балалар

бірінші кімнің тапсырмасын орындайтынымызды білу үшін экранға қарайық. Миланың тапсырмасын орындамай тұрып кішкене ойнап алайық:

Дид.ойын: «Қарама-қарсы сөздер»

Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, күн-түн, үлкен-кішкентай, көп-аз, алдында-артында, оң жақта-сол жақта, жоғарыда-төменде, ішінде-сыртында.

Миланың тапсырмасы:

1-тапсырма: «Ғажайып сегіздік»

Балалар кәне мына жерге отырайық.

Ал енді айтыңдаршы, бір аптада неше күн бар?

Ал біз сендермен балабақшаға неше күн келеміз?

Қандай күндері келеміз атап беріңдер?

Ал неше күн демаламыз?

Оларды да атап беріңдер?

Ал бүгін қандай күн?

Ертең қандай күн болады?

Балалар ғажайып сегіздік арқылы апта күндерін атап отырып, көрсетеді.

Пупсен и Вупсеннің тапсырмасы

2-тапсырма: «Сан қатарын дұрыста»

Балалар мольберттегі сандарды ретімен қойып шығу керек.

Келесі тапсырманы кім дайындап қойған екен?

Кузяның тапсырмасын орындамай тұрып көз гимнастикасын жасап алайық

Көз гимнастикасы

Енді келесі тапсырма логикалық сұрақтар деп аталады екен. Сендер тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?

3-тапсырма: Логикалық сұрақтар

1) Бағдаршамның неше көзі бар?

2) Адамда қанша көз бар?
3) Аспанда неше күн бар?

4) Аминаға мамасы 5 алма алып келді, Амина 3 алманы інісіне берді. Аминада неше алма қалды?

5) Ағаштың басына 3 құс қонды, оның екеуі ұшып кетті. Ағаш басында неше құс қалды?

Жарайсыңдар, балалар сендер бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар, енді  келесі тапсырманы кім беретінін экраннан көрейік.

Пчеленок

4-тапсырма: «Тәулік бөліктерін дұрыс тап»

Балалар қараңдаршы мына жерде  тәулік бөліктерін дұрыс қойған ба?

Ендеше біз оны дұрыстайық.

Балалар адасып тұрған тәулік бөліктерін атап, орындарына қояды.

Сергіту сәті:

One, one, one,

I can run.

Two, two, two,

I can jump too.

Three, three, three,

Look at me.

Деда Шер

5-тапсырма: «Суреттегі заттарды сандармен сәйкестеңдір»

Балалар суреттегі заттарды санап, дұрыс санды тауып қою керек. Игровизор арқылы суретті санмен келістіреді.

Баба Капа

6-тапсырма: «Кеңістікті бағдарлау»

Ағаштың алдында, артында, оң жағында, сол жағында, жоғарысыңда, ортасындағы заттарды балалар айтып береді.

Құс ағаштың қай жерінде орналасқан?

Сұр қоян ағаштың қай жерінде орналасқан?

Қонжық ағаштың қай жерінде орналасқан?

Кірпі ағаштың қай жерінде орналасқан?

Кішкентай қоян ағаштың қай жерінде орналасқан?

Сендер тапсырмаларды орындап шаршаған шығарсыңдар. Енді біз кішкене дем алып алайық.

Балалар біз барлық тапсырмаларды орындап болған сияқтымыз. Енді Лунтик бізге не айтады екен. Тыңдап көрейік.

Лунтик: «Жарайсыңдар балалар сендер барлық тапсырмаларды өте жақсы орындадындар.

Мынау менің сендерге сыйлығым.»

Балалар біз Лунтикпен қоштасайық. Енді зымыранға отырып балабақшаға оралатын уақытымыз келді. Орындарына отырып артқа қарай санайық.

3. Қорытынды

-Балалар бүгін біз кімге  қонаққа бардық?

-Сендер кімнің тапсырмаларын орындадыңдар?

-Сендерге қандай тапсырмалар ұнады?

-Кандай тапсырмалар қиын болды?

-Сендерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу-іс әрекетіміз  ұнады ма?

Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңыздар. Енді қонақтармен қоштасып, тобымызға барайық. (Сау болыңыздар! До свиданье! Good bye!)