Мақала «Түзете-дамыту үрдісіндегі топтық, жұптық жұмыстың тиімділігі»                     («Қазіргі білім беру үрдістері» конференция)


Мажитова Нұргүл Қуанайқызы
коррекциялық пәндер мұғалімі
Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты

 

2018 жылғы қараша айында

«OQU-ZAMAN.KZ» қосалқы білімді сайтынының                                      «Қазіргі білім беру үрдістері» конференциясына

Мақала тақырыбы: «Түзете-дамыту үрдісіндегі топтық, жұптық жұмыстың тиімділігі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түзете-дамыту үрдісіндегі топтық, жұптық жұмыстың тиімділігі

Мажитова Нұргүл Қуанайқызы                                                                                            коррекциялық пәндер мұғалімі                                                                                                    БҚО. Орал қаласы.                                                                                                        Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты

Қазақстан Республикасы Егеменді ел болғалы өмірімізде түбірлі өзгерулер, жаңа ашық қоғам құруда үлкен бетбұрыс, туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы мектепке, мұғалімге – жалпы білім беру жүйесіне игі әсерін тигізеді.

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Жаңа формация мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген, білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол жоғарғы білімді, шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты.» – деген болатын.

«Қазақстан Республикасының білім беру» тұжырымдамасының жобасында білім берудің мақсаттары мен міндеттерін және бұған дейінгі білім берудегі тежейтін факторларды атап көрсетті.

«Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өздігінен дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деп айта келіп, білім берудегі кедергі келтіретін факторларды атап көрсетті. Соның бірі:жаңа технологиялардың қолданылмауы;

Осыған байланысты педагогикалық тың ізденістер, жаңа әдіс-тәсілдер пайда бола бастады. Білім беруде, мектеп өмірінде білім сапасын қайтсек арттырамыз деген көкейкесті сұрақтар туындады. Жаңа қоғамға қажетті тұлғаны оқытып – тәрбиелеуде жаңа технологиялардың қажеттілігі өмір талабы екендігі айқын сезілді.

Оқушылардың  топтық  оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастыру мәселесінде іскерлік қарым-қатынас  маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас топтағы адамгершілік ахуалды қалыптастыруға, оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік рухани құндылық  қасиеттерін, ең  алдымен,  ұжымшылдықты тәрбиелеуге  ықпал  етеді. Н.К.Крупская  жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы, топтың ынтымақтасып  дамуындағы топтық  жұмыстың  маңыздылығына  тоқтала келе «Топтық жұмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады. Топтық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар» деген.

Оқушылардың мектептегі  және  мектептен  тыс сан  алуан әрекеттері топта өтетіні  белгілі.  Осы  жұмыстарды жүйелі  ұйымдастыру  олардың  сабақ  пен  сабақтан  тыс жұмыстарын  жақындастырады,  топтық  қарым- қатынастың  дамуына септігін  тигізіп,  оқу тәрбиелік  міндеттерді  шешуге  жұмылдырады. Сол себепті ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек.Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Мұғалімнің бұл үш көмекшілері сапалы әрі табысты оқытуына жол ашады.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы оқытудың нәтижеге бағдарлануы, оқушының жеке тұлғасына бағытталуы, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр.                           Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық “жаңалық” ашуы,  шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.                                                                                                                        Оқытудың маңызды факторы оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Біз  сабақ беріп жүрген сыныптарда  топтық және  жұптық жұмыс түрлерін көп пайдаланамыз. Мұндай тәсіл оқу үдерісіне оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша  оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.                                                                                           Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс — қимылға қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.                                                            Жаңа технология элементтерінің оқушы мүмкіндігіне сай келетінін бейімдеу арқылы жеке тұлғаны түзете -дамыта оқыту мәселесін өзекті тақырып етіп алып, оны жүйелі зерделенуді  өз тәжірибемде қолданып келемін.

Балалардың жеке даму ерекшеліктеріне қарай жүргізілетін түзете-дамыту  сабақтар  құрылымында  топтық, жұптық жұмыстың тиімділігі өте зор.        Оқушыларды топтарға бөлуде  түрлі әдістерді қолдануға болады: суреттер, сандар, түстер арқылы, бойларымен тұрғызып, туған күндері бойынша, есімдерінің әріптері арқылы, мозайка т.б. тәсілдер қолданамын.                      Топтық, жұптық  жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Топтық және жұптық  жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.

Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық  жұмыста оқушылар:

Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен өз пікірін бөліседі, алмасады;
Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;
Өз мүмкіндігін біледі;
Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;
Назарын бақылай алады және алаңдамайды;
Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады;
Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;
Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады;
Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;
Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді;
Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:

1.Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.

4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

5.Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.

6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.

Сабақтарға қатысқан мұғалімдер топтық, жұптық жұмыс оқушының ұжымда бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беретіні, соның негізінде көшбасшылық қасиеті дамитыны, оқушының өзіне сенімді болуына, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты  өтетіндігін баяндайды.

Мектеп өмірінде оқушылардың өздігімен білім алу үдерісіне дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстырғанда, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, рухани-адамгершілік жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. Бүгінгі қоғамға, білім беру саласына керегі де осылар. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қажет деген талапқа сай топтық, жұптық жұмыс өзінің тиімділігін тәжірибеде дәлелдеу үстінде.

·        Мәселен,  Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы  мектеп-интернатындағы Брайль жүйесімен оқитын оқушылармен бірге өткізілген «Қараңғылықтағы сәуле»  тақырыбындағы  тренинг сабағы   топтық, жұптық жұмыстардың  бір көрінісі.                                                                             Міндеттері:                                                                                                                 Шағын топтарда бірлескен жұмыс жүргізу ережесін  жасау.                                                 Топта жұмыс істеу не үшін қажет екенін түсіну.                                                       Топты қалай ұйымдастыруға болатынын білу.                                                       Топтағы бірлескен жұмысты ұйымдастыра білу.                                   Күтілетін нәтиже:                                                                                                           1.Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады.
2.Қолдану, түсіну және талдау: өз тәжірибесінде мұғалім топтық жұмысты тиімді пайдалана білуге дағдыланады, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана алатынын көрсете алады, топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып,өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.
3. Бағалау: Өзін — өзі, өзгені бағалауды үйренеді.                                                     Сабақ тапсырмалары  қараңғы сенсорлық бөлмеде жүргізіледі.                              Ең алдымен оқушыларды сабақтың ережесімен таңыстыру:

·        бір-бірін тындау;

·         уақыт үнемдеу ;

·        белсенділік таныту;

·        достық қарым-қатынас;

·        жағымды эмоция тудыру.

 

 

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!                                                     I.Қарым – қатынасты нығайтуға арналған тренинг – жаттығулар

Шаттық шеңбері

1). Мұғалім балаларға шеңбер құрып  отыруды  ұсынады:
–  Оқушылар , біздің шаттық шеңберіміз қандай керемет!                                             Ол жай шеңбер емес, оның ғажайыбы бар. (шеңбер бойымен алдын ала дайындалған  алақандар бейнесі қойылған)
–  Әрқайсыларыңыз өз  алдарыңыздағы , бір құпияны  табасыңдар?                  Балалар алдарынан сипап – сезу аркылы алақан  бейнесін табады.                 Мұғалім:  Шаттық  шеңберден  ненің бейнесін таптыңыздар ?

Оқушылар: Алақан бейнесі – деп жауап береді.

Мұғалім: Ендеше, бәріміз қолымызды қысып жылы амандасайық !

2).Тыныштық сәтi                                                                                                              Күн түс ауа бере күрт өзгеріп, аспанда қара бұлт басып, лезде жапалақтап қар жауа бастады. Терезеден сыртқа қарап отырған мен далаға жүгіріп шықтым. Жапалақтап жауып жатқан қарға екі алақанымды созып тұрдым. Жапалақтаған қарлар менің қолыма келіп қона бастады. Менің бойымда қуаныш, шаттыққа толы сезім пайда болды. Екі алақаным аппақ ұлпа қарға толы үйге ендім. Көзімізді жайлап ашып, алақанымызға қараймыз. Алақанымызда қар бар ма?
– Жоқ.
– Балалар, қар неге еріп кетті деп ойлайсыңдар?                                                       – Алақанымыз жылы.                                                                                                               Дұрыс айтасыңдар, балалар, біздің алақанымызда жылу бар, ол жай жылу емес, бір – бірімізге жақсылық, мейірім, қуаныш сыйлайды. Олай болса, бір – біріміздің көңілімізді көтеру үшін қолымыздан ұстап бір – бірімізге жылу арқылы жақсы көңіл күй сыйлайық.                                                                     Сәттілік біздер тілейік,                                                                                                  Мен саған, сен маған                                                                                               Күндей күліп жүрейік,                                                                                                  Күннің нұрын төгейік,                                                                                                  Мен саған, сен маған.

Кіріспе сөз . Қазір өткелі отырған «Караңғылықтағы сәуле» атты тренинг сабаққа көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, қызықты өткізейік. Сол мақсатта қазір біз «Жағымды көңіл-күй қалыптастырайық!» жаттығуын орындаймыз.

Топтық тапсырмалар:                                                                                                    1 тапсырма “Жағымды көңіл-күй қалыптастырайық!”
Қатысушылар 2 топқа бөлініп, әр топқа тапсырма беріледі.

1-топ ” Жайық”,   2-топ “Сәуле” деген сөздерді топтық дауыспен, (хормен) айтуға дайындалады. Дайындықтан соң екі  топ бір мезетте  топтық дауыспен  бірге айтады.

 

 

2 тапсырма «Жайық» тобы және «Сәуле» тобы өз ұстанымын таныстырады.

«Жайық» тобы                                                  «Сәуле» тобы

Ұстанымы: «Алға, алға, тек алға!»     Ұстанымы: «Сәуле шашқан  жарық күн!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 тапсырма «Бұл не?»
Екі топ ойыншылары ғажайып шеңберде  жасырылған құпия  заттарды (қайшы, жіп, макарон өнімдері, ермек саз, үрілген шарлар, жабыстырма лентасы т.б) сипап-сезу арқылы  не екенін анықтап, бір жерге  жинастырады.

 

4 тапсырма «Бәйтерек құрастыру»                                                               Ғажайып шеңбердегі  құпия заттарды ойыншылар анықтайды. Сол заттарды   пайдалана отырып топ ойыншылары «Бәйтерек» макетін  құрастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5тапсырма «Бәйтерек»  тақырыбына  арналған  өлең шумақтар немесе қызықты жарнама ойлап табу.

«Жайық» тобы                                         «Сәуле» тобы

Орналасқан Есілдің жағасында             Бәйтерегім Астанамның сәні еді,    ,

Әсемдік  бар Астана қаласында.           Көздің жауын алатұғын әдемі,

Таңсық емес, бәріне аты мәлім,            Төбесінде тұрған анау алтын күн

Бәйтеректі көруге  шақырамын             Мызғымайды ынтымаұтың дәлелі.

 

Релаксация (Босаңсу жаттығуы)

 

 

6 Топтық тапсырма «Көңілді ноталар»                                                                   Екі топқа бірдей  ноталар ойналады. Ырғақты дұрыс тапққан  топ ойыншылары жылдамдықпен жауап беріп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.  Жұптық тапсырма

І-ші жұп   Ойыңызбен байланыстырыңыз
– Сабақ  тақырыбы «Қараңғылықтағы сәуле» деп  неліктен аталған?

– «Бірлік бар жерде-тірлік бар» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

ІІ-ші жұп  Салыстырыңыз
–  Сабақ  тақырыбына сіздер қалай басқаша ат қояр едіңдер?
– Кәсіппен шұғылдану үшін не қажет?

ІІІ-ші жұп   Зерттеңіз
–  Ғажайып шеңберде сабаққа қажетті құрал-жабдықтардың жасырылу құпиясы неде?                                                                                                           Бірлесіп жасалған жұмыстың жеңілдігі мен қиындығын ашыңдар.

ІV-ші жұп    Талқылаңыз немесе қарсы шығыңыз
– Сенің досың( топтағы көршің) жалқау болса, сен онымен дос боласың ба?

V-ші жұп    Қолданыңыз
– Еңбекқор баланы біз қай жерден көре аламыз?
– Тағы да қандай басқа пәндерден еңбекқорлық туралы айтылды.

VI-шы жұп  Суреттеңіз
– Еңбекқор адамды  суретте.
–  Тұлға ретінде «Өмірге ғашықпын»  мағынасына   сипаттама беру.

 

Рефлексия

–  Не ұнады?

–  Не қиын болды?

– Өзіңіз жаңадан не білдіңіз?

–  Алған әсеріңіз қандай?

 

.

Қорытынды

Осындай топтық жұмыста жалығып отырған оқушылар қызығушылығы артып, жұмылдыра жұмыс жасай біледі және өзгелермен ой бөлісіп отырады. Жаңа әдісті қолданып ұсынған тапсырмаларда оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап, өздеріне ұсынылған тапсырманы орындау жолдарын іздеу барысында топпен шешіп, бір-бірінің көмегіне жүгінеді. Яғни, бұл жерде Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бұдан оқушыларды топтық жұмысқа итермелеу арқылы, әрқайсысы өз қабілеттеріне қарай ойларымен бөлісуге ерікті. Берілген тапсырманы орындау барысында әркім өз идеяларын ортаға тастап, өзара рөлдерге бөліне отырып, берілген уақытты тиімді пайдалануға тырысып отырады. Ал түсінгендерін топпен қорғау барысында топтар бір-біріне сұрақ-жауап арқылы кеңінен талқылайды.                                                                                  Сонымен, топтық жұмыс оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім араларындағы білім алу, білім беру әрекеттері үлкен орын алатынын көруге болады. Оқушылармен топтық жұмыс жүргізу алдында оларды қабілетіне, қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай лайықтап алдым, тексеру мен бағалаудың әділдік, жариялылық талаптарын орындау, ұстаз бен шәкірт ынтымақтастығы арқылы оқушының белсенді ойлауына, белсенді сөйлеуіне, шығармашылығына қол жеткізу біздің өтіп жатқан тәжірибеміздің болашағы деп ойлаймын. Сабақ тиімді өту үшін көп ізденушілік, жауапкершілік қажет.

 

 

 

Пайданылған әдебиеттер:

1.     ҚР Білім туралы Заңы

2.     Қазақстан Республикасы Бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты

3.     Беспалько В. Программированное обучение

4.     Кобдикова Ж.У. Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясы талаптарына сәйкес өтетін сабақтардың үлгісі. -А., 2006