«Жас географтар» сайысы (сыныптан тыс шара)


Жанбаулиева Алмагуль Ерсаиновна
БҚ облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп- интернаты география пәні мұғалімі

Мақсаты:

Білімділігі: оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын  қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру.  «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географтар» атағын алатын сыныпты анықтау.

Дамытушылығы: Білім, білік дағдысын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелілігі: Қоршаған орта табиғатын қорғауға , ұжымшылдыққа және бір – бірін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Түзету: көру, есту, еске сақтау қабілеттерін сақтай отырып, жетілдіру.

Көрнекіліктері:  интерактивті тақта, Power Point презентациясы.

Түрі: Сайыс

Әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, картамен жұмыс, ой қозғау әдісі, шығармашылық жұмыс.

Барысы:

Мұғалім:

– Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.           Өздеріңе белгілі мектебімізде жаратылыстану апталығы өтіп жатыр, бүгін апталықтың екінші күнгі жоспары бойынша 8,9,10 сыныптар аралығында өтетін «Жас географтар» сайысы болмақ.

-Ойынымызды бастамас бұрын осы география ғылымы туралы айтып өтейік.

География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы  Эратосфен өзінің  Жерді сиппаттауға арналған еңбегін  «география» деп атаған.  Және,ұзақ уақыт бойы  география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. XIX ғ. басында  бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалмаған екен. Осыған орай  географияның міндеттері де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі  денелермен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін ғылымға айналды. Сондықтан қазіргі жарысқа түскен  оқушылар  өздерінің  географиялық құбылыстардың себептері мен Жер шарындағы  материктер туралы білімін көрсетеді.

 

– Ендеше  «Жас географтар» атты ойын сайысын бастаймыз. Сонымен бүгінгі ойынға  екі топ қатысады. Олар:

І топ «Болашақ»

ІІ топ  “Жалын”

Мұғалім:

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білімді деген ақылшың

Қиындықтан өткізер    –    деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтелік.   Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады:

Кезеңдері:

1. Таныстыру (топ аты, ұраны, төсбелгісі)

2. Блиц турнир (сұрақтар).

3. «Географиялық  суретті  жұмбақтар»

4. «Карталар  әлеміне  саяхат».

5. Қара жәшік.

6. «Бұл кім, ол не?»

7.  Постер қорғау.

8. Үй тапсырмасы «Қалдықтарға екінші өмір сыйла»

 

Сайысқа  қойылатын ереже:

–         Бірін-бірі тыңдау, қатысу;

–         Уақытты үнемдеу, қатысу;

–         Ойды еркін айту;

–         Тақырыптан ауытқымау;

–         Бәсең сөйлеу.

 

І кезең. Сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыруға» кезек берейік.

(Топтар өздерін таныстырады)

І топ «Болашақ»  Тобымызды бұлай атаған себебіміз, еліміздің болашағы біздің қолымызда және жарқын болашағы  біз боламыз деген сенімдеміз.

Ұраны:

Іздейміз, табамыз,

Сеніммен  білім аламыз.

 

ІІ топ  “Жалын” тобы.  Тобымызды бұлай атаған себебіміз, “Жалын” нағыз жастарға арналған атау секілді, өйткені жастар-бойында намысы жалындап тұрар, ел ертеңі емес пе?!

Ұраны:

“Көк бөрідей,  жүректі қайраттымыз,

Жігерлі де, білімді, айбаттымыз”.

Мұғалім:

Білекке сенер заманда,

Ешкімге есе бермедік.

Білімге сенер заманда

Қапы қалып жүрмейік-  деп, алғашқы кезеңімізді білімізді сынаудан бастайық.

 

ІІ кезең : Блиц турнир.  Мұнда барлығы 30 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Сайысқа қатысатын топтар кезек -кезек жауап береді. Егер жауабы жоқ болса келесі топ мүшелері жауап беруге мүмкіндік алады.

1. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл  (Сахара)
2. Дүниежүзіндегі  ең терең көл  (Байкал)
3. Мұхиттағы  ең терең жер  (Мариан 11022 м )
4. Төртінші ғаламшар- Марс

5. Теңіз деп аталатын қандай екі көлді білесің? (Каспий, Арал)
6. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама (Анхель 1054 м)
7. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек (Арабия)
8. Жер шарындағы барлық 4 мұхит сулары шайып жатқан материк (Еуразия)

9. Қазақ халқының тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкері ?   (Тоқтар Әубакіров)

10. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не? (Панама каналы)

11. ХV  ғ глобусты жасаған неміс картографы – М. Бехайм

12. Қазақстан қай жылы латын әліпбиіне көшеді деп көрсетілген? (2025ж)

13. Экологиялық апатқа ұшыраған Қазақстандық теңіз-көлі (Арал)

14. Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер (үндістер)

15.  Басты өзенге жолда қосылатын өзендерді не дейміз? (сала)

16. Атырау қаласына 55 шақырым жерде орналасқан көне қала?(Сарайшық)
17. Мұғалжар тауының биік нүктесі? (Үлкен Боқтыбай 657 м)
18. ҚР теңіз деңгейінен төмен жатқан нүктесі? (қарақия ойысы-132м )
19. Ең кішкентай құс (Калибри)
20. Бір ғана мемлекеттен тұратын материк (Австралия)

21. 1991 жылы 21 желтоқсанда құрылған  ұйым  (ТМД)

22. Терісі қара , мұрны жалпақ ,ерні қалың,шашы бұйра қай нәсіл? (Негроид)

23. Д.ж ең биік шың атауы  (Джомолунгма)

24. Төрт жылда бір рет қайталанып отыратын жыл  (Кібісе)

25.  Жер бетінің кішірейтілген  жазықтықтағы  шартты белгілермен кескінделген сызбасы-  (Карта )

26.  Аустралия Одағының мемлекеттік  елтаңбасында бейнеленген жануар-

( Кенгру)

27. Қазақстанмен шекарасы ең ұзын ел-  (Ресей)

28. Әлемдегі ең үлкен арал- Гренландия   (2 млн 176 мың км²)Солтүстік
29. Әлемдегі ең жылдам қозғалатын құс- Ителгі  (200 км/с)

ІІІ -кезең «Географиялық  суретті  жұмбақтар»

2 топқа бірдей географиялық жұмбақтар жасырылады. Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі.  Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға  сәттілік  тілейміз.

 

 

 

І -ТОП

Сурет –жұмбақ (1-мин)

1- сурет. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?

АФРИКА

 

II-ТОП

2- сурет. Орамалды әйел бейнесінде қандай материк бейнеленген?

С.АМЕРИКА

 

І –ТОП                                                II-ТОП

 

IV кезең — «Карталар  әлеміне саяхат».

Ұпай саны: 5 ұпай.  Берілген қималарды құрастыру арқылы   белгілі бір материкті құрастырып, қандай материк  екенін анықтап, соның ішінен  ерекше көрсетілген бір мемлекетке сипаттама беру.  Берілетін уақыт 3 минут.

 

V кезең: “Қара жәшік”

Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек.

Ойлануға 1 минут,  дұрыс жауап 5 ұпай. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады.

І топқа:

Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны “жылан өсімдігі” деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны – Оңтүстік Шығыс  Азия.

Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.

Жауап: Сарымсақ

ІІ топқа:

Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны – Қытай

Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.

Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады, күнделікті қолданатын сусыны.

Жауабы: Шай

 

VI -кезең. «Бұл кім, ол не?»

Бұл кезең балалар ұяшық таңдау арқылы  жүзеге асады.

10 – Париждегі Эйфель мұнарасының суреті

10 – Ұлы Қытай қорғаны

10- Қорқыт Ата ескерткіші

20- Бразилия туы.

20- Ресей туы

20- Жапония туы

30- П.П.Семенов Тянь- Шаньский

30-Қ.И.Сәтбаев

30- Әбу Насыр Әл Фараби

 

VIІ- кезең Постер қорғау

І топ: «Орман біздің байлығымыз»

ІІ топ: «Су – тіршілік көзі»

 

VIII -кезең. Үй тапсырмасы «Қалдықтарға екінші өмір сыйла» . Бұл сайыста әр топ өздерінің қалдық өнімдерінен жасаған туындысымен таныстырады. Бұл сайыс та жасаған жұмысына қарай 10 ұпай балмен бағаланады.

Қорытынды бөлім

–         Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін қазыларға берейік
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік,- дей келе ендігі қорытынды сөз

кезегін     қазыларға береміз.

Әділ қазыларға сөз беру;

ІV Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау

 

Мұғалім:-

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білімнің шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді,

География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.