Кері есептер. (Қайталау)


Гумарова Бақыт Сапарғалиқызы                                       

Теректі ауданы станция Пойма «Бастауыш сынып мектебі» бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтың тақырыбына сүйене отырып, амалдарды орындау арқылы кері есептер туралы ұғымды бекіту, дидактикалық ойын арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын  ояту, өзін –өзі және бір-бірін  бағалауға  үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: ертегінің суреттері, дидактикалық материалдар.

Сабақтың түрі: Сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру  бөлімі: (1 мин)

(Оқушыларды түгендеп, отырғызамын)

2.Психологиялық дайындық: (2 мин)

-Балалар бүгін күн қандай?

-Жылы.Біздің сыныбымыз жылу болу үшін , біздер күнді құрастыруымыз керек.Әр күннің шуағын тіркеу үшін біздер бір –бірімізге тілек айтайық.

(Оқушылар бір-біріне тілек айтады)

3.Қызығушылығын ояту: (2 мин)

-Балалар тақтада ненің суреттерін көріп отырсындар?    (Ешкі, қасқыр, лақтар)

-Бұл жануарлар туралы қандай ертегілерді білеміз?(Жеті лақ)

(Оқушылар жеті лақ туралы ертегіні айтып береді)

-Балалар менде сендерге бір ұсынысым бар.Ертегіні қазіргі заманға сай құрастырсақ, қалай ойлайсыңдар?

4.Үй тапсырманы тексеру. (2 мин)

-Балалар міне жеті лақ және олардың аналары  ешкі тату-тәтті өмір сүреді.Бір күні мамасы дүкенге жиналды.Балдарыма алма әкелемін деп.Бірақ есік ашылмай қалды.Ол есікті ашу үшін біздер берілген үй тапсырмамызды тексеруіміз керек.

(Оқушылардың үй тапсырмалары тексеріледі)

-Жарайсыңдар балалар, міне есік ашылды.Ол дүкенге кетіп қалды.Содан кейін не болады? Оларға қасқыр келу керек,бірақ ол менің тапсырмамды орындасаңдар келемін деді.

-Кәне орындаймыз ба?

5.Топқа бөлу: (3мин)

-Балалар бүгін біздер сабақта өзімізді бағалаймыз.Яғни дұрыс жауап берген тапсырмаға өзімізге ұпай қосамыз.

(Оқушыларды топқа бөлу үшін олар есептерді шығару керек.)

Тақтада есеп берілген.

3*4=12                     4*3=12              12:4=3                   12:3=4

-Ол есептің біздер жалғасын табуымыз керек.Кәне партада берілген жауаптарынан қарап, рет-ретімен жазайық.

(Оқушылар оларды рет-ретімен қойып, оқушылар топқа бөлінді)

6.Өткен сабақты қайталау: (2 мин)

-Балалар бұл есепте не байқадыңдар?  (Есептердің орындары ауыстырылған)

-Бұл қандай есеп берілген?(Кері есептер)

-Міне сендер топқа бөліндіңдер, енді өздеріңіз маған осындай есеп сияқты шығара ала –аласындарма?

І топ:                       ІІтоп:                                 ІІІтоп:

4*5=20                    2*6=12                              2*8=16

5*4=20                    6*2=12                              8*2=16

20:5=4                     12:6=2                               16:2=8

20:4=5                     12:2=6                               16:8=2

(Оқушылар тақтадағы есепке сүйеніп, осыған ұқсас есепті құрастырады)

-Балалар сендердің алдарында бағалау кестесі тұр, яғни  тапсырмаға дұрыс жауап берген оқушы өзіне ұпай жазу керек.Егер оқушы 5-6 ұпай жинаса «5», 3-4 ұпай «4», 1-2 ұпай болса «3» бағалар қойылады.

7.Ауызша есептеу:  (3мин)(Оқушылар жауаптарын үш тілде айту керек)

-Жарайсыңдар балалар! Міне алмаларды анасы Ешкі теріп жүргенде оларға кім келеді? (Қасқыр)

-Оған балалар біздің тапсырмамызды орындасаң есікті ашамыз дейді?

-Кәне оған көмектесеізбе?

-Жарайсыңдар!

27: 9=3                       2*4=8                        16:8=2

6*4=24                       30:10=3

4:4=1                           14:2=7

18:9=2                        15:5=3

-Жарайсыңдар! Дұрыс жауап берген оқушы өзіне ұпай жазуға ұпытпаңыз!

-Мінеки қасқыр олардың үйлеріне кіріп, сосын не болады?

-Ол лақтарды ойнауға шақырады, бірақ лақтар айтады біздің тағы бір тапсырмамызды орындасаң, сенімен ойнаймыз!

8.Фигураның үшбұрыштарын сана:  (5мин)

(8)                                                                        (7)                                                 (8)

 

 

 

 

-Жарайсыңдар балалар! Енді дұрыс жауап берген топ өздеріне ұпай жазуды ұмытпаңыз!

9.Сергіту сәті: (2мин)

-Балалар бәріміз тақтаға қарайықшы! Тақтада не көріп отырмыз?

-Ешкі , жеті лақ және қасқыр бәрі ойнап жүр.Біздер де қосылып олармен бірге ойнаймыз ба?

-жарайсыңдар!

10.Оқулықпен жұмыс: (5 мин)

Балалар енді қасқыр оларға тағы тапсырмаларды   берді.Кішкентай лақтарға көмектесеміз бе?

-Жарайсыңдар! Онда бәріміз оқулықтағы 189бет № 4-тті өз бетімен шығарамыз.

Осы тапсырмада өзіміз дәптерімізге шығарамыз.

35+х=200-140                        490-х=100+210                           200+х=280+600

35+х=60                                  490-х=310                                   200+х=880

Х=60-35                                  х=490-310                                   х=880-200

Х=25                                       х=180                                           х=680

35+25=200-140                       490-180=100+210                      20+680=280+600

60=60                                      310=310                                      880=880

-Жарайсыңдар балалар! Дұрыс жауап берген оқушылар өздеріне ұпай қосуға ұмытпаңыздар!

11.Математикалық диктант : (3 мин)

3*2=6                                27:9=3

4*2=8                                3*8=24

12:4=3                               5*4=20

18:9=3                               3*3=9

-Жарайсыңдар балалар! Енді дәптерлерімізді ауыстырып, бір-бірімізді бағалаймыз!

-осы бағаларды тек дәптерге ғана түсіреміз!

№ 5 (5 мин)

(Оқушылар өз бетімен шығарады)

650+(530-210)=970                          (650 -210 )+( 240+20)= 700

(560+210)-240=440                          1000-650-120=130

-Жарайсыңдар балалар!дұрыс жауап берген оқушылар өздеріне ұпайларды қосуға ұмытпаңдар!

12.Шығармашылық тапсырма: (5 мин)

(Үш топ бір-біріне тапсырма беру керек .Осы тапсырмада оқушылар топпен бір-бірін бағалайды)

13.Сабақтың қорытындысы, рефлексия: (3 мин)

-Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?

-Бүгін сабақта біздер не істедік?

Бағалау:

(Оқушылар өздерінің ұпайларын санап, бағаларын айтады)

-Балалар қай жерде ұпайларын жетпей қалды?

Неге?

(Оқушылар жіберілген өз қателерін айту керек)

-Жарайсыңдар осымен сабағымыз аяқталды.

Үй тапсырма: 189 бет № 4 (2 қатар)

Сауболыңыздар!

Резерв:

(Оқушылар өз бетімен есепті шығару керек, оқулықтағы 190 бет № 6)

450-50 * 450-400                    1000-400 * 1000-6

678- а * 786-а                          120+90 * 340-50

560+40 * 560-40                     500+45 * 37+120

Теректі ауданы  Станция Пойма

«Пойма бастауыш мектебі»

Бастауыш сынып мұғалімі: Гумарова Бақыт Сапарғалиқызы