Күздің әсемділігі


Сапарбаев Нұраман Ерғазыұлы, Нуртолганова Балауса Рахатовна, Шүйінішәлі Мансұр Нұржанұлы 
«№13 орта мектебі»КММ 4 «Б» сынып оқушылары

Жетекші: Калжанова Гулнара Кулбатыровна

 

Күздің әсемділігі

Күз мезгілі. Балалар мектепке бара жатыр. Күздің әсемділігі соншалықты сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Ағаштан төменге қарай салбырап құлап жатқан жапырақтар, жерді сары-ала кілем жайғандай. Күзде терезеге қарасаң, табиғат бейнесін көруге  болады.  иісі мүңкіп тұрған ағаш арасындағы жемістер «мені ал»- деп тұрғандай болады. қып-қызыл алмалар, жап-жасыл жүзімдер, қызыл-сары араласқан алмұрттар бәрі де өзіңдікі. Күзде дала жұмыстары қыза бастайды. Сап-сары алтындай болып тұрған кезінде комбайндар бидайды жинап жүр. Әкем бақшадағы жемістерді біртіндеп үзіп алып жатыр. Достарым үйлерінің ауласындағы жапырақтарды сыпырып жүр. Бәрі де жұмыс істеп жүр. Даланың әсемдігін көремін деп тоңғанымды да сезбей қалдым.

Күздің әсемділігі

Төрт мезгіл. Әр мезгілдің өзіне тән қасиеті бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа, бірі қайта туған жауқазындай бүршік атып жатады. Ал, бірі суығына үйретіп те үлгереді. Осы төрт мезгілдің ішінде ең кереметі күз болар.
Сарғайған жапырақтардың тал басында желге шыдай бермей жерге түскен сәті көз алдыңа бүкіл әлем қоңырқай түске боялып, бейне бір салып қоған сурет секілді күйге енсе, аспанның шелегі тесіліп қалғандай әр күн сайын тамшылар тамып, жаңбыр жауса, көңілің құлазып тұңғиыққа еніп кетесің. Біреуді сағынса, ол сені де сағынса, шіркін, міне бұл күз ғой.
Күз адамзаттың сағыныш айы. Мектепке асыққан оқушының сағынышы, қара жерге асыққан жапырақтың сағынышы, егістіктегі мол жемісіне асыққан бағбанның сағынышы, алыстап кеткен достардың қауышуға деген сағынышы, ақынның қаламына, суретшінің күзгі әлемге деген сағынышы…
Құстардың саңқылы, тырналардың тырауы,қатарласа ұшқан тізбегі, қызарып атып, қызарып батқан күннің сәулесі, қара аспанның төсінде дөңгелене қалып, нұрын төгіп тұрған ай сағымы, бәрі дерлік бір суретшінің туындысы секілді.  Бірақ бұл ешқандай жасандылық емес, бұл шынайы қанық түстерге боялған күз мезгілі.

  Күздің әсемділігі

       Күз келді. Жаздың жайма шуақ күндері суық күнге ауысты. Дала сары кілемге оранды. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Дала жаздағыдай емес, көңілсіз кейіпте. Егіншілер барлық егіндерін жинады. Күзде егіншілердің «Алтын дән» деген мерекелері бар. Бұл мерекеде үздік деп танылған егіншілер марапатталады. Сары, қызыл түске боялған жапырақтар өте керемет, көзге өте әдемі көрінеді. Жапырақтарды келтіріп түрлі композиция жасауға болады. күз мезгілі байлықтың, молшылықтың кезі. Дала да, егін де, орман да – бәрі сап – сары. Сондықтан халық күзді «Алтын күз» дейді. Адамдар қысқы керектің бәрін осы мезгілде жасап алады. Алтын түске боялған кезде қоңырау соғылып, балалар мектеппен қауышады. Күзде түн ұзарып, күн қысқарады. Қызыл, сары түске енген жапырақтармен күздің пейзажы өте әдемі. Табиғат жаратылысы өзіне тән төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгілдің өз сұлулығы, әсемділігі бар. Күздің өзіне тән қоңыр салқын ауа райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық қасиеті бар. Табиғат өзінің, әр мезгіл өзінің жаратылысымен сұлу. Адам сол жаратылысты жан-тәнімен түсіне білу керек. Әр мезгілді өзіне тән қасиеттерімен қабылдап, қадірлеп табиғатымызды аялай білейік.