Күздің әсемділігі


Жұмағазы Мұстафа, Жаңабай Ернұр, Қасым Арман

«Айжұлдыз» шағын орталығы ІІ кіші «Ботақан» тобы тәрбиеленушілері

Жетекшілер: Наурызбаева Перуза, Өмірзақ Айнагүл

Күздің әсемділігі

Күз әр балаға әсерлі ой салады.Алтын күзде барлық жеміс-жидек пісіп , балалар қуанышқа кенеледі. Жерді сары кілем жауып, жүзімізге жылу сыйлайды. Күн нұрындай алтын күз адамдарға берер жақсылығы көп.Күз молшылық, тоқшылық мезгілі.Күзде құстар жылы жаққа кетеді.Күздің кереметіне қарасақ көз тоймайды.Алтын күз береке.

 

Жаңабай Ернұр

ІІ кіші «Ботақан»тобы

 

 

 

 

Күздің әсемділігі

 

Күзде көптеген жемістер піседі.Мысалға , көздің жауын алатын қызыл алмалар, қызыл шиелер басқа да көптеген жемістер мен көкөністер осы шырайлы күзде піседі. Күз молшылықтың белгісі. Оның әдемілігі барлық дала сары кілемге оралады. Балалар күз келгенде балаша шаттанып қуанады. Күз ол алтын жібектей.Құстар жылы жаққа ұшады.Балалар сабаққа баратын уақыт.Алтын күздің әдемілігі даланың сұлулығымен ерекше.Ауасы таза.Мен бала болсам да қандай мезгіл болса оның ерекшелігін анық білемін. Күз алтындай сарылығымен ерекше.

 

Қасым Арман

2-сынып оқушысы