Жас ұстаз – 2018; Үздік тәрбиеші – 2018


Сүйінбаева Жанаргүл Қазтөреқызы, Балмағанбетова Алия Амангельдиевна, Тлепбергенова Нұргүл Мінбаржанқызы, Ерден Асель Тлеугалиевна

№32 «Қуаныш» мектепке дейінгі ұйымы тәрбиешілері және ағылшын тілі мұғалімі

 

«Бірегейлік пен бірлік»

тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметі

Балмағанбетова Алия Амангельдиевна

№ 32 «Қуаныш» мектепке дейінгі ұйымы тәрбиеші

Мақсаты: Балалардың ұлттық патриоттық сезімін ояту.Адамгершілікке негізделген ұлтаралық  береке, бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор.Осыған  байланысты  болашақ  ұрпақты  бірлікке, Отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін жерін қорғауға тәрбиелеу. Қазақстанда тұратын  бірнеше ұлт өкілдерінің маңыздылығы туралы түсіндіру.

Қажетті құрал жабдықтар: Ақ қағаз, түрлі түсті бояулар, жүрек пішіндегі қима қағаздар.

Көрнекілік: Слайд, Елтаңба, Ту, буклет.

Шаттық шеңбері:

Армысың шапағатты күн ана
Армысың шапағатты аспан ана
Құт дарытқан елімізге жерімізге
Армысың мейірімді жер ана

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар! Біздің егеменді ел болып отырғанымыздың айғағы өзіміздің мемлекетіміздің Ту, Елтаңбасы және Әнұранымыз бар!

Қазақстан туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі

Әнұранымен айбатты

Әнұран орындалады.

Балалардың жыр шумақтары. Тоғжан, Ерасыл, Аружан, Сұлтан.

Ән:  Әрқашан күн сөнбесін.

 

•      Балалар барлығы:

•       Әкел, досым, қолыңды,

•      Татуласқан орынды.

•      Өкпелесіп не керек,

•      Көрсет, кәне, соныңды.

•      Баққа бірге кірейік,

•      Қол ұстасып жүрейік.

•      Татулықтың белгісі,

•      Кел қосылып күлейік:

•      -ха-ха-ха-ха-ха

Тәрбиеші:  Балалар  әрине дұрыс айтасыңдар достыққа, татулыққа бірлікке не жетсін. Бірлігі жарасқан Тәуелсіз елде біздер тату, ынтымағы жарасқан үлгілі азамат болуымыз керек. Балалар кәнекей біздер Тәуелсіздік туралы не білеміз?

Тәуелсіздікке неше  жыл болды?

 

Жүректен жүрекке  (тыныштық сәті) Балалар шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіз білдіреді.

 

 

Ендеше балалар, тақтаға назар аударайық (Слайд арқылы жағдаяттардың шешімін айту. )

Айым:

Отан елдің анасы

Ел ердің анасы

Отан бізде біреу ақ,

Ол біздің Қазақстан.

Балалар:

Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Барлығы бірге: «Әдепті екен бұл дейміз»

Кітап дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы,

Кім дейміз?

Балалар: Ұқыпты екен бұл дейміз?

Таудай биік талабы,

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Балалар: Үлгілі екен бұл дейміз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балғындар

Сендерге рахмет,

Кәрі жасқа ой сала

Үйрететін ой сана,

Ана тілін сүйіңдер

Осыған бас иіндер!

Балалар жарайсыңдар бүгін сендер өте тамаша өнер көрсеттіңдер. Қазір бәріміз “Досыңды құрметте”  атты сурет салайық. (ұжымдық сурет)

Балаларды мадақтау. Қорытындылау.

 

Пікір

 

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- ең басты байлық . Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың  жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді. Сол себепті  балалардың  өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет.  Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады.  Жолдың қалыпты қозғалысы  көбінесе  балалардың жол бойында қалай болса  солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,  қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады.   Жол тәртібін бұзғандықтан кейбірулер машина  дөңгелегіне  ілініп қаза тауып,  кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек   болып қалады.  Сондықтан әрбір бала үйретілетін  «Жолда жүру ережесі»  тақырыбындағы іс-әрекетті мұқият тыңдап, бала өткізілген іс-әрекеттен  қорытынды жасап отыруға міндетті. Осыған орай бағдарлама құрастырылып отыр.

Бағдарлама авторлары тақырыптық жұмыс жоспары мен перспективтік жоспарды қарастыра отырып, баланың туған қаласы, тұратын көшесі туралы білімдерін жинақтай отырып, көліктің әр түрлілігі, жаяу жүргіншілер, бағдаршам туралы түсініктерін бірнеше тақырыптарға бөліп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті санын жасаған. Одан әрі балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуенге шығуды, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолданған. Бағдарлама ересек тобының балаларының  денсаулығының қауіпсіздік жағдайларын жасауға негізделген. Сонымен қатар  баланың түрлі іс-әрекетте  өзін-өзі тануына жағдай жасау және ерік-жігер қасиеттерін, сақтық шараларын қалыптастыруды міндеттеген мектепке дейінгі мекемелер үшін құнды.

Бағдарлама  ересек топтар үшін, аптасына 1 сағаттан, жылына 36 сағатқа   құрылған.

Бағдарламаның  негізі:   «Ғажайып буындар», «Аруна Ltd» ЖШС әдістемелік құрал 2012ж

 

Құрастырған:   Н.М  Тлепбергенова

 

№32 «Қуаныш» мектепке дейінгі ұйымы педагогикалық  кеңесі отырысында  «Театр әлемі- ғажайып әлем»  бағдарламасы талқыланды.

 

 

 

МКҚК №32 «Қуаныш»  мектепке  дейінгі  ұйымының

«Театр әлемі- ғажайып әлем» бағдарламасына

Пікір

«Театр әлемі –  ғажайып әлем»  бағдарламасы  балалардың   өзіндік өмірлік тәжірибесін,  олардың ой өрісін, әлеуметтік өмірге  қызығушылығын, өмір жайлы түрлі білімдерді кеңейту негізінде   театрланған  қызметтің, сюжеттік-рөлдік  ойындардың мазмұны, сюжеттің ауқымы  және рөлдермен байыта отырып, жағдай жасау мақсатында  бағдарлама жасалған.

Бала өмірдің жалғасы, балаға өнер үйретіп, кәсіпке баулу тиянақты білім

беріп, жан-жақты тәрбиелеу адамзаттың  басты міндеттерінің бірі. Шығармашылық-тіршілік көзі. Балабақшаға келген күннен  ақ балаларды өнермен шұғылдануына дағдыландыруымыз керек.

Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік  әдебиеттердің зерттеулері бойынша  қазіргі таңда  балабақшада  театрланған  ойын қызметтері ұйымдастырудың теориялық және практикалық  тәжірибесі жинақталған. Бірлескен ойын әрекетінде  жақсы әдеттер мен адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыру. Бірлескен ойында өзін-өзі ұстау  ережелері мен нормаларын орындауға үйрету. Балалардың бойында кішіпейілділік, қайырымды болу, досына көмекке келу секілді қасиеттерге тәрбиелеу. Балалардың бойындағы ертегіге деген эмоциялық сезімдерін ояту.

Орындаушылық   шеберліктерін ертегі кейіпкерлерінің бейнесін сомдауда мәнерлігін жетілдіру. Ертегі және ойын арқылы балалардың қоғамдағы құқықтары жайлы білімдерін дамыту. Ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе білу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Көру қызметін, тілдерін дамыту.  Балалардың сүйіспеншілік сыйластық, жан ашырлық, қамқорлық, адамгершілік сезімдерін ояту. Болашақ ұрпақ келешек  қоғам иелерін озық азамат етіп тәрбиелеу-мемлекеттің маңызды міндеті және біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

«Тәрбие- тал бесіктен басталады» деген дана халқымыз. Демек, баланың қоғамға өзіндік пайдасын тигізер тұлға болып дамып жетілуіне  бірден-бір ықпал ететін орын балабақша. Шығармашылық талпыныс, ізденіске, үйреншікті нәрседен әсемдікті таба білуге, көргенді есте сақтап, қиял қабілетін дамытуға жол ашады.

Аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат. Бағдарлама 5 жастағы балаларға арналған.

Осы бағдарламаны ересек тәрбиеленушілеріне шығармашылық талпыныс, ізденіске, үйреншікті нәрседен таба білуге, көргенді еске сақтап, қиял қабілетін дамытуға жол ашу мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарға ұсынамын.

 

Қ. Жұбанов атындағы  Ақтөбе өңірлік

мемлекеттік  университеті, «Арнаулы педагогика

және  психология»кафедрасының меңгерушісі,п.ғ.д.                К.Ж. Туребаева

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

Балалардың барлық өмірі ойынға толы. Әр бала өз рөлін ойнап шыққысы келеді. Ойын барысында бала тек қана қоршаған, қоғамның заңдылықтарын, адамзаттың қарым-қатынастарын танып қана қоймай, осы өмірде өмір сүруге үйренеді. Алайда мұны қалай жасауға болады? Баланы ойнауға, өзіне рөлін алуға және әрекет етуге қалай үйретуге болады? Оған театр көмек береді. Театрланған ойындар балалардың ерекше ықыласына ие. Театрланған ойындардың балалар тұлғасына үлкен әрі жан-жақты әсері олардың мықты әрі педагогикалық құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Себебі бала ойын барысында өзін неғұрлым еркін әрі шынайы сезінеді. Осыған орай «Театр әлемі-ғажайып әлем» тақырыбында жаңа мемлекеттік стандарт талаптарына сай бағдарламасы құрастырылды.

Қолданылатын саласы: «Шығармашылық»

Бағдарламаның мақсаты

Білімділік:Театрланған қызметтің балалардың жалпы дамуына    эстетикалық тұрғыдан әсері мен маңыздылығы бойынша музыкамен, сурет салумен қатар   басты орынға ие болуға білімділіктерін арттыру.

Дамытушылық:  театрланған қызмет баланың үйлесімділігі, оның ішінде     баланың шығармашылық қабілеттерін және өзара қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балалардың бойында кішіпейілділік, қайырымды болу, досына көмекке келу секілді қасиеттерге тәрбиелеу.

Бағдарламаның міндеті

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойлауының дамуына театрланған қызметтің көмегімен әсерін қалыптастыру. Жаңа орынға келгенде балалардың бойындағы сенімділік сезімдерін қалыптастыру. Достық қарым-қатынасты орнатуға әсер ету. Баланың тұлғалық қасиетін және қайталанбастығын көрсете білуге үйрету. Театр көмегімен балалардың сөздік қорын байытып, дұрыс сөйлеу мәдениеттілігіне тәрбиелеу. Ойын арқылы балалар серіктестік қарым-қатынас жасаудың алғашқы іскерліктерін меңгереді, бір-бірімен, үлкендермен жағымды қатынас жасауға қабілеттерін, әлеуметтік белсенді бала тұлғасын қалыптастырады.

Күтілетін нәтиже

·        Білу. Ертегіні тыңдай біледі

·        Игеру. Ертегіні сахналауды игереді

·        Меңгеру. Өз ойларын нақты әрі ретімен жеткізуді меңгереді.

Бағдарлама 1 жылға арналған.

Мерзімі және ұзақтығы: 25-30 минут, ҰОІӘ  саны аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат. Ересек тобы

 

 

Тақырыптық  жұмыс жоспары


Тақырыбы
Мазмұны
Сағат саны
1
«Ертегілер еліндегі қызықты математика»
Балалардың сан және санау геометриялық пішіндер,көлем кеңістікті бағдарлау,уақыт бағдарлау,ай,апта күндерін атауды үйрету,жыл бойына өткен білімдерін  бекіту,логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру,ертегі арқылы математика  сабағына деген қызығушылықтарын артыру,шапшандыққа,тапқырлыққа үйрету.
1

2
«Сахна мәдениеті»
Балаларға театр туралы түсінік бере отырып,өнерге деген қызығушылығын арттыру,оларда шынайы өнердегідей дауыс

ырғағы, жүріп-тұру секілді мәнерлі  қабілеттерін дамыту.
1
3
«Театр өнері»
Балаларға театр сахнасын,әртістердің киінетін бөлмелері туралы түсінік беру.Әңгімелесушінің түсіне білу қабілеттерін арттыру, баланы сахналық қойылымға тәрбиелеу.
1
4
«Тұмар» қуыршақ театрына  саяхат
Театрланған  көріністі көре отырып,баланың эстетикалық  талғамын дамыту және қоғамда өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу.
1
5
«Шұбар тауық »көлеңке театры
Балалардың бойында оң әсер қалыптастырып,жаңа туындыға деген қызығушылығын арттыру.Ертегі кейіпкерлерін сипаттауға балаларды үйрету.
1
6
«Орманға барайық»
Қиялды дамыту, қимылдардың әсерлігін жетілдіру.Жаңа ертегімен танысу кезінде балалардың назарын аудару және оң сезімдерді қалыптастыру. «Бауырсақ» ертегісімен еске алу.
1
7
«Тауып ал мынау кім?»Театрлық ойын
Балаларды жұмбақ шешуге үйрету.Айнаның алдында  ой-өрістің дамуына жаттығулар жасауға үйрету.Балалардың ойларын дамыту .Баланы инабаттылыққа тәрбиелеу.
1
8

Практикалық сабақ
Өткен тақырыптарды еске түсіру арқылы  балалардың алған түсініктерін нақтылау
1
9
«Сүйікті ертегіні сахналау»
Ертегіге диалогтарды ойлап табу кезінде қиялдауды,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың сүйікті  ертегілерін сахналауға тәрбиелеу.
1
10
Мимика өнері
Балаларға мимика өнерін түсіндіру. Эмоциялық көңіл күйді   жеткізе білуге тәрбиелеу.Өз ойын мимика түрінде  жеткізуге үйрету.
1
11
«Мақта қызбен мысық»үстел үсті театры
Балаларға ертегіні ынтамен үйрету.Ертегінің мазмұның сұрақ қоя отырып,әр кейіпкерге  сипаттама беруге дағдыландыру. Кейіпкерлерді қозғалта білуге ,қозғай отырып сөйлеуге тәрбиелеу.
1
12
Практикалық сабақ
Қортындылай отырып, алған  өз түсініктерін   айтуға дағдыландыру
1
13
«Біздің балабақшаға қонақтар келді»
Балаларды ертегі тыңдауға үйрету. Жануарлар сипаттаи отырып ,шығармашылық санасын дамыту.Әдептілікке ,еркіндікке тәрбиелеу.
1
14
«Көңілді  гномиктер»(театр)
Театрланған ойындардың балалар тұлғасына  үлкен әрі жан-жақты әсерін қалыптастыру.Көңіл -күйлері көтеріліп,өзіне деген сенімділігін арттыру .
1
15
Сюжеттік ойыншықтар. «Мен тәрбиешімін»
Балаларды бақылап отыруға үйрету.Ой-өрісін дамыту.Балалардың бір- біріне қамқорлық сезімдерін ,көмек көрсету қажеттілігін,достық қасиеттеріне тәрбиелеу.
1
16
«Шалқан»көлеңке театры
Ертегідегі диалогтарды ойлап табу кезінде қиялдауды,   шығармашылықты дамыту.Өзінің тұлғалық қасиетін және қайталанбастығын көрсете білуге үйрету.
1
17
«Буындармен ойнаймыз»
Буындарға, саусақтардың қозғалысымен бейнелердің сипатын көрсете білуге үйрету.Орындаушылық қабілеттерін дамыту.
1
18
«Үйшік »үстел үсті театры
Балалардың бойында оң әсер қалыптастырып, жаңа туындыға деген қызығушылықтарын арттыру. Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға түсінікті әрі тыңғылықты жауап беруге үйрету.
1
19
«Әртүрлі айтуға үйренеміз»
Балалардың назарын интонациялық әсерлікке аудару.Балалардың   сөйлеуінде интонациялық реттілікті дамыту.Түрлі интонациялармен балалардың сөйлеуін жаттықтыру.Коммуникативті қабілеттерді дамыту.
1
20
Практикалық сабақ
Қортындылай отырып, алған  өз түсініктерін   айтуға дағдыландыру
1
21
«Суретке қарап әңгіме құрастыр»
Суретке қарап әңгіме құрастыруға үйрету.Ойлау қабілеттерін дамыту.Тіл байлықтарын жетілдіру.
1
22
«Маша мен аю»фланеграф
Балаларға таныс ертегіні қызығушылықпен аяғына дейін тыңдауға үйрету.Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.Кейіпкерлерді қиялдата отырып,зерттеп мазмұнын өз беттерінше айтуға тәрбиелеу.
1
23
«Ең сүйікті ойындар мен  ертегілер»
Әр адамның жеке тұлға екендігін және өзінің қызығушылығымен  қажеттілігінің бар екендігін балаларға көрсету. Өз ойларын нақты әрі ретімен жеткізуге үйрету. Бейнелерді суреттеуге сипаттау құралдарын жетілдіру.
1
24
«Бауырсақ» ертегісін сомдау
Бірлескен қызметте балалардың  бірігуіне әсер ету,ертегі кейіпкерлерінің мінез- құлықтарын жеткізе білуге үйрету.Шығармашылық қасиеттерін дамыту.
1
25
Ертегіні әуелі өзіміз құрастырып, сонан соң оларды ойнаймыз
Балалардың шығармашылық санасын дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің мінез ерекшеліктерін әсерлі сипаттай білуге үйрету. Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру және ұжыммен келісе отырып, әрекет етуге үйрету.
1
26
Біздің көңіл күйіміз
Мимика  бойынша эмоциялық әсерлерді танып -білуге үйрету: «қуаныш», «қорқыныш», «ашу-ыза»  әсерлері.Балаларды өздерінің ойларын байланыстырып, нақты жеткізе білуге тәрбиелеу.

1
27
Қатты және жәй эмоцияны сомдау
Балаларды қуаныш, ызалану, қорқыныш, мұңаю секілді түрлі әсерлердің сызбалық суреттерімен таныстыру.  Сөйлеу кезінде күрделі, құрмалас сөйлемдерді пайдалана отырып, балалардың өз ойын байланыстыра,  нақты жеткізе білуге  дағдыландыру.
1
28
«Мимика және дауыс ырғағы бойынша эмоцияларды танимыз»
Балаларды қуаныш, ызалану, қорқыныш, мұңаю  сезімдерін мимика және дауыс ырғағы бойынша тани білуге үйрету. Қимыл- әрекеттерді, дауысты пайдалана отырып, аталған эмоцияларды суреттей білуге балаларды жаттықтыру.
1
29
«Егер досың ренжісе?»
Балаларға жанжалдың қалай тез туындайтындығын көрсету. Жанжал жағдайында тез жол тауып кетуге үйрету.Өз ойларын  байланыстырып, нақты жеткізе білуге даңдыландыру. Екі баланың суретін қарап, олар бойынша әңгіме құру.
1
30
«Досы бар жан бақытты!»
Балаларға  адамдардың бір-біріне тәуелді екендіктерін түсіндіру. Достарын құрметтей білуге үйрету.  Дос жөнінде өлең шумақтарын оқу.Досының көп болғаны қандай тамаша екенің айту.
1
31
«Жеті лақ ертегісін» сомдау
Ертегінің мазмұны бойынша балаларды сұрақтарға толық әрі нақты жауап беруге дағдыландыру. Ертегіні сомдау кезінде дауыс ырғағын мәнерлеуге үйрету. Рөлдерді бөлу.
1
32
«Ертегіні тыңдаймыз»
Ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін сомдауда түрлі мәнерлеу құралдарын пайдалана білуге үйрету. Ертегіні мұқият тыңдауға дағдыландыру.
1
33
«Сюжеттік-рольдік ойын»
Балалардың бойында ертегіге деген сезімдерін ояту.Кейіпкерлердің бейнесін дұрыс бере отырып, ертегіні драмалауға дағдыландыру.
1
34
Ертегі кейіпкерлерін дайындау. «Мақта қыз бен мысық»
Түрлі эмоцияларды білідіретін түсініктермен балалардың сөздік қорын толтыру және белсендіру.Баланың әсерлі саласын байытуға септігін тигізу.Рөлге ену.
1
35
«Түлкі ,қоян және әтеш»
Балаларды қызықтырып өткізу қимыл қозғалыстардың қандай дауыспен айтатынына көңіл бөлуге үйрету.Бір- біріне достық қарым -қатынаста болуға тәрбиелеу.
1
36
«Театрдан алған әсер»
Балалардын жыл бойы алған әсерлерімен бөлісу.Театр бұрышына саяхатқа бару.Театр түрлерін көрсетіп ,қалай аталатынын сұрау.Кейбір ертегі кейіпкерлерінің дауысын салғызу.
1

Жалпы сағат саны
36
 

Қолданылған  әдебиеттер:

 

1.                Өтетілеу«Әдептілік-әдемілік» Алматыкітап.2012ж

2.                Е« Балаларға базарлық», «Алматы кітапбаспасы», 2011ж.

3.                «Балаларым – бақытым», «Алматы кітапбаспасы», 2012ж.

4.                «Балаби»  Журнал, №7. 2009ж

5.                «Бөбекке арнаймын», «Бала баспасы», 2008ж

6.                «Ғажайып буындар» «Аруна Ltd» ЖШС

7.                «Жақсыдан –үйрен, жаманнан жирен» «Аруна Ltd» ЖШС

8.                «Играем в сказку», «Москва», 2006г

9.                «Көркем  әдебиет»  4-5 жас, «Алматыкітап  баспасы» ЖШС,2013.

10.           «Казахские народные сказки»  Алматы. 1994ж

11.           «Керек кітап», «Алматы кітап баспасы», 2011ж

12.           «Қазақ халық ертегілері»,  «Аруна» баспасы ЖШС, 2009ж.

13.           «Қазақ ертегілері», Шымкент 1998ж

14.           Сиқырлы думан» Әртүрлі жастағы балаларға арналған. «Шикула и К»             2006ж.

15.                 «Сиқырлы театр» «Нұрсәуле – Лучик» сериясы, «Шикула и К» ЖШС,2005ж

16.            «Сүйікті сиқырлы ертегілер», «Алматыкітап баспасы», 2012ж.

17.                Хрестоматия по детской литературе.

18.            Энциклопедия, Ақтобе-2002ж

 

Түсінік хат

 

Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің  жүріс-тұрысының  жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда  балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны  көлік жүргізушілерінің  ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады.

 

Бағдарламаның  мақсаты:

Дамытушылық: Балаларды жол жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап,  балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру. Көшеде жол белгілеріне назар аударуға, оны жатқа білу қабілеттерін дамыту.

Білімділік: Балалар  сезімін кеңейтіп, ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгертіп, жол қауіпсіздігін  есте сақтауға,

Тәрбиелік:  Жол ережесіне байланысты кез-келген жағдайда  әрекет ете білуге тәрбиелеу. Баланы зеректілікке, мұқияттылыққа тәрбиелеу.

 

Бағдарламаның міндеттері:

Балаларды жол жүру ережелеріне үйрету- ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы.  Бағдаршам белгілерімен, жолда жүру ережелерімен,   жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен (тротуармен)  таныстыруды жүзеге асыру көзделген.  Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін , оларды жол  жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек.

Білім беру саласы:  Таным

 

Күтілетін нәтиже:

 

Біледі: Жолда жүру ережелерін біледі.

 

Игереді: Көшеде қауіпсіздік ережелерін , жолдан өту тәртібін сақтауды игереді.

 

Меңгереді:  Жолда жүру ережелерін сақтау және білу өміріне қаншалықты қажеттілігін түсінеді, меңгереді.

Бағдарлама 2 жылға арналған. Ересектер тобына арналған.

Ұзақтығы: 25-30 минут.

ҰОІӘ саны аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат

 

Жұмыс жоспары

 


Тақырыбы
Мақсаты
Әдіс-тәсіл
Көрнекілік
Ойын
1
Менің туған қалам
Фланеографты қолдану арқылы суреттерге қарап сұрақ беру.

Мыс:Сен өзіңнің туған қалаң туралы не білесің? Өзінің тұратын өлкесі және қаласы туралы түсініктерін кеңейту. Білімділікке тәрбиелеу
Сұрақ-жауап,

әңгімелесу,

дид. ойын.

Біздің қаламыздың

суреттері

Дид.

Ойын:

«Қалалар»

2
Мен тұратын көше
Көше деген не? Сен қай көшеде тұрасың? Ол қалай аталады?

Көліктер, жаяу жүретін жолы бар ма? Көшеде сақ болуға үйрету.

Көше туралы әңгімелесу,сурет-тер  қарау,

дид.ойын.

Көшелердің суреттері

Дид.ойын:

«Кім қайда тұрады?»

 

3
Біз балабақшаға барамыз. Әңгіме. Үйден балабақшаға дейінгі жол.
Балалармен өз үйлері мен балабақшаға дейінгі әңгімелесу.Балалардың ойлау,әңгімелей білу қабілеттерін дамыту.

Кіріспе әңгіме,

дид.ойын,балалар әңгімесі.

Демонстрациялық

материал

Дид.ойын:

«Саяхат»

4
Практикалық сабақ
Алған білімдерін тиянақтау.

Түсіндіру,сұрақ-жауап,пікірталас

Иллюстрациялық

суреттер

Дид.ойын:

«Менің үйім»
5
Көше көліктері. Қандай көлік түрлері болады.
Тәрбиеші қандай көлік түрлері бар екенін,соның ішінде арнаулы көлік түрлерін атай білуді үйретеді
Әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көлік түрлерінің суреттері

Дид.ойын:

«Менің машинам»

6
Көшеде сақ болайық!
Көшеде өздерін қалай ұстау керектігін балаларға үйрету.Жолда абайлап жүруге тәрбиелеу.
Әңгімелесу,пікірталас

Көше қозғалысының суреттері

Дид.ойын:

«Менің көшем»
7
Көлікте қауіпсіздік ережесін сақтау.
Балаларды өздерін көлікте қалай ұстау керектігін игерту.Мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Түсіндіру,сұрақ-жауап,

пікірталас

Демонстрациялық материалдар

Дид.ойын:

«Машина құрастыр»

8
Практикалық сабақ
Өткенді қайталай отырып, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Түсіндіру,сұрақ-жауап

Жолда жүру әліппесі

Дид.ойын:

«Қызыл, жасыл, сары»

9
Бағдаршам
Бағдаршам туралы түсінік беру.Бағдаршам жол қозғалысын жарық сигналдары арқылы реттейтіні туралы әңгімелеп беру.

Кіріспе әңгіме,жұмбақ шешу, түсіндіру

Бағдаршамның суреті

Дид.ойын:

«Бағдаршам»

10
Бағдаршам және оның белгілері
Бағдаршамның жарық сигнал түстеріне байланысты қимыл-қозғалыстарын реттеуді үйрету.Сол бойынша «тоқта», «байқа», «рұқсат» деген сөздердің

мағыналарын меңгерту.

.
Түсіндіру,әңгімелесу,тақпақ

Бағдаршам,иллюстрация-лық материалдар

 

Дид.ойын:

«Бағдаршам»

11
Жаяу жүргіншілер
Жаяу жүргінші жолы,жүретін жол

(тротуар) көлік жолы,жүргізушілер жолы туралы түсінік беру.Жол ережесін есте сақтау қабілеттерін,

қызығушылықтарын арттыру

Түсіндіру,сұрақ-жауап

Демонстрциялық материалдар
Дид.ойын:

«Бұл қай жол?»
12
Жүргіншілер(пешеход)

және олардың көшедегі жүру тәртібі
Балалармен әңгімелесе отырып, «жүргінші

деген кім?»,«жолдың қандай бөлігімен жүру керек?», «жол ережесін білу не үшін керек?»деген сұрақтарға  жауап беруге үйрету.Ойлау  және есте сақтауға,өзін-өзі қорғай білуге  үйрету.
Түсіндіру сұрақ-

жауап,пікірталас
Демонстрациялық

материал

Дид.ойын: «Бұл қандай жол?»
13
Жаяу жүргіншілер өтпесі
Үлкен қалаларда көлік қозғалысы көп жолдарда

жаяу жүргіншілер өтпесі-жер асты өтпесі туралы

түсінік беру.Жүретін жол (тротуар), көлік жолы,

жүргізушілер жолы туралы түсінігін бекіту.
Түсіндіру,сұрақ-

жауап
Жаяу жүргіншілер өтпесінің суреттері
Дид.ойын:

«Мына жол  қалай

аталады?»
14
Темір жол өтпесі
Күзетілетін темір жол өтпесінен шлагбаум жоғары көтерілгенде және бағдаршамның жасыл көзі жанғанда өтуге болады және күзетілмейтін темір жол өтпесін оң жағынан және сол жағынан  жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына көзі жеткеннен соң ғана өтуге болатынын айтып түсіндіру.Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Түсіндіру,

әңгімелеу
Темір жол өтпесінің суреттері
Дид.ойын:

«Темір жол»
15
Кең жолдағы жаяу жүргіншілер өтпесі
Балаларды көше бойыменжол ережелерін сақтап,жаяу жүргіншілер өтпесінен өтудің ерекшеліктерін сақтай білуді бекіту.
Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру,қимылды ойындар өткізу
Демонстрациялық материал
Қимылды ойын

«Түсті автокөліктер»
16
Көшеге мақсатты серуненге шығу
Жол жүру тәртібі туралы ережелерін тиянақтап,өзінін ойын дұрыс жеткізе білуге,дұрыс айтуға жаттықтыру.
Пікірталас
Жол жүру ережелері әліппесі
Қимылды ойын:«Бағдаршам»
17
Жол қиылысы

(перекресток)
Жол қиылысы- бұл жолдардың түйіскен жері екенін түсіндіру. Жол қиылысында жаяу жүргіншілер айрықша сақ, абай болу керектігін үйрету.Балаларды жауапкершілікке, сергектікке тәрбиелеу.
Кіріспе әңгіме,түсіндіру
Жол қиылысы суреті,жол белгілерінің, бағдаршамның суреттері
Қимылды ойын:

«Машина»
18
Реттеуші және оның белгілері (регулировщик)
Жол қозғалысын  реттеуші туралы түсінік беру.Реттеушінің сигналы бойынша жүргіншілер мен жүргізушілер жолда қалай жүретінін түсіндіру.
Әңгімелесу,

түсіндіру
Жол белгілері және

реттеуші туралы суреттер ,слайдтар
Дид.ойын:

«Өскенде кім боласын?»
19
Бұйырғыш таяқша
Жол қозғалысын реттеуші туралы түсіндіре отырып,қандай жағдайда олардың жұмыстары маңызды екенін түсіндіру.
Түсіндіру,сұрақ-жауап
Реттеушінің суреті,

жол қозғалысының суреттері
Дид.ойын:

«Машина құрастыр»
20
Жол ережесін білейік, аман -есен жүрейік»!
Жол ережесі туралы түсініктерін одан әрі дамыта түсу.Жол қауіпсіздігін,тәртібін қатаң сақтауға тәрбиелеу.
Әңгімелесу, сұрақ-жауап, жұмбақ, тақпақ, пікірталас
Жол жүру ережесі, жол белгілері әліппесі
Дидакт. ойын «Біз көшедеміз»
21
Үйге қарай жол
Үйге қайтар жолда сақтық ережесін еске ала отырып, жол белгілері ережесін бұлжытпай орындап, жолдан өте беруге үйрету, өзін-өзі ұстауын көшеде дұрыс жүріп-тұруын дамыту.
Түсіндіру, әңгімелесу, балалар пікірлері
Көше, жолдар, көліктер бейнеленген суреттер.
Қимылды ойын:

«Серуен»
22
Жол белгілері
Жол белгілері туралы білетіндерін нақтылай түсу, белгілерді ажырата және есте сақтай білу, сол белгілер бойынша әрекет етуге дағдыландыру. Зейінділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Кіріспе – әңгіме, түсіндіру, жұмбақ, тақпақ, пікірталас.
Демонстрациялық материалдар, төсеме суреттер.
Балалар арасындағы жарыс
23
Көшеде жүру белгілері
Көшеде жүрген кезде сақтық ережелерін қолдану бағдаршам, жол белгілері болмаған жағдайда жолдан өткенде бірінші сол жағына, сосын оң жағына қарап, үлкендердің көмегімен көліктің азайып, саябырлаған сәтін байқап өту керектігін түсіндіру, білімдерін одан әрі дамыту, үйрету. Қырағылыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Түсіндіру, айту, әңгіме оқу, суреттер қарау, сұрақ-жауап.
«Біздің көше» суреттері
Дидакт.ойын «Біз көшедеміз»
24
Кішкентай жүргізуші
Балаларды велосипедпен жүру ережесімен таныстыру, аула алаңында арнайы велосипед тебетін жерде ғана серуендеу керектігін айтып түсіндіру, өзін еркін сезіну  қабілетін дамыту, ой-өрісін, сана-сезімін, көшеде дұрыс жүріп-тұруын тәрбиелеу.
Кіріспе-әңгіме,  түсіндіру.
Велосипед , жол белгілері
Қимылды ойын: «Біз көңілді балалар»
25
Ойлан тап, қандай белгі
Ойындар арқылы балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту, жол ережелері, белгілері, қауіпсіздік туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Шапшаңдыққа, естілікке тәрбиелеу.
Жұмбақтар, тақпақ, суреттер қарау, пікірталас, сұрақ-жауап
Жол ережелері, жол белгілері, әліппесі, Демонстр. материалдар
Қимылды ойын: «Бағдаршам»
26
Викторина «Не қайда қашан?»
Балаларға жол ережесі, жол қауіпсіздігі білімдерін көңіл көтеру шаралары арқылы нақтылай түсу. Меңгерген білімдерін есте сақтап қолдана білуге тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел әңгімесі,  пікірталас, сұрақ-жауап, қимылды ойындар
Суреттер, иллюстр. Материалдар
Әр түрлі қимылды ойындар
27
Біз жолаушылармыз. Саяхатқа шығу
Серуенге шығу арқылы балалардың жол жүру білімдерін тиянақтау.
Кіріспе-әңгіме, сұрақ-жауап, пікірталас
Жол ережелері, жол белгілері әліппесі
Қимылды ойын «Түрлі – түсті машиналар»
28
Ойнауға болатын және ойнауға болмайтын жерлер
Ойнауға тек спорт және ойын алаңдарында ,стадиондарда немесе арнайы жабдықталған орындарда рұқсат етілетіні туралы түсіндіріп айту, білімдерін дамыту.
Кіріспе  әңгіме, түсіндіру, суреттер қарау, сұрақ-жауап.
Демонстр. Материал
Қимылды ойын «Біз көңілді балалар»
29
Ең жас тәртіпті жаяу жүргінші. Конкурс
Балалардың көше бойымен жол ережелін сақтап, жаяу жүргіншілер өтпесінен өтудің ережелерін сақтай білуді ескере отырып, шағын конкурс өткізу.
Сұрақ-жауап жарысы, жұмбақтар айту, пікірталастар.
Жол белгілері әліппесі, төсеме суреттер
Қимылды ойын «Машина»
30
Практикалық сабақ. Ойыншықтарды қолдану арқылы ойын сабақ.
Ойыншықтарды қолдану арқылы балалар өздерінің көлікпен қандай кедергілерді кездестірсе, соны еске түсірту. Ойын арқылы білімдерін тиянақтау, білімпаздыққа, зеректілікке тәрбиелеу.
Ойындар ұйымдастыру, түсіндіру, тақпақ айту.
Ойыншықтар,

көше ережелері белгілері
Қимылды ойын «Жүргізуші»
31
Мен көшедемін. Көшеде жүру ережелері
Ережелер мен белгілерді есте сақтауға , қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындауға үйрету, жауапты болуға, сенімділікке тәрбиелеу.
Түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттер қарау
Демонстр. материалдар,

суреттер
Дидакт. ойын «Тиым салынатын қимылар»
32
Қоғамдық көлік түрлері және өзін-өзі ұстау мәдениеті.
Балалардың транспорт жөніндегі білімдерін пысықтау, көлік түрлерін ажырату және өзін-өзі ұстай білу смәдениетін  одан әрі жетілдіру, қызығушылықтарын арттыру, өмірге бейімділігін дамыту және тәрбиелеу.
Кіріспе – әңгіме, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, суреттер қарау
Демонстр. материалдар,

жол белгілері
Қимылды ойын «Автобус»
33
Мақсатты серуен. Көшеде жүру ережесі.
Жолда жүру тәртібін бұзбай, жол белгілері бойынша әрекет етуді нақты дағдыға айналдыруды меңгерту, кездескен қандай да кедергілерді жеңе білуге тәрбиелеу.
Әңгімелесу, айналаны бағдарлау, сұрақ-жауап, пікірталас
Жол ережесі әліппесі, төсеме, қабырға суреттері.
Қимылды ойын «Біз ойнаймыз»
34
Ғажайып алаң
Балалармен ғажайып алаң ойынын өткізу.Ойын арқылы жол белгілері, ережелері, жолда жүру тәртібі, қауіпсіздігі туралы білімдерін пысықтау. Жауаптылыққа, сақтыққа, өзін-өзі ұстай білу мәдениеттілігіне тәрбиелеу.
Ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру, пікірталас
Суреттер
Қимылды ойын «Бағдаршам», «Машина»
35
Жолда жүру ережесін сақтаймыз
Көшеде кездейсоқ жол көлік оқиғаларынан қорғау-мәні зор мәселелердің бірі екенін балаларға айтып түсіндіру. Жол ережелерін бұзбас үшін сол ережелерді орындау қажеттілігін түсіну аз, оларды нақты білу және бұлжытпай орындау керектігін бойларына сіңіру. Зеректілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Әңгімелесу, сұрақ-жауап, пікірталас, дидактикалық ойын.
Демонстр. материалдар,

суреттер

Қимылды ойын «Біз көшедеміз»
36
Қорытынды
Жыл бойы өткен материалдарды қайталау, пысықтау.
Әңгіме жүргізу, сұрақ-жауап
Жол ережелері әліппесі, төсеме суреттер
Өткен ойындарды қайталау

Сағат саны:

36
Қолданылған  әдебиеттер:

1. «Айналайын, абайла!» Балауса баспасы, 2009ж.

2. «Азбука маленького пешехода», Шалаева Г. П. Москва: Эскимо 2008г

3. «Балалар көшеде»   Л.А. Вдовиченко, 2008ж

4. Безопасность детей на дорогах  города . Москва. 2006г

5. «Жолда жүру ережесі» , Алматыкітап,2013ж,  Н.Н.Әмірова,  Т. В. Толыбекова

6. «Жол жүру ережесі туралы сабақ» , В.А.Андреев, Москва баспасы ,2010ж.

7. «Красный, желтый, зеленый»,  Воронова Е. А. Изд. 4-е  Феникс.2009г

8. «Қазақ энциклопедиясы», Бас редактор Ә. Нысанбаев,   Алматы, 1998ж

9. 6. Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарында жаңаша жұмыс үлгілері. ( Әдістемелік жинақ)  «Ақтөбе-Дарын»   2010ж

10. Правила безопасного поведения на дороге. Элькин Г.Н. Изд. Дом, «Литера, 2009г

11. Профилактика детского дорожно -транспортного травматизма, Методическое пособие. Кирьянова В.Н . Изд.дом «Третий Рим». 2009г

12. Правила дорожного движения  РК  Алматы, 2010.