Табиғатты аялайық!


Текенева Гулим Каныбековна

Өскемен қаласы әкімдігінің «№6 орта мектебі» КММ мұғалімі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Қазақстан  қорықтары.
Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің

«№ 6 орта  мектебі» КММ
Күні:
Мұғалімнің аты- жөні: Текенева Г.Қ.
Сынып: 6
Қатысқандар:
Қ   Қатыспағандар: 0
Сабақтың тақырыбы
Табиғатты   аялайық!

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Т1 Тірек  сөздер, мәтіннің бастапқы  бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені  болжау.

Ж3 Жазба  жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып  жазу.
Сабақтың мақсаты
Барлық  оқушылар орындай алады:

Тірек  сөздер, жетекші  сұрақтар бойынша тақырыпты болжайды, теңеу және эпитет  сөздерін таба алады, қолданады.

Оқушылардың  көпшілігі  орындай алады:

Тірек сөздер, мәтіннің  бастапқы  бөлігін тыңдау арқылы  тақырыпты және көтерілетін  мәселені болжайды, жазба  жұмыстарында  теңеу, эпитеттерді  қолданып, берілген үлгі бойынша   жаза  алады.

Кейбір оқушылар  орындай алады:

Тақырып және көтерілетін  мәселе жайлы  өз пікірін  білдіреді,  жазба  жұмыстарында  теңеу,  эпитеттерді  қолданып, өмірмен байланыстыра, өз  көзқарасын білдіреді.
Бағалау критерийі
мәтіннен тірек сөздерді табады.

тақырыпты  және көтерілетін мәселені  болжай алады.

эпитет, теңеулерді  табады,  жазба  жұмыстарында  қолданады.
Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Қойылған жетекші  сұрақтарға  жауап беріп, өз  көзқарастарын, болжамдарын  алған  білімдеріне сүйене отырып жеткізе алады, теңеу, эпитет сөздерді  қолданып  жаза алады.
Пәнге  қатысты  сөздік  қор мен терминдер:

тіршілік көзі, жайқалған гүлдер, қастерлі жер, әулие-бұлақ, әулие- ағаш, қамқорлықпен қарау, құтты қоныс, таңғажайып  өлке,  көздің  қарашығындай сақтау, анамыздай  аялау.
Жазба жұмыстарына арналған тіркестер: тіршілік көзі, өмір сүру, табиғат қорғаны, құтты қоныс, көздің  қарашығындай қорғау, оттай  жанған,  тозбас  құтты  қоныс,  шипагер, мирас, ұрпақ.
Талқылауға  арналған  сұрақтар:

Табиғат деген не?

Не себепті  «табиғат- тіршілік көзі»  деп  ойлайсың?

Біздің  қаламыздың қазіргі  экологиясы қандай?
Құндылықтарға баулу«Мәңгілік  ел»  жалпы  ұлттық  идеясының  негізінде  туған  жердің табиғаты мен  туған  жерге деген махаббат сезімдерін  дамыту. Табиғатты  аялауға, құстар  мен  жануарларға қамқор  болуға баулу.
Пәнаралық байланыс
Биология, география, ән-күй.
Алдыңғы білім

Дүниетану  пәнінен алған  білімдері, табиғат, қорықтар  туралы  түсініктері  бар.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар
Сабақтың басы

8 мин.

Жағымды  психологиялық  ахуал  туғызу.

«Гүлмен тілек» әдісі. Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді  және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа  біріктіріледі.

1-топ: табиғат, 2- топ: тал, 3-топ: бесік.

С.

Үй тапсырмасын тексеру.

Берілген  мәтіннен етістіктерді  тауып,  астын сызу  және  шақ  түрлерін ажырату (ө. ш., о.ш., к.ш.).

«Кофе араластырғыш таяқшалар»  әдісі  бойынша  алдын ала жазылған таяқшалардағы  кез келген оқушының  аты  аталады.  Әр  оқушы 1 сөйлемнен  талдайды.

Дескриптор.

–         оқушылар  етістікті біледі  және  сөйлемдерден  таба  алады.

–         етістіктің  шақ  түрлерін  біледі  және  ажырата  алады.

ҚБ «Мадақтау әдісі» арқылы  бағалау.

Мұғалім оқушыларды  өте жақсы, жақсы, жарайсың, тамаша  деген сөздер арқылы бағалайды.

Гүлдердің  атаулары  жазылған кеспе қағаздар (3 топ)

Сабақтың ортасы

25мин.
Ширату жаттығуы.

С.

«Стоп-кадр» әдісі  арқылы  кадрды  экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларға  көтерілетін  мәселені  болжату.

С.

«Дельфи»  әдісі  бойынша  оқушыларға төмендегі  сұрақтар  қойылады.

–         бұл  бейнемәтін  не туралы  деп  ойлайсыңдар?

–         бейнемәтінде  қандай  мәселе  көтерілген?

–         «Табиғат»  деген сөзді  қалай  түсінесің?

Осы сұрақтарға жауап беру  арқылы оқушылар жаңа тақырыпты және көтерілетін мәселені  болжайды.

С.

«Бұзық телефон»  әдісі.

Оқушылар шеңберге  тұрады.  Бірінші оқушы   мұғалімнің айтуы бойынша келесі  оқушының  құлағына бір сөз сыбырлайды.  Соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз бастапқы қалпында жетуі керек, кейін  сөзді  ауыстырып жіберген  адам анықталады. (жасырылған сөз «табиғат», «тіршілік көзі» деген  сөздер).

Оқылым алды тапсырма

ТЖ.

Сөздік  жұмыс. «Тақырыптық  теннис» әдісі.

2 топ ойыншы 1 топ судья болып бекітіледі. 2 ойыншы топ сабақтың тақырыбына қатысты сөздерді кезекпен айтады. Мұғалім кей сөздерді  өзі де ұсына алады.

3-топ жаңа  сөздерді жазады  және есеп жүргізеді.  (7-5, тең  және т.б.)

Лексикалық  минимум:

тіршілік көзі, өмір сүру, қастерлі, табиғат қорғаны, құтты қоныс, толқын,  арналы өзен, шипагер, мирас, ұрпақ.

ҚБ «Алтын, күміс, мыс теңгелер»  әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі  бағалау.

С.

Венн диаграммасы арқылы оқушыларға  эпитет, теңеулер  тақырыбынан  өткен білімдерін еске түсірту.

Эпитет                Теңеу

сұр бұлт,           ұқсас-    сұлудың көзіндей,

ақ қырау,           тығы     тоты құстай,

көркем табиғат               жібектей шөп

С.

«Бинго» әдісі арқылы эпитет, теңеулерді  еске түсіру.

оқушылар лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтарға  тез жауап береді.

Мысалы:

№1 с. қандай көркемдегіш құралдарды білесің?

№ 2 с. эпитет д.не? жасалу жолы қандай?

№ 3 с. теңеу д.не?  жасалу жолы қандай?

№ 4 с. теңеуге  мысал келтір  т.б.

Алдымен оқушы жауап береді, соңынан дайын жауапты  ашу, салыстыру.

 

ҚБ. «Жұлдызша» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды  бағалайды.

 

Тыңдалым кезіндегі  тапсырма.

Берілген мәтінді   түсініп, мәтіннен  эпитет, теңеулерді  табады.

 

С.

«Терминдер арқылы болжау»  әдісімен

оқушыларды оқығалы отырған мәтінді болжауға бағыттау.

Мәтінмен жұмыс.

Табиғатты  қорғау- борышымыз.

Табиғат – тіршілік көзі. Себебі  табиғатсыз  өмір сүру мүмкін  емес.

Өзеннің айналасында өксіген  оттай  жанған  жануарларды  көру керемет көрініс емес пе?! Жайқалған жасыл  барқыт   гүлдер көзге  өз  кереметтігін  сыйға  тартады.

Халық табиғаттағы   қастерлі  жерлерді «әулие-бұлақ», «әулие- ағаш» деп, көздің  қарашығындай  қорғап, ал  құстарды  бақыттың бастамасы деп ұясын бұзуға  не  өлтіруге   рұқсат   етпеген.

Адам табиғатқа қамқорлықпен қараса, табиғат – кең  сарай, мәңгі  тозбас  құтты  қоныс  болады.

Жібектей   жасыл   шөппен бетін   жапқан  кең  дала, асқар тау, айдын  шалқар  өзен- көлі   бар  Қазақстан  таңғажайып  өлке. Мұнда  мұзарт  шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал  толқындары  асау  арғымақтардай  көкке  шапшыған  шалқар теңізді,  ну орманды  көруге  болады.

Бізге мирас болып келе жатқан табиғатты көздің  қарашығындай сақтап, анамыздай  аялап келер ұрпаққа  таза  күйінде  қалдыруымыз  керек.

Себебі  табиғатты қорғау, аялау  әр  адамның міндеті.

 

Дескриптор:

–         Мәтін мазмұнын түсінеді.

–         Мәтіннен  эпитет, теңеулерді  табады.

 

ҚБ. «Мадақтау сэндвичі» әдісі  арқылы топтар бірін- бірі бағалайды.

 

Тыңдалымнан кейінгі   тапсырма:

Ж.

«Аялы алақан» әдісі  бойынша мәтінде кездесетін эпитет, теңеулерді  анықтап, әр саусаққа жазып шығады. Әркім жазған сөздерін, сөз тіркестерін және  құраған сөйлемдерін  ортаға шығып оқып береді  де тақтаға  жапсырып қояды.

Дескриптор:

–         эпитет, теңеулерді анықтап, саусақтарға жазады;

–         табылған сөздермен   сөйлемдер  құрайды.

ҚБ «Бас бармақ» әдісі  арқылы  оқушылар бірін-бірі бағалау.

Сергіту сәті: «Күн! Тас! Қоршау!»

С.

«Бос  жерді  толықтыр» әдісі.

Өзеннің айналасында  өксіген  …     жанған  жануарларды  көру керемет көрініс емес пе?!

Жайқалған  …  гүлдер көзге  өз  кереметтігін  сыйға  тартады. Адам табиғатқа қамқорлықпен қараса, табиғат – кең  сарай, мәңгі  …   болады. Бізге мирас болып келе жатқан табиғатты көздің  …    сақтап, анамыздай  аялап келер ұрпаққа  таза  күйінде  қалдыруымыз  керек.

Тірек  сөздер: жасыл барқыт, оттай  жанған, қарашығындай, тозбас  құтты  қоныс.

Дескриптор:

– көп  нүктенің  орнына  қажет  теңеу, эпитеттерді  қойып  жазады.

– тірек сөздер  ретінде берілген теңеу, эпитеттерді қолданып   2 сөйлем құрайды.

ҚБ «Бағдаршам» әдісі  арқылы оқушылар бірін- бірі  бағалау.

 

Ж.Ж.  «Т кестесіне»  салу.

Мәтін ішіндегі сөз тіркестері
Эпитет

Теңеу
оттай  жанған  жануарлар

жасыл  барқыт   гүлдер

көздің  қарашығындай  қорғау

кең  сарай

жібектей   жасыл  шөп

айдын  шалқар  өзен- көл

анамыздай аялау
+

+


+

+

+

 

 

 

+
Дескриптор:

–  көркемдегіш  құралдардың  түрін  ажыратады.

–  таңдаған  жауаптарын  дәлелдейді.

– кез келген  ұнатқан  көркемдегіш құралдың  бірімен 1 сөйлем  жазады.

 

ҚБ. Жұптар бірін- бірі «Сұхбаттасқан  жұп» әдісі арқылы бағалайды.

 

Т.Ж. «Табиғат» сөзіне  «Бестармақ» әдісі  арқылы  бес жолды  өлең  құрастырып  жазу.

Дескриптор:

– 1- тармаққа  1 сөз  зат есім  жазады.

– 2-тармақта синквейн тақырыбын ашатын екі  сын есім жазады.

– 3-тармақта синквейн тақырыбының қызметін ашатын етістік жазады.

4-тармақта тақырыпқа  қатысты  4 сөзден тұратын сөз орамын жазады.

5-тармақта 1-тармақтағы сөздің  синонимін жазады.

ҚБ  «Баспалдақ» әдісі  арқылы топтар  бірін- бірі  бағалайды.
Аудиомәтін. Сілтеме

Мәтін. Сілтеме

https://www.zharar.com/kz/shygarma/2439-tabigat_ayala.html © www.ZHARAR.com

 

«Аялы алақан»
Сабақтың соңы

 

7 мин.
Бекіту.

«Допты лақтыру».

Мұғалім  доп  лақтырып сұрақ  қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа  жауап беріп, өзінің  сұрағын  қояды. Егер  оқушы  сұраққа  жауап  бере алмаса, допты басқа  оқушыға береді.   Бұл әдіс теориялық  сұрақтарды  бағалауға, тілдік  мақсаттардың   орындалуына  көмек  береді.

 

Үй тапсырмасы:

Т.Ж. Елімізде Қызыл кітапқа енген жануарлар, құстар, өсімдіктер туралы мәлімет тауып, кластер  құру.

 

Кері  байланыс:

«Желкенді кеме» әдісі.

Оқушылар сабаққа кері байланыс жасап,  кеменің желкенін  қалаған түстеріне бояйды.

Егер сабақ саған  ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті  орындаған болсаң, желкенді  жасыл түске  боя;

Егер сен сабақта белгілі бір қиындықтарды кездестірген  болсаң, желкенді  сары түске боя;

Егер саған сабақ барысында  тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің  көмегі  қажет болса, желкенді  қызыл түске боя.
 

дея немесе кейіпкер
 

 

 

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

1) Сабақтың мақсаты бойынша саралау:

Барлық  оқушылар орындай алады: Тірек  сөздер, жетекші  сұрақтар бойынша тақырыпты болжайды, теңеу және эпитет  сөздерін таба алады, қолданады.

Оқушылардың  көпшілігі  орындай алады: Тірек сөздер, мәтіннің  бастапқы  бөлігін тыңдау арқылы  тақырыпты және көтерілетін  мәселені болжайды, жазба  жұмыстарында  теңеу, эпитеттерді  қолданып, берілген үлгі бойынша   жаза  алады.

Кейбір оқушылар  орындай алады: Тақырып және көтерілетін  мәселе жайлы  өз пікірін  білдіреді,  жазба  жұмыстарында  теңеу,  эпитеттерді  қолданып, өмірмен байланыстыра, өз  көзқарасын білдіреді.

2) Нәтиже немесе жауап бойынша саралауға «Стоп кадр», «Дельфи», «Бинго» әдістерін алдым. Оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады.

3) Ресурс немесе мәтін  бойынша саралау  ілгері деңгейдегі, мазмұны  терең  ресурстармен  жұмыс  жүргізуге  бейім  оқушыларға арналады. Оқушылар  бәріне ортақ 1 сұраққа  жауап берсе  де күрделілік  деңгейі  әртүрлі ресурстарға сүйеніп өз  жауаптарын  негіздей алады. «Терминдер арқылы болжау», «Бос жерді толықтыр» әдістері  осы саралау түріне қолданылды.

4) Қарым- қатынас формалары бойынша саралау (топтық жұмыс) саралаудың тиімді тәсілі болып саналады. Сондықтан «Тақырыптық теннис», «Т кестесіне салу», «Бес тармақ» әдістерін алдым. Бұл әдістерді қолдану кезінде  қабілеті орта оқушы сыныптастарынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз көзқарасын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.

 

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

 

«Алтын, күміс, мыс теңгелер»  «Жұлдызша», «Бас бармақ», «Мадақтау сэндвичі», «Бағдаршам»  «Сұхбаттасқан жұп», «Баспалдақ» әдістері  тиімді әдістердің бірі  деп ойлаймын. Өйткені бұл әдістер сабақ мақсатына қол жеткізуге, оқушылардың ой- пікірлерін еркін  білдіріп,  білім қорларын жетілдірулеріне  оң ықпал  етеді.

Сабаққа  кері байланысты  «Желкенді кеме»  әдісі арқылы жасап, тапсырманы  орындау деңгейлеріне қарай оқушылар желкенді бояйды.

тапсырманың барлығы сәтті орындалса  желкенді жасыл түске,

сабақта белгілі бір  қиындықтар кездессе желкенді  сары  түске,

тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі  қажет болса желкенді  қызыл түске бояйды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Сергіту  сәті.

«Күн, тас, қоршау!»

Ойын  оқушылардың зейінін, қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған.Топқа бөлінген балаларға кезек-кезек «Күн!», «Тас!», «Қоршау!» деп бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу реті өзгеріп тұрады. Оқушылар әр сөзге қимылмен жауап береді. «Күн!» деген сөзге  алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді. «Тас!» сөзіне жұдырықтарын түйіп көтереді. «Қоршау!» сөзіне алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады.

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау

 

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?