«Н» дыбысымен және әрпімен таныстыру


Аубакирова Асем Асыгатовна
“Павлодар қаласының №50 сәбилер бақшасы” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны тәрбиешісі

Ересектер тобы  балаларына  арналған    ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық картасы.

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу  негіздері

Тақырыбы: «Н» дыбысымен және әрпімен таныстыру.

Мақсаты: «Н» дыбысын дұрыс дыбыстату, «н»әрпімен таныстыру; буындарды оқу дағдысын дамыту; балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Жұмыс дәптері, «н» дыбысына байланысты суреттер,бейнетаспа,интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар,доп, көңілді әуен, қызыл,көк текшелер,кеспе әріптер.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, таныстыру, жұмбақ шешу, тыйым сөздер жаттау, дидактикалық ойындар,интерактивті тақтамен жұмыс, үлестірмелі материалдармен жұмыс,кеспе әліппемен жұмыс,әуенді сергіту сәті т.б.

Билингвалды компонент:.нан-хлеб, сөз-слово, буын-слог, дыбыс-звук.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы лық
Сәлематсыздар ма қонақтар !

Біз бақытты баламыз,

Оқып білім аламыз,

Әріптерді үйреніп,

Білімді бала боламыз.
Балалар орындарынан тұрып,  амандасады.

_Өлең жолдарын бірге айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Балалар біз сауат ашу оқу қызметінде  нелермен танысып  жатырмыз?

-Қазақ тілінде неше әріп бар?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Қандай дыбыстармен таныстық?

-«А» дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?

-«Т» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

«Ас атасы – нан» деген әңгімемен бастау

«Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:

—Мынау өсіп тұрған не? — деп сұрады.

—Наужан, бұл пісіп тұрған – нан, – деп, жауап берді әжесі.

—Нан болса, таба наны қайда?

—Таба нан да осы дәннің ішінде.

—Ал тоқаш ше?

—Ол да осы дәннің ішінде.

—Бауырсақ ше?

—Бауырсақ та дәнге сыйып тұр.

—Әже, кіп-кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып тұр? — деп Науан таңғалды.

«Ас атасы — нан, нан атасы — дән» деген. Осынша мол дүние, тоқшылық әрбір дәннің ішінде, — деді әжесі.

Тосын сәт:  Сиқыршы келеді!

Сәлем балалар! Менің сиқырлы кітабым сендерге бүгін көмектесем дейді.Менен бұрын  кітабым ұшып барады.Осы кітаптың артынан қуып ұстай алмай келе жатыр едім. Енді тынышталды ғой баратын жері осы балалар екен ғой. Мен енді сиқырлы таяғымды алып келейінші, – деп сиқыршы шығып кетеді.

Сиқырлы кітап сөйлей жөнеледі.

-Енді балалар тақтадағы бейнетаспаға назар аударыңдар. Бұл бейнетаспада «Сиқырлы кітап» туралы әңгімелейді.

-Қай дыбыс туралы айтты?

-Балалар тақтадағы суретке қараңдар,нелердің суретін көріп отырсыңдар?

-Ендеше нан,нар,найзағай деп бірнеше рет қайталайық.

-Бірінші қандай дыбыс құлағымызға естіліп тұр?

-Дұрыс айтасыңдар,бүгінгі өтетін дыбысымыз-«н»

«Н» дыбысы сөздің басында,ортасында,соңында кездеседі.

-«Н» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай:ерін сәл ашылып,жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де,үстіңгі тістің үстіне тиеді,

тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады.Тілдің төмен түсуінен «н» дыбысы жасалады. «Н» дыбысын ауада жазып көрейік. Тәрбиеші «н» дыбысының баспа,жазба әріптерін балаларға көрсетеді.

Балалар екі топқа ат қояды

1 білгіштер

2 тапқырлар

1. І- топқа   «Н» әрпі бар сөздер айту

2. Дай-дай-дай.

Нан атасы бидай.

Ық-ық-ық,

Жұмыртқалады тауық.

3. Ана- сөзіне дыбыстық талдау

4. Тыйым сөздер:

Нанды бір қолмен үзбе!

Нан уағын тастама!

ІІ- топ   «Н»  дыбысы бар сөздерге  сөйлем құрау

2. Ойын «Ұйқасын тап!»

Дан-дан-дан.

Жасадым ұя тақтайдан

Са-са-са шағып алды маса

3. Нан- сөзіне дыбыстық талдау

4. Жұмбақ:   -Өзі  үлкен жануар,  Үстінде үлкен тауы бар.

А-на,нан сөздерін салыстыра оқыту арқылы буынға бөлгізіп, «нан» сөзінің бір буын  екенін түсіндіреді.

Дыбыстық талдау жасалады.Балалар дауысты, дауыссыз белгілерін кеспе әліппеге белгілейді.

Билингвалды компонент:.нан-хлеб, сөз-слово, буын-слог, дыбыс-звук.

«Кім зерек?» дидактикалық ойын.

Суретті атап,  буынға бөлу.

Кім тапқыр? дидактикалық ойын.

Су астындағы әріптер ішінде неше н әрпі бар?

Сергіту сәті:  музыкалы сәт

«Кішкентай балапандар биі»

Жұмыс дәптері. Дәптердегі №7 тапсырма    бойынша орындалады.
-Әріптер,дыбыстар, сөз, сөйлем, буынға бөлу.

-42 әріп бар.

-Екіге. Дауысты,дауыссыз.

-«А», «Т» дыбыстарымен.

-Дауысты.

-Дауыссыз.

Балалар тақтаға назар аударыды.

-«Н» дыбысы

-Нанның

-Нардың

-Ананың

-«Н» дыбысы.

Балалар суретке қарап әңгіме құрайды.

Тыйым сөздердің мағынасын түсініп,қайталайды.

«Н» дыбысын ауада жазады.

Балалар суретке қарап әңгіме құрайды.

Тыйым сөздердің мағынасын түсініп,қайталайды.

Нар

«Н» дыбысы

Найзағай

«Н» дыбысы

Балалар сөздерге дыбыстық талдау жасайды..

Дәптерде берілген

тапсырмаларды орындайды.

Балалар  қимыл-қозғалыс жасайды.

Балалар санап санын айтады.
Рефлексиялық түзетушілік
«Бүгін біз не үйрендік?»

-Қандай  дыбыспен таныстық?

-«Н» дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?

-Нан қоқымын  басуға болама?

-«Н» дыбысынан басталатын сөз ата.

─ «Нанды қадірлеу» дегенді қалай түсінесің?

─ Нан өнімдерін ата

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Бүгінгі сабаққа жақсы қатынасқан балаларға мадақтаулар айту.
Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді.

«Н» дыбысы

Дауыссыз

Болмайды

Нан,нар,нәресте,найзағай, нөсер, найза т.б.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:.суретке қарап әңгіме құрауды, жұмбақ шешуді, жаңа дыбысты ауада жазуды, кеспе әріптермен тақтаға буындар жазуды біледі.

Түсінеді: тыйым сөздердің мағынасын түсінеді.

Қолданады: сөздерді буынға бөле білу дағдыларын қолданады.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:  Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Бау – бақшада, бақтарда»

Мақсаты: а) Балаларға бау-бақша, бақтарда өсетін жемістер мен көкөністер туралы әңгімелей білуге уйрету

ә) Сөздік қорын, тілдерін дамыту;

б) Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Билингвальді  компонент: бақша-огород,бақ-сад.

Іс -әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз,                                                        Біз ерекше боламыз.                                         Қонақтарды көргенде,                                                                  -«Сәлеметсіздер ме!»-деп,сәлемдесіп аламыз.-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Сұрақтар:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?

-Ал бүгін аптаның қай күні?

Балалар амандасады.

Жауаптар:

-қазір жылдың күзмезгілі

-күз мезгілі екенін табиғаттың өзгеруінен білеміз. .
Іздену ұйым-дастырушы
-Балалар, бүгінгі біздің оқу іс

әрекетіміз жемістер мен көкністер туралы және олардың қайдаөсетіні туралы болады.

-Қане,күз мезгілінде пісетін жемістер көкөністерді атайықшы?                                                                                        Олай болса, себеттегі жемістер мен көкөністердің біреуін алып, оның атауын айтып, түсін, пішінін айтып, әңгімелеу. Мысалы мынау алма оның түсі қып-қызыл, пішіні дөп-дөңгелек,  тәп-тәтті.

Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністер ажырат».

Мақсаты: балаларға жемістер мен көкөністерді өайда өсетінін, оларды ажырата білуге баулу. Саусақ маторикасын дамыту.

Шарты: тіл дамыту дәптерімен орындалады. Дәптердегі №1 тапсырмадағы жемістер мен көкөністерді атап, олар қайда өсетінін анықтап, ағаштарға жемістерді және әр жүйектерге көкөністерді орналастыру.

-Жемістер қайда өседі?                                                            -Ал көкөністерше (егер білмесе қайталау).

Сергіту сәті «Шие»

Мен шемін, шиемін                                                 Күннің көзін сүйемін.                                                    Қышқыл шырын менде бар,                                         Төмен басты иемін.

(Ә.Дүйсенбиев).

(З дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау)                                              -Алмангы ағаштан қалай аламыз?                                                     Кәне, бақтағы ағаштардан алманы үзіп-үзіп жинайықшы.

Көкөністер мен жемістерді қай мезгілде жинаймыз?

Күз-күз-күз                                                                                  -Кәне енді бәріміз тәтті жемістерді жегісі келіп, дәмін татқысы келіп ұшып жүрген ара болайықшы. Ыз-ыз-ыз                                                                                -«З» дыбысы бар қандай жемістер мен көкөністердің атауын білесіңдерме?                                                                                      -Балалар бізге осындай дәмді жемістері мен көкөкністерін сыйлаған асыл өлкемізге, жерімізге арнаған тақпақты қайталайықшы.     Отаным менің кең байтақ.                                                                                                Отаным менің кең байтақ.                                       Жайнаған сансыз қаласы,                                        Жайқалған жомарт даласы.                                                  Ел отан біздің кең байтақ,                                                                        Отанның біздер баласы.                                    Қ.Шаңғытбаев

Жұмбақ:

Аспай піскен, қайнамай түскен                                              (Жеміс)

(түсіндіру жұмысы жүргізіледі)

-Неге ол аспай қайнамай піседі?

Оларға күннің көзі қайнамай пісуге көмектеседі.                                                                                                                                        -Жемістерді жемес бұрын не істеу керек.

Жаңылтпаш.

Бес түп алма,                                                                           Бестік алғандікі.                                                                             Төрт түп алма                                                                                      Төрт алғандікі.                                                                                                                                                                                                       Бестік алған,                                                                           Төрттік алмайды.                                                                              Төрттік алған,                                                                         Бес түп алмайды.

(4-5 сандарын және алманы көрсету арқылы қайталау).
Өздері білетін жемістер мен көкөністерді атайды.

Муляжына қарап, оны атайды, түсін пішінін айтады.

Өздері таңдаған жемістер мен көкөністерді өз орнына  орналастыруға әрекет жасайды.

Берілген жемістер мен көкөністерді өз орнына орналастыруға әрекет жасайды.

-Жемістер бақтағы ағаштарда өседі.

-Көкөністер бақшада жерде өседі.

Қимыл келтіріп жаттығуды орындайды.

Алманы ағаштан үзіп аламыз. «Үз-үз-үз» деп қайталап, ағаштан жеміс жинағандай қимыл жасайды.

Көкністер мен жемістерді күз мезгілінде жинаймыз. Күз-күз-күз.

Ұшып ара болады. Ыз-ыз-ыз.

-Жүзім, қарбық, сәбіз.

Тақпақты педпгогпенбірге қайталайды.

-Оларды  жемес бұрын жуу керек.

-Оны күтіп – баптап өсіруіне  байланысты.

Сандарға қарап қайталайды.
Рефлексивті түзетушілік
– Еңбек туралы қандай мақал – мәтелдер білесіндер?

Еңбек – адамның екінші анасы.

Оқу іс-әрекетін қорытындылап, балаларды мақтап, мадақтау.
Балалар педагог соңынан қайталайды.
Біледі: жемістер мен көкөністерді және олардың пішіндерін ажыратуды.

Игереді: «З»дыбысын дұрыс айтуды.

Меңгереді: жемістердің бақта,  көкөністердің бақшада өсетінін біледі.

Білім беру саласы:  Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем  әдебиет

Тақырыбы: «Біздің балабақша»

Мақсаты:

а) Балабақшадағы сыйластық түсініктерін кеңейту;

ә) Ұжымдық қарым – қатынас дағдырларын дамыту;

б) Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Билингвальді  компонент: балабақша- садик

Іс -әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбер:

Балабақшам менің.                                                              Жаңа қадам жасадым,                                                           Қош болып тұр бесігім.                                                         Мен қуанып ашамын                                                              Балабақша есігін.
Шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды.
Іздену ұйым-дастырушы
Кіріспе әңгіме:

-Балалар біз бүгін сүйікі бақшамыз туралы ой пікірмізді ортаға салайық.

-Осы балабақшада сендер  не үйренгендеріңді  айта аласыңдарма?

-Дұрыс айтасыңдар!

Сендер көп  нәрсені осы балабақшада үйреніп жатырсыңдар.  Себебі сендер күні бойы осы балабақшадасыңдар. Сондықтан «Балабақша өз үйіміз» деп айта аламыз.

-Ал сендер қалай ойлайсыңдар, балабақша деген атау не үшін берілген?                                             «Балабақша» бұл әдемі атау. Мысалы бақшада,  жас жеміс  ағаштары өссе, ал балабақшада  Отанымыздың жас ұландары – сендер өсіп жатырсыңдар, бұл жерде  сендер жақсылыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, бір-біріңді  және үлкендерді сыйлауға үйреніп жатырсыңдар.

-Қазір мен сендерге Мұзафар Әлімбаев ағамыздың «Біздің балабақша» деген өлеңін оқып берейін.

Балабақша есігін                                                             Үшке тола ашқанбыз.                                                  Балапандай өсіріп,                                               Мәпелейді бақшамыз.                                                      Бұл екінші – үйіміз,                                                         Бір туғанбыз бәріміз.                                                        Біз – осы үйдің гүліміз,                                                      Біз – осы үйдің сәніміз.                                                 Қолды қатты соқ енді.

-Өлең не туралы?

-Балабақшаға кімдер барады?

-Балалар балабақшада  не істейді?

-Балаларға кімдер қарайды?

Би билеуге, ән айтуға, қамқор болуға,  әдептілікке үйрендік.

Балалардың жауабы.

-Өлең балабақша туралы.

-Балабақшаға балалар барады.

-Балабақшада ойнаймыз.

-Балаларға мұғалім тәрбиеші апайлар қарайды.
Рефлексивті түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Біледі: балабақшадағы сыйластық, ұжымдық қарым қатынас дағдыларын.

Игереді: балабақша туралы түсініктері кеңейді

Меңгерді:балабақша қызметкерлерін меңгерді