«Жүрек. Жүректің жұмысы. Қан айналымы».


Сансызбаева Рая Сансызбайқызы
Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі биология пәнінің оқытушысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы

«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК

№18  САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  ЖОСПАРЫ

Оқытушы  Сансызбаева Рая Сансызбайқызықызы

Пән Анатомия, физиология және мектеп гигиенасы

Мамандық Негізгі білім беру

Топ А-21, 23  Күні_______________

Сабақтың тақырыбы: «Жүрек. Жүректің жұмысы. Қан айналымы».

Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі

1. Ұйым-дастыру кезеңі
2.Тірек  білімдерін қайталау
3. Жаңа материал-ды баяндау
4. Жаңа матери-алдарды бекіту
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру
6. Үй тапсырмасы
7. Са-бақтың қорытындысын шығару
8. Бар-лығы
3
10
30
20
15
5
7
90

Сабақтың  типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың  түрі: аралас,дәстүрлі емес сабақ

Білімділік: Студенттер Жүрек,Жүректің жұмысы мен Қан айналымымен  танысады.

Дамытушылық: Ойлау шеңбері кеңейеді, сөйлеу тілі мен жазба тілі дамиды.

Тәрбиелік: Білімдарлыққа, ізденімпаздыққа, жан-жақтылыққа  тәрбиеленеді.

Пәнаралық байланыс: медицина

Материалдық-техникалық құралдар: Интербелсенді тақта, дәріс материалдары, таймер, үлестірмелі карточкалар, веер.

Негізгі әдебиеттер

Набидоллина Ш.С. «Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. Астана, «Фолиант» 2007ж.
2.      Алиакбарова З.М. «Мектеп жасындағы балалар анатомиясы, физиологиясы жәнегигиенасының негіздері», Алматы, «Мектеп» 1993ж.

3.      Рақышев А. «Адам анатомиясы» Алматы «Білім» 1994ж.

4.      Қалкенова Б. «Адам анатомиясы, жас ерекшелігіне қатысты физиология және гигиена», – Астана: «Фолиант», 2015ж.

Қосымша әдебиеттер

1.      Матюшонок М.Т., Турик Г.Г., Крюкова А.А. «Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы», – Алматы: Мектеп, 1986ж.

2.      А.Ермолаева, «Возрастная физиология». Москва, 1985г.

3.      «Адам денесі» суретті анықтамалық. Алматы, 2006ж.

4.      Леонтьева Н.М., Маринова К.В. Анатомия и физиология детского организма. – Москва: Просвещение, 1986ж.

5.      Хрипкова А.Г. Возрастная физиология. – М.: Просвещение, 1978ж.

6.      Күзенбаева А. Адам анатомиясы. – Алматы: Мектеп, 2005ж.

САБАҚТЫҢ  БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі  Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.

ІІ. Тірек білімін тексеру – сұрақ-жауап. Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады. Миға шабуыл 4 топқа сұрақ

1 топ (Жүрек)

1.      Бұлшық ет туралы ғылым-миология

2.      Бірыңғай салалы бұлшық еттерге-ішкі мүшелердің ,қан тамырларының қабырғасындағы еттер жатады.

3.      Миозин және актин нәруыздарынан тұрады-миофибриллдер

4.      Қозғалмайтын сүйек- бас сүйегі

5.      Сүйек туралы зерттейтін ғылым-остеология

2 топ (Қан тамырлары)

1.      Бұлшық ет талшықтарының жиырылып,босаңсуына қатысатын,еритін нәруыз-миозин

2.      Бұлшық етте миозинмен бірге болатын,ет талшықтарының жиырылып,босаңсуына қатысатын нәруыз-актин

3.      Бұлшық еттердің ең кіші құрылымдық және қызметтік бірлігі-миофибриллдер

4.      Сүйектердің шеміршекті бірігуі-синхондроз

5.      Сүйек ұлпасының тікелей бірігуі-синостаз

3 топ (Сүйектер)

1.      Бұлшық еттер…….арқылы бекиді-сіңірлер

2.      Адамда бұлшық ет талшығы ….дейін өседі­­­-30,35 жас

3.      Бас миы мен сезім мүшелері орналасатын орын-бассүйек

4.      Адамның ми сауытының көлемі-1500 см²

5.      Бұлшық еттің қасиеттері-созылғыштық,жиырылғыштық,иілгіштік,қозғыштық

4 топ (Бұлшық еттер)

1.      Тұлға бұлшық еттері-арқа,кеуде,құрсақ

2.      Білек сүйектері екі сүйек-кәрі жілік және шыбық сүйек

3.      Аяқ қаңқасы-жамбас белдеуі,сан,балтыр,аяқ басы

4.      Бас бұлшық еттеріне жатады-шайнау,ымдау,бассүйек қақпағының бұлшық еттері жатады

5.      Көлденең жолақты бұлшық еттерге жатады-қаңқа,жүрек еттері

ІІІ. Жаңа материалды баяндау.(Слайд,видео)

Жоспар:

1. «Жүрек бұлшық еті»

2. «Жүрек қызметінің реттелуі»

Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады.

Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) – жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.

Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.

Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады.

Адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан. Дөңгелекауыздыларда, балықтарда жүрек екі камералы – бір жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Жүрекшенің қабырғасы жұқалау, ал қарыншанікі – біршама қалыңдау келеді. Балықтар жүрекшесінің маңында вена қолтығы, ал қарыншасының жанында артерия конусы (шеміршекті балықтарда), ал сүйекті балықтарда қолқа жуашығы болады. Дөңгелекауыздылардың, балықтардың жүрегі арқылы вена қаны ағып өтеді, олардың қан айналымы бір шеңберден ғана тұрады. Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне сәйкес жүрек үш камералы (екі жүрекше, бір қарынша), әрі қосымша кіші қан айналым шеңбері (немесе өкпелік шеңбер) пайда болған. Бауырымен жорғалаушылардың да жүрекгі үш камералы, бірақ қарыншасы жартылай жұқа перде арқылы екіге бөлінгендіктен қарыншада қан онша араласпайды. Тек қолтырауында жүрек толық 4 камераға (екі жүрекше, екі қарынша) бөлінген. Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі 4 камералы (екі жүрекше және екі қарынша). Жүрек, негізінен, ұшына қарай қалың бұлшық ет арқылы екі бөлімге бөлінген және әрбір бөлімдегі камералар өзара бір-бірімен ғана байланысады. Олардың жүрегінің оң жақ бөлімінен тек вена қаны ағып өтетіндіктен венозды бөлім, ал сол жақ жартысынан тек артерия қаны ағатындықтан артериялы бөлім деп аталады. Сүтқоректілердің ұрығының дамуы кезінде оң жүрекше мен сол жүрекшенің арасы сопақша тесік (боталлов өзегі) арқылы байланысып тұрады, кейін ұрпақ дүниеге келген соң ол бітеліп қалады. Адамның жүрегі, негізінен, кеуде қуысының сол жағын ала орналасады, оның үштен екі бөлігі кеуде қуысының сол жағында, ал үштен бір бөлігі кеуде қуысының оң жағында орналасады.Дене еңбегін атқарған кезде, бұлшық еттерден, сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын орталық нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатикалық нервтер бойымен жүрекке келетін импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы артады. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші көбейеді.Жүрек жиырылу жиілігінің баяулауын брадикардия, тездетуін тахикардия дейді.

IV. Жаңа материалды бекіту. Қызықты мәліметтер.

Логикалық сұрақ

Мақсаты:Білім алушының логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Шарты:Әр топтың топ басшылары шығып,үстел үстіндегі бірнеше карточкаларды таңдап,ондағы қойылған сұрақтарға топпен жауап береді.Ойлануға 5 минут уақыт беріледі

1.      Атеросклероз гипертониялық аурусыз кездесе береді,ал гипертониялық ауру атеросклерозсыз кездеспейді.Осымен келісесіз бе?

Жауабы:Келісемін.Қан қысымының жоғары болуы артериялардың қабырғасына тығыздығы төмен липопротеидтердің  инфильтрациясына әкеледі.Бұған дәлел  ретінде өкпе гипертензиясы кезідегі ,өкпе  сабауының атеросклерозын айтуға болады.

2.      Миокардта басқа қаңқа бұлшық еттері сияқты парзиттер кездесуі мүмкін бе?

Жауабы:Кездеседі.Трахинеллалар.Олар жүрек ауру сезімін тудырып, тондары бәсеңдетіп, ЭКГ-да өзгеріс тудыруы мүмкін. Егер паразитке қарсы ем қолданбаса ,жүрек жетіспеушілігінен болған өлімге әкелуі мүмкін.

3.      Фиброзды перикардит кезінде жүрек «Сауытты жүрек» деп аталады.Келісесіз бе?

Жауабы: Келіспеймін.«Түкті жүрек» деп аталады.Ал «Сауытты жүрек» фибринге бай экссудат дәнекер тінге айналып,оған кальций тұздары шөгіп қалған кезде дамиды.

4.      Жүрек аурудың әсерінен үлкейіп кететінін білеміз,ал жүректің  кішірейіп кетуі мүмкін бе?

Жауабы: Мүмкін.Жалпы организмнің ашығуы ашығуы (истощение) езінде кездеседі.

Сергіту сәті  «Көңіл – күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл – күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл – күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның соңында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл – күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т. б. Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

V. Білік-дағдыларын қалыптастыру. Постер қорғайды 4 топ

1 топ Жүректердің тақырыбы. Жүрек бұлшық етінің құрылымдық ерекшеліктері.Жүрек етінің автоматизмінің табиғаты.Жүрек үшін жүрек қабықандай рөл атқарады?

2 топ  Қан тамырлары. Жүрек-қан тамыралыр жүйесінің аурулары мен олардың алдын алу шаралары жөнінде жалпы түсінік беру.Үлкен және кіші қанайналым шеңбері?

3 топ Сүйектер.Сүйектің химиялық құрамы мен құрылысынң және олардың атқаратын қызметеріне сәйкестігі неден басталады? Сүйектің қандай байланысу типтерін білесіңдер?

4 топ Бұлшық еттер. Балалардың бұлшық етерінің тез қажу себебі неде? Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу тәрбиесіне қойылатын гигиеналық талаптар.

VI. Үй тапсырмасы. Келесі сабаққа кезекші бекіту; Лекция мәтінін оқып, конспектілеу; слайд жасау.«Ревматизмдік аурулар»

·         Ревматизмдік аурулар: клинико-морфологиялық сипатамасы .

·         Ревматизм: этиологиясы және патогенезі,патологиялық анатомиясы

·         Ревмотоидты артрит: анықтамасы,буындардағы өзгерістер ,асқынуы

VII. Сабақ қорытындысын шығару. Терминдермен жұмыс

1.      Heart-жүрек

2.      Carmen-қарынша

3.      Systole-систола

4.      Diastole-диастола

5.      Саrdic Automaty-Жүрек автоматиясы

6.      The pulmonary vein-өкпе венасы

7.      Epicard-эпикард

8.      Root-тамыр

9.      Carmen-қарынша

10.  Systole-систола

11.  Diastole-диастола

12.  Саrdic Automaty-Жүрек автоматиясы

13.  The pulmonary vein-өкпе венасы

14.  Epicard-эпикард

15.  Artery-артерия

16.  Vienna  -вена

17.  Capillaries-капилляр

18.  Myocardium-миокард

19.  Muscle-бұлшық ет

20.  Root-тамыр

21.  Blood-қан

«5»___, «4»___, «3»____ ,«2»_____.

Оқытушы Сансызбаеова Рая Сансызбайқызы              _______________

(Ф.А.Ә.)                                                                         қолы