«Көлік түрлері»


Саутбаева Кымбат Сатмагамбетовна
«Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмiнiң №11 орта мектебi»ММ қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Мектеп:
«Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмiнiң №11 орта мектебi»ММ

Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: «Қазақ тілі және әдебиет» пәні мұғалімі  Саутбаева Кымбат Сатмагамбетқызы

Сынып: 1 сынып
Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Көлік түрлері»

Оқу бағдарламасына сәйкес  оқу

мақсаттары:

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормалардысақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру;

1.3.4.1.Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапйым сұрақтар (кім? Не? Қандай? Қанша?) қою;

1.4.1.1.Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу;

1.5.1.1.Мұғалімнің көмегімен заттың атын,сынын ауызша тілде қолдану;

1.5.2.1.Әріп пен дыбысты ажырата білу, төлдыбыстарды дұрыс айту;

Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады:

Сабақта үйренген көлік түрлерін атай алады, түсін сипаттай алады;  Ө дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Сұраққа жауап бере алады.ойланады; түстерді ажырата алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе алады;

Кейбір оқушылар орындай алады:

Басқа да көлік түрлерін атай алады, ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.

Тілдік мақсат:
Оқушылар орындай алады:

Суреттерді сөйлетеді, досыңа тапсырманы орындата алады. тілдік қоры молаяды, өз ойларын жеткізе алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт:
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасып, оларды түгендеймін:

– Сәлеметсіңдер ме, балалар!

– Отырыңдар!

– Қалдарын қалай?

– Көңіл күйлерін қалай?

– Қазір қандай сабақ?

-Қазір қандай жыл мезгілі?

-Дұрыс, балалар қазір қыс.

-Маған қыс айларын кім атап береді?

-Қыста ауа-райы қандай болады?

-Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын сабағымызға керек заттарымызды алып, дайындалып түзу отырамыз.

-Балалар, өздерін көріп отырғандай бүгін бізде ерекше сабақ болмақ, яғни, бүгін бізде сабақта қонақтар отыр. Сондықтан сабаққа белсене қатысып, өз білімдерінді ортаға салындар.

Психолгиялық кезең:
-Ал, енді балалар жаңа сабағымызды ерекше көңіл күймен бастау үшін ортаға шығып шаттық шеңберін жасап алайық. Содан кейін сабағымызды бастармыз.

(Балалар ортаға жығып шаттық шеңберін құрады)

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым

Арайлап атқан күнге!

 

Өткен сабақты қайталау
-балалар біз сендермен өткен сабақта не жайлы өттік?

-тақырып қандай болды?

-дұрыс балалар, «Мектепке барар жол»  деген тақырып өттік. Және де біз Ә әрпін өткен болатынбыз.

Осыған дейін өткен тақырыптарды сурет көрсету және де сұрақтар қою арқылы жекелей және де топпен қайталап шығу.

«Іздер» ойыны арқылы 2-3 оқушымен  өткен сабақты қайталап шығу.

Сабақтың ортасы

 

–          Балалар, бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбы: «Көлік түрлері» деп аталады. (виды транспорта, машин)

–          Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты:  көлік түрлерімен танысу, түсін сипаттай алу;  Ө әрпімен  танысу, дұрыс дыбыстау, дұрыс жазу;

–          Балалар, қанеки кім айтады көліктін қандай түрлерін білесіңдер?

–          Дұрыс, балалар ұшатын, жүзетін, жүретін көлік түрлері болады.

Ұшатын көліктерге: (воздушный транспорт)

ұшақ-самолет-aplane

Зымыран-ракета-rocket

тік ұшақ-вертолет-helicopter

Жүзетін көліктерге: (водный транспорт)

қайық-лодка-a boat

Кеме-судно-a vessel

Жүретін көліктерге: (наземный транспорт)

Жеңіл көлік-легковой автомобиль-a car

Жүк көлігі-грузовой транспорт-a cargo

–          Балалар, бүгін біз сендермен қазақ тіліне тән дыбстардың бірі «Ө» әрпімен танысамыз. Балалар «Ө» әрпі дауысты дыбыстардың(гласный звук) қатарына жатады. Мысал келтіретін болсақ: өрік, төрт, көк деген сөздерде ө әрпі жазылған.

–          Қанекей Ө әрпін ауада жазайықшы. (оқушыларға Ө әрпін ауада жазғызу.)

–          Балалар, қазір біз сендермен түстерді қайталап алайық. (түстерді қайталап шығу)

–          Ал, енді балалар бүгін біз сендермен өтпеген түстерімізді өтеміз.

Сұр-серый-grey

Күлгін-фиолетовый-purple

Қызғылт сары-оранжевый-orange

-Балалар, енді оқулықтағы тапсырмаларды орындамас бұрын сергіту сәтін істеп алайық.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентац балалар

Үп- үлкен боп өседі.

Оқулықтағы тапсырмалар:

1-тап. Суретке қара, тыңда, қайтала. Үлгі б-ша айт!

2-тап.  Ойлан! Толықтырып айту;

3-тап. Сұраққа ауап беру. Автобус қандай болады?

4-тап. Толықтырып айту;

Сабақты бекіту:

Жеке жұмыс

Дәптермен жұмыс
Дәптерлеріміздегі тапсырмаларды орындамас бұрын бүгінгі сабағымызды бекіту мақсатында мынадай үлестірме қима парақшалар үлестіріп беремін. Бұл парақшада көліктердің суреттеріне сәйкес келетін қимылды білдіретін сөздерді  оқи отырып, сәйкестендіресіңдер.

Ұшады

Жүзеді

Жүреді

Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Сабақтын соңы

Рефлексия
(МК)Оқушылар  «Бағдаршам» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға береді.

Қызыл түс – түсінбедім

Сары түс – сұрақтарым бар

Жасыл түс – толық түсіндім

Содан соң белсене қатысып отырған оқушыларды бет-бейне арқылы өзім баға беремін.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?