Күздің әсемділігі


Шерикбай Жанерке, Саленбаба Орал, Амантайқызы Нұржарқын
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі студенттері

Жетекші: Секенова Балкүміс Байжанқызы

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ағылшын бөлімінің 3 курс студенті Ж.Шерикбай

Жетекшісі: Б.Секенова

 

Тәтті ұйқыда жатыр едім, анамның  басымнан сипап, бетімнен сүйіп, құлыным, алтын қызым тұра ғой, таң атты, бүгін біраз шаруаларды қолға алып кешке дейін аяқтауымыз керек, – деген судың сыңғырындай жағымды үні мені күндегіденде ерекше тосын дүниелер күтіп тұрғанын сезіндіріп оятты. Менде көңілім көтеріңкі анамның жылы үні мен жұмсақ еріндерінен өзіме күш жинап орынымнан тұрдымда бірден күн сәулесін көріп терезеге жақындадым. Салқын күннің қараған бейнесі маған өзгеше бір көңіл-күйде жаңа тың дүниелер күттіріп тұрғандай сезіндім. Таңғажайып сәттен ерекше әсер алып біраз уақыт тұрып қалдым. Осы  сәтте ойыма келген біраз құбылыстарды өзіммен-өзім қиялдап талқыға салдым. Бәлкім бұл салқын күн күздің алғашқы күндері болар деген ойлар маған бірден күз мезгілінің өзінің естеліктерімен бөлісуге келгенін сездірді. Осы сәтте барлық тіршілік иелерінің ең қарбалас тыным таппай тіпті кішкентай құрт-құмырысқалардың, шыбын-шіркейлердің, құстардың барлығының еңбекқорлығынан қысқа дайындық мезгілі екенін байқадым. Ал аспанға қарасам бұлттардың жылжығаны, тырналардың тізіле ұшқаны, күндегідей бір-бірімен амандасып қал сұрасатын қарлығыштардың тіптен көрінбегені, жаздағы жасыл түсті табиғаттың алтын түске боялғаны, жапырықтардың сарғайып түскені, шөптердің қурай бастағаны, мен оянғанда менімен бірге әбігер болатын масалардың жағымсыз болсада ызыңдаған дауысы бәрі тыныш бәрі ұйқыда жатқандай айнала үнсіздікке айналғандай мен жалғыз қалғандай сезімдемін.

Көктемдегі жаңа өмір есігін ашқан  тәй-тәй басқан сәбидей ойнақтаған  жаздағы желіде алаңсыз анасын күтіп,  күн сәулесінің астында жасыл кілемге арқаларын кеңге жайып кештің батуын күтіп желіден бостандыққа кетуді аңсайтын құлындарда, дәл қазір есейіп қалғандай. Күңіренген күздің келгенін оларда сезгендей, кербез үнмен алыста жүрген аналарына даланы жаңғыртып кісінегендері байқалады. Осындай керемет әуендермен, көріністері жаныңды  тебірентіп сағыныш отын маздатады. Алыстағы жандардың бір-біріне сағынышқа толы жүректі жұлып алып, әуеде ән салдырып, ішкі жан дүниеңе шынайы бір салқын болсада ыстық сезім сыйлайтыныда өзінше бір кербездігімен тамсандырады. Күз-тіршілік иелерінің сағыныш айы. Оқушының мектепке асыққаны, диханшының көктемдегі тамырландырған әсем жемістерінің енді ғана еңбегін көруге ұмтылғаны, сайраған құстардың жылы жаққа қайтуы, бұлттардың түбі тесілген қазандай себелеген жауыныда, қызарып атып, қызарып батқан күн сәулесі бірде нұрын төгіп, түн  жамыла сығырайған  ай сағымыда бәрі суретшінің ойдан құраған қисынсыз туындысы сияқтанады. Бірақ бұның барлығы сурет емес, бұл шынайы қанық түске баялған  хан сарайы. Осы бір хан сарайы әр пенде үшін өзінше бір бітпес Түрік сериялдары  тәріздес бірі қуанады, бірі жан-жүрегі дірілдеп үміт оты  өшкенде, тағы бірі оны алға ұмтылтып күш жігерін қайтадан дүниеге жаңа келген сәбидей тік тұрғызады. Осындай тамаша сериялды кім қызықтамасын. Дегенмен, бұл сериялда бір немесе екі адам басты  рөлде ойнауы мүмкін ал  басқалары  қосымша жұрнақ жалғаулар тәрізді оларға керекті кезде ғана жалт етіп жұлдыздай шыға келеді, таң ағара көрінбей қайта жоғалады. Ал осы бір тамаша хан сарайында көрсетілетін сериялдар әркімге ерекше шынайы ешқандай жалғау жұрнақсыз барлығыда басты рөл атқарады. Ешкімге тәуелді емес, өз әлемін тек  хан сарайындағы суреттерді тамашалап бірде қуанып, бірде ханға ренжіп уәзірге шағымданып тіршілік етеді. Біреулер сол баяғы уәзірдің шешімін күтіп әділдік іздеумен  өмір өткізеді. Ал біреулер қуанышын, сағынышын, ренішін, мұңын қайғысын, бәрін өзінің өлең жырына, поезиясына өзінің тірегі  болдырады.

Көңілді қоңыр салқын саз  жүдетіп,

Көз жетті кеткеніне жаздың өтіп.

Құлайды  жапырықтар құба талдан,

Күрең күз құдыретіне тағызым етіп – деп  Қалқаман Сарин ақынның айтқаны анық түскендей. Бұл осы мезгілдің пейзаждың анық үлгісі.

Біреуді сағынуыңыз, жабырқауыңыз ең керемет сезіміңіз. Армандаңыз, қиялдаңыз, аңсаңыз, алға сүйресе қорықпай мақсатыңызды нақтылып ұмтылыңыз, сіздің кеуде тұсыңызда бір түйір жапырық тәріздес жүрегізің оған куә. Кеудеңде шыбындай жаның қалғанша осы өмірде өзіңе деген сенімің, алға қойған мақсаттарыңның барлығын  арманда қалдырмай бірінен соң  бірін орындауға тырысу керек екендігін осылай айқындайды.

Білмеймін, осындай әдемі суретке толы күзді кім әсем дей алмайды. Ақындардың өзі өлең мен жырға қосып сағынышқа толы, қимастыққа толы күз екендігін суреттеген болса, бұл сарайдың ішіндегі құнды дүниелер басқа мұражайдағы құнды деген дүниелерден несі кем. Адамның жан-дүниесі өте сыршыл болады, әр нәрсені шерте білеміз сол сияқты күздің ерекшелігін де, сезе білеміз. Әрине бұның барлығын сезіне алуымыз біздің басқа тіршілік иелерінен  сәлде болса ақыл – ойымыздың дамығаны.

Біріншіден алла тағаланың басқа тіршілік иелеріне қарағанда махаббат деген ұлы сезімді тарту еткені деп санаймыз. Күз махаббат айы. Себебі ғашықтардың, сағыныш сезімі оянатыны, бір-бірінен алыстап Қызжібек пен Төлегендей қосыла амауыда, ал кейбірінің махаббаты ағаштың жапырығы сарғайып түсіп қалсада тамыры үмітін үзбегені тәрізденеді. Бірақ сарғайған жапырықтар емес тамырын кеңге жайған үмітін үзбеген ағаштардың тамыры ешқашанда солмасын.

Күздің әсемділігі

 

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіні Бастауыш білім беру бөлімінің 2 курс студенті Н.Амантайқызы

Жетекшісі: Б.Б.Секенова

 

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Абай Құнанбайұлы

 

Табиғаттың төрт мезгілі бар. Әр мезгілдің өзіне тән қасиеті бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа, бірі қайта туған жауқазындай бүршік атып жатады, ал бірі суығына үйретіп те үлгереді. Осы төрт мезгілдің  ішінде ең кереметі күз болар.

Күз. Сарғайған жапырақтардың тал басында желге шыдас бермей жерге түскен сәті, көз алдыңда бүкіл әлем қоңырқай түске боялып, бейне бір салып қойған күйге ене, аспанның шелегі  тесіліп қалғандай әр күн сайын тамшылар тамып, жаңбыр жауса, көңілің құлазыр тұңғиыққа еніп кетсең, шіркін, міне бұл күз ғой. Күздің  кереметі сағынышқа толы жүректі  жұлып алып, әуеде әуелете ән салдырып, көңіліңді күңірентсе де ішкі жан дүниеңе шынайы бір сезім сыйлайтынында. Күзді сүю, сағынышты аңсау деген сөз. Қаншама ақынның жырына, қаншама жазушының қаламына біткен осынау мезгілдің меңіреу тартып тұрса да, өзіне тарта беретіні өзінше бір құдірет. Маған төрт мезгілдің ішінде ұнайтын мезгілдер күз, қыс айлары. Әсіресе күз айы. Күзде күн қысқарып, түн ұзарады. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда – санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа  киімдіні тоңдыра бастады. Маса, шыбын, құрт – құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар  да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып  жатыр. Күздің келіп қалғанын ауа – райынан байқадым. Күз лезде суытты, ауа – райы күрт бұзылды.

Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы, қыс – мамықтай жұмсақ , кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса , ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ  мағынада, төрт – түлікте  төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, үзілген жеміске тойдырған жаз да бар. Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын – күз мезгілі. Иә көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын, ауа – райы, қара суық  жер күзге тән қасиет. Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.

Күз – сағыныш маусымы. Есіңізде ме, мектепте оқып жүрген кезімізде жыл сайын міндетті түрде «Күз» деген тақырыпқа шығарма жазушы едік. Ылғи да «Күз» келді. Күн суытып, жапырақтар сарғайды. Құстар жылы жаққа қайтты. Дихандар өнімін жинап алды деген сөздермен шығарманы жазатынбыз. Біз кішкентай кезімізде шығарманы дәл осылай шығаратынбыз. Адам баласы есейе келе күзді басқа қырынан тани бастайды екен. Сіз күз деген сөзді естігенде бірінші нені есіңізге аласыз? Суыған күн, сарғайған жапырақ, жиналған бақша өнімдерін бе? Әлде күздің бірінші күнінде басталған оқу жылын ойлайсыз ба? Шындығында да, әр адам әртүрлі ойдың жетегінде кетері анық. Ал мен үшін осынау алтын мезгіл – ерекше. Өз басым жыл мезгілдерін адам өмірінің кезеңдерімен салыстырар едім. Күз мезгілі мен үшін жетістікке толы болды. Менің ойымша басқа мезгілдерден қарағанда, күз мезгілі адамға күш-қуат беріп, нағыз шабыт оятар шақ. Ең бір ерекше сәт мен 2017 жылы мектепті аяқтап, арман қуып Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығына оқуға түстім. Сөйтіп тамаша 2017 жылдың күз айынан бастап оқуымды бастап кеттім. Оқып жатқан білім ошағым, тұрып жатқан жерім, маған қатты ұнайды. Бұл жерде бізге білікті де білімді оқытушылар сапалы білім беруде. Мен колледж оқытушыларын өзіме үлгі тұтамын. Білікті оқытушылардың арқасында сапалы білім алып, қазіргі кезде, мақала, шығарма жазып, өз білімімді шыңдап жатырмын. Міне, күз мезгілінің кереметтігі адамды қиялдауға, фантазиясын дамытуға, шығармашылықпен айналысуға шабыт береді.

Сондықтан мен үшін күз мезгілінің әрбір күні қуанышқа толы.  Далада күз болса да көңілдеріңіз жадыраңқы болсын! Күздің мен үшін ерекшелігі – оның әсемділігінде. Тек оған назар аудара білуіміз керек.