ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған ертенгілік «Жаса Қазақстан!»


Сағит Кенжегүл Жақияқызы
 
Қарағанды қ. №64 НОМ жанындағы шағын – орталық әдіскері

«Жаса Қазақстан!»

К.Ж.Сағит

№64 НОМ жанындағы

шағын – орталықтың әдіскері.

Қарағанды қаласы.

 

Балалар «Егемен ел – Қазақстан» әуенімен кіріп белгіленген орындарына  тұрады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар сүйікті балалар ! Егеменді еліміздің тәуелсіздік күні құтты болсын!

Армандарды  жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы алғыс.

Егемендік – ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

 

Бала:

Қазақстан елім менің

Қазақстан жерім менің

Саған арнап айтылады

Қазақстан Әнұраны

 

Әнұран орындалады.

 

Жүргізуші: Балалар, бүгін  біздің мерекеге қадірлі қонақ келді.

Сәлеметсіз бе! Қош келдіңіз, төрлетіңіз, біздің мерекенің қадірлі қонағы болыңыз.

 

Керей хан: Сәлеметсіндер ме балалар! Мерекелерін құтты болсын! Қандай мереке тойлап жатырсындар?

 

Жүргізуші: Тәуелсіздік мерекесін.

 

Керей хан: Тәуелсіздік деген не?

 

Бала:

Тәуелсіз ел тұрағым

Тәуелсіздік жыр әнім

Бала:

Әспеттеп салтпен әдепті

Боламыз бала әдепті

 

Бала:

Уәдеге берік боламыз

Биік-биік үйлер саламыз

 

Бала:

Елім деп жар салам

Елімменен мақтанам

 

Бала:

Лайым болсын ел аман

Несібесі мол заман

 

Бала:

Сенімін елдің ақтаймыз

Жақсы істер жасаймыз

 

Бала:

Ізгілік нұр шашатын

Жасасын Қазақстаным!

 

Бала:

Зейінге бәрін тоқимыз

Оқуда озат боламыз

 

Бала:

Даламыздай кең пейілді

Мақтан тұтам елімді

 

Бала:

Ізгілік нұр шашатын

Жасасын Қазақстаным!

 

Бала:

Келешекке нық басқан

Біз бақытты балдырған

Керей хан:Дұрыс балалар, Тәуелсіздік деген осы,  сендер бақытты елде өмір сүріп жатқандарына көзім жетіп тұр, біздің армандарымыз орындалды деп айтуға болады.

Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

 

Бала:

Отан деген – атамекен.

Отан деген – туған жер.

 

Бала:

Отан – ана,

Отан – үлкен

Қазақстан –  туған ел.

 

Ән: «Менің Отаным»

 

Керей хан: Мына жігіттердің қандай өнерлері бар?

 

Би: «Сарбаздар»

 

Керей хан: Отаным деп ән жырлайсындар, ал өз шаңырақтарынды таба аласындар ма?

 

Жүргізуші: Балалар өз шаңырақтарын қай жерден болсын тауып алады.

 

Ойын: «Алақай, өз үйінді тап балақай»

 

Жүргізуші: Әр қазақтың мерекесі айтыссыз өтпеген. Бізде бүгін  ақындарды шақырдық.

 

Айтыс.

Қыз бала:

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн

 

 

Ұл бала:

Жасай берсін, ұлы  күн,

Үміті боп елінің

Ақ күн боп баланың,

Шаттығы боп шалдардың

 

Қыз бала:

Он алтыншы желтоқсан

Елдің ұлы мейрамы

Жаңа шыққан көктемдей

Жаз күніндей  жайдары

 

Ұл бала:

Арымыздай тап – таза,

Жанымыздай шуақты.

Көтерілді биікке.

Қазақстан байрағы.

 

Қыз бала:

Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан

 

Ұл бала:

Естісін ел үнінді,

Дүние түгел естісін.

Тәуелсіздік туынды

Биік көтер, жас ұлан!

 

Жүргізуші: Мың бұралған қыздарымыздың билерін тамашалайық.

 

Би: «Қамажай»

 

Жүргізуші: Біздің балалар достарың дауыстарынан таниды.

 

Керей Хан: Ал көрейік.

 

Ойын: «Даусынан тауып ал»

Жүргізуші: Мына жігіттер де өз шапшандықтарын көрсеткілері келіп тұр.

 

Би: «Көкпар»

 

Керей хан:Балалар, сендер қай жерде тұрасындар?

 

Балалар: Қазақстан Республикасында.

 

Бала:

Анамыздай тілеуі ақ

Отан бізде біреу – ақ.

Ол – біздің Қазақстан.

 

Бала:

Алтай – Жайық, арасы

Жарты әлемдей даласы

Ол – біздің Қазақстан.

 

Бала:

Жастан сүйіп аңсаған,

Тәтті күй мен кәусар ән

Ол – біздің Қазақстан.

 

Бала:

Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы,

Ол – біздің Қазақстан.

 

Ән: «Жаса, Қазақстаным!»

 

Жүргізуші: Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталады. Мереке құтты болсын!

Қош сау  болыңыздар.

 

Керей хан:

Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі

Мықты болсын елімнің керегесі

Тату-тәтті халқымызға бақ қонып

Кетпесін туған жердің берекесі.