«Егемен елім-ай. Бірыңғай сөйлем мүшелері» ашық сабақ.


Байзақ Айгүл Сәнуарқызы

Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылы, «№5 Агротехникалық колледжі»КММ қазақ тілі пәнінің оқытушысы

 

Сабақтың мақсаты: Студенттердің  туған  жері, елі  туралы  білімдерін  кеңейту.

Білімділік:  Егемен ел туралы мағлұмат бере отырып, бірыңғай сөйлем мүшелерін  меңгерту.

Дамытушылық: Өлеңді мәнерлеп оқу қабілетін дамыту, өз беттерімен ізденімпаздығын арттыру

Тәрбиелік: Студенттерді  отансүйгіштік рухқа, елінің, жерінің тарихы мен әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:  орыс тілі,тарих

Көрнекіліктер: Презентация, СТО технологиясы элементтері, ұлттық педагогика.

 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Студенттермен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

І. Сабаққа бейімдеу кезеңі:   -«Көңіл күй сыйлау»

Шаршадым «ух!» дедім,               Ренжідім «Тух!» дедім

Қорықтым «Ой» дедім,                Өкіндім «Ах!» дедім

Шарасыз «Еһ!» дедім,                  Таңырқап «О!» дедім

Кейідім «е!» дедім,                         Қуанып «ха-ха-ха!»  дедім

 

Астанам, Ару қалам, асқақ ордам,

Қалың жұрт, қазағыма қақпа болған.

Ту ұстап, тұлпар мінген бабларым,

Бермеген ел намысын жатқа қолдан! – деген ақын Қалқаман Сариннің өлеңінен аңғарып отырғандарыңыздай, үй тапсырмасы Астана туралы өлең жолдарын жаттап келу керек болған.

Өткен тақырыпты қайталау кезеңі:

а) Астана туралы тақпақтар

 

ә) «Ортадағы қаламсап стратегиясы»(Сұрақтар)

1. Тәуелсіз  Қазақстанның  елордасы  қай  қала?

2. Астананың символы?

3. Республика астанасы қай жылы Астана қаласына көшірілді?

4. Президент резиденциясы қалай аталады?

5. Астана сөзіне синоним сөздерді айтыңыз?

6. Астанда өткен халықаралық көрме қалай аталады?

7. Астанадағы жоғарғы оқу орындарын атаңыз?

 

Ой қозғау.

а) Қазақстан қандай ел?         Тәуелсіз, зайырлы, құқықтық, егемен  ел.

Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы Егемен елім-ай. Бірыңғай сөйлем мүшелері.

Мақсаты:Егемен ел туралы мағлұмат бере отырып, бірыңғай сөйлем мүшелерін меңгерту. Отан сүйгіштік рухқа, елінің, жерінің тарихы мен әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Жаңа білімді меңгерту: I. Егемен елім-ай

1) Өлеңді оқу

2) Сұрақтарға жауап беру.

3)Грамматика. Бірыңғай сөйлем мүшелері.

Мысалы: Қазақстан тәуелсіз, егемен, құқықтық мемлекет.

Ф-12 тобындағы Сергей мен Никита жақсы оқиды.

 

4) Мәтіннен бірыңғай сөйлем мүшелерін табу.   Егемен елім-ай

Біз, қазақ ежелден ел едік жаны бай,

Өр мінез, ақкөңіл, мейірбан, қонақжай.

Даналық дарыған ақын ел, батыр ел,

Бабалар мекені- асқар тау, шалқар көл.

Ақ бесік, ақ отау мәңгілік,

Жасай бер жаңарып, жаңғырып.

Достық пен ынтымақ мекені,

Гүлденер халқымның ертеңі.

Жасай бер, жері бай,

Егемен елім-ай,

Жасай бер, жері бай,

Тәуелсіз елім -ай!

 

II. Тақтамен жұмыс:   «Ұлы даланың жеті қыры». «Семь граней Великой степи». Сөйлемдерді латын әрпімен жазу, орыс тіліне аудару, сөйлемнен бірыңғай сөйлем мүшелерін табу.

1. Атқа міну мәдениеті.  Қазақстанда жылқы тұңғыш рет, алғаш рет қолға  үйретілген.

2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия. Қола, мырыш, алтыннан заттар жасаған.

3. Аң стилі. Жыртқыштардың, аңдардың, қар барысының суретін салған.

4. Алтын адам. Алтыннан киім, күмістен кесе жасаған.

5. Түркі әлемнің бесігі.  Белгілі ақын, пәлсапашы   Қожа Ахмет Яссауи Түркістанда өмір сүрген.

6. Ұлы Жібек жолы.Ұлы Жібек жолы  Қытай, Үнді ,Парсы, Жерорта теңізін байланыстырады.

7. Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны. Қазақстан алма мен қызғалдақ өседі.

III. Сабақты бекіту. «Орамал тастамақ» ойыны. Сұрақтар

1.Қазақ қандай халық? (жаны бай, өр мінез, ақкөңіл, мейірбан, қонақжай.)

2.Тауы мен көлі қандай?(асқар, шалқар)

3. Егемен елге қандай тілек атылған? (жаңарып, жаңғырып, жасай бер)

IY. Бағалау. Белсенді студенттерді бағалау.

Y. Үй тапсырмасы. Өлеңді жаттау.

YI. Рефлексия кезеңі: Сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу.