Сабақ «Балықшы мен бақалшы»


Кадырова Лейла Серікқызы,

Щучинск қаласы №5 орта мектебі,

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Ертегіні түсніп, мәнерлеп оқу, мазмұнын жүйелі айта білуге, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдылық қабілетін, әдеби тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Арам пиғылдан, мейірімсіз қатігездіктен бойларын алыс ұстауға, мейірімді, адал болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, слайд, көрініске қажетті заттар, түрлі-түсті ұшақтар, плакат, фломастер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Сабақта жоқ оқушыларды түгендеу. Құрал – жабдықтарын түгентдету.  Зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық ахуал:

 ( Слайдта бесік жырын айтып отырған әжелер суреті көрсетіледі. Балалар хормен бесік жырын айтады.)

Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
Жылама бөпем, жы-ла-ма,
Жілік шағып берейін,
Бай құтанның  құйрығын,
Жіпке тағып берейін!

ІІІ. Жаңа сабақ:

Мұғалім балаларға бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Балықшы мен бақалшы» екенін хабарлайды. Сынып парталары 3 топқа бөлінеді. Кемпірқосақ жаттығуы бойынша түрлі-түсті ұшақтарды ұшыру арқылы топтарға бөліну.

  1. Мағынаны тану.

Ертегі үш бөлімге бөлініп, жеке парақтармен оқушылардың алдына үлестіріліп беріледі.

1-топ: 1-бөлікті әңгімелейді.

2-топ: 2-бөлікті әңгімелейді.

3-топ: 3-бөлікті әңгімелейді.

Үй топтарында оқушылар А, Б, Д ұяшықтарына бөлінеді. Төмендегі сызба бойынша олар үй топтарында әңгімелейді. Содан кейін жұмыс топтарына барып әңгімелейді.

Новый рисунок (3)

  1. Шығармашылық тапсырма.

1-топ: Стоп-кадр.

Бұл топ оқушылары ертегіге көрініс қояды. (көрініске қажетті заттар мұғалімде алдын ала дайындалып тұрады)

2-топ: Бақалшыға хат жазады.

Бұл топ оқушылары Бақалшыға хат жазады. Әрбіреуі жазған хаттарын үй топтарында оқиды. Ең жақсы деген хатты сынып алдына шығып оқиды.

3-топ: Ертегі мазмұнын суретпен салады.

Бұл топ оқушылары ертегі мазмұнын сурет салу арқылы жеткізеді. Ал қалған екі топ бұл топқа стикер жабыстыру арқылы жақсы жақтары мен кемшілігін жабыстырыпты. Содан соң сыныпта талқыланады.

 

 

  1. Венн диеграммасы.

Новый рисунок (4)

1-топ: Бақан атаны сипаттайды.

2-топ: Бақалшыны сипаттайды.

3-топ: Екі кейіпкердің ұқсастықтарын табады.

 

ІV. Қосымша мәлімет:

     Слайдта балықтар түрлері мен олардың суреттері көрсетіледі, яғни балалар таныс емес балықтармен танысады. Және мұғалім балықтар құрылысымен, дене мүше атауларымен таныстырады.

Балықтар: алабұға, бекіре, жайын, жалпақ балық, көксерке балық, май шабақ, сазан, табан балық, тұқы, шортан.

Балықтың құрылысы: басы, денесі, желбезек, жүзбе қанаттары, қабыршық.

 

  1. Ыстық орындық:

    Сабақты қорытындылау мақсатында әр топтан кезектесіп орындыққа оқушылар шақырылады. Оларға төмендегідей сұрақтар қойылады.

  • Ертегінің аянышты сәттері болды ма?
  • Ертегіден өзіңе қандай тәрбие алдың?
  • Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Несімен?

 

VI. Жүректен жүрекке:

      Мұғалім «Алтын балық» суретін оқушыларға таратып береді. Оны оқушылар бір-біріне тілектер айту арқылы сыйлайды.

 

12

VII. Үйге тапсырма беру:

      Ертегінің жалғасын өз ойыңша аяқтау.

 

VIII. Оқушыларды бағалау:

      Сабақта орындаған тапсырмаларының нәтижелеріне және жауап бергендеріне байланысты тиісті бағаларын қою. Тәртіптері мен ынталары үшін балаларды мадақтап өту.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *