Ашық сабақ «Мен әдепті баламын»


                                                                      Ақмола облысы

                                                                      Зеренді ауданы

                                                                      Баратай негізгі мектебінің                 

                                                                      жанындағы «Айгөлек» шағын                             

                                                                      орталығының тәрбиешісі:             

                                                                      Какенова Ажар Айдарбекқызы

 Мақсаты:

  • балаларды адамдардың арасындағы қарым-қатынас нормалары және қоғамдағы жүріс-тұрыс ережелерімен таныстыру;
  • әдептілікке баулу;
  • құнды қасиеттерін дамыту жақсы тілек, инабат туралы түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылығы: шығармашылық қиялын, ой-өрісін, есте сақтау, жүйелі ойын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелігі:сыпайылықтың қарапайым әдеттерін тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу.

ә) Балалардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық сәт.

Армысың, асыл күн,

Армысың,асыл жыр,

Армысың, көк аспан,

Жылуыма жылу қос.

Міне менің қолым.

  • Балалар, біз бір-бірімізге жылы жүзбен қарап, бойымыздағы жүрек жылуын сыйлайық, осы алған күнге қуатымызбен оқу іс-әрекетімізді бастайық.

Кіріспе әңгіме.  «Әдепті бала» туралы суреттер бойынша әңгімеленеді.

 

І.бөлім: Әдепті болу үшін не істеу керек? ( бүлдіршіндерге ақыл-кеңес)

 

1: Жолдасыңның назарын аудару үшін саусағыңды шошайтып көрсетпей, сөзбен түсіндір. Үйге келген қонақтың киімін іліп, сәлем бер. Өзің қонаққа барғанда есігін қақ, аяғыңды сүртіп кір. Үлкен адам жайғаспай үстел үстіне отырма. Қолыңды жаныңа салмай, шалқаймай түзу отыр.

 

2: Дастархан басында тағамды асықпай іш. Аузыңдағы тамақты жұтып алмай сөйлеме. Тамақ ішіп отырып, кітап оқуға болмайды.

 

3: Досыңнан бір нәрсе алсаң қайтарып бер. Үлкен тағатын жылтыраққа әуес болма. Адам көркі тазалығы. Жақсылап үтіктелген қарапайым киімнің өзі әдемі болады.

 

4: Өтірік айтпа, мақтаншақ болма, әрдайым шыныңды айтуға дағдылан. Қарсы келген үлкен адамға жол бер, ауыр заты болса көтеруге көмектес.

 

5: Қарсы келген үлкен адамға, қыз балаға жол бер, мүгедек адамдарға күлме, оларға көмектес.

 

ІІ бөлім: көрініс «Жай бір адам»

Көшеде бір ер бала мен қыз бала қатар жүріп келе жатты. Олардың алдында бір әжей кетіп бара жатқанды. Көше сондай тайғақ еді, ол тайып жығылып қалды. Бала қасындағы қызға сумкасын бере салып, өзі әжейді сүйемелдеуге жүгірді. Ол қайтып келгенде қыз:

-Бұл сенің әжең бе?

-Әжем емес

-Анаң ба?

-Анам емес

-Әлде жеңгең бе?Немесе танысың ба?

-Танысым емес, жай бір адам.

 

 

ІІІ бөлім. Мақал айту

а)Сыйласаң сыйымды боларсың.

ә) Бірлік түбі- тірлік.

б) Әдептілік ар-ұят, адамдықтың белгісі,

Тұрпайы мінез, жат қылық – надандықтың белгісі.

в) Жалқаудың екі досы бар, бірі –ұйқы, бірі-күлкі

 

Ән «Не деу керек?»

 

ІҮ бөлім. Жарыс

 

а) Тазалыққа үйрететін заттарды жинау.

ә) Суды төкпеу.

б) Әдемі бантикті байлап шығару.

 

Мәнерлеп оқудан жарыс .

Таза жүрем,

Таза киім киемін,

Тазалықты сүйемін.

Денем таза болса да,

Түсемін жиі моншаға.

 

Оқы, ойна.

Бөбектерім оқы, ойна,

Оқу-білім саған пайда.

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма.

 

Қолыңды жу, тырнағыңды ал,

Мұрныңды сүрт, орамалмен.

Кешігіп қалмай- мектепке бар,

Алысып жүрмей балалармен.

 

Ата-ана, мұғалімге,

Қарсы келмей әдепті бол.

Өтірік айтпа үйрен шынға,

Тілейтінім тек сенен сол.

 

Ән «Айналайын көкешім»

 

Қорытынды:

Әдеп сақтап әманда,

Әрбір адал адамға

Жасасақ бір жақсылық,

Қайтарады саған да.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *