Білімді ұрпақты тәрбиелеудегі ақпараттандыру  технологияларының   ролі


 Матышова  Алия   Нургалиевна
қосымша білім педагогы
“Балалар  мен  жасөспірімдер сарайы” КМҚК

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жас ұрпақты даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.  ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Қазақстан Республикасы да ғылыми — техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз  білім беруді жаңғыртуды  одан  әрі  жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. Өмір бойы білім алу әрбір қа­зақ­стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық — коммуникативтік технологиялар, оның табиғи ортасына айналып отыр. Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын бірден – бір мүмкіндік. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. Ақпараттық – коммуникативтік технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Ақпараттық — коммуникативтік технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық — әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы      ақпараттық — коммуникативтік технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.

Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде.

Жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану соңғы уақытта білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Мультимедиалық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген электрондық оқулықтар мен аудио-видео жазбалар қолданыста жүр. Осы  ақпарат тасушылардың көмегімен оқушыларға аз уақытта көп ақпарат беруге мүмкіндік мол. «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп, – елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың  маңызы зор. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман  ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Осы орайда информатика пәнін оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларға интерактивті оқыту құралдары мен электрондық оқу құралдарын жатқызуға болады.

Информатика сабақтарында ақпараттық  – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

·                     оқушының өз бетімен жұмысы;

·                     аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

·                     білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

·                     қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

·                     қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

·                     іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

·                     оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Жаңа ақпараттық технологиялардың екі түріне тоқталып өтейін:

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Әр түрлі ғылыми зерттеулер дәлелдегендей,оқытудың интерактивті және электронды әдістерін пайдалану, оқыту-тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге,педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, оқушылардың білім-білік дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізеді. Қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Оқытушы үшін  электрондық оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады. Электрондық оқулықтың бағалық – нәтижелік бөлігі тестер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісінде  кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.  Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне, бұрын алған білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді.  Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,  логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды және де сабақта электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.

Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына  қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактивті тақта мұғалім мен оқушының жұмысы мен шығармашылығына қайтланбас мүмкіндіктер береді. Интерактивті тақтаны қолдану, сабақты дәстүрлі түрде өткізуден, ақпаратты электронды түрде жеткізуге мүмкіндік береді.
Интерактивті тақта – ақпаратты әртүрлі түрде (мәтін, графика, анимация, дыбыс, цифрлы бейне) көрсетудің қуатты құралы. Ақпараттық материалдар – бұл бейнелер (слайдтар), дыбысты және видеофрагменттер, ал бейнелер (слайдтар) – бұл фотографиялар, суреттер, графиктер, сызбалар, диаграммалар. Видеофрагменттер – бұл лекцияға, толық немесе жеке бөліктермен, қосылған фильмдер, ал дыбысты фрагменттер – бейнелер және видеофрагменттермен  қоса жүретін дикторлық мәтін, музыкалық және басқа да жазулар. Мұғалім интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ақпаратты жеткізуге арналған уақытты үнемдеумен қатар, жаңа тақырыпты түсіндіруге уақытын көбейтеді.

ХХІ ғасырда әлем «ашық ақпараттық» қоғамға айналып отыр. Болашақ білім ошағы – бұл «ақпараттық ғасыр» ордасы. Оның негізі – өз бетінше жетіле алуға қабілетті, жалпы және кәсіби білікті, бәсекеге қаблетті және ынталы маман. Жаңа ақпараттық технологиялар, мультимедиалық өнімдер – бұл оқытудың сапасын көтеруге, жауапты, білімді, жаңа шешімдер таба алатын, қажетті білімді тез және тиімді қолдана алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеудің бірден-бір жолы.

Интерактивті оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың мәнісі топтағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процесс өзара қолдау және қайырымдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет»  деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын»  қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады.

Қорыта келе,  білім беру жүйесін ақпараттандыру  мен ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Информатика негіздері» журналы №3, 2010 ж.
2. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к.
3.  «Информатика негіздері» №4 2005 ж 2, 30, бет
4. «Информатика негіздері» №2 2004 ж 2 бет