«Жаңа ақпараттық технологияларды оқу іс-әрекетінде қолдану»


Кулимбетова Оразгүл Камалиқызы

Екібастұз  қаласы білім бөлімінің №7 «Ботақан» бөбектер бақшасы КМҚК тәрбиешісі

 

Жоспар :

І. Кіріспе
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңыздылығы
ІІ. Негізгі бөлім
1) Инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері
2) Оқу іс –әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары

ІІІ. Қорытынды
Ақпараттық технология заман талабы.

Мақсаты:
• Ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы балалардың даму деңгейін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, тәрбиеленушілердің ақпараттық мәдениет негіздерін қамтамасыз ету, танымдық дүниесін байыту.
• Ақпарат ғасырына сай компьютерлік сауатты, жан жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.

І Кіріспе

“Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет”
Н.Ә.Назарбаев.

Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі-ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл кезең, компютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагог қызметінің барлық саласына кірігіп,оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі кезде білім кеңістігін заманғы сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес.
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану; білім мазмұнының заман талабына сай болуына, балалардың болашақта қажетті білімді, толығымен алуына өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды.
Олай болса:
1.Ақпараттық коммуникативтік технологиялар дегеніміз не?
2.Ақпараттық коммуникациялық технологияның мүмкіндіктері қандай?
3. Білім беруді ақпаратандыру үрдісі қалай жүзеге асуда?-деген сауалдар әрқайсымыздың ,жалпы педагогтар қауымын толғандырмай қоймайды.
Ендеше бірінші сауалға: ақпараттық-ақпарат, жаңалық, коммуникативттік-байланыс, қатынас деген ұғымды білдірсе,технология-іскерлік,шеберлік ұғымдарын береді. Бір сөзбен “Ақпараттық-коммуникативттік технологиялар жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе” деп айтуға болады.Осыған орай бүгінгі ұстаздар қауымының алдында білім,білік дағдыларын игертіп қана қоймай,қабылдауын,ойлауын,ерік жігерлерін,яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеті тұр.Ғалымдар пікірінше Ақпараттық коммуникативтік технологияны екі бөлікте сипаттайды.
1.Компютерлік бағдарламалар
2.Желілік қызмет
жалпы білім берудің мақсаты-терең білімнің,кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге,өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болса,ақпараттандыру жолының басты мақсаты-оқыту үрдісін ақпараттандыру.
-Электрондық оқулықтардың құрылымын жасақтау;
-Техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру;
– Әлемдік білім беру кеңістігіне ену болып отыр.
– Ақпараттық-комуникациялық технология -келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты,шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашуына тигізер пайдасы мол деп есептеймін.
Жаңа ақпараттық технологияға ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр мысалы: Н.Макарова “Жаңа ақпараттық технология-қысқаша компьютер негізіндегі технология деп тұжырымдайды. Ал М. Жалдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді: Ол “Жаңа ақпараттық технология-адамдардың білімін кеңейтіп,олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы” дейді.
Яғни, білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияны жоспарлы түрде енгізіп,жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР-да біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:
-ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялық құралдармен қамтамасыз ету;
-білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

-Оқу -тәрбие үдерісінде жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми ізденушілік және оқу әдістемелік жұмыстарын жүргізу;
-жаңа ақпараттық технология құралдарын(жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедия технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесін материалдық техникалық базасын жетілдіру.
“Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет”3деп Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге Президентіміздің Н.Ә.Назарбаев аса назар аударып, республикалық мұғалімдер сьезінде “ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе-ХХI ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлемдік әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады”деген болатын. Өйткені, қазіргі біз өмір сүріп отырған ХХI-ғасыр -“ақпаратандыру ғасыры” деп аталған.
ХХI ғасыр -бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге,адамның денсаулығына,кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

ІІ Негізгі бөлім.
Қазіргі кезде толғандыратын мәселелердің ең негізгісі -еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайып кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.
Балабақша -келешек ел басқарар,жер суына иелік етер,ел -халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя.”Ауылына қарап, азаматын таны” дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иман жүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты.
Балабақша-бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі.
Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашықы баспалдағы.Елбасымыздың жолдауында: “Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады” деген.Баланы , жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайынтайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Қоғам талабы-заман талабы, өйткені, “Әр адам-өз заманының баласы”, сәбиі есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамның тәрбие орындарының бірден бір парызы. Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу білім беруге арналған инновациялық қызмет мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 3.
“Инновация” термині латын тілінен алынған, ол-“Жаңарту, өзгеру, дегенді білдіреді. Бұл түсінік ХХI ғасырдағы зерттеулерде пайда болып,белгілі бір мәдениеттің кейбір элементтерідің бірінен екіншісіне енгізу дегенді білідіреді. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері,түрлері мақсаты мен мазмұнын педагог пен бала бірлескен қызметін ұйымдастыру жаңалық енгізуді білдіреді.Қазіргі заман инновациялық қызметі-балабаұша балаларымен жұмыс істеуде. Инновациялық технологиялар,әдістер, балалардың
психологиясы мен педагогикасын терең білуді педагогтарға нақты бір жетістіктерге көмектеседі. Нақтылап айтқанда балаға білім мен тәрбие беруді саналы,сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады.
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге,компьтерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай оң нәтиже беруде. Кез келген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде электрондық оқулықты пайдалану балалардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды. Педагогика ғылымында өзіндік категориясы болмасада, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесінде жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Сондықтан инновациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіне енгізуді кезеңдерге бөліп қарастыру қажет.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері-өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу,жаңа педагогикалық идеялары мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Осындай жаңа инновациялық технологияларды толық меңгерген тәрбиешіден білім алған қазіргі жаңашыл бала:
-Дүниетанымы, қабілеті жоғары;
-Дарынды,өнерпаз;
-Іздемпаз,талапты;
Инновациялық технологияларды тиіміді пайдаланудағы қол жеткізетін жетістіктер мыналар:
1 Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.
2 Білімін кеңейтуге,тереңдетуге жағдай жасайды.
3 Ой идеясының ішкі астарына үңілуге,өзекті терең барлауға бағыт.
4 Белсенділігін дамытуға,жаңалықты ашуға,ізденуге
5 Өзін-өзі басқаруға жетелейді.
Сонымен қатар білім беру жүйесі мынадай инновацияларды қамтиды:
-Педагогикалық инновация;
-Технологиялық инновация;
-Ұйымдастырушылық инновация;
-Экономикалық инновация;
Педагогикалық инновация-бұл жаңа педагогикалық технологияны оқыту қызметінің жаңа әдістерін,тәсілдерін, әдістемелерін әзірлеу және тарату.
Педагогикалық технология бөліктері 3 құрамдас бөліктен тұрады.
1.Тұжырымдамалық негізгі,басты қағидалары.2.Жүйелі құрылымы және негізгі кезеңдері.3.Атқару жолдары және тиімді әдіс-тәсілдері. Педагогикалық технологияның ерекшеліктері мыналарды құрайды.
1. Консептуалды негізінің болуы.Технологияға қандай да бір философиялық педагогикалық психологиялар ғылыми тұжырымдамаларға негізделуі тиіс.
2.Жүйелілігі. Педагогикалық жүйенің барлық бөліктерінің логикалық байланыста болуы.
3.Басқаруға оңтайлылығы. Диагностикалық болжау жасауға, жоспарлауға және нәтижеге өңдеу енгізу мақсатында әдіс-тәсілдерді кезектеп пайдалану мүмкіндігі.
4. Тиімділігі білім беру стандарттарын қанағаттандыруды тиіс.
Инновациялық оқыту дегеніміз-қазіргі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени ортадағы инновациялық өзгерістерді жете қарастыратын үрдіс және оқу білім беру әрекетінің нәтижесі.
Қазақстанда тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыруда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев…. “егер технологияларды басқалардан алуға ғана сүйенетін болсақ,біз өзіміздің технологиялық артта қалушылығымызды сол күйінде тұмашалап,технологиялық және ғылыми тұрғыда дамыған елдерге тәуелсіздікте боламыз.Сондықтан бізге өз ғылымызды дамыту керек” деген болатын.
Жаңа педагогикалық технология кәсіби шеберлікті арттырудың негізі болып табылады.
“Жаңадан бастау” “жаңарту”, “өзгерту” деген мағынаны білдіретін педагогикалық технологияның басты белгілерін былай тұжырымдауға болады:
-Оқыту үрдісінде жүзеге асатын келелі де маңызды педагогикалық мәселені шешуге бағытталады;
-Педагогикалық жаңаландыру мәселелердің жаңа шешімін ұстанады;
-Педагогикалық жаңаландыру жаңа педагогикалық үрдісінің жаңғыруына қол жеткізеді;
Білім беруді ақпараттандыру технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту,дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыратын жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы.
Педагогикалық технологиядағы басты міндет-баланың танымдық әрекетін жандандыра отырып,педагогтың кәсіби қызметін жаңғырту арқылы алға қойған мақсатқа толықтай жету.
Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады.
Олар: оқып меңгеру; тәжірибеде қолдану; шығармашылық бағытта дамыту; нәтиже.
Меніңде тәрбиеші ретінде алға қойған мақсатым-балаларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілетін арттыру. Сол себепті Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін идеялық
жағынан ғылыми негізде өмірмен байланысты ұйымдастырып, баланың қызығуын, білім құштарлығын таныту. Әр ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде балаларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын, ауызша, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы дағдыландыру әрбір педагогтың абыройлы борышы.Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдалана өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары: психологиялық ахуал туғызу; балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын (ынта,ұмтылыс)тудыру; ақпараттық-коммуникативттік технологиялармен орындалатын жұмыстардың қызықты болуы; топтағы әр деңгейлі балалар ескерілуі керек; өзіндік пікір,идеялар,тұжырым,түсінік келтіру; өз бетінше орындауға берілген жұмыстарды шығармашылықпен орындауға үйрету; балалардың өзінің үйренгені мен өз түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио,видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта,интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпарат банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы обьектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс -әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдалануға болады.
Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар, слайд шоу, видео, электронды ойындар, электронды көрнекіліктер, электронды ойыншықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.
Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады.Өйткені , балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге , ойыншықтарға ,әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық құрал электронды оқулықтар бала үшінде, тәрбиеші үшінде күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсат баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімнің сапалы болуына жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескерген,әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап,көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік,ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мақсатында жеке жұмыстар әр ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде, тәрбие сағаттарында жүргізіледі.Ән,би үйрету арқылы,әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы,білуге қызығушылғын оятуға болады. Сондай-ақ баланың танымы тек таным қызметінде ғана емес,сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде де орын алады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс-тәсілдері баланың қабілетін арттырып,танымдық қызығуын оятады.
Қазіргі таңда оқу тәрбие үрдісінде, балалардың оқу танымдық іс-әрекетін белсенділігінің тиімді жолдары мыналар:
-танымдық дидактикалық ойындар;
-әңгімелеу,қызықты математика
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологияның бірнеше түріне тоқталайын:
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жек бастың өзіндік талап талғамдарына сүйенеді.Баланың бойындағы білімділік,танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын балалар үшін оқу да, еңбекте. Ойын айналадығы дүниені танудың тәсілі, сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңіу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастырады.Ойын әлеуметтік қызмет.Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.
Мультимедиялық технологияны оқу іс-әрекетінде қолдану –балалардың Қазақстан республикасының мектепке дейінгі жалпыға міндетті білім беру стандары бойынша базалық білімін бекітіп,әрі қарай жетілдіріп,олардың танымдық дамуын арттыра отырып, жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіншілік тудырады. Өз тобымда топ балаларына арналған мультимедиялық орталық жалпы ақпарат бұрышы жұмыс істейді. Балалар аталған орталықта компьютерді қолдану, компьтер арқылы тапсырмаларды орындау, кеңістікті бағдарлау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, мозайкамен жұмыс жасай отырып,ойлау қабілеттерін жетілдіру, сурет салу, қуыршақты киіндіру,әсемдеу,боямақпен жұмыс істеу, гүлдерді күтіп баптау,қоршаған ортамен танысу.Осы аталған жұмыстардың бәрі ақпараттық құрал компьютер арқылы жүргізілуде.
Ақпараттық коммуникациялық технологияның көмегімен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қалай өткізуге және не істеуге болады деген сұраққа,өз тәжірибемде мынандай бағыттарын ұсынар едім:
-Илюстративті (насихаттық) көрнекіліктер
-Ақпараттық видео роликтерді құру және көрсету
-Слайд шоу,ертегілер
-Электронды ойындар
-Электронды логикалық тапсырмалар
-Ғажайыпстанға саяхат.
-Электронды слайд шоу
-Электронды дыбыстар
-Айналамен таныстыру,экология бойынша бейне сюжеттер
-Биленгвалды компоненттерге арналған слайд шоу
Қазіргі таңда мен осы айтылған ақпараттық құралдарды үнемі, өз тәжірибемде оқу іс -әрекетінде пайдаланып келемін.
Мысалы:

Тақырыбы:Үй жануарлары.
Көрнекіліктер : Үй жануарларының суреті,слайд.
Көлеңке театры: «Ненің көлеңкесі?»
Дидактикалық ойын: «Өз төлін тап?» – теледидардан көрсетіледі.
Дидактикалық ойын: «Бұл қандай жануардың дауысы?»
Осы ойын-тапсырмалар арқылы балалардың ойлау қабылеттері дамып сөздік қорлары молаяды.