«Туған елдің мақтанышы»


Башкентаева Амина Ракымбековна
« Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесі 1 мдт-24 тобының студенті
Жетекші: Ергазина Баглан Кабдолловна «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»  пәндер оқытушысы

                                   Туған елдің мақтанышы

Жоспар:

1.Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннін өмірбаяны.

2.Шығармалары.

3.Қосқан үлесі.

Әрбір жердің өзінің мақтан тұтар,бетке ұстар тума таланттары бар.Сол сияқты мен үшін Қостанай облысы киелі Сарыкөл жерінен шыққан Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазин өмірінен сыр шертемін.Қазіргі таңда қазақ еліне еңбек сіңіріп кеткен Қостанайдан шыққан талланттар көп ақ, бірақ Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің орны ерекше.Өмір баянына тоқталсақ 1936 – 2005 жылдар аралығында өмір сүрді.Белгілі физика-математика ғылымдарының докторы,1983 жылы Қазақстан ғылым академиясының академигі атағын алды. Өмірге деген құштарлығы,өмірге деген көзқарасы ерекше болды.Әринеде таланттардың бірі ән айтып,өлен жазса,біреуі би билеп,аспапта ойнайтын шамасы бар.Ал менің алған туған жерімнің талантының орны ерекше, себебі есеп шығару,белгілі бір ғылыми жаңалық ашу кез-келген жанның қолынан келе бермейді.Бұл жерде талмас талаппен,ақыл ойдың ұшқырлығы мен тапқырлығы қажет. Сол себепті осындай атаққа ие ерекше жанды алып отырмын.

Өмірзақ Махмұтұлының ғылыми жетекшілігімен 6 докторлық және 25 кандидаттық диссертация қорғалып, екі жүзден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары жарық көрді. Бәрімізге белгілі бір жаңалықтардың бірі биыл Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазин атамыздың аты берілді. Соған орай көптеген іс-шаралар,конференциялар ұйымдастырылды.

Ол Қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосты соның бірі. Ғарыш саласында жүрген Талғат Мұсабаев пен Тоқтар Әубәкіров қатысқан Халықаралық ғарыш станциясының құрылысына қатысып мол үлесін қосқан.

Ал Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде математик, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, қазақстандағы сәулеленудің тасымалдау теориясы ғылыми мектебінің негізін салушы Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы дәрісхана ашылды.

Ол қазақ ғылымын көкке көтерді. Шетелдік ғалымдар оны әлем саңлағы деп мойындаған. Жапонияда оны үлкен ғылыми істер бастамасы деп атаса, Франция елі мәңгі ізденісте жүретін тыңбай еңбек ететін тұлға деп сипаттаған. Әрине бұл қазақ елі үшін мақтан  тұтарлық жайт.

Бүгінде біз ғарыштық жетістіктер арқылы ауа райын болжау сияқты мүмкіндіктерге жетіп отырмыз. Ал оның бәрін дамытып, бүгінге жеткізген әрине, қолданбалы математика ғылымының негізін салған, Ғарыш институтын ашқан – Өмірзақ Сұлтанғазин.

Оның жары Райхан Ғайниқызы: «Ол өте ізденімпаз, оқуды жалықпайтын үздік болды. Жастайынан зерек, оқуға ынталы өскен ол 50 жасында ағылшын тілін меңгеріп, шетелде отандық ғылымның деңгейін көтерді. Оқытушылық, ұстаздық жолында да үлгі аларлық ісі көп. Ешқашан қағазға қарап дәріс оқуды білмейтін ол еш қиындықтан қорықпады. Төзімді болды. Міне, нәтижесі жеміс беріп отыр деді.

Қорытындылай келе әр елдің туған жері,мысыр шаһары болса сол сияқты оның атағын шығаратын өшпес тұлғалары болады.Ал ол тұлғаның өшпеуіне кепіл бере алатын біз сияқты жастардың қатары.Таланттарымыздың өшпес мол мұрасын келер ұрпаққа жеткізу біздің қолымызда.Сондықтанда мен оларды мақтан етемін.