«Жұлдызы жанған жан»


Нурекина Камшат Болатовна
«Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесі 1 мдт-24 тобының студенті
Жетекші: Ергазина Баглан Кабдолловна «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»  пәндері оқытушысы

Жоспары:

1.Камшат Дөненбаеваның өміріне шолу

2.Қазақ елі үшін алатын ерекше орны

Кәмшат Байғазықызы 1943 жылы Қостанай облысы  Ұзынкөл ауданы Ленин совхозынды дүниеге келген. Еңбек жолын Ұзынкөл элеваторында жұмыс істеуден бастаған.1961 жылдан Қостанай облысы, Боровской ауданы Харковский совхозында механизатор болып жұмыс істеген.1961жылдан бастап Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы Каменьск-Уралский кеңшарында механизаторлар дайындайтын курсты Қостанай ауыл шаршуашылық техникумын сырттай бітірген. Атақты механизатор, Социалистік Еңбек ері атанған тың игеруші Кәмшат Дөненбаева 80 жасында өмірден озды. Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева— ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосқан белгілі механизатор.1972 жылы қайырмасыз соқамен жер жыртуда әйел механизаторлар арасында өткізілген облыстық жарыста бірінші орынға, республикалық жарыста үшінші орынға, 1973 жылы Ростов облысындағы Зерноградта бүкілодақтық жарыста жүлделі орынға ие болған.1980-1985 жылдары КСРО Жоғарығы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1976 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Екі рет Ленин орденімен, құрмет белгісі орденімен марапатталған.

Қазақ әйелдерінің ішінде ең алғаш троктарға отырған әйел.Өзінің батырлығымен ерлігімен танымал болды. Қазақ халқына сіңірген еңбегі мол.Осы кісінін арқасында қазақ халқы аштық көрмеді деп ойлаймын.Әйел адамға таңертеннен-кешке дейін трактор айдау оңай емес сондада Кәмшат апамыз еңбек етіп,қиындығына төзіп  өз ісін адал орындай білді. Өкінішке орай  осыдан 1 жыл бұрын апамыз дүниеден озды. Қазіргі тандағы жастар бұл кісі туралы толық біле қоймайды.Менің ойымша  әліде жұмыстар жүргізу керек. Жақында Қостанай қаласынында Өмірзақов  атындағы филормонияда Кәмшат апамызды еске алу кеші болды. Сол кешке мен өзімде қатысқан болатынмын. Еске алу кешінен өте мол  әсер алдым. Еске алу кешіне  қарт кісілерде жастарда қатысты.Жастарға бұл кеш арқылы қазақтың атақты тұлғасы-Кәмшат Дөненбаева туралы тереңірек танысты деп ойлаймын. Жиынға Кәмшат Байғазықызының ұлы мен жеңгесі,көзі көрген замандастары келді. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты,еңбек ерінін қасиеттерін еске алып,айтып кетті. Қостанайда даңқты механизатор, социалистік еңбек ері Кәмшат Дөненбаева туралы кітаптың және әндердің тұсауы кесілді. Ол кісіні ғасырда бір туатын тұлғалардың бірі деп есептеймін. «Таулардың биіктігі алыстаған сайын білінеді» деген қазақта әдемі сөз бар. Осы сөз апамызға арналып айтылғандай. Кәмшат Байғазықызының есімі ешқашан ұмытылмайды», -деді облыс басшысы Архимед Муханбетов көктемде Қостанай қаласында Кәмшат Дөненбаева атындағы саябақ ашылатынын айтты. Қазіргі уақытта атақты механизатордың бюсті жасалып жатыр. Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов «Кәмшат» кітабының авторларына алғысын білдірді.«Кәмшат» кітабы авторларының бірі — белгілі журналист Қыдырбек Қиысхан. Оның сөзінше, кітапта Кәмшат Байғазықызы туралы естеліктер топтастырылған. Әйгілі болғандай, Кәмшат Дөненбаеваның есімі туған өлкесі – Меңдіқара ауданындағы Боровской кәсіптік-техникалық колледжіне де беріледі. Депутаттар шешімімен қуатталған ұсыныс үкіметке жолданады.  Сондай-ақ, облыс орталығында іргесі қаланып жатқан Юбилейный шағын ауданында Еңбек Ерінің атындағы саябақ пайда болмақ. Саябақ ішіне даңқты жерлесіміздің ескерткіші де орнатылады.Қостанай қаласында КЖБИ ауданында Кәмшат апамыздын суреті бейнеленген. Ал жақында қаламызда үлкен көшенің біріне апамыздың атын берді. Олда бір елеуліістердің бірі болмақ. Менің есімімді әжем Кәмшат деп қойған. Мені осы кісіге ұқсап батыл,еңбекшіл болсын деп қойған деп ойлаймын. Мен осы кісінің есімін алып жүргеніме қуанамын.Осы кісі сияқты қазақ еліне өз үлесімді қосамын деген ойдамын.Мен өзімнің шығармамды мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Батылды да,көрікті,

Қазақтың бір қызы бар!

Мейірімді де,көнілді,

Кәмшат деген аты бар.

Ұлтымыздың мақтанышы,

Жүрегі кең,осы жолы айтайыншы,

Мына өлең жолын мен

Қызымыз бұл енбекқор,

Байсалды ана,қамқорлы да,айбарлы,

Асылды дана, оған алғыс айтамыз!

Кәмшат деген қызымызға.