Оқушыларға патриоттық тәрбие беру


Базарбаева Илья Ермагамбетовна

Жамбыл облысы, Қордай  ауданы,  Отар ауылы №41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Туған жер! Отан! Қазақстан! Осы сөздерде қаншама мағына жатыр десеңізші! Осы орайда рухани жаңғыру аясындағы “Туған жер” бағдарламасы  ұстаздар қауымына тікелей тиесілі деген ойдамын. Өйткені біз болашақты, келешекті тәрбиелейміз. Бағбан ағаш егіп, табиғатты гүлдентсе, біз білім нәрін егіп ел ертеңін тәуелсіз ұрпақты тәрбиелеу біздің еншімізде. Қазіргі таңда, заман талабына сай бәсекеге қабілеттілік туралы жиі айтатын болдық. Бұл ұғымды жиі пайдаланатынымыз сонша кейде әмбебабтық сипат та беріп жатамыз.

Нақты айтсам бәсекеге қабілеттілік – қоғамның қозғаушы күші. Оның өміршеңдігі алдымыздағы шәкірттерімізді рухани жаңғыру аясында сөйлеу әрекеттері айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым тәрізді тілдік дағдыларды дамытудан көрініс табады. Мәceлeн, oқылым дaғдыcын aлcaқ,  oқушылaрымыз  әрiп  тaнығaнымeн зeйiн қoйып oқуғa, oқығaнын зeрдeciнe құйып өзгeгe түciндiрiп бeругe шoрқaқ.

Сондай – ақ, рухани жаңғыру тілді жаңғыртудан басталады демекші, латын әліпбиіне көшуге де қадам жасап қана қоймай, қолдап отырмыз. Яғни,  сол көрсеткіштер арқылы алдағы келешекке деген сенім оянады. Бәсекеге қабілеттілік ол жеке адам, ұлт, қоғам. Елбасымыз “Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру” атты мақаласында: “Болашақтың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекеге қабілеттілігімен айқындалады”. Сондықтан әрбір адам қазақстандық, ұлтқа тән қасиеттерге лайық болуы керек. Мысалы, компютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу сияқты  факторлар әркімнің  алға сөзсіз қажетті  алғышарттардың санатында” – деп атап көрсеткен болатын. Аталған факторлар ұлттың бәсекеге қабілеттілігін  қалыптастыру мен дамытуға әсер ететіні сөзсіз.

Олай болса Жолдауда айтылған адами капиталымызды  алға тарта отырып, ана тілін қадірлейтін  шәкіртті  тәрбиелеу міндетіміз. Отанын сүюді дамыту тетіктері оның тілі, ұлттық рух, рухани жаңғыру, діні, мәдениеті, өнері десем артық айтқаным емес. Ұлттық рух қандай деңгейде болса, бәсекеге қабілеттілік дәл осындай деңгейде. Сондықтан өткеніміз арқылы елі үшін жанын беретін тұлға тәрбиелейміз. Иә, мақсат заман көшінен қалмау.

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған білім аясында терең білім  беріп қана қоймай, рухани жаңғыруларын қадағалауда ұстағанымыз жөн.     Білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан тың реформалардың іске асырылуына тамшыдай үлесімді қосу менің мерейлі мақсатым деп білемін. Қазіргі таңда  ой – санам рухани жаңғырып, заман талабына сай жаңаша оқыту мазмұнына бет бұрыс жасаудамын. “Мұғалім ісі сырттай қарағанда қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы  істің бірі” деп ұлы педагог К.Ушинскийдің  айтқан ұлағатты сөздерінің мағынасы мұғалім өшпес, өлмес ғажап  ісі  асқан шеберлік пен болаттықты   берік ұстанымына айналдыру керектігі деп ұғындым. Қазіргі таңда кез-келген ұстаздың көкейінде шәкіртін рухани жаңғыру аясында тәрбиелеуді жолға қойып, нәтижесі қалай болар екен деген ой мазалары сөзсіз. Осы мақсатта адамгершілік, елжандылық қасиеттерді сыныптағы ахуалдан басауды назарда ұстанамын. Иә, шәкірттерім ішкі жан – дүниелерін түгендеп, Отанды сүюдің бастауы отбасынан басталатынын түсіне бастады. Өзіміздің жергілікті жеріміздегі мәдениет ошақтарына саяхат жасап, ескерткіштердің тарихына шолу жасап пайымдау жасағандары ішкі жан-дүниелеріне өзгеріс әкеледі деген сенімдемі.

Менің пайымдауымша мұғалім заман талабына бейімделіп,  өзіне  сыни тұрғыдан қарай білуге, шапшаң ойлауға тырысатын, жаңалыққа құмар роліне енсе, оқушы  шығармашыл тұлға ретінде дараланып, дамуы үшін қолайлы білім кеңістігі жасалды. Міне, осы тұрғыда оқу мақсаттарын қоя отырып, әр сабағымда білімді болуымен қатар ізгілікті, игілікті іске ат салысуларын бақылап жүрмін.

Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Бұл үш қасиет мұғалімге жол көрсетіп,  сапалы білім беруіне   себеп болады.

ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан да жас ұрпаққа, жас буынға білім беру жолында жаңаша өзгерістер қажет. Жеке тұлға, яғни дарынды,шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы.

Елбасымыз Н.Назарбаев: «Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген. Міне, осы қағидатты  жадымда сақтай отырып, мәңгілік елдің баянды болуы  үшін алдымен рухани жаңғыруды тіліміздің көкжиегін кеңейте түсейік деген  түйінге келдім. Өйткені рухани жаңғыруды өзімізден бастап, сыни көзбен қарай алсақ, ой-санамыз жаңғырып, кемел келешекке қадам басарымыз сөзсіз.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.     «Мәдени  мұра» Алматы, 2011 ж.

2.     Білімді ел газеті  2013 ж.

3.      «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналдары 2010-2011ж.

4.      “Қостанай таңы” газеті 2013 ж №5

5.     Н. Керімбаев «Қазақ әдебиеті мұғалімдерінің білімін және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жолдары» Алматы – 2011 ж.

6.     К. Бектұров – Қазақ тілі. Алматы «Атамұра» – 2012 ж.

7.      «Сен білесің бе?» атты тарихи-этнографиялық кітаптар топтамасы. 2013 ж.