Рухани жаңғыру – ел тірегі


Алиманова Айгуль Мухаметкуловна

Жамбыл облысы, Қордай  ауданы,  Отар ауылы №41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебі  бастауыш сынып мұғалімі    

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – тұтас ұлтқа бағыт алған бағдарлама. Елдің еңсесін биіктеткен   маңызды құжатты құрметпен қабылдаған біздің   ұжым да рухани жаңғыру үстінде. «Бір күнін ойлаған адам бидай егеді, он жылын ой­лаған адам ағаш егеді.100 жылын ойлаған адам ұрпақ тәр­бие­лейді» деп Елбасымыз Н.Назарбаев атап өткендей  рухани жаңғыруды  жас ұрпақтың бойына  бүгіннен  бастап  сіңіру – бо­ла­шаққа үлкен қадам екені баршамызға мәлім.

“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” шеңберінде  тәлім-тәрбие туған жер топырағынан нәр алып, тал бойына  “адамгершілік” атты қасиетті сіңіретінін тағы бір дәріптеудің мүмкіндігі туып отыр. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі ретінде мен де өз үлесімді қосып келемін.

Туған жер! Отан! Қазақстан! Осы сөздерде қаншама мағына жатыр десеңізші! Осы орайда рухани жаңғыру аясында  тілді жаңғырту, тілдің көкжиегін кеңейтуде атқаратын жұмысымыз жетерлік. Латын тілін үйрену де рухани жаңғыруымыздың бастауы. Ендеше, осы сәтте, балалардың ішкі жан-дүниесінің рухани жаңғыруына да көңіл бөлген жөн. Міне,  рухани жаңғырудың жарқын жолындағы  осындай  игі қадамдар  әрбір баланың бойында туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні кәміл.  Олай болса, алғашқы нәтижемізге қуана отырып, еңбегімізді еселей  берейік!