Ашық сабақ “Жаздың кезі көңілді”


Екібастұз қаласы білім бөлімнің №7 «Ботақан» бөбектер бақшасы

Альменова Дария Сагыновна  

Тәрбиеші  2-санаты

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Жаздың кезі көңілді.

Мақсаты: «Жаздың кезі көңілді» тақырыбына шығармашылық әңгіме құрастыру; сөздік қорларын толықтыру; табиғатты сүюге, қорғауга тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ұнтаспа, суреттер, атрибуттар, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: жасыл түс көп еді – жаз мезгіліндегі ағаштардың жапырақтарының, шөптердің көптігін білдіреді.

Қос тілдік компонент: көл-озера, бекет- станция, саяхат – путешествие.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап

Балалар шеңберге тұрып шаттық шеңбер жасайды

Біз әдепті баламыз

Айтқан тілді аламыз

Алды менен қонақпен

Амандасып аламыз.

Жарайсындар, балалар біз қазір саяхатқа шығамыз.

– Саяхатқа немен шығамыз,қандай көлік түрлерін білесіңдер?(Ұшақ, тік ұшақ,пойыз,кеме,қайық автобус)

–  Ендеше,  балалар біз  саяхатқа пойызбен шығамыз.

–  Ол үшін пойыздың паровозын жүргізетін машинис тағайындауымыз керек.

–  Кәне, сендердің араларыңда кімнің бойы ұзын? (Бойы ұзын бала машинистің орнына отырады)

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Кәне, кімнің бойы ұзын,

Паровозы пойыздың.

Үнтаспадан пойыздың дыбысы мен жүрісі естіледі.

-Балалар, біз жолда қарап отырмай, терезеден көргенімізді айта отырайық.

– Қарандаршы, табиғат қандай сұлу болып құлпырып кеткен.

– Қазір қандай мезгіл? (жаз мезгілі)

– Ендеше, «жаз» сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

– Ж – дауыссыз;

– А –  дауысты;

– З –  дауыссыз.

– Өте жақсы, балалар.

– Балалар, біздің пойыз ауылдың шетіндегі бекетке келіп тоқтады.

Балаларға көмек ретінде жаз мезгіліндегі ауыл бейнесінің суреті ілінеді.

-Кәне, не көріп тұрмыз? (Ауыл)

Балалар ауыл сөзіне дыбыстық талдау жасайықшы.

  • А –дауысты
  • У – дауыссыз
  • Ы – дауысты
  • Л – дауыссыз. Жарайсыңдар, балалар.

Пойыздың үні естіліп, балалар келесі бекетке келіп тоқтайды.

Бекет  «Көл жағасында» деп аталады.

– Осы тақырыпқа байланысты әңгіме құрауларыңды сұраймын.

Балалар көз алдарына елестетіндерші, Балалар суға шомылып жүр.

Олар өте көңілді. Бірнеше бала жағада доп ойнап жүр.

Олар жеңіл киініп алған.

  • Балалар, «көл» сөзіне талдау жасайық.
  • К – дауыссыз
  • Ө – дауысты
  • Л – дауыссыз,

Пойыздың  дыбысы мен жүрісі естіліп, балалар саяхатын жалғастырыды.

Бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Көл жағалай көп құстар

Ұшып-қонып жатады.

Қиқуланып әр тұстан

Сызылтып үн қатады.

Дөңгеленіп төбеден

Сәулесін күн төгеді.

Жарқын жаздың не деген

Жасыл түсі көп еді.

 

Сөздік жұмысы

Жасыл түс көп еді – жаз мезгіліндегі ағаштардың жапырақтарының,

шөптердің көптігін білдіреді.

 

Үнтаспадан пойыздың дауысы естіліп,құстардын дауысы қосылады да

балалар біз орманның ортасыннан өтіп барамыз.

Балалардан құстарды дауысынан танып, атауларын сұрайды.

  • Тоқ –тоқ, тоқ-тоқ. (Тоқылдақ)
  • Ку –ку, ку –ку (көкек)
  • Қарға –қарға. ( Қарға)

 

– Орман сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

– О –дауысты

– р – дауыссыз

– м –дауыссыз

– а – дауысты

– н –дауыссыз

 

Қос тілдік компонент: көл-озера, бекет- станция, саяхат – путешествие.

 

  • Балалар, саяхатымыз ұнады ма?

Ал енді тобымызға оралып, дәптерімізді ашайық.

 

Дидактикалық ойын: «Орнын тап!»

Ойын шарты: дала құстары мен үй құстарын бөліп,

әрқайсысын өз орындарына орналастыру.

 

Дәптермен жұмыс: тапсырма бойынша дала құстары орманға,

үй құстарын аулаға орналастыру қажет.

 

Қорытынды:

Саяхат кезіндегі балалар әрекетіне қысқаша талдау.

бағалап, мадақтау.

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: дыбыстық талдау жасап, шығармашылық әңгіме құрауды.

Түсінеді: Саяхатқа шыққан көңілді екенін.

Қолданады: Ойын арқылы дала құстары мен үй құстарын ажырата алу дағдыларын.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *