Ашық сабақ “Біздің табиғаттағы достарымыз”


Екібастұз қаласы білім бөлімнің №7 «Ботақан» бөбектер бақшасы

Тәрбиеші

Жумабекова Карлыгаш Толегеновна

Біздің табиғаттағы достарымыз

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Экология негіздері.

Тақырыбы: Табиғаттағы маусымдық құбылыстар.

Мақсаты: 1. Әр жыл мезгіліне тең табиғат құбылыстарының еркешеліктерімен таныстыру. 2. Табиғат құбылыстарының адамның физикалық және эмоциялық күйіне әсері туралы білімдерін дамыту. 3.Табиғат құбылыстарының сырын білуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс-тәсілі: ой  қозғау,әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Қолданылатын көрнекі, құралдары мен жабдықтар: табиғат құбылысын бейнелейтін суреттер, жыл мезгілінің суреті, Уақыт періштесінің киімі, Күннің бейнесі, жаңбыр, найзағай, боранның дауысы жазылған аудиожазбалар, жұмыс дәптері.

Билингвальді компонент: сұр бұлт-серая туча, боран-метель, дауыл-ураган, буря, бұршақ-град.

Мотивациялық қозғаушы -Сәлем сөздің анасы, адамгершіліктің,әдептіліктің баспалдағы. Ал балалар алдымен бір-бірімізмен сәлемдесіп,жақсы лебіздерімізді білдірейікші.

“Қайырлы күн!”

“Әрқашан күн сөнбесін.”

“Деніміз сау болсын.”

“Бәріміз дос болайық”

“Тату болайық.

Шаттық шеңбері:

Табиғат – біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Іздену- ұйымдастыруы

Уақыт періштесі костюмін киген тәрбиеші кіреді:

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Уақыт атты періштемін. Менің сиқырлы таяқшам бар, оның көмегімен барлық жыл мезгілдеріне саяхат жасауға болады.

Балалар оның сиқырлы таяқшасын тамашалайды.

-Балалар, қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?  -Күз, қыс, көктем, жаз

-Ал сендерге қандай жыл мезгілі ұнайды? Неліктен?

Балалар қандай жыл мезгілі ұнайтынын, неліктен ұнайтынын айтады.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Төгіліп жерге ақ моншақ,

Ғайып болды сол шақта-ақ.  ( бұршақ )

Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті. ( найзағай )

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. ( күн )

Қанаты жоқ, ұшады,

Аяғы жоқ, желеді,

Ауызы жоқ, ұлиды. (жел)

Арыстан ақырады,

Орман жаңғырады. ( найзағай )

Билингвальді компонент: сұр бұлт-серая туча, боран-метель, дауыл-ураган, буря, бұршақ-град.

-Жыл мезгілдері бір-бірінен қалай ерекшеленеді?  -Жыл мезгілінде ауа райы әртүрлі болады.

-Сендер менімен бірге саяхатқа барғыларын келе ме? Әр жыл мезгілінде қандай құбылыстар болатынын байқап көрейік. Бізге менің сиқырлы таяқшалар көмектеседі. Бір, екі, үш, бізді күзге алып ұш!

Сергіту сәті.

Жаңбыр жауды – тырс²,

Боран соқты – гу²,

Жел тұрды – ыли²,

Найзағай ойнайды – тарс-тұрс.

Күз мезгілі, оған тән табиғат құбылыстары бейнеленген үлкен сурет ілінеді.

-Балалар, суретке қарап ауа райын сипаттап беріңдерші. –Аспанды сұр бұлт басқан, күн бұлттын артына жасырынған.

-Аспанда сұр бұлт пайда болған соң, артынан не болады? Күн салқындап, балалар жылы киінген. –Күн бұлттанған соң біз жаңбыр жауатынын білеміз.

-Міне, сендер айтқандай-ақ, жаңбыр шамшылай бастады. Жаңбыр қалай тамшылайтынын көрсетіндерші.

Жамбыр күшейіп келеді (тәрбиеші суретке жаңбыр тамшыларын салады) Жаңбырдың дауысы жазылған аудиожазбаны тыңдайды. Саусақ гимнастикасын орындайды. Балалар саусақтарымен партаны ақырын тырсылдата бастайды. Жаңбыр күшейген сайын,олар да саусақтарын жылдамдата түседі.

-Ненің дауысын естіп тұрсыңдар? –Жаңбырдын дауысын естіп тұрмыз.

-Жаңбыр қай мезгілдерде жауады? –Жаңбыр күзде, көктемде, жазда жауады.

-Жаздағы жаңбыр мен күзгі жаңбырдың айырмашылығы қандай? –Жаздағы жаңбыр жылы, ал күзгі жаңбыр суық болады.

-Күзде тағы қандай құбылыстарды байқадыңдар? –Жел соғады.

Жай соққан желдің дауысын аудиожазбасын тыңдайды.

-Балалар, жел жай соғып тұр. Өсімдіктер қалай тербелейтінін көсетіндерші.

Балалр жәймен тербеле бастайды. Желдің дауысы күшейе бастайды. Балалар тербелістері жылдамдата бастайды.

-Балалар, желдің дауысы күшейіп келе жатыр. Бұл қай мезгілдің жақындап келе жатқанын білдіреді? –Күш суытып, жел күшейіп, қыс мезгілі жақындап келеді.

Уақыт періштесі сиқырлы таяғын көтеріп:

-Олай болса, балалар, қыс мезгілін қарсы алуға аттанайық.

Қыс көрінісінің суреті ілінеді.

-Балалар, қыста қандай құбылыстар болады? – Қар жауады, қатты боран соғады, аяз болады, мұз қатады.

Тәрбиеші плакаттағы суретке мақтамен жауып жатқан қарды бейнелеп көрсетеді.

-Ал қардың қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме? –Қар мол жауса, көктемде еріп, топыраққа сіңеді. Ылғал көп болса, өсімдік жақсы өседі.

«Гүл  теру»  ойынын ойнайды.

-Балалар,  мына  жерде   гүлдер  тұр.  Ал  ендер  гүлді  ала  отрып, сұрақтарға  жауап  бересіңдер.

Сұрақтар:

-Жыл  мезгілдерін  ата?

-Қардың түсі қандай?

-Бүгінгі  ауа  райы  қандай?

-Қыс  мезгілінің  ерекшеліктерін  ата?

-Күзде қандай құбылыстар болады?

-Жарайсыңдар балалар!

-Қыста аяз үрлеген кезде не болады? –Аяз үрлегенде ақ түтек боран болады.

-Ал тұман дегеннің не екенін білесіңдер ме? –Тұман кезінде ештеңе көрінбейді.

-Біз суықтан қорықпаймыз. Жақсы шыныққанбыз. Кәне, қолымыз тоңып кетті, жылытамыз.

Қолдарын уқалап, үрлеп жылытады.

-Қыс қанша ашуланса да, мықты болса да, оның ашуын жұмсартатын қай мезгіл? –Көктем мезгілі.

-Онда, дайындалыңдар! Бір, екі, үш, бізді көктемге алып ұш!

Көктем мезгілінің суреті ілінеді.

-Балалар, біздің жарқыраған күн қарсы алды. (Күннің костюмін киген қыз қарсы алады) Ал сендер өздерінді күнбағыстың дәнімін деп ойландар.

Балалар жүрелеи отырады.

-Күн сәулесі жерді жылытып, дәннен кішкентай көшет өсіп шықты. Жылы жаңбыр жауып, суға қанған көшет Күнге қарай ұмтылды, бойы өсіп, гүлге айналды.

Жаңбыр жауғанын бенелейді. Ақырын орындарынан көтеріле бастайды. Қолдарын жоғары Күнге қарай созады.

Көктемдегі жаңбырдың дауысын аудиожазбадан тыңдайды. Бір кезде күннің күркірегені естіліп, найзағай шатырлайды.

-Балалар, ненің дауысын естіп тұрсыңдар? –Күн күркіреп, найзғай шатыр-шұтыр етті.

Ал  енді   бір  сәт  тыныштық  сәтін  ұйымдастырайық.

Балалар  көздерін  жұмып, терең  тыныс  алады. Жасыл  желек  жамылған  шөптерді, бүршік  атқан  ағаштарды,  сайраған  құстарды,  гүлге  қонған  көбелектерді  көз  алдарыңа  елестетіңдер. Гүлдің   иісі  қандай  әдемі! Балалар ендеше бәйшешектің  иісін  иіскеп,терең  тыныс  алайық.

-Балалар, жаз мезгіліне саяхаттайтын уақыт та келіп қалған сияқты. Бір, екі, үш, бізді жазға алып ұш!

Жаз көрінісінің суреті ілінеді.

-Жазда қандай табиғат құбыластарын байқадыңдар? –Жазда күн ысиды. Жел көп болмайды. Жаңбыр қатты жауады. Күн күркірейді, найзағай жарқылдайды.

-Қатты жауатын жаңбырды нөсер жаңбыр деп атайды. Ал нөсер жаңбырдың арты бұршаққа айналғанын көрдіңдер ме?

Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізіледі.Балалар тапсырмаларды орындайды.

-Сонымен, балалар, қандай табиғат құбылыстарымен таныстыңдар? –Жаңбыр, қар, жел, боран, нөсер жаңбыр, найзағай, тұман.

-Осы табиғат құбылыстарының ішінде қажетсізі бар ма?

Балалардың жауаптары тыңдалады. Егер қандай да бір құбылысты қажетсіз деген жағдайда, педагогтің көмегімен оның қажеттігі дәлелденеді.

-Балалар, бізді саяхатқа шақырған Уақыт періштемен қоштасып, шығарып салайық.

Балалар Уақыт періштемен қоштасады.

Оқу іс-әрекеттен күтілетін нәтиже

Баланың білуі: Күз мезгілі, оған тән табиғат құбылыстары бейнеленген суретпен жұмыс істейді.

Баланың меңгеруі: Табиғат құбылыстарының атауын; әр мезгілге қандай құбылыстардың тән екенін;

Баланың жасай алуы: Жыл мезгілдерінің атауын, оған тән ерекшеліктерді.

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *