«Ғажайып түс»


Канаева Балнур Қуанышевна
Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті  мамандығының 2курс студенті
Жетекші: Утегенова Набира Ақылбековна

                                                                  Таң.

Күн шығыстан енді шығып келе жатқан кез еді.

Күнде атасы мен әжесінің қойынында ертегі тыңдап жататын ерке бала, бүгін өзінің ержеткенің көрсетіп бөлек жатты. Түні бойы әр нәрсені армандап , қиял әлеміне ерік берді. Тылсым дүние сырына қанық болуы үшін арман қанатына  шарықтап, көкке құлаш ұрды. Өзі бұрын-сонды көрмеген  ғажайып бір әлемді шарлап жүр.

Бейтаныс көшемен жүріп келеді.. Кенет аспаннан алай-дүлей дауыл  соғып, найзағай шатырлап бүкіл жер шарын қараңғылық басты.  Қаптаған халық. Саналарын қорқыныш билеп алған. Бір сәт  күмбірлеген домбыра үні сарнап қоя берді. Қалың көпшілікті қақ жарып жүзінен нұры тамған , көзінен  жылылық тарайтындай бір кісі келе жатыр. Ол кісі жүрген сайын аспаннан бір жарық пайда болып, айнала жарқырап қоя бергендей еді. Айналада көгершіндер айнала ұшып, жан-жақта аспанмен таласқан биік ғимараттар бас көтерді. Ел аң-таң болып, көңілдеріндегі үрейді  ұмытып, езулерінен күлкінін ізін оңай-ақ байқауға болады. Барлығы алақандарын ұрып, айқайлап  жатқан сәтте , -таң атты.

-Тұра ғой балам –  деп маңдайынан сүйген әжесінің даусына оянған Арман , тез-тез тұрып, шала-мала жуынып дастарханға жайғасты. «Шайынды тезірек іш, қазір шөпке барамыз» -деді де атасы орнынан тұрып қораға қарай беттеді. Арман көрген түсін ойлап біраз отырып қалыпты. Кенет әжесінің – Арман тұрсаншы, атан кеткелі жатыр, қалып қоясын деген сөзінен селк етіп, алдындағы қара шәйін бір-ақ жұта салды.

Атасы екеуі атты ерлеп, керек-жарағын арба үстіне салып,  алып жүріп кетті. Күнде аузы-аузына жұқпай сөйлейтін немересінін үнсіздігіне атасы таңырқап келеді. Оған тіпті жолдың  қисықтығыда, ескі арбаның доңғалағының сықыры да  әсер етпейтін  қалың ойдың құшағында келеді. Атасы да үн қатпады. Біраз жерге келгенде бағанағы тыныштықты Арманнын өзі бұзды. Бүгінгі көрген түсін жіпке тізгеней қып атасына айтып берді.

-Е-е-е менің  баламды не мазалады десем , жәй ғана түс екен ғой. Түс-түлкінің тезегі, шырағым. Сондықтан оған бола бас қатырма.

-Жоқ ата, бұл менің өңімде болғандай. Әлгі кісі кім болды екен, мүмкін бір әулие шығар.

-Қарағым, сенің көрген түсін сонау Ақтабан шұбырынды Алакөл сұламадан бастау алатын, ең алғаш болып бас көтерген Керей хан мен Жәнібек сұлтандар заманынан бергі  550жылдық тарихы қойнауда жатқан Алаш атты елді көргенсін. Одан қала берді 45-те немістердің табаны қайта тиместей етіп  қуып шыққан, Бауыржан мен Рақымжандай ерлері бар елді көргенсіңғой, құлыным. Аспанды қара бұлттың қаптағаны  86-да ел басына қайдан шыққаны белгісіз Колбин деген орысты әкелгені. Найзағайдың сатырлағаны жастардың  егемендік үшін жан алысып, жан беріскендігі. Елдің отар болмауы үшін өз бастарын қатерге тіккен  , еліміздің  еркіндігі жолында жанын пида еткен іні-қарындастарымыздың жай отындай жарқылдап  жоқ болғанын ,бірақ та өшпес ізін қалдырғандығын , 91-де  күншығыстан арайлап атқан, дербестікті, Тәуелсіздік атты елді көргенсін. Ал, бейбітшіліктің құсы көгершіндердің еркін самғағаны, өзің айтқан жүзінен нұр төгілген жан, қазіргі Қазақстан атты еліміздің басшысы,  Нұрсұлтандай көреген патшамыз. Айналайын балам, сенің көрген түсін еліміздің қиын кездерді басынан кешірседе еңсесін тіктеп, бүкіл әлем танитын ел  болат, басқа елдер Қазақстан десе орнынан тік тұрып құрмет көрсететін болады  дегенге келетіндей керемет түс екен.

-Ата, маған әжем айтушы еді таңда көрген түс орындалады, – деп. Мен қандай керемет елде туғанмын. Мен өз Отанымды мақтан тұтамын. Болашақта менде елбасымыз сияқты боламын, елімнің дамуына үлес  қосамын.

-Жарайсың балам,-деп немересінің  маңдайынан құшарлана сүйді. Арманның да көңілі жайланып,болашағына нық сеніммен , қуанышты күйде арбадан секіріп түсіп , шөп шабуға кірісіп кетті.