Қыс қызығы, Туған жердің таланттары


Аманжолова Нұрдана Абзалқызы, Жұмағалиева Ақбаян Ақанқызы, Қадырханова Ажар Жақсылыққызы, Мажит Райгүл Райполлақызы, Мустафина Диляра Мухтаровна, Омарова Аружан Тулегенқызы, Сисенгалиева Бекзада Сәрсенғалиқызы, Ақдаулетова Айымгүль Орынбекқызы
Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері
Жетекшілер: Утегенова Набира Акылбековна, Иштаева Фарида Қуанышкалиевна, 

    

GDE Ошибка: Запрашиваемая ссылка недействительна
GDE Ошибка: Запрашиваемая ссылка недействительна

 

Шығарма

«Тәңірдің  сыйы-Тәуелсіздік»

Біз  тәуелсіздікті  ақылмен,ата-баба

жолымен  алдық  деп  ойлаймын.

Н.Ә.Назарбаев

Тәуелсіздік-бізге  берілген Тәңірдің  сыйы.Тәуелсіздік-ата-бабаларымыздың  біге  аманат  еткен  мұрасы,ұрпақтың  қолы  жеткен  тарихи  кезеңі.

Еліміз  тәуелсіздікке  жету  жолында  көптеген қиын  кезеңдерді  бастан  өткерді,талай  кезеңдерді   кешірді.Бірақ  соған  қарамастан  еліміз  бұл  қиындықтан  аянбай  күресіп,тайсалмай  өтіп,жеңіске  жетті.

Міне, биыл еркіндігін еншілеп, егемендік  тізгінін  қолына  алған  мемлекетіміздің тәуелсіздік  туын  көгінде  желбіреткеніне  де  27 жыл  толып  отыр! Тарих  үшін қас-қағым  бұл сәт, жұмыр  басты  пендеге  әжептеуір  уақыт. Кейбіреулер  үшін  бұл  уақыт  аз  да  болар,алайда  біздің  Қазақстанымыз,біздің  еліміз  осы  аз  ғана  уақыт  ішінде  биік-биік  белестерді  бағындырып,талай  қиындықтарды  өткізіп,жеңістерге  жеткені  біге  анық,күні-бүгінге  дейін бұл  болып  жатқан  оқиғалардың  бәрінде  өз  көзімізбен  көріп,куә  болдық.

Тереңнен  ойлап, тебірене  толғансақ- халқымыздың  барша тарихы  осы  Тәуелсіздік үшін, халқымыздың  бостандығы  үшін  күреспен  өтті.

Мың  өліп, мың  тірілген  қазақ елі  қилы- қилы  тағдыр  тауқыметін  көрсе де, ұлт  ретінде тарих  сахнасында  ойып  орын  алып,өзінің  абыройын  сақтай  білді.. Халқымыздың батылдығы  мен  табандылығы  арқасында  бүгінде  еркіндіктің  рахатына  бөленудеміз.

Тәуелсіздік – Қазақ  үшін  ғажап  құт.
Ғажап  құтқа  жүрмейді  енді  мазақ  түк.
Бөрі  мінез  бабалардың  арманы-
Айналайын, алтын  қанат-Азаттық!- деп, ел  тәуелсіздігіне  өшпестей  ерлік  істерімен  өз үлесін  қосып  кеткен  Қайрат,Ербол  ағаларымыздың,Ләззат,Сабира әпкелеріміздің  ел  үшін  істеген  істерін еске  түсірсек, қазақ  халқы  ұлт  болып  ұйығалы  бері  тап бүгінгідей  біртұтас, қуатты  мемлекет  құрып, өз  тағдырын  өзі  шешуге  мүмкіндігі болған  емес. Қазіргі  күнде  мемлекетіміздің  дүние  жүзіндегі ең  ірі  мемлекеттермен терезесі  тең. Ешкімге  жалтақтап  жатқанымыз жоқ.Осынау  жылдар  ішінде  елімізді бүкіл  дүние  жүзіне  танытқан  көптеген  игі  істер,шаралар атқарылуда.  Қазақстанның  көк  аспанында  көк  туымыз  желбіреп, Қазақстан  деген елдің  бар  екенін  әлем  жұртшылығы  мойындағалы  қашан. Бүгінгі  таңда  әлем  назарын өзіне  аударып  отырған  қазақ  елінің  әр  күні  жағымды  жаңалықтарға  толы. Иә, елімізде  қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған  бейбіт  те  тыныштық  заманы  деп  айтсақ  қателеспейміз,осылай  бостандық  пен  азаттықтың  символы   болып,азат  елде  емін-еркін жүргеніміз  сонау  ғасырдағы  бізге  осы  тәуелсіздікті  қанмен,термен,аянбай  қасық  қаны  төгілгенше  күресіп,алып  берген  ата-бабаларымыздың,аға -әпкелеріміздің  арқасы,сондықтан  біз  олардың  бізге  жеткізген  мұрасын,олардың  есімдеріән  бүкіл  әлемге  мақтана  айтып,паш  етіп,мәңгі  есте  сақтауға  тиіспіз.

«Қазақстан – біртұтас,егемен  ел, біртұтас  халық  және  ортақ  келешек»- деп  Елбасымыз айтқандай, бүгінгі  таңда  еліміз  түрлі  ұлт  өкілдерімен бір  шаңырақ  астында  ынтымағы жарасқан,бірлігі  бекем  болып, терезесі  тең  болып,бір  үйдің  баласындай  тату  ғұмыр кешіп, еліміздің табыстарын  арттыруға  өз  үлестерін  қосуда.

«Ел  бірлігі – ең  асыл  қасиет» деген  қағидатты  қастер  тұтатын  Елбасымыздың: « Еліміз аман, жұртымыз  тыныш  болсын.Тәуелсіз  ел  атанып, бұрын- соңды  болмаған, өзгелермен  терезесі  мемлекет  құрдық. Дүние  жүзі  сыйлайтын  ел  атандық. Соның  бәрі – бірлігіміздің  арқасы!»-деген  дана  сөздерін  әрқашан  жадымызда  ұстасақ артықтық етпейді.

Расында да, елбасы  ел  тілегіне  құлақ  асып, бейбіт  өмір кешуіміз – бүгінгі  күннің  басты  жетістігі. Азаттықтың  арқасында  алпауыт  мемлекеттермен  иық  тіресіп, жер шарына “Қазақстан” деген  есіммен  танылдық.Дербестіктің  нәтижесінде  өзіндік  дара  да даңғыл  жолымыз  бар.   Алты  құрлыққа  атымыз  мәлім. Тәуелсіздік – тәңір  сыйы. Қазақтың  басты  байлығы  да – бостандық. Бодандықтан  босап, бәсекеге  қабілетімізді арттырдық. Бәйгеде  топ  жарып  жүрміз. Әлемнің  қақ  төрінде  әнұранымыз  шырқалды. Осыдан  асқан  бақыт  бар  ма?! Ата-бабаның  арманы  да  осы  емес  пе?! Көш жүре түзеледі. Береке  мен  бірлік  бар  жерде, кемшіліктер  де  өз  орнына  ығыса  жатар. Бүгінгінің  жастары  қиындықпен  келген  тәуелсіздіктің  туын  жоғары  көтеріп  жүруі керек. Болашақпен  бағытталып, келешекпен  кемелденетін  біз  секілді  жастар  қауымы байрақты  төмен  түсірмесі  анық. Ата-бабаның  асқақ  арманының  жолында  ұлағатты ұрпақ  өсіп  келе  жатыр.

Ел  басына  күн  туғанда  даналығымен,батырлығымен,  ел  мұңын,халықтың  қайғысын  түсіне  білген,оларды  татулыққа  шақырып,бастарын  қосқан,күресу  жолында  тапқырлығымен  де  табандылығымен  да  көрсете  білген  Абылай  хан  қазақ  халқының  күшін  тасытты,мәртебесін  көтерді.Осындай  ата-бабаларымыз,ақылды  даналарымыздың  арқасында,осы  біз  өмір  сүріп  отырған  аяулы  Отан-Қазақстан  жері  сол  бабалардың  сақтап  қалған,бізге  қалдырған  алтын  мұрасы  екені  сөзсіз.

Тәуелсіздік-халықтың  үні,бізге  берілген  баға  жетпес  сыйымыз.Тәуелсіздік-халықтың  тойы,елдің  тойы.

«Қаз  тұрып,қадам  басқан тәуелсіздік  сәби  тұсауын  кестірген  кезден  бастап,осы  27жыл  ішінде  айшылық  жерді  алты  рет  аттаған  алып  секілід,дәуір  жалынын  мығым  ұстап,тізгінін  бекем  қаға  білді»-деп,елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай,егемен  елімізді  бүкіл  әлем  таныды.Туған  Отанымыз  жер  жүзілік  қауымдастықтың  терезесі  тең  мүшесі  ретінде  демократиялық  өркениетті  даму  жолына  түсті.Біз-жасампаз  халқымыз.

«Тәуелсіздік- тәңірдің  ұрпаққа  берген  үлкен  бақыты,халқымыздың  мәңгілік құндылығы. Біз  бүгінге  дейін  барлық  жетістіктерімізге  Тәуелсіздіктің  арқасында  қол жеткіздік…

Еліңнің  ұлы  болсаң, еліңе  жаның  ашыса, азаматтық  намысың  болса, қазақтың  ұлттық жалғыз  мемлекетінің  нығайып- көркеюі  жолында  жан  теріңді  аямай  жүріп  еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

Иә,  «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»- деп ұлы ғалым Ш. Уәлиханов айтып кеткендей, еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздігіміз баянды, іргесі мәңгі берік болсын. Сүйікті Отанымыз – Азат Қазақстанды қорғау бүгінгі ұрпақтың қолында. Еліміздің «Мәңгілік Ел» болуына баршамыз ат салысайық!

 

 

  «Тәуелсіз ел тағылымы- тереңде»

Қайран елім, қара нарым өзіңсің

Тарих жүгін арқалаған төзімсің

Тәуелсіздік тұғырынан төзімсің

Шұғыла шашып қарап тұрған көзімсің

Пай-пай! Киелі неткен жер

Батырлар дүрілдеп өткен жер

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер

Сарылып сал-сері кеткен жер

Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер- деп

үлкен жүректі, ұлы сезімді, шалқар шабытты мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев жырына арқау болған біздің атамекеніміз кір жуып кіндік кескен жеріміз, талай-талай батырлар жанын қиып қорғап қалған, талай қарагөз қыздарымыз махаббат жолында құрбан болған, талай тіршілік иесі нәр алып жаралған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған тәуелсіз отаным-Қазақстан.

Тәуелсіздік-елім,жерім деген қарагөздердің қаны боздақтарымның жаны деп Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай.тәуелсіздік-бір қаламның ұшымен жазылып,барша қауымның жүрегіне арнаған, бір ауыздан айтылып, кең әлемді шарлаған өте мағыналы, ыстық  сөз.

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы. Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына жиырма жыл толып отыр. Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда қоғамда тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды.
Әр халық ана тілін дамытуына, әлемдегі бүкіл елдің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі ұжымдық құқығын жүзеге асыруына заң жүзінде мүмкіндік алды. Тіл заңнамасының түп негізі – Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы – халықаралық тіл дамытудың өлшем-үлгілеріне сәйкес келеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деуі Қазақстандағы тіл саясатының бүгіні мен болашағын айқындайды. Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Қазақстанды мекендейтін әртүрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық саясаты.
Қоғам дамуының басқа салаларымен қатар мемлекеттік тіл де тең дәрежеде дамуы қажет, өйткені ол мемлекет тәуелсіздігінің баянды болуына негіз жасайтын басты тіректердің бірі болып табылады.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы шын мәнінде, қазақтың ұлт тәуелсіздігі жолындағы ең соңғы күресі еді. Дүниені дүр сілкіндірген бұл оқиға – қазақ жастарының еркіндікке, демократиялық жүйеге ұмтылысының беташары болды. Ұлан-байтақ жерімізді ат үстінен түспей жанқиярлықпен қорғаған ата-бабалардың ерлік-өнегесін, ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген алаш жастарының қайрат-жігерін осы желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың бойынан көруге болады.
Тәуелсіздік жаршысы, желтоқсан оқиғасының батыры Қайрат Рысқұлбеков: «Еркек тоқты-құрбандық, атам десең, атыңдар!»- деп қасқая қарсы тұрып, ар-намысын сақтап қалды. Сондай батыр ерлердің арқасында Қазақстан бүгінгі таңда ата- бабамыз армандап кеткен «Тәуелсіздік» деген қасиетті ұғымға ие болып отыр.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзіндегі барлық елдерге түгел дерлік танылды. Осы тәуелсіз еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев – білімімен де, табиғат сыйлаған дарынымен де халық қалаулысы болып, бір ауыздан сайланған алғашқы Президенті. Елбасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық ұзақ мерзімді бағдарламасы – халықтың өркениетті елдер қатарына бастар ақ жолы. Осыдан он жыл бұрынғы халқына арнаған алғашқы Жолдауында: «Қазақстан 2030 жылы дамыған, өркениетті, гүлденген, жасыл желекті елге, орта Азия Барысына айналады», – деп, қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мақсат-мұратын баян еткен болатын.

Қазіргі таңда қаншама халық «тәуелсіздігім» деп зар жылап, еркіндіктерін аңсап жүр. Қадыр Мырза Әли атамыз «Бақыт берсең арнап бер, оны ұстап тұратын салмақ бер» демекші, өзге елдерге біз егеменді елміз, терезе тең, керегесі кең тәуелсіз мемлекетіміз деп жариялау оңай болғанымен, сол тәуелсіздікті сақтап қалу қиын. Тәуелсіздік бұл-біздің ата-бабалрымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің өтеуі, Жаратқан иеміздің қазақ халқының маңдайына жазған алтын қазығы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз, өзінің болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында : «әр елдің өзіндік коды бар. Сол кодты жоғалтпай сақтап қалатын ұрпақ керек демекші өзіндік менталитетін сақтап қалу барысында тәуелсіз елдің маңызы зор. Себебі қазіргі таңда біз ешбір елдің қолтыңының астында жүрмейміз. Өзіміздің жеке ұстанымымыз, тіліміз, дініміз қалыптасқан еркін елдер қатарына қосылдық. 1991жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғалы бері етек-жеңімізді жиып, шекарасын бекітіп, рухани құндылықтарымызды дамыта отырып өз алдына дербес зайырлы ел бола алдық»

Айналып жүр қазақтың кең аспанын

Ұлы ерліктің сыймас жыры қағазға – деп

Қалқаман Сарин ағамыз айтпақшы, тәуелсіздік 550 жылдан астам тарихы бар қазақ халқының киіз шежіресіне көне түркінің тасқа басқан таңбасындай боп қалатын мол мұра. Ендігі кезек Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол секілді боздақтарымыздың қанымен, шыбын жанын шүберекке түйген, патриоттарымыздың жанымен келген тәуелсіздігімізді мәңгі қастерлеу, ұлттық идеямыз мәңгілік елге айналу біздің басты парызымыз деп ойлаймын. Бірақ, біздің өзге елдермен қатар  тереземіз тең, қуатты елге айналуымыз ең бірінші- Алланың, екінші- елім, жерім деген боздақтарымыздың арқасы. Қазақ халқы үшін еркіндік пен теңдік, егемендік пен тәуелсіздік қастерлі ұғым деп ойымды аяқтаймын.

«Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат»

«Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз

бар- ол Тәуелсіз Қазақстан!»

Н.Ә.Назарбаев

 

Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз- Қазақстан!

Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалады. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе?  Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.

Тәуелсіздік – ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ-жұлдызы. Тәуелсіздік- арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

Тәуелсіздік алмаған кездерде жеріміз, еліміз аяусыз қаналып та тоналып жатқан. Кәпірлер аяусыз жеріміздің ішек- қарнын ақтарып, өкпе- бауырын құмға аунатып, жүрегін табанының астына басып тұрып қылғытқан еді. Көптеген қазақ жастары елі үшін ерліктерін аямай, қан төгісте үлкен ерлік көрсеткен. Екпініміз ерен болу үшін көп батылдық, жігерлік көрсеткен. Олар біздің аға-әпкелеріміз айбынды «Алаш», жаралы желтоқсанның құрбандары, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және тағы да басқа батыр ұл мен қыздарымыз.

Сол кездері күрес әлі алда еді. Тек сол күресте тегеурініміз әлсіз, табанымыз тайғақ болмаған. Ондағы ең үлкен күш- ол рух болатын. Рухсыз адам, рухсыз халық- бейшара адам, бейшара халық. Рухы күшті халықты ешкім де жеңе алмайды. Қолында ядролы қаруы бар Совет үкіметі де арбамен жүрген Ауғанстанды он жыл соғысып ала алмаған. Өйткені ауған халқының діні, тілі, дәстүрі берік болған еді. Сондықтан қазақ халқының рухы мықты болуы тиіс.

1991 жылы- еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 27 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұрғызу, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы- қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан- тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқарған ел. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізу әлі де жаңғырып тұрған кешегі желтоқсанның  да септігі аз болған жоқ- студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуде дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Ғұлама атамыз айтқандай «бір түннен кейін қашан болмаса да аспанға жарқырап күн шығады»». Сол кездегі СССР-дың қол астында болған талай қазақ халқы көпті көрді, бірақ, сол түннен кейін жарқырап күн шығып, біздің еліміздің өз алдына тәуелсіздік алуы әр қазақ баласының жүрегін елжіретті.  Ол күн біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді. Сәулелі жарықтай жолымызды ашып, еліміздің туын биікке самғатты. Әр адам қуанышына шек таппай, шет жаққа кеткендер өз еліне оралып, бақытты ғұмыр кешіп жатыр. Әр жылы біз тәуелсіздігіміздің мерейлі тойларын атап өтеміз. Тәуелсіздік жолы- азамат жолы. Егемен елдің азаматы- арлы, зейінді, пейілді, патриот жан. Біз бостандық алған елден күтеріміз аз емес. Біз тәуелсіздіктен ең алдымен жарқын болашақ күтеміз, кейінгі ұрпақтан ата-баба аңсаған игі мақсатының орындалуын күтеміз.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік- барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық-тың, татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі- ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуде ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.

Қазақстан- қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу- біздің буынның бақыты болуы тиіс.

Тәуелсіздік- ол біздің қанды шайқастан кейінгі бізге қалдырған аманаты. Сол аманатын біз қасық қанымыз қалғанша қорғауымыз керек. «Туды көтеріп жүріп аяғын шалынса, онда өзің құласаң да туды құлатпа» деген екен ата-бабаларымыз. Қаншама жылдар ата-бабамыз құлатпаған туды біз неге құлатуымыз қажет? Біз оны сақтау үшін білім алып, елімізге адам патриот болуымыз керек деп санаймын.  Сонда  ғана біз бақытты ғұмыр кешеміз.

Қазақта «бақыт» деген ұғым бар. Мен бақыт дегенді былай түсінемін. Ол- сенің тәуелсіз Отаның, Ұлы тұғырың. Бақыттың кілті ол- Отан. Егер біз патриот болсақ, онда осы ұғымдарға жүгінуіміз қажет. Еліміздің жарқыраған күні біз боламыз. Еліміз дамыған, саясаты берік ел болады.

Біздің ата- бабаларымыз жете алмаған күнге біз жетуіміз керек, яғни «Мәңгілік ел» болуға тиіспіз. Бұл күнді олар асыға күтті. Бұл күн үшін күні-түні ерінбей, ерліктерін аямай соғыс алаңында күш-жігерлерін көрсетіп, бақытты өмір сүру үшін талпынған. Олардың елеулі ерліктері тарихта мәңгі қанмен тасқа қашанбақ. Егер ел болуымыз бір түймеге тіреліп тұрса, онда ел болуымыз қиын болады. Сол теңдесі жоқ ұлы күн бүгін туып тұр.

 

Тәуелсіздік бақыт құсым, арманым,

Бұл өмірде тыныштықты таңдадым.

Білсін ұрпақ тәуелсіздік күресі,

Төл тарихта шежіре бол қалғанын.

 

Тәуелсіздік таңы атқанмен түбінде,

Қайрат, Ләззат, Ерболдар жоқ бүгінде.

Қар жамылған Желтоқсанның ызғары

Жаңғырады өткен ғасыр үнінде.

 

Жайсаң жұртым жалындасын, жайнасын,

Аялаумен азаттықтың айнасын.

Адамзатты бесігінде тербеткен,

Тәуелсіздік тұғырынан таймасын!

 

Бостандықты, Тәуелсіздікті екі жарты ғасыр күткен біздердің маңдайымыз жарқырады. Біз елді құлдықтан, қорлықтан азатпыз. Ата-бабаларымыздың арманы орындалды. Шынжыр үзілді! Кісен қиылды! Бұғау алынды! Бұның бәрі олардың арқасында. Олардың ерліктеріне, жасаған істеріне мың тағзым етемін!