«Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» сценарий


 Аймухамбетова Самира Абаевна
 «Қостанай  ауданы  Затобол кенті  әкімінің аппараты» ММ «Гүлдер» бөбекжай-бақшасы КМҚК тәрбиешісі

Мақсаты:

1. Білімділік: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: Мерекеде Елбасы, мемлекеттік рәміздер, тәуелсіздіктің құрбандары туралы түсінік беру.Патриоттық сезімдерін ояту.

2. Дамытушылық: Әндер, билер, ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу

Тәрбиеші: Құрметті «Гүлдер» балабақша ұжымдары, «Гүлдәурен»  тобының бүлдіршіндері,бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған,сол жылда дүр сілкіндірген  Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған  «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты  ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Мерекелік ертеңгілік өтетін залға балалар музыка әуенімен кіреді.

1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Міне, биыл тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 26 жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл – қыздарының арқасында келді.

Соған назар аударайық.(Слайд қарау)

Тәрбиеші: Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ желтоқсан құрбандарына тағзым етіп 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

1 минут үнсіздік

Аяжан:

Ән ұраны елімнің

Шақырады бірлікке

Егеменді елімнің

Болашағы бірлікте.

Әнұраным-жан ұраным

Айтар әнім-сөлер сөзім

Туған жерім- сағынарым

Туған елім сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады

Республика әнұраным!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады

Тақпақтар:

Әнуар:

Болмасам да сол кезде мен  сеземін

Жүректе намыс оты сөнбегенін,

Ызғарына аяздың төзгендерін,

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Әсел:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп халқымныз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесін.

Ғани:

Отаным менің мекенім асыл ардағым.

Көк майса шалғын, айдынды сулар жан –жағын.

Жасампаз жолда, дамушы елім мәңгілік,

Самғай бер көкте, қазағым  менің талмағың.

Диляра:

Қарттарым мұңаймасын деп,

Сәбилер жыламасын деп.

Кешегі өткен тарландар,

Желтоқсанда ұрандар.

Томирис:

Алтын таңның аясында,

Бақытты өскен балалмыз,

Еркін өмір шат заманда,

Шырқап әнге саламыз.

Сүлейман:

Цвети же, наша Родина

Любимая страна!

На всей земле огромной

Такая ты одна!

Қайырлан:                                                                                                                                                       Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше болып мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Әсем:  Мерекеге шығады,

Бүкіл халық біліп қой.                                                                                          Отандастар ұғады ,

Тәуелсіздік-ұлы той.

Тәрбиеші: Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігіміздің алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды.Отанымыз туған жеріміз,еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп келуде.

Ән: «16 –желтоқсан»   (Ұлан,Санжар,Дияра,Аяжан)

Тақпақтар:

Аида:

Отан  сенің  ата-анаң,

Отан-досың,бауырың,

Отан-өлкең,астанаң,

Отан-аудан, ауылың.

Айлина:

Отан-тарих, отан-тіл,

Жасаған елің, өз халқың,

Отан-өлең,Отан-жер,

Көгерген көкке ел даңқын.

Балалардың орындауында

Хор «Сәлем -Қазақстаным»

Тақпақтар:

Катя:

Бақытты болып жүргенім

Сенің арқаң, Қазақстан.

Елім менің-тірегім,

Құшағында гүл атам.

Әлинұр :

Әлем сүйген салтымызт бар

Бейбітшілік –ел ұраны.

Өмір сүйген халқымыз бар.

Бейбіт елдің біз ұланымыз.

Тәрбиеші: Енді ақ орданың төбесінде қан қызыл ту орнына көк ту қондырылып,желбіреп тұр.Онда бөрінің басы жоқ. Бірақ бөріні де бүріп түсер қыран бар. Құс төресі шартабақ күн аясында тәуелсіз,еркімен самғауға бағыт алғанын әрбір қазақстандық қастерлеп,мақтан тұтып,даңқын көтере беруге үлес қосса,көк туымыздың абыройы үстем болып,дұшпандарымызды күйіндіріп,достарымызды қуанышқа бөлей берері анық. Балалар, енді қазір тексерейік сендердің білімдерін.

1.      Қазақстан республикаысының призиденті кім?

2.     Қазақстанның астансы қай қала?

3.     Қ.Р рәміздерін атап бер?

4.     Тудың түсі қандай?

5.     Туда  не бейнеленген ?

6.     Елтаңбада не бейнеленген?

7.     Біздің ұлттық валюта қандай?

8.     Біздің тәуелсіз елімізде қандай ұлттар тұрады?

9.     Біздің еліміз немен бай?

10.                       Астанада қандай ғимараттар бар?

Рахмет!

Ән «Тәуелсіз ел ұланы»

Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс»

Ән : «Достық әні»

Ойын: «Бәйге»

«Қара жорға»  биі.

Тәрбиеші: Туған халқымыздың тарихын,батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін,жеріміздің байтақтығын,байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап,көкейге түйіп,елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз,басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ,бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті,жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді,дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа- ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар, ересек  тобының дайындаған «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты ертеңгілігіміз аяқталды.