Жалпы техникалық пәндерді оқытуда виртуалды технологияларды қолдану


Кубаева Жемис Алибековна
оқытушы
МЕББМ «Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі»

Мақсаты: Жалпы техникалық пәндерді оқытуда виртуальдық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, ізденімділіктерін арттыру.

Қазіргі кезде білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында көптеген әдіс-тәсілдер қолданылуда. Оқыту барысында плакаттар, макеттер, түрлі демонстрациялық құралдарды қолдану  қазіргі талаптарға сәйкес келмейді. Сондықтанда қазіргі таңда білім берудің жаңа технологияларын қолдану тиімді.

Мен жалпы техникалық пәндер «Өнеркәсіптік электроника негіздері», «Электротехникалық сұлбалар мен сызбалар» пәндерінен сабақ беремін.

Электротехника және электроника теориялық білімі мен экспериментальды зерттеулері бір-бірімен тығыз байланыста болатын ғылым саласы. Электроника және электротехника пәндері бойынша анализдер мен экспериментальды зерттеу жүргізу үрдістерінде дербес компьютердің көмегі зор. Осындай зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Multisim 11 программасын  атап өтуге болады.

Бұл бағдарлама аналогтық, сандық, сандық-аналогтық сұлбаларды үлкен қиындық деңгейлеріне байланысты жобалауға мүмкіндік береді.

Өлшеу аспаптарының көптеген жиынтықтары түрлі параметрлерді өлшеуге, кірістік мәндерін беруге,  графиктерін тұрғызуға мүмкіндік береді. Барлық аспаптар шынайы түрлеріне ұқсастырылып бейнеленген, сондықтан да олармен жұмыс істеу ыңғайлы.

Multisim 11 бағдарламасының артықшылығы виртуальды өлшеу аспаптарының болуы. Multisim 11 бағдарламасының көмегімен принципиалдық сұлбаларды құрастыруға және олардың жұмыс істеу режимдерін модельдеуге болады.

Бұл бағдарламаның  келесідей артықшылықтары бар:

–       уақыт үнемдеу;

–       өлшеудің дәлдігі;

–       өлшеу жұмыстарын жүргізудің ыңғайлылығы;

–       графикалық мүмкіндіктері.

Төмендегідей мүмкіндіктерді қарастырады:

–       электр тізбектерін есептеу әдістері  мен электротехникалық заңдарды оқу барысында көрнекілікті арттыру;

–       есептеудің мәліметтерін экспериментальды түрде тексеру;

–       күрделі электрлік тізбектерді есептеуді экспериментальды өткізу;

–       кейбір физикалық процестердің өту жолдарын көрсету;

–       виртуальды зертханалық жұмыстарды жүргізу;

–       электр тізбектеріндегі ақауларды анықтау

 

 

 

 

Виртуальдық аспаптар

Мультиметр  – тұрақты және айнымалы токты, кернеуді және кедергіні өлшеуге арналған. Оның параметрлері автоматты түрде беріледі.

 

 

Өлшеу көрсеткіші. Тізбек бойындағы тұрақты және айнымалы кернеуді, сигналдың жиілігін көрсетеді.

 

Жоғарыда қарастырылған мүмкіншіліктерді ескере отырып, бұл бағдарламаны оқу үрдісінде қолдану жалпы және кәсіби біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді

Сұлбаны модельдеу программаларын қолдану актуальды, пайдалы және педагогикалық іскерліктің заманауи талаптарына жауап береді.