«Бала тілінің дамуы-оның ақыл-ойының жетілуі»


Мухаммедина Саулет Губайдоллаевна
Қарағанды қаласы «Балапан» бөбекжайы КМҚК логопеді

Мухаммедина С.Г

«Балапан»бөбекжайы КМҚК

msaulet1984@gmail.com

Жаңа білім сапасына жетудің бір бағыты-білім жүйесін жетілдіру.Балалардың ауыз-екі және жазба тілі толығымен қалыптасқан жағдайда ғана сол «жаңа сапаға» жету мүмкіншілігі туады. Балада перинаталдық орталық жүйке жүйесі зақымдарының нышандарының санының өсуі,баланың сөйлеу дамуының белгілі дәрежеде бұзылуына әкеп                                               соғады. Баланың тіл үйренуі және сөйлеуінің дамуы,өзара және үлкендермен қатынаста болуы, тілдің қолданылу аясына кіреді. Сөйлеу дамуындағы жеке өзгерістер саматикалық күйіне, жүйке жүйесінің түріне, және тәрбиеге байланысты болады.Бес айынан бір жасқа дейін баланың былдыр дәуірі,сол кезде бала көп дыбыстардың айтылуын үйренеді-еріндік саңылаулық в,ф,з,с, шартсыз-рефлекторлық реакцияларға (жұту акті,сору,шайнау арқылы) к,г,м,п,б,х дыбыстары пайда болады.Ең ақырғы,артикуляциялық дыбыстар- дың күрделілігі арқылы,қиын ызынды ш,щ,ж және сонорлық р,л дыбыстары пайда болады.Дыбыстарды дұрыс айтуы фонематикалық естуіне байланысты. Фонематикалық естуі-ол барлық дыбыстарды дұрыс естіп,дыбыстардың орнын сөздің басында,ортасында,сөз соңында екенін таба алуы және дұрыс қабылдауы.Баланың мектеп алды сөйлеуінің дамуы,олардың тіл қатынасы қабілеттері,қатарлас балалардың сөйлеу деңгейінен мүлдем зор болуы мүмкін.Егер балалар сөйлеу жұмысына белсенді қатысатын болса,тіл үйренуде үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.Сөздікпен жұмыс істеу ақыл-ойды дамытуға әсер етеді.Егер бала сөз қорын молайтумен шектелмей, сөздердің мағынасын терең түсінсе,есіңде тез сақтап, сөзді мағыналық қарым-қатынаста таныстырып,жаңа сөздерді құрастыра алады.Баламен туылған кезінен сөйлесу,ақыл-ойын жан-жақты дамыту өте маңызды.Тіл үйрену мен ақыл-ойының дамуы тығыз байланыста.Жас балаға барлық дыбыстарды айтып үйрену үшін,сөйлеу органдарын меңгеру керек.

Жалпы және ұсақ саусақ моторикасын дамыту,балалар үшін өте қажетті: саусақгимнастикасы,ойындар,саусақтардыңмассажы,пазл,мозайкажинау,                     мүсіндеу,бейнелеу,қайшы және желіммен,түрлі-түсті қағазбен жұмысістеу,түймесалып-ағыту,бауды өткізіп-байлау ұсақ заттарды жинау т.б                                                                                          Сөйлеу дамуының жетіспеушілігі,жүйке-психикалық жүйесіне,және танымдық әрекетіне әсер етеді,оның жетілмегені жоғары психикалық ми қызметі-ықыластан,есте сақтау қабілетінен,қабылдауынан және ойлауынан білінеді.Баланың тіл үйрену және сөйлеуінің дамуы,өзара және үлкендермен қатынаста болуы,тілдің қолданылу аясына кіреді.

Балалардың тіл дамуының жоғары деңгейіне жету үшін ата-аналар                   мен тәрбиешілер тығыз байланыста болып,балаға үлкен көңіл бөліп,өздері дұрыс,анық сөйлеп,мақсатты сөйлеуге оқыту және тілдік қарым-қатынаста болу қажет.Баланың ойлау,көру,есту,қабылдау және сөйлеу қабілеттері бір-бірімен өзара тығыз байланыста болғандықтан жеткілікті деңгейде даму керек.