«Бәсекеге қабілетті ұрпақ балабақшадан басталады»


Искакова Салтанат Дуйсеновна
Қарағанды қаласы «Балапан» бөбекжайы тәрбиешісі

Еліміздің болашағы – жас ұрпақта тәрбиелеуде бірінші бесік отбасы, ата-ана тәрбие болса, екінші бесік – білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезіндегі алғашқы баспалдағы. Әсіресе, балабақшағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылық, иновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Сондықтан жас ұрпаққа білім беруді үздіксіз жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.
Еліміздің айқын мақсаттарының бірі-бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім беру жүйесінде, даму бағытына тікелей байланысты екені белгілі. Осы тұрғыдан алып қарағанда жеке тұлғаны дамытуға қызмет ететін білім мен тәрбие негізі – бастауышта, барша білімнің іргетасы да осында қаланады десек те, білім мен тәрбие өзегі – балабақшадан бастау алатынын бүгінгі күні білім беру әлемінде дәлелденіп отырғаны айқын.
Тәрбиенің тал бесігі – балабақша табалдырығынан бастау алып, ізгілік пен парасаттылыққа жол көрсеттер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын есімізден шығармағанымыз абзал. Тағылымда тәрбиенің тәлімін бала бойында қалыптастыратын, ұлтжандылық пен адамгершілікті жүрегіне ұялататын тәрбие ошағының қазіргі таңда бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік орны мен үлесі қомақты.
Ғибраттты сөздердің легінен жақұт теріп, інжу тізген дана халқымыз бала тәрбиесінің маңыздылығынан түйінді сөз, салиқалы ой өрбіткен.
«Бір жылдығыңды ойласаң, тал ек, бүкіл ғұмырыңды ойласаң, бала тәрбиеле» деген дана сөздің асылдығынан үкілеген үмітіміз – бала келешегінің кемеліне аса мән бергенін аңғарамыз.
Ұлттық тәрбие кәусарынан нәр алған әрбір балабақшада еңбек ететін тәрбиешілер тәрбиеленушілердің бойына қайырымдылық пен сүйісппеншілікті, адамгершілік пен ізеттілікті қалыптастырып, жүйелі жұмыс жүргізу барысында ата-аналармен тіл табысу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге, өзіндік үлес қосуға тырысады.
Балабақшаның әрбір күнін қызықты да тартымды, мәнді де мағыналы өткізуді жоспарлаған тәрбиешінің мақсаты – бала тағдырына жауапты екенін сезінеді. Жылылық пен мейірімділікті, ізгілік пен парасаттылықты бала жүрегіне ұялатып, оның дүниетанымын кеңейтіп, қоршаған ортамен танысуына ықпал жасауда жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы зор. Бұл бағытта қазіргі таңда балабақшалар «Балбөбек» бағдарламасы бойынша, «Тәй-тәй» халықаралық білім беру бағдарламасы негізінде, республикалық «Өзін-өзі тану» т.б. бағдарламасы аясында жұмыс жүргізуде. Қазіргі талапқа сай жан-жақты дамыған, ой-өрісі жоғары жас ұрпақты қоғамға бейімдеп, тәрбиелеу барысында балабақша ұжымы алдында тың іс, игі бастама, межелі мақсат, күрделі міндет тұрғаны белгілі. Олай болса, бүгінгі тәрбиеленуші еліміздің ертеңгі тұтқасы десек, егеменді еліміздің болашағын тәрбиелеуге баршамыз тыңғылықты еңбек етіп, қомақты үлес қосуымыз қажет. Бала жанының бағбаны – тәрбиеші қауымының бала тәрбиелеуде жүйелі жұмыс жүргізуіне мол мүмкіндік туғызу-басты міндетіміз.
XXI – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманына сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру мемелекетіміздің алдына қойған аса маңызды мақсаттарының бірі болып отыр. Адам баласы өмір бойы тәрбиеленіп, үздіксіз білім алуы қажет. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағына беріледі. Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөлінеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі.
Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиелеп дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.
Тәрбие – баланың сәбилік шағынан бесік жырымен бірітіндеп іске асырылып, санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс. Сондықтан, болашақ иелері бүгінгі балабақша тәрбиеленушілер екенін естен шығармай, оларға ең алдымен адами құндылықтарды бойларына сіңіруге еңбектенуіміз қажет. Осы тұрғыда біздің ұжым бүлдіршіндердің жүрегіне сәуле шуағын сеуіп, келешекке ұмтылдаруға бар күш-жігерін аямай жұмсап келеді.
Мектепте дейінгі ересектер балалар үлкендерге көмектесуге дайын тұрады, оларға қамқорлық жасайды, жақсылық жасауға тырысады, олардың тыныштығын сақтайды. Балалар қоғамдық орындардың тәртіп ережелерін үйреніп, үлкендермен қарым-қатынаста ықылас, елгезектік, сыпайылық көрсетеді. Балалар бақшасында балалар өз құқрбыларына қарым-қатынастарын бейнелейтін, жолдастарын құрметтеуге, қайрымдылыққа, елгезектікке, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру міндетті тұрады.
Балалар бақшасында балалар заттарға ұқыпты қарауға тәрбиеленеді. Бұған әр зат – еңбек нәтижесі екендігі, сондықтан ол затқа қалай болса, солай қарау еңбек адамдарын қадірмеушілік болып табылатындағы туралы түсінікті қалыптастыру кіреді. Заттарға қарау нормаларына оларды орнымен пайдалана білу, әрқашанда орнына қою, заттың басқа жерде жатқанын немесе өз орнына қойымағанын көргенде оған қарамай өтіп кетпеу, оның сынық екенін көргенде үлкендерден көмек сұрап түзету, жөндеу жатады. Ойыншықтарды, көрнекі құралдарды және т.б. күте білу тәжірбиесін жинақтау үшін мектеп жасына дейінгі ересек балаларды топ бөлмесін, учаскені және т.б. жинап, тазалауға тартады. Балаларда тәртіп сақтай білу, тәртіпті бұзуға төзбеу әдеті қалыптасады.
Балаларды тәртіптілікке, мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің неғұрлым маңызы шарты – тәрбиеші мен ата-аналардың беделі мен мәдениеті. Педагогтың мәдениеті, оның балалармен қарым-қатынасының сипаты, өзара қарым-қатынас стилі олардың тәртіплігін қалыптастыруда бірінші дәрежелі маңыз алады. Тәрбиешінің ескертулердің орнына кеңес беріп, ал кейде әзілді пайдалана білуі жіберілген қателіктерді түзейді, балалар бастамасына көңіл аудару, оны қолдай түсу, сенім мен мейірім – осының бәрі балалардың оған деген сенімі артуының, қарым-қатынас жасауының, оның жарлығына бағынуының, оның әрбір тілегіне ықыласпен үн қосуының сөзсіз шарты болып табылады. Мұндай педагог балалар арасында үлкен беделге ие болады. Балалар одан мақұлдау естуге ұмтылады, ал неғұрлым салқын сөйлесу, тәртіптің бұзылуына жауап ретінде біршама қатал сөз тастау кінәлі баланы ренжітпейді, қайт өзіне риза болмау сезімін туғызады, жіберілген қателіктерді тезірек түзетіп , орнысық қлығы үшін кешірім сұрауға итерілмелейді.  Балалар беделді тәрбиешілерге еліктейді, оның жылы сөзі мен әдептілігін құрдастарымен өзара қарым-қатынаста пайдаланады.
Балаларды белгілі бір ережелерге сай мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыруда тәрбиешінің бақылауы үлкен орын алады. Ол баланы қателесуден сақтандыруға, ережені оның есіне салдып отыруға, қажетті қылықты айтып қоюға, кейбір балалардың қойылған талапты қалай орындайтынын қадалауға мүмкіндік береді.