«Адамның басты құзыреттілігі – адамгершілік»


Тажикенова Галима Каракатовна

Қарағанды қаласы «Балапан» бөбекжайы КМҚК тәрбиешісі

Еліміздің болашақ азаматы – қазіргі балалар. Яғни, егеменді елімізді дамытып, гүлдендіре түсетін санасы таза және дені сау ұрпақ. Жаңа кезеңдегі білі берудің  өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік – рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу. Бүгінгі таңда мемлекетіміздің білім беру жүйелері мен білім беру мазмұны жаңаруда. Оның басты себептері әлемдік өркениетке ілесе отырып, елімізді бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосу. Осы ретте біз тәрбиелеп отырған балаларымыздың бойына бірқатар қасиеттерді қалыптастыруымыз қажет.

–         Жаһандану заманына лайық әлемдегі жаңаруларға сәйкес икемді қалыптастыру;

–         Ұлттық мәдениетке негіздеп, әлемдік мәдениетті меңгеру;

–         Ана тіліне жетік бола отырып, өзге тілдерді меңгеру және тіл арқылы өз мәдениетінің жетістігін өзгеге таныту;

–         Мемлекеттік тілге, рәміздерге құрметпен қарау және рухани адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпыадамзаттық, қадір – қасиеттердің мән – мағынасын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»-деп айтқандай, қоғам алдында үлкен жауапкершілік тұрғаны сөзсіз.

Балаға рухани –адамгершілік тәрбие беру ата –ананың да, балабақшаның да басты міндеті. Бірақ та баланы кішкентай кезінен мейірімділікке, әдептілікке, тазалыққа, жауапкершілікке, отаншылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеп үйрету, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі ата – анадан, яғни отбасынан басталып, қалыптасуы керек.Отбасы салт – дәстүрлердің, үлгі – өнегелерінің   сақтаушы мұралары. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысып, моральдық, рухани нормаларды игереді. Отбасындағы басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс- әрекетін ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылатын талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары сияқты мәселелерге баса көңіл бөлген жөн.  Бұл да және басқа  қасиеттерді  бала бойына сіңіру балабабақша мен ата – аналардың  педагогикалық  ынтымақтастығы арқылы жүзеге асады. Өзара тығыз қарым – қатынас, бірлік, ынтымақтастық жарасым тапқан жағдайда     оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы нәтижелі болады.

«Өзін өзі тану»  оқу қызметінде тәрбиеші адамгершілік рухани білім бере отырып, балалардың бойына ізгі қасиеттерді дамытуды көздейді. Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеру барысында «сыйластық»  деген қасиетке ерекше көңіл бөлінеді, өйткені адами қарым – қатынас сыйластықпен тікелей байланысты.

Халық ұрпақтан – ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, қоғамның материалдық және рухани мәдениетінің тарихында жасаған. Халық үшін тәрбие тұтас  дүние. Халықтық педагогика ата – баба мұрасынан бастау алады. Ол болашақ азаматты жан – жақты жетілген, саналы, ізгілікті, мейірімді етіп тәрбилейді. Адам баласы дүниеге келгеннен бастап, үнемі салт- дәстүрлер аясында болады, Туған  халқымыздың салт – дәстүрін қанына сіңіріп өскен бала елінің үлкен азаматы бола алады.

«Адам алдына қарап өседі, алдына қарап ойланады» – деп Ғ.Мүсірепов айтқандай, ата – дәстүрімізге зер салсақ, ежелден – ақ халқымыз «Атадан ұл туса, ата жолын қус игі» деп, жеті жасар айдарлысын жауға аттандырып, он бестегі ұлына басқартқан екен. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық қасиеттер ұлттық тәлім, салт – сана музыка оқу қызметі  арқылы дарыған.

Бүгінгі ұрпақ тәрбиесін дұрыс  жолға  қою  М.Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе»  деген көреген сөзінде жатыр. Тәрбие балалықтан басталып, болашаққа тамыр тартуы керек. Даналық сөздің ойшылы Эпикет: «Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады»- дейді. Сондықтан да ертеңгі күніміз көлеңкесіз жарық болуын ойласақ, бала тәрбиесіне бүгіннен бастап бей – жай қарамауымыз қажет. Тәуелсіздік алып, ой – санасы жаңарған қазақ халқының үшінші онжылдық қауымына түп тамыры тереңге бойлаған еліміздің ұлттық қайнар тәрбие көздерімен сусындаған жастардың өсіп қалыптасуы ауадай қажет.

М.Жұмабаевтың  әрбір ұлттың баласы, өз ұлттың баласы, өз ұлтының  ортасында, сол ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті деген ойы бүгінгі күн талабымен қабысып отырған тұжырым.