«Медициналық оқу орындарында дәстүрлі оқыту әдістері»


 Саянова Айгул Бекболатовна
«Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы  медицина колледжі» ШЖҚ КМК ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің оқытушысы

Тәжірибе алмасудағы мақсат:

Диагностикасы мен емдеу әдістері бойынша білімі мен дағдыларын қалыптастыру.
Білім беру саласында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі – білім алушылар өзін – өзі басқаруға үйрету, жеке тұлға ретінде жан – жақты дамыту.
Мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу бағдарлама негізінде білім алушылар білімін дамытуда және оқытудың жаңа технологияларын  қолдана отырып қалыптастыру, ішкі аурулар пәні бойынша алған білімдерін жетілдіру, білім алушыларда клиникалық ойлауды дамыту.
Ішкі аурулар пәнінің  оқытушы Саянова А.Б –ның оқыту методикасының перспективті жоспары .


I-Кезең

2016 -2017 оқу жылы
II-Кезең

2017-2018 оқу жылы
III-Кезең

2018-2019  оқу жылы
1.
Әр түрлі методиканың тәсілдерін танысу, таңдау.
Оқулықтарға анализ жасап , жұмыс  атқаруға керектілігін таңдап, жіктеу.
Тәжірибе дағдыларын меңгеруде, таңдап алған технологияны іске асыру.
2.
Таңдап алған «Дәстүрлі технология» методикасымен   танысу, оның колледж проблемасымен сәйкестігін анықтау.
Тәжірибе сабақтарында қолданылатын, тәжірибе дағдыларының алгоритмдерін ауыстырып  жаңадан жасау.
Ішкі аурулар тәжірибе дағдылармен  ыңғайына қарай байланысты, алгоритмдер дайындау, білім алушыларға  сабақ жүргізгенде және өздіктерімен дайындалуға ұсыну.
3.
Алған технология бойынша  кезеңдерге бөлінген жұмыс жоспарын құрау.
Ішкі аурулар пәнінен  теория сабақтарының және білім алушылар  өздіктерімен жұмыс атқарылуының алгоритмдерін жаңадан жасау.
Ішкі аурулар пәнінен алгоритмдер жинағын дайындап шығару .
4.
Таңдап алған проблеманы  жетіле білу үшін, керекті оқулықтардың, нұсқауларын тізімін жасау.
Теория сабақтарында, таңдап алған технологияны іс жүзінде қолдана бастау.
«Дәстүрлі оқыту» методикалық тәсілі тақырыбына методикалық  доклад өткізу.
5.
Оқулықтар жинап, анализ жасап, жұмыс атқаруға керектілерін таңдап, реттеу .
Методикалық доклад «Дәстүрлі оқыту» технологиясын қолдану.
Дәстүрлі технология бойынша ашық сабақ өткізу.
 

 

 

 

 

 

 

 

Медициналық оқу орындарында дәстүрлі оқыту әдістері.

«Әдіс» термині грек сөзі «methodos» шынайыға алып баратын жол, әдіс дегенді білдіреді.

Оқыту әдістері – бұл тапсырылған мақсаттар мен міндетттерге жетуге бағытталған оқытушы мен оқушылардың реттелген әрекеті.Оқыту түрі – бұл оқу-тәрбие үрдісінің ерекше түрі, оқудың мазмұнының болуы және оны жеткізу әдісі. Медициналық оқу орындарында дәстүрлі түрде жеке-топтық және дәрістік-семинарлық оқыту түрлері қолданылады,олар сабақтың дидактикалық мақсаты мен білім алушылар санына байланысты жіктеледі: дәрістер, семинарлық сабақтар,консультациялар, практикумдар, зертханалық – тәжірибелік сабақтар, өндірістік практика.

Қазіргі кезде оқу үрдісінде келесі әдістер қолданылады:

-түсіндірме-көрнекті (қатысушы білімді дәрістен немесе әдістемелік әдебиеттен «жалаңаш» түрдегі экрандық оқулықтан алады)

-репрродуктивті (меңгерілген үлгі немесе ереже негізінде қабылдау, қатысушылар алгоритмдік сипатта жұмыс істейді, яғни көрсетілген ситуацияларға ұқсас нұсқаулар,ережелер бойынша).

-ойын мәселелі түрде жеткізу әдісі (педагог мәселені анықтайды,танымдық қабілетін қалыптастырады,әр-түрлі жолдармен тапсырылған міндетті шешу әдісін көрсетеді).

-жекеленген-іздеу,немесе жетекшілікпен жүргізілетін эвристикалық әдіс (эвристикалық бағдарламалар мен көрсетілімдер негізінде танымдық есептер шешімін белсенді іздеуді ұйымдастыру).

-зерттеу (материалды,қойылған мәселе мен есеп құрылымын талдағаннан және қысқаша ауызша немесе жазбаша нұсқаулықтан кейін  қатысушы әдебиеттерді, оқулық көздерін өз бетінше меңгереді,бақылау мен өлшеу жүргізеді,басқа іздеу жүргізу түрлерін орындайды).

Оқыту технологиялары жіктеледі:

-әрекет ету бағытына қарай (білім алушылар, оқытушылар)

-оқыту мақсатына қарай;

-пән сипатына қарай (гуманитарлық,табиғи,техникалық пәндер және т.б.);

-техникалық құралдардың қолданылуына қарай (аудиовизуальды,компьютерлік, видеокомпьютерлік және т.б.);

-оқу үрдісінің ұйымдастырылуына қарай (жеке,ұжымдық,аралас);

-әдістемелік міндетіне қарай (бір зат, құралдар, әдістер технологиясы);

Білім алушылардың ұжымдық жұмысын жүргізуде ұйымдастыру,педагогикалық және әлеуметтік жоспарлар жағынан кедергілер туындайды. Топтық жұмыс білім іздеу айтарлықтай нәтижелі болуы үшін,білім алушыларға – қызықты,тұлғалық және әлеуметтік маңызды, қоғамдық-пайдалы,жеке мүмкіндіктері бойынша қызметтерді бөлуге болатындай, бірігіп жұмыс істеуді ұсыну қажет.

 

Белсенді оқыту әдісі.

Ойындық әдістер,1932 жылы КСРО пайда болған.Жаңа технологияның

Компетентті емес педагогы,ал оқу үрдісінде ситуацияны,кейс немесе тренинг талдау әдістері – іскерлік ойын деп аталады.Педагогикалық жүйеде,сонымен қатар,ойын әдісі оқыту үшін емес, немесе қатысушыны дамыту үшін емес,тек ойын мақсаттарын шешу үшін қолданылады деген қателіктері де бар.

Оқу жұмысын белсендіру түсінігі білім меңгеруде,тәжірибеде қолданылатын игерім мен дағдыларын қалыптастыруда білім алушылардың қызығушылығы мен өз бетінше жұмыс істеуін,шығармашылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін оқыту құралдары мен әдістерін,түрлерін ойлап табуға бағытталған оқытушының мақсатты жұмысын білдіреді.

Белсенді оқыту әдістері:

Ø  Мәселелі дәрістер («Қазіргі гастроэнтерологияның… өзекті мәселелері»)

Ø  Мәселелі семинарлар

Ø  Тақырыптық дискуссиялар («Шешілген және шешілмеген мәселелер…», «Дифференциялық диагностика мәселелері…» және басқалары)

Ø  Дөңгелек үстелдер («Бронх демікпесі.Қазіргі диагностика және емдеу әдістері»)

Ø  Милық шабуыл («Жедел аллергиялық аурулар кезіндегі дәрігер тактикасы»

Ø  Педагогикалық ойын жаттығулары (глоссарий,кроссворд,кесте толтыру, дифференциялық диагностика алгоритмін құрастыру және басқалары)

Ø  Тәжірибе жинау (науқас курациясы)

Имитациялық оқыту түрлерінің белсенді әдістеріне ойындық емес нұсқалары жатады: нақты ситуациялардыталдау (тақырыптық науқасты клиникалық талдау, параклиникалық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдау және басқалары), имитациялық жаттығулар,тренинг.

Ойындық түрлеріне жатады: рөлдік,іскерлік ойындар, мәселелі-іскерлік (5-6 оқушыдан тұратын топ жағдайды талдайды және өзбетінше шешім қабылдайды, оқытушы тек шешім қабылдауға әсер етеді,бірақ ол дайын жауаптарды ұсынбайды),зерттеу (ғылыми жоба),ұйымдастыру-танымдық (эссе құрастыру), ұйымдастыру-іскерлік ойындар (портфолио), блиц-ойындар (сұрақ-жауап), ойындық жобалау. Берілген оқыту түрлері кәсіби әрекет етуді көрсетумен сипатталады,сондықтан медициналық оқу орнында  оқу үрдісінде белсенді қолданылуы қажет.

Белсенді оқыту әдістерінің басты принципі – оқушының «мен істей алмаймын», «мен білмеймін» деген ұстанымдарына тосқауыл қою. Еркін кеңістік принципін ұстану ұсынылады: сабақ қатысушылары еркін қозғалуына, шеңбер бойынша орналасуына, кіші топтарда бірігіп жұмыс істеуіне болады, мәселені шешу,тапсырманы орындау үшін жекелене алады және т.б.

Іскерлік оқыту – бұл принцип,концепция,әдістер мен жолдарды тек түсіну ғана емес, алған білімін есте сақтау қабілеті және тәжірибеде қолдану мүмкіндігі.

 

Мәселелі оқыту әдістері

Болашақ маман-дәрігерге қажет,тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жетістікті бағытының бірі мәселелі оқыту болып табылады.

Мәселелі оқыту – бұл оқу барысында оқушы жаңа білім,игерім және дағдыларды меңгеретін стандартты емес тапсырмаларды шешуге үйрену. Берілген әдістің басты нәтижесі оқушының кәсіби ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады.

Мәселелі оқыту маманда қалыптастыралды:

-мәселені өз бетінше анықтай білу және құрастыру мүмкіндігі;

-гипотезаны анықтау мүмкіндігі, оны тексеру әдісін табу немесе ойлап шығару;

-мәліметтер жинау,оларды талдау,оларды өңдеу әдістемесін ұсыну;

-жалпы мәселені, оның аспектілері мен оны шешу сатыларын көре білу мүмкіндігі,ал ұжыммен жұмыс істеуде – мәселені шешуде жеке тұлға ретінде қатысуын анықтау.

Мәселелі оқыту элементтері антикалық кезеңде, одан кейін Жаһандану кезінде де орын алды.Бұл Сократтың эвристикалық әңгімелесеулері,Галилей диалогтары мен әңгімелесулері Ж.Ж.Руссо мәселелі диалогтары К.А.Тимирязев дәрістері.

Мәселелі оқыту педагогтың дайын түрде білімін хабарламайтындығына, оларды шешу әдістері мен жолдарын іздеуді меңзей отырып қатысушыларға мәселелі тапсырмалар қоюына негізделген.Мәселені шешу шығармашылық ойлауды талап етеді.Қазіргі педагогикада мәселелі оқытудың 3 түрі тәжірибеден өтіп жатыр:

-дәрісте монологтық тәртіпте немесе семинарда диалогтық тәртіпте оқу материалын мәселелі жолмен жеткізу;

-лабораториялық жұмыстарда сынақтарды орындауда жекеленген – іздеулік жұмыстары;

-өзбетінше зерттеу жұмыстары;

Мәселелі жолмен құрастыру тиімділігін жоғарылату СҒЗЖ арқылы жүзеге асырылады,оны орындау кезінде оқушы кәсіби ойлау қабілетін қалыптастырудың барлық сатыларынан өтеді,ал жеке дәрістер,семинарлар немесе тәжірибелік сабақтарда мәселелі оқытудың бір ғана немесе шектелген мақсаттары қарастырылады.

 

Инновация дегеніміз не?

Инновация – жаңа кіріспе,жаңаны енгізу,жаңалықты енгізу. Бұл жаңаны меңгеру және енгізу үрдісі. Жаңалық – маңыздылықты, әдістілікті меңзейтін құбылыс. Жаңа құрамы мен технологиясы,әдістемесі. Осыған қарай,жаңа кіріспе деңгейіне қарай – төмен (ерекше атауларда,анықтамаларда өзгертулер түріндегі инновациялар), орта (маңыздылықты қозғамайтын түрлердің өзгерісі), жоғары (жүйені немесе оның басты компотенттерін өзгертеді) болып жіктеледі.

Инновациялық үрдіс – білімнің құрамын дамытумен қалыптастырудың және жаңалықты ұйымдастырудың кешенді жұмысы.Жаңалықты тәжірибеге енгізу үрдісі ретінде новаторлар деп аталатын жаңалықты енгізушілердің мақсатты бағытталған,ұйымдастырылған жұмысының үрдісі.

Оқытудың инновациялық әдістері – «оқытушы – оқушы» өзара жұмысының жаңа әдістерімен сипатталатын, оқу материалдарын меңгеру үрдісіндегі тәжірибелік жұмыстардағы жаңалық. Инновациялық оқытудың белсенді әдістері мен түрлерінен тұрады,себебі соңғысы кәсіби білімді меңгеру үрдісінде оқушылардың жылдамдығымен және белсенді ойлауымен тьәжірибелік жұмыстарын жігерлендірумен сипатталады.

Оқыту әдістері ойлағандарды жүзеге асыру механизмдері болып табылады. Ол барлық мақсаттарды,міндеттерді,оқыту принциптері өмірге айналдыруға мүмкіндік береді. Оқытудың және әдістері мен әдістемелерін енгізу арқылы жалпы білім беру мен оқыту үрдісін реформалау жүзеге асырылады,оны кез-келген оқытушы нақты бір сабақта жүргізе алады.

Оқушыларды оқытудың сапасын,тиімділігін арттыу әртүрлі тақырып және жағдай бойынша оқыту әдісін дұрыс таңдай білу және қолдану мен тікелей байланысты,сонымен қатар, оқу үрдісінің барысында субъект-субъекттік қатынасты қамтамасыз етумен байланысты.

Оқушыларды оқытудың қазіргі шарттары инновацияларды,жаңалық және жаңа кіріспені енгізу қажеттілігімен ерекшеленеді. Берілген оқыту әдістері оқушыларда клиникалық және тез ойлау қабілеттерін дамытады, шығармашылық және инновациялық жұмыс тәжірибесін қалыптастырады, компғетенцияларын жетілдіреді, озық жұмыс істеуге үйретеді,тек қатысушы емес, сонымен бірге,оқытушыны да дамуға жігерлендіреді.

Анықталғандай,белсенді оқыту әдістерін қолдану барысында өздерінің айтқандарының 80%ын,ал өздерінің істегедерінің 90%ын есте сақтайды.

Инновациялық оқыту әдістерінің ерекшеліктері: болашақта құштарлық, тұрақты мазасыздану, тұлғалық және оның дамуына бағытталуы, мәселені шешуге шығармашылық жолмен келу, қатынастың серіктестік түрі, бір-біріне көмектесу, топта жұмыс істей алу, бірігіп шығармашылық ету, мақсаттарына жетуге ұмтылу, тапсырмаларды креативті жолмен шешу,тұлғалық бейімделген жолға аса назар аудару.

Инновация және дәстүрлі әдістердің ерекшелігі?

Оқытудың дәстүрлі әдістері негізінен бұған дейін 400 жыл бұрын пайда болған сыныптық оқу жүйесі арқылы жүзеге асырылады.Дәстүрлі оқытудың міндетті элементі- оқу,ол тугел сыныппен бір мезгілде сабақ жүргізу болып табылады.Оқытушы сабақ үстінде хабарлама жасайды, білім береді, игерімі мен дағдыларын қалыптастырады, жаңа материалдарды меңгеруін анықтау үшін қатысушылардың меңгеру нәтижелерін бағалайды. Дәстүрлі оқыту негізінен репродуктивті сипат алады. Оқытушы жалғыз әрекет етуші тұлға болып табылады. Оқытушының басты күші оқу ақпаратын жақсы жолмен таныстыруға бағытталған. Қатысушы осылайша оқытушыға меңгерген оқу материалдарының мазмұнын жеткізуі қажет.

Дәстүрлі оқытудың негізгі әдісі түсіндірмелі-көрнекілік. Дәстүрлі оқыту әр оқытушыға бейімделуіне мүмкіндік беретін өзгертулер енгізуді қажет етеді. Модернизацияның бір жолы оны ұйымдастыруға оқытуды дамыту элементтерін енгізуден тұрады.Яғни, оқу міндеттерінен,оқу әрекеттерінен, бақылау әрекеттерінен және білімін меңгеру дәрежесін бағалаудан тұратын оқу жұмысынқалыптастыру. Дәстүрлі оқытуды жетілдірудің басқа жолы ақпараттық және оқытудың дамытушы түрлері мен әдістерін интеграциялау негізіне бағытталған.

Шеберлік-бұл сабақ жүргізудің ерекше түрі. Ол өзара байланысты сатылар ретінен тұрады. Әр сатыда оқу тапсырмасы анықтаушы бірлік болып табылады, ол балалардың танымдық қызметін бағыттайды. Сонымен қатар,оқушылар зерттеу жолдарын, мақсатқа жету құралдарын, жұмыс қарқынын және т.б. таңдауға мүмкіндіктері бар. Оқушылармен орындалған тапсырмаларды оқытушы тексермейді. Сыныпта жұмыс нәтижелерін және сол танымдық үрдісте өзін-өзі тексеру,өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады,нәтижесінде факт, үрдіс және құбылыстарды өз бетінше тану қабілеті (жағдайлар туралы жеке ойы) дамиды, тұрақтанады, оқушы тәжірибесінің субъектілі қателігі немесе шектелуі жойылады,оның білімі,игерімі,қатынастары,сезімі мен мүмкіндіктері жағынан жеке жетістіктерге жетуі жүзеге асырылады.

Рефлексия – тұлғаның ойында және сезініп жүрген өз әрекетін түсіну үрдісі. Шебер мен оқушының кейінгі жұмысының жетілуіне алып келетін шеберлік барысында оқушыда пайда болған сезімдердің көрінісі; бұл шеберліктің барлық сатысындағы анықталған жетістіктер мен жеңілістердің талдауы, бұл өзінің қателігін сезіну және осы кедергіні оны жеңу нәтижесінде шешу.

Рефлексия барысында әртүрлі ойлау жұмыстары жүргізіледі:

Ø  Шеберлікте қолданылған және қатысушымен меңгерілген қызмет әдістерінің талдауы және бекітілуі мүмкін;

Ø  Жеке оқушымен,топта немесе барлық сыныппен құрылған білімі талданады;

Ø  Шешілмеген мәселелер белгіленеді, «білімсіздік аймағы» анықталады;

Ø  Алдағы ізденіс жұмыстары туралы шешім қабылданады: жобалар тақырыбы таңдалады, меңгеру және талдау үшін сұрақтар ұсынылады және т.б.;

Рефлексия барысында айтарлықтай тиімділікке жетуге болады: біріншіден, оқушылардың керекті оқу әрекеттерін меңгеруіндегі тиімділікке бақыланбайтын рефлексияны қосқаннан кейін ғана жетуге болады,соның есебінен сатылардың жұмысы анықталады. Екіншіден, рефлексия әрекет етуге деген ішкі талпынысқа, балаға оқу мазмұнын «жақындатуға» жағдай жасайды; кейін сабақта рефлексияны жүзеге асыра отырып,оқушылар сәйкес ойлау процедураларын орындайды,бұл оқушының кейінгі ересек өмірінде маңызды.

 

 

 

 

Қатысушының инновациясы мен компетенциялары

Медициналық сипаттағы білім беру бағдарламаларының негізінде – болашақ дәрігер компетенциясын қалыптастыру, белгілі бір оқыту мерзімі ішінде кәсіби, интеллектуалды,өзін-өзі ұстау қабілеттері мен дағдыларын дамыту мақсатының жатуына байланысты, инновациялық әдістерді қолдану объективті түрде заңдылық болып табылады. «Компетенция» термині (латын тілінен) «адам жақсы меңгерген, ол туралы түсінігі мен оны жүзеге асыру үшін тәжірибесі мол сұрақтар шеңбері» дегенді білдіреді.

Компотентті түрде оқытуды жалпы медициналық және, соның ішінде, педиатриялық білім берудің жаңа жолы деп қана қарастырмай,сонымен қатар, қазіргі заман талабына оны сәйкестендіру механизмі ретінде қарау қажет. Ол педиатрды дайындау үрдісін ұйымдастыруда айтарлықтай түзетулер енгізеді, оған әрекетшіл және тәжірибелік-бейімдеуші сипат береді. Компетентті түрде оқыту қазіргі қоғам мен медициналық құрылымидар талап ететін дәрігер-педиатрдың жаңа сапалы моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Болашақ педиатр компетенттілігі – бұл бала денсаулығын сақтау саласында тапсырмаларды шешу мүмкіндігі, өзінің дәрігер-педиатрлық кәсіби рөліне дайындығы.

 

 

Дәстүрлі технология

Ұсынылатын оқыту әдістері

Дәстүрлі:

Ауызша сұрау – материалды меңгергеннен кейін пәннің бір немесе бірнеше бөлімдері бойынша сұраққа жауап және ситуацияларды талдау түрінде жүргізілетін бақылау.

Жазбаша сұрау – курстың және сұрақтары бойынша тәжірибелік сабақтар орындау, ситуацияларды талдау,есеп шығару, қойылған сұрақтармен жұмыс істеу түріндегі бақылау.

Біріктірілген сұрау – бір немесе бірнеше тақырып бойынша жазбаша және ауызша білімін бағалау түрлерін бір мезгілде қолдануды қарастыратын бақылау.

Интерактивті (инновациялық):

Кейс-стади – өз бетінше ойлау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау.

Іскерлік,рөлдік ойындар – оқушыларға әртүрлі кәсіби рөлдерде сөйлеуге және сабақты мәселелі жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқыту әдісі.

Милық шабуыл әдісі – топта жұмыс істеуде шығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде оқушыларға ситуация шешімі жауабының ең көп бірнеше жолын айтуға мүмкіндік беретін,идеялар мен шешімдерді қабылдаудың оперативті әдісі.

Топтық дискуссия әдісі – оқушыларды кәсіби жағдайды талдауға,мәселені құру дағдыларын қалыптастыруға үйретуге,басқа қатысушылармен қатынасқа түсу игерімін дамытуға, сонымен қатар, әртүрлі кәсіби мәселелер бойынша шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әңгімелесудің арнайы түрі.

Портфолио – белгілі уақыт аралығында орындалған оқушылардың әртүрлі жұмыстарының жинағы.Тестілеу – әртүрлі күрделіліктегі өзара байланысты тапсырмалар жинағынан тұратын, білімін мен оқушының басқа да педагогты қызықтыратын жақтарын сенімді және нақты түрде бағалауға мүмкіндік беретін педагогикалық өлшеу әдісі.

PBL (мәселеге бейімдеп оқыту) әдісі – қойылған мәселемен өзбетінше жұмыс істеу нәтижесінде оқушы әртүрлі пәндер бойынша компетенттілік құрылымдарын игеретін оқыту әдісі.Бұл әдіс барысында пәндердің көлденеңінен де (бір деңгейлі пәндер), тігінен де (негізгі және профильді пәндер) интеграциясы болады.

TBL (кіші топтарда оқыту) әдісі – оқушыда топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың топтық әдісі.

 

Өз білімін қалай «қалауға» болады?

Педагогикалық үрдістің негізгі құрылымдары болып табылады:

Ø  Мақсаттары – не үшін оқу керек (оқу);

Ø  Мазмұны – нені оқу керек (оқу);

Ø  Әдістері мен құралдары – қалай оқу керек (оқу).

 

Тәжірибелік сабақ жүргізудің жоспары:

Курс: IV

Семестр: VII

Пән: Ішкі аурулар пропидевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі.

Тақырыбы: Бронхиттер. Бронхиалды астма. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Мақсаты: Диагностикасы мен емдеу әдістері бойынша білімі мен дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

Ø  Этиологиясы мен патогенезі туралы білімін қалыптастыру

Ø  Диагностика және емдеу принциптерін үйрету

Ø  Клиникалық көріністерін анықтауға үйрету

Ø  Зерттеу әдістерін негіздеп тағайындау және олардың нәтижелерін талдау дағдыларын қалыптастыру

Ø  Пальпация,перкуссия және аускультация жүргізу әдістерін дамыту

Ø  Тыныс мүшелерінің рентгеннограммаларын оқу принциптерін, олардағы патологиялық  өзгерістерді анықтау принциптерін үйрету

Ø  Негізгі алдын-алу принциптерін үйрету

Ø  Ұжымдастарымен,науқаспен коммуникативті қатынас дағдысын дамыту

Ø  Оқушыларды кәсіби әдебиеттерді игеруге жігерлендіру.

 

 

Сабақтың жоспары:


Оқыту мазмұны мен әдістері
Құралдары мен әдістемелік

қамсыздандыру
Уақыты

(мин)
1
Ұйымдастыру бөлімі. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау
Үлгерім журналы. Оқу-әдістемелік нұсқаулар
5 мин
2
«Тізбек» әдісі бойынша ауызша сұрау
8 сұрақтары бар карточкалар
10 мин
3
Тыныс мүшелерінің аурулары бар ауруларды қарау әдістемесін көрсету. Тыныс мүшелерінің перкуссиясын (аускультация) көрсету
Науқастың ауру тарихы
40 мин
Кеуде қуысы мүшелерінің (ҚҚМ) рентгенограммасын меңгеру
ҚҚМ рентгенограммаларының жинағы, рентгенограммалар альбомы (электронды нұсқасы)
4
Тақырыптық науқасты клиникалық талдау. Дискуссия. Шешім қабылдау
Науқас, ауру тарихының көшірмесі, кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммасы, ауру тарихының презентациясы
40 мин
Үзіліс
5 мин
5
Науқас курациясы. Науқас және медициналық қызметкерлермен қатынаста коммуникативті дағдыларын жетілдіру. Ауру тарихын меңгеру. Тәжірибелік дағдыларын дамыту – тыныс мүшелерінің перкуссиясын және аускультациясын жасау.
Науқас, ауру тарихы, медициналық құжаттар
40 мин
6
Реферативті хабарлама немесе электронды баяндамалар презентациясы. Ой алмастыру.
Рефераттар. Компьютерлер
10 мин
7
Дидактикалық материалдарды меңгеру
Дидактикалық материалдар кешені, оқу әдебиеттері
10 мин
8
Білім деңгейін бақылау. Қателіктермен жұмыс.
Тапсырма
10 мин
9
Сабақтың қорытындысын шығару. Мақсаттарын жүзеге асыру және қойылған тапсырмалар шешімін талдау. Сабақ тақырыбы бойынша қорытынды бағаларын хабарлау. Үйге тапсырма.
Әдістемелік нұсқаулар.
10 мин
6. Сабақты жүргізу сценарийі:

Бір ақылды адам сұрақ белгісін ойлар ауланатын қармақпен салыстырған болатын. Сұрақтың әр типі өзекті, ол туралы ойлануды қажет етеді. Педагогтар мен психологтар ертеден осы сұрақтардың жіктелуін құрастыруға ұмтылды. Бұл тәжірибелік мақсатта қажет болды. Сұрақтардың әр типі ол туралы ойлануды қажет ететіндігін білгендіктен, интеллектуалды потенциалды толық көлемде жүзеге асыру үшін біз өз ойымызды да, біздің оқушыларымыздың ойын да саналы түрде басқара аламыз.

Америка психологы Бенджамин Блумның сұрақтар жіктелуі бар,ол сұрақтардың алты типін қарастырады, сіз көптеген идеяларды аулай алатын алты үлкен «қармақты»:

Ø  Қарапайым сұрақтар

Ø  Нақтылайтын сұрақтар

Ø  Сұрақ-талдау

Ø  Бағалаушы сұрақтар

Ø  Шығармашылық сұрақтары

Ø  Тәжірибелік сұрақтар

«Тізбек» әдісі бойынша ауызша сұрау. Ұзақтығы – 40 мин.

Әдістемелік қамсыздандыру: сұрақтары бар 8 карточка

1 қадам.

Тақырыптың өзектілігі,мақсаттары,міндеттерін оқытушы негіздегеннен кейін, оқушыларға ұсынылатын сұрақтары бар карточкалар бойынша сабақтың теориялық бөлімі талданатыны түсіндіріледі. Оқушыларға мәселені (сабақ тақырыбын) келесі сұрақтар бойынша ашу үшін тапсырма беріледі: «не?», «кім (қоздырады)?», «қашан (ауырады)?», «қандай (белгілері)?», «қандай (зерттеу)?», «қалай (емдеу)?», «неліктен?», «қандай жолмен?».

2 қадам.

Оқытушы «тізбек» әдісін жүргізу шарттарын атайды:

-сұрақтарға жауаптар нақты және қысқа болу керек.

-егер оқушы сұраққа жауап беруден қиналса немесе толық емес және нақты емес жауап берсе, оқытушы карточканы қатысушылардың қалауын ескере отырып, басқа оқушыға береді. Осыдан кейін оқушы сұраққа жауап береді.

-ауызша сұрау аяқталғаннан кейін студенттер бір-бірінің сұрақтары бар карточкалар санын санайды. Кімде карточка болмаса, ол сабаққа толық дайын емес екендігін білдіреді,және сабақтың соңында қорытынды бағасы 1 баллға төмендетіледі. 1 карточкадан артық карточкасы бар оқушыға қорытынды баллы 0,5-1 баллға жоғарылайды, ол сұрақтардың күрделілігіне байланысты. Осы шешімді шығаруда оқушылар қатыса алады.

-жауаптарды бекіту үшін тақтада алдын-ала салынған 4 тік бағанадан тұратын кестеге жүгінуге болады:

Сұрақ / белгі
Жедел бронхит
Созылмалы бронхит
Бронхиалды астма
Әр жауап беруші тақтаға барып,кестеге қысқаша түрдетарын жазады, оны ауызша толықтырады. Берілген әдістеме жауабын жақсы таныстыру, топтағы барлық білім алушылардың есте сақтауы үшін, дифференциялық диагностика жүргізуде,қорытынды жалпыландыруда қолайлы.

3 қадам.

Сұрақтары бар карточкалар оқушылар алдына беті төмен қаратылып қойылады.

4 қадам.

Әр оқушы кезегімен өзіне бір ұсынылған карточканы алады, қалған карточкалар қалауы бойынша таратылады. Егер ешкім карточкаларды алғысы келмесе, оқытушы сұрақтары бар карточкаларды өзі қалаған оқушыларға ұсына алады.

5 қадам.

Оқытушы оқушыларға сұрақ қойады «Өтінемін, кімде бірінші сұрақ, карточкаңызды көтеріңіз?». Оқушылар өз бетінше кім бірінші жауап беретіндігін ұсынуы қажет. «Не?» деген сұрағы бар оқушы жедел бронхит, созылмалы бронхит,  нозологияларына анықтама бере отырып, бірінші болып жауап беруі қажет. Оқытушы оқушыға ешқандай көмексіз сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді.

6 қадам.

Екінші болып салыстырмалы аспектіде ауру этиологияларын аша отырып, «кім(қоздырады)?» деген сұрақпен карточкасы бар оқушы жауап беруі керек. Сұрақ өте қарапайым құрастырылғандықтан, ауру этиологиясына аса назар аудара отырып, оқытушы оны нақтылайды және анықтап береді.

7 қадам.

Үшінші болып салыстырмалы сипатта аурудың жасқа байланысты, мезгілдік және әлеуметтік ерекшеліктерін аша отырып, «қашан (ауырады)?» деген сұрағы бар оқушы жауап береді. Сұрақ нақты емес құрастырылғандықтан, оқытушы нақтылап және анықтап беруге құқылы.

9 қадам.

Бесінші болып салыстырмалы сипатта аурудың лабораториялық- аспаптық тексеру ерекшеліктерін аша отырып, «қандай (зерттеу)?» деген сұрағы бар оқушы жауап береді.

10 қадам.

Алтыншы болып «қалай (емдейді)?» деген сұрағы бар оқушы жауап береді, салыстырмалы сипатта ауруды емдеу принциптерін аша отырып.

11 қадам.

Жетінші болып «неліктен?» деген сұрағы бар оқушы жауап береді, аурудың болуы мүмкін асқынулары мен олардың себептерін аша отырып, сұрақ нақты емес құрастырылғандықтан, оқытушы оны нақтылап және анықтап беруге құқылы.

12 қадам.

Кейін «қандай түрде?» аурудың алдын-алу шараларын жүргізу және жедел респираторлы патологиямен ауырып кеткен балаларды бақылау қажет деген сұраққа жауап беріледі.

13 қадам.

Оқытушы сұрақтарға жауап беру аяқталғаннан соң барлық топ оқушыларына тақтадағы толтырылған кестеге назар аударуын сұрайды және бір оқушыға жалпыландыруға тапсырма береді. Жалпыландыру кезінде оқушыны оқытушы түзетіп отырады.

Кейін оқытушы қорытынды жасайды – сұрақтар қаншалықты ашылды, олардың нақтылығы мен толықтығы, терминологиялық тұрғыда сөйлемдерінің дұрыс болуы, «тізбекте» жұмыс кезінде комуникативті дағдыларын көрсетуі, оқушылардың қайсысы үздік, қайсысы жақсы дайындалған, ал кімнің білімін толықтыру қажеттігін айтады.

14 қадам.

Оқытушы оқушыларды карточкалар көмегімен сұрау туралы ойларымен бөлісуін сұрайды-не қызықты болды,немесе керісінше,күрделі болды ма және т.б. егер уақыт жеткіліксіз болса жазбаша түрде «кері байланыс» ұсынуға болады «Тізбек» әдісі бойынша ауызша сұрау аяқталғаннан кейін, оқытушы оқушыларды сабақтың келесі сатысынаөтетіндіктерін хабарлайды.

 

Тыныс мүшелерінің перкуссиясын көрсету.

Ұзақтығы  20 мин.

1.
Оқытушы «Медициналық манипуляцияларды, операциялық шараларды жүргізуге науқастан ақпараттық келісім алу» туралы түсініктеме береді.
2.
Науқасқа берілген манипуляцияны орындау үшін рұқсат алу қажеттілігі туралы білім алушыға  мәлімет береді. Осы зерттеу әдісін жүргізу себебі туралы науқас ақпараттандырады.
3.
Өзара амандасқаннан және танысқаннан кейін науқастың оң жағына отырады. Барлық ережелерді қатаң сақтай отырып,ретімен өкпенің салыстырмалы перкуссиясы әдістемесін көрсетті: жауырынаралық кеңістікте саусақ-плессиметр тік қойылады, қалған барлық жағдайда- көлденеңінен қойылады.
4.
Алдыңғы жағынан өкпе ұшы дыбыстары салыстырылды, кейін алдыңғы жағынан ортаңғы- бұғана сызығы бойынша оң жақта және сол жақта IV қабырғаға дейін салыстырмалы перкуссия жүргізіледі.
5.
Қолтықасты сызықтар бойынша перкуссия қабырғааралықтары бойынша жасалады.
6.
Артқы жағынан перкуссия жауырынүсті аймағында оң және сол жағынан, кейін жауырынаралық кеңістікте жасалады.
7.
Оң жақта бауырдың орналасуына байланысты оң жақ төменгі бөлікте физиологиялық түрде перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталатындығын көрсетті.
Өкпе перкуссиясын көрсету аяқталғаннан кейін, оқытушы оқушыларды сабақтың келесі сатысы «кеуде қуысы мүшелерінің ( КҚМ) рентгенограммаларын меңгеруге» өту туралы ақпараттандырады.

«Кеуде қуысы мүшелерінің ( КҚМ) рентгенограммаларын меңгеру» бағдарламасы. Ұзақтығы – 25 мин.

Оқытушы кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммаларын оқу ережелерімен таныстырады:

1.
Сурет сапасын (жұмсақ, тығыз, орташа тығыздықта) бағалады. Сурет сапасын бағалау кезінде онда өкпе ұштарының жеке костодиафрагмальды синустардың болуыда назар аударды.
2.
Суреттердегі көлеңкелерді суреттеу кезінде оның сипатына (ошақты, фокусты, тартылған), интенсивтілігіне (жұмсақ, орташа, тығыз), шетіне (тегіс,тегіс емес), құрылымына (біртекті, біртексіз), орналасуына аса назар аударды.
3.
Өкпе түбірлерінің жағдайын адекватты бағалады: орналасуы (ығысуы, пішіні, шеті, өлшемдері).
4.
Плевра жағдайын бағалады, жабысқақтардың болуы, сұйықтық жиналу белгілері, пневмоторакс болу немесе болмауы туралы айтты.
5.
Рентгенологиялық қорытынды жасады.
Кейін әр оқушыға кеуде қуысы мүшелерінің патологиясы бар (сабақ тақырыбы бойынша) науқастың бір рентгенографиялық суреті ұсынылады. Оқушы оны өзбетінше талдауға талпынуы қажет. 10 минут уақыт беріледі. Кейін әр оқушы кезекпен қорытынды жасайды. Оқытушы әр жауапты түзетіп отырады.

 

«Тақырыпқа сәйкес науқасты клиникалық талдау» бағдарламасы .

Ұзақтығы – 45 минут.

1- нұсқа. Диагнозы белгілі науқас.

2- нұсқа.Ауру тарихының көшірмесі.

Оқытушы клиникалық ойлау қабілетін қалыптастырады және оқушыларды белсенді қатысуға жігерлендіреді.Оқытушының жетекшілігімен, оқушылар реті бойынша кезегімен науқасқа кестеге сәйкес сұрақтар қояды (науқастың ата-анасына, волонтерға, оқытушыға):

1.
Өзара амандасқаннан және танысқаннан кейін науқастың қасына отырады, қатынас орнатты, аты-жөнін,жасын,касібін сурайды.
2.
Сұрақтар қойды: неге шағымданады?. Жауап алғаннан кейін туындау себебі мен аталған симптомдардың күшеюі туралы нақтылады, немен басылатындығын сұрады. Дұрыс сұрастыру нәтижесінде аурудың жетекші симптомдарын анықтады.
3.
Ауру анамнезінде оның қашаннан бері ауыратындығын, басталуын,ауру пайда болуына не әсер еткендігін нақтылады. Хронологиялық тәртіпті ауру ағымын, өршуін, оның ұзақтығын, осыған дейінгі алған емін, оның тиімділігін сұрады. Соңғы рет жағдайының нашарлауына не әсер еткендігін нақтылады.
4.
Аурудың жалпы белгілерін анықтады: дене қызуы,қалтырау, ұйқы, тәбет, шөлдеу, әлсіздік, мазасыздық, көңіл-күйі және т.б. Аурудың көріністерін анықтады. Нақты жүйелер мен мүшелердің патологиясы туралы болжам жасады.
5.
Ауру бастамасы,аурудың даму ерекшелігі,аурудың пайда болу себебі,өткізген тексерулер,нәтижелері,жасалған ем және оның нәтижесі.
6.
Ауырған адамның өмірбаяны.  Тұқым қуалаушылық ,ауырған аурулары.
7.
Отбасылық анамнез.Ата-анасының жасы, олардың және әкесі мен анасы жағынан жақын туысқандарының денсаулық жағдайы. Тұқым қуалайтын аурулары. Жанұяда неше бала және олардың денсаулық жағдайы, егер өлген болса, қандай себептерден өлді?
8.
Материалдық – тұрмыстық жағдайы.
 

 

 

 

 

 

 

 

Кейін оқушы анамнез бойынша қорытынды жасайды:

–          қай жүйенің потологиясына күманданасыз?

–          ауру жедел немесе созылмалы ма?

–          жанұя анамнезіне немесе жанұя-тұрмыстық анамнезден қандай жағымсыз факторлар осы аурудың дамуына әсер етті немесе оны тудырады?

Науқасты клиникалық талдау кезінде оқытушы дискуссия тудырады.

Науқастың кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясын талдау.Талдау соңына қарай болжам диагноз туралы шешім қабылданады, тексеру схемасы құрастырылады. Барлық  қортындылары тақтаға жазылады. Оқытушы сұраудың қандай психалогиялық атмосферада өтіп жатқандығын ескеріп отырады. Қанндай коммуникация әдістері-вербальды (сөздік), вербальды емес (мимика,қимылдары,дауыс интонациясы) қатысушымен қолданады.

Үзіліс30мин

Науқас курациясы.Ұзақтығы-35мин.

Ауру тарихын меңгеру. Тыныс мүшелерінің перкуссия және аускультация жүргізу дағдысын дамыту.

Реферативті хабарлама немесе электронды баяндамалардың презентациясы.

Ұзақтығы – 30 мин. Дайындалған реферат немесе презентация таныстырылады. Оқытушы оқушыларды өз ойларымен алмасуға, сұрақтар қоюға, талдауға жігерлендіреді.

Дидактикалық материалды меңгеру.

Ұзақтығы – 30 мин. Оқушыларға өзбетінше меңгеруге арналған дидактикалық материалдар кешені ұсынылады..

Қорытынды білім деңгейін бағалау.

Ұзақтығы – 30 мин.

Оқытушы қорытынды білімін бақылау жүргізілетіндігі туралы ақпараттандырады. 5 минут ішінде әр оқушы осы сабақ үрдісінде меңгерген 15 жаңа медициналық термин (глоссарий) құрастыруы қажет. Оқушыларға орындалған тапсырма нәтижелерін өзара тексеру ұсынылады. Оқытушы жауаптарына түзету енгізеді.

Сабақтың қорытындысын шығару.

Ұзақтығы – 20 мин. Берілген сабақ мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру анықталады. Оқушыларға қандай компетенциялар қалыптастырылғандығы нақтыланады (білім,дағды,коммуникативті дағды,құқықтық аспектілері, өз бетінше жетілу). Қорытынды бағалары хабарланады. Оқушылардың ойы тыңдалады.

Үйге тапсырма беріледі.

 

 

 

Дәстүрлі оқыту әдістерін жүргізу нұсқалары

«Кіші топтарда жұмыс» әдісі.

Ұзақтығы – 45 мин.

1 қадам.

Сабақ өзектілігін,мақсаттарын,міндеттерін анықтағаннан соң оқытушы оқушыларға осы әдістің көмегімен оқушыларды ауызша сұрау жүргізілетіндігін, сабаққа дайындалудың теориялық деңгейі анықталатындығын түсіндіреді.

2 қадам.

Оқытушы шарттарды атайды:

Ø  Кіші топтар құрылады (жұптар), оларға нақты тапсырмалар беріледі;

Ø   Егер оқушылар тобы 8 адамнан тұратын болса, онда 4 кіші топ құрастырылады, егер 6 оқушы болса, 3 топ.

Ø  Жауап, шешім дайындауда кіші топ мүшелерінің барлығы белсенді қатысуы керек;

Ø  Оқушылар ұжымда жұмыс істеу дағдысын, клиникалық ойлау қабілетін көрсетеді, мәселені түсіну мен шешу жолдарының жалпы жолдарын іздейді;

Ø  Сұрақтарға жауапттар нақты, схемалары анық және түсінікті болуы керек;

Ø  Кіші топтарда жұмыс істеу уақыты – 15 мин;

Ø  Топтағы жұмыстар нәтижелері 5 баллдық бағана бойынша бағаланады;

Ø  әр топқа 3 карточкадан беріледі, олар – жасыл (дұрыс жауап), қызыл (дұрыс емес жауап), сары (толық емес жауап,толықтыруды қалаймын). Бұл карточкалар оқушылармен кіші топтар алдына қойылған тапсырмалар шешімінің нәтижелерін бағалау үшін қолданылады.

Ø  әр кіші топқа жауап беруге 5 минут уақыт белгіленеді(құмсағатпен). Егер қатысушы берілген уақытта үлгермесе, оқытушы кіші топты жазалайды (1 балл алынады), нақты емес және толық емес жауап үшін де 1 ден 3 ке дейін балл алынады.

3 қадам.

Оқытушы кіші топтарға тапсырма береді:

Ø  диагностика алгоритмінің схемалық түрін құрастыру;

Ø  дифференциялық диагностика кестесін құрастыру;

Ø  күтілетін нәтижелер мен зерттеу жоспарын жасау;

Ø  емдеу жоспарын жасау (принциптері, препараттардың аты, дозасы, емдеу курсы);

4 қадам.

Кіші топтардан спикер таңдалады. Әр кіші топ кезекпен жұмыс нәтижелерін көрсетеді. Оқытушы тапсырманың дұрыс шешілгендігі туралы басқа кіші топтың қатысушыларымен ой бөліседі және сәйкес түрлі түсті карточканы көтеруін сұрайды. Егер толығырақ және нақты жауап берілсе немесе маңызды мәліметтермен толықтырылса,осы оқушы танысушысы болып табылатын кіші топқа 1 балл қосылады. Оқытушы оқушылардың жауаптарын түзетіп отырады.

5 қадам.

Кіші топтарда жұмыс істеу қорытындысы шығарылады. Әр кіші топтың қорытынды баллы хабарланады. Оқытушы осы сұрау түрі туралы студенттердің ойын сұрайды – не қызықты болды,немесе керісінше,не күрделі болды және т.б. Егер уақыт жеткіліксіз болса,жазбаша түрде «кері байланыс» жүргізуге болады.

Оқытушы «кіші топтарда жұмыс» әдісі бойынша сұраудың аяқталуына қарай оқушыларға сабақтың келесі сатысы «Тақырыптық науқасты клиникалық талдауға» өтетіндігін хабарлайды.

 

«Рөлдік ойын» әдісі.

Ұзақтығы – 45 мин.

Белсенді оқытудың имитациялық ойындық әдісі, келесі белгілермен сипатталады:

-тапсырманың болуы (мәселе) және шешім шығаратын қатысушылар арасында рөлді бөлу;

-ойын қатысушыларының өзара қатынасы. Әрқайсысы өз рөліне сәйкес басқа қатысушылардың ойымен келісуге немесе келіспеуге құқылы, өз ойын білдіре алады немесе т.б.;

-сабақ үрдісіне оқытушы түзету шараларын енгізеді. Оқытушы талдауды үзіп, осы тапсырманы шешу кезінде ескерілуі қажет кейбір жаңа мәліметтерді хабарлай алады, талдау арнасын басқа жаққа бұра алады және т.б.;

-оқытушы және оқушылар ойынның қорытындысын шығару және нәтижелерін бағалау;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Рөлдік ойын өз функцияларын атқаруы және педагогикалық мақсатты шешу үшін, топтық өзара қатынас мақсатын,қатысушыларды таңдау принциптерін ескере отырып,ойынға қатысатын топтарды құрастыру және ұйымдастыру аспектілерін толық

қарастыру қажет, сонымен қатар, ойындық кеңістік пен қажетті заттарды дайындаумен байланысты барлық сұрақтарды ойластыру керек. Бұл ойын моделінің даму потенциалы мен артықшылықтарын рационалды қолдануға мүмкіндік береді.

1қадам. Ойынға кіріспе.Тақырыптың өзектілігін, мақсатын және міндеттерін негіздегеннен кейін оқытушы студенттерге рөлдік ойындар көмегімен сабақ тақырыбы, құқықтық сұрақтар бойынша білімдерін, шешім қабылдау дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын, кәсіби сөйлеу қабілетін, сұрақтар қоя алу, диалог жүргізу дағдыларын көрсетеді.

2қадам. Рөлдерді бөлу. Оқытушы «Тыныс мүшелерінің аллергиялық аурулары бар науқас » рөлдік ойынын жүргізу тәртібі мен шарттарымен таныстырады:

–          Студенттерге әрқайсысында атқаратын рөлі көрсетілген 7 карточка (ата-ана-науқас, аймақтық дәрігер, стационардың қабылдау бөлімінің дәрігері, дәрігер лаборант, эксперт – аналитик) ұсынылады;

–          Әрқайсысы кезекпен карточка алады, және өз рөлімен танысады, жазбаларын қолдануға болады, қысқаша әрекет жоспарын құрастырады(5 минут);

–          «науқас » карточкасында диагнозы келтіріледі (бронх демікпесі), сол бойынша шағымдары құрастырылуы керек. Білім алушы бұл карточканы қатысышулардың ешқайсысына көрсете алмайды. Барлық ойын жолы тәуелді осы қатысушы тәуелді, себебі ол шағымдарын дұрыс құрастыруы және өзінің «симптоматикалық» сезімдерін жеткізе алу керек;

–          «эксперт-аналитик» рөлі студентке басқа қатысушылардың әрекетін қадағалауға, негізділігін және әр маманмен жүргізілген шаралардың дұрыстығын талдауға, дәрігер жазбаларындағы қателіктерді анықтауға мүмкіндік берді және жеке жазба қағазына белгі қойып отырады. Соңына қарай «эксперт-аналитик» әлсіз, күшті тұстары, қателіктер және т.б. көрсетілген қорытынды жасайды. Осы ойыншы алдына қойылған талаптар рөлді карточкада көрсетілуі керек;

–          Шынайы клиникалық жағдайға ұқсас болуы үшін ойын қатысушыларына қайталайтын дәптерлер, ауру тарихы, жолдамаға арналған бланкілер болады; Оның барлығы үстелдің ортасына қойылады; әр ойыншы оған берілген құжаттардың қайсысына жазба жасайтындығын өзі біледі;

–          Әр ойыншы ойынға кезекпен түседі (нөмірі карточкада көрсетіледі);

–          Оқу бөлмесінде рөлдік ойынға сәйкестендіріліп, столдар мен үстелдер қойылады.

3қадам. Ойынға кірісу. «рөліне сәйкес», әр студент өз тәртібін анықтайды, сұрақтары мен жауаптарын құрастырады; Оқытушы қажет болған жағдайда, рөлдік ойындағы әр қатысушының траекториясын өзгерте алады.

4қадам. Жағдайы (мәселені) меңгеру және жүйелі талдау. «науқас » ойыншысы кіреді, «аймақтық дәрігерге» шағымданады, карточкада берілген диагнозға сәйкес шағымын және анамнезін құрастырады.

5 қадам. Ойын үрдісі. «аймақтық дәрігер» «ата-ана-науқас »ойыншысына сұрақтар қояды, объективті зерттеу жүргізеді (нәтижелерін ауызша айта отырып). Жетекші синдром және болжам диагноз туралы қорытынды жасайды. Ары қарай тексеру жоспарын құрастырады. Баланың даму тарихында сәйкес жазбаларды көрсетеді(дәптерде). Басқа зерттеу әдістеріне арналған жолдаманы және стационарға жатқызу жолдамасын (егер оны қажет деп тапса) толтырады.

6 қадам. «Науқас » ауруханаға жатқызуға жолдамамен және толтырылған 112 үлгісімен стационардағы қабылдау бөлімінің дәрігерімен әңгімелеседі, ол да сұрақтар қойып, науқасты дәрігерлік қарау жүргізеді, ауру тарихын толтырады, қандай аурулармен дифференциалық диагностика жүргізу қажет екендігін көрсетеді.

7 қадам. «Функционалды диагностика бөлмесінің дәрігері » және «дәрігер-лаборант» ойыншылары (қажет болған жағдайда оларды біріктіруге болады), зерттеу әдістерінің нәтижелері бойынша қорытынды жасайды (жоспарға сәйкес).

8 қадам. «науқас » маман-пульмонолог-аллергологқа барады, ол да өз кезегінде шағымдарын, сұрайды, анамнезін толықтырады, зерттеу әдістерініің нәтижелерін талдайды және соңғы клиникалық диагнозы негіздейді. Емін түзеді. Ауру тарихына жазбалар жасалады.

9 қадам. «Эксперт-аналитик» ойыншысы карточкада қойылған сұрақтар тізімі бойынша қорытынды жасайды. Әр ойыншыға ұсыныстар айтады. Барлық ойыншылар ойларымен бөліседі (бағалау және өзін-өзі бағалау).

10 қадам. Плениум. Ойыншы «науқас » карточкада алдын-ала көрсетілген өз диагнозының құпиясын ашады. Қатысушылар ой бөліседі.

11 қадам. Ойын қорытындысын шығару. Оқытушы жалпы хабарлама жасайды – сұрақтар қаншалықты ашылды, нақтылығы мен толықтығы, терминологиялық тұрғыда сөйлемдерінің дұрыстығы, коммуникативті дағдыларын көрсету, білім алушылардың ішіне кім үздік дайындалған, кім білімін толықтыруды қажет етеді.

12 қадам. Рефлексия. Ойыннан «арылу». Оқытушы білім алушыларға карточкалар көмегімен сұрау түріндегі сабақтың жүргізілуі туралы ойларын сұрайды – не қызықты болды, немесе керісінше, не күрделі болды және т.б. Егер уақыт жеткіліксіз болса, жазбаша түрде «кері байланыс» жүргізуге болады.

Рөлдік ойынның аяқталуына қарай оқытушы білім алушыларға  шаршағандарын басу үшін және жүктемеден арылу үшін бой жазуларын ұсынады.

«Балық сүйегі (білім деңгейі)» әдісі.

Ұзақтығы – 40мин.

«Балық сүйегі» әдісінің артықшылықтары: жағдайы суреттеу, тез қимылдау, негізгісін анықтай білу игерімі қалыптасады;

·         Көпшілік алдында баяндамамен сөйлеу дағдысы қалыптасады;

·         Коммуникативті дағдылары қалыптасады – жауап беріп жатқан адамға деген сыйластық қатынасы;

·         Алынған мәліметтерді талдау дағдысы қалыптасады;

·         Әдіс теориялық біліміндегі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді;

·         Сабақтың соңында теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларының сызықты жүйесі шығарылады.

1 қадам. Тақырыптың өзектілігін, мақсатын, міндеттерін негіздегеннен кейін оқытушы білім алушыға ұсынылып отырған әдіс көмегімен сабақтың теориялық бөлімі талданатындығын түсіндіреді.

2 қадам. Оқытушы « балық сүйегі » әдісінің жүргізілу шартымен таныстырады:

-білім алушыға  ұсынылған  карточкалардың  көмегімен  жан  жағы аурудың этиологиясы,емдеу әдістері туралы сұрактарға жауаптардан тұратын  «балық қаңқасын » құрастыру  ұсынылады.Балықтың негізі  ( қаңқасы,  каркасы ) осы ауру  кезіндегі клиникалық синдромдар ( симптомдар) сұрақтарына жауаптардан тұрады. Балықтың құйрығы аурудың алдын-алу сұрақтарының жауаптарынан тұрады. Сонымен қатар,сұрақтарға жауаптар нақты, анық  және біреу керек.

Дұрыс жауап үшін әр студентке 0 баллдан 100 баллға дейін беріледі.

3 қадам.  Қатысатын білім алушылар ішінен экспертті таңдау қажет, ол жұмыс тобындағы білім алушы жауаптарын бағалайды және түзетеді.

4 қадам.  Үстелге білім алушылардың алдына таза карточкалар қойылады,  олардың саны ұсынылатын жауаптардың санына сәйкес келеді.

5 қадам. Тақтаға балық сүйегінің суреті барплакат ілінеді.

6 қадам. « Ауру этиологиясы » деген сұраққа әр білім алушы өзіне таза бір карточка алып, оған оның ойынша дұрыс деп санайтын жауапты жазады.

7 қадам. Білім алушылар жауабы бар карточканы этиологиясы ( ауруды тудырушы себептер) бойынша сұрақтары бар жағына бекітеді.Сонымен қатар, білім алушы неге осы жауапты дұрыс деп санайтындығын тұрады.

8 қадам.  Балық қаңқасының бір жағын құрастырып болғаннан кейін,білім алушыға балықтың балықтың негізін қалау ұсынылады, ол

« патогенезінің негізгі механизмдері », « негізгі клиникалық синдромдары »

Сұрақтарынан тұрады.

9 қадам.  Этиологиясына сәйкес білім алушы таза карточкаға жауабын жазады.

Білім алушыға  ұсынылған жауапты талдау барысында, оқытушы білім алушылардың  жауабын түсіндіреді және түзетулер енгізеді.

10қадам.  Кейіннен білім алушыға балықтың екінші жағын құрастыру ұсынылады, ол негізгі емдеу әдістерінен тұрады.

11 қадам.  Жауабы бар карточканы білім алушылар  емдеу әдістері туралы сұрақтары  бар жағына бекітеді (препараттар тобы мен дозаларын көрсете отырып ). Сонымен қатар,білім алушы неліктен осы жауапты дұрыс деп санайтындығын түсіндіреді. Оқытушы қажетінше жауаптарға түзетулер енгізеді.

12 қадам.  Барлық сұрақтарға жауап берілгеннен кейін оқытушы қаланған балық қаңқасына барлық білім алушылардың назар аударуын ұсынады және студенттердің біреуіне жалпыландыру ұсынылады.Оқытушы жалпыландыру барысында студентті түзетеп отырады.

13қадам.  Эксперт-студентке білім алушылардың сұрақтары бойынша олардың дұрыстығына қарай жалпыландыру жасау ұсынылады .

14 қадам.  Оқытушы одан кейін қортынды жасайды-сұрақтар қаншалықты ашылды,жауаптардың нақтылығы мен толықтығы, терминологиялық тұрғыда дұрыс сөйлеуі, жұмыс кезінде коммуникативті дағдыларын көрсетуі, студенттердің қайсысы үздік,қайсысы жақсы дайындалған,кімнің білімін толықтыру қажет екендігі анықталады.

15 қадам.  Оқытушы білім алушыға карточкалар көмегімен сұрау түрі туралы ойларын жеткізуін сұрайды- не қызықты болды,немесе керісінше , не күрделі болды және т.б. Егер уақыт жеткіліксіз болса,жазбаша түрде  « кері байланыс » жүргізуге болады.

٭« Конференция »әдісі. Ұзақтығы-50 мин.

Белсенді оқытудың берілген әдісі сабақтың тақырыбы күрделі болған кезде, сирек кездесетін ауруларды меңгеруде ( тұқым қуалайтын, туа біткен және басқа аурулар ),клиникада тақырыптық науқастар болмаған кезде, клиникалық талдауларды жасау мүмкіндігі болмаған кезде қолайлы.

« Конференция »әдісінің артықшылықтары:

1.      Берілген ауру ерекшеліктерін суреттеу дағдысы қалыптасады.

2.      Жылдам қимылдау дағдысы қалыптасады.

3.      Негізгілерін анықтау дағдысы қалыптасады

4.      Көпшілік алдында баяндамамен сөйлеу дағдысы қалыптасады.

5.      Коммуникативті дағдылары  қалыптасады-жауап берушіге деген сыйластық қатынасы.

6.      Берілген мәліметтерді талдау дағдысы қалыптасады.

7.      Әдіс теориялық білімдегі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

8.      Сабақтың соңында теориялық білімі мен тәжірибелік дағдылары бойынша білімдерінің сызықтық жүйесі түзіледі.

Әр баяндамашы конференцияға дайындалу барысында тақырыпты терең меңгереді.

Баяндамалар көрнекі материялдарын ( схемалар, А3 форматындағы кестелер,фотосуреттер,суреттер) көрсету арқылы ауызша түрде болуы да мүмкін.

Презентация -8-10 слайд көлемінде болуы керек,бірінші слайдта тақырыбы,баяндамашының аты-жөні,факультеті,курсы,топ нөмірі,дайындалған күні көрсетіледі.Кейіннен тақырыптың өзектілігі,статистикалық мәліметтер беріледі,тақырып ашылады,қорытынды жасалады.Слайдтарда мәтіндік бөлімі 10 қатардан аспауы керек,бағана шрифті 30болуы керек.Презентацияда негізінен ақпараттық көрнекіліктер болуы керек.Слайдтарды рәсімдеу қарапайым болуы керек,өте қанық шрифттер, анимациялық сурттер,карикатуралар және т.б. қолданылмайды, анимация  қолданылу ұсынылмайды. Түстерге қойылатын талаптар -1 слайдта 3 түстен артық болмауы керек. Білім алушы баяндама материялын терең меңгеруі қажет, баяндама мәтіні немесе слайдтан оқып беру ұсынылмайды.

Берілген оқу құралында мысал ретінде ұсынылатын конференция тақырыбы «Созылмалы пиелонефрит». Оқытушымен алдын-ала (3-4 күн бұрын) 6-7 баяндама (тақырыптары төменде келтірілген) бөлінеді.

1 қадам.

Конференцияның өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін анықтағаннан кейін оқытушы берілген тақырып сұрақтарын негізінен «конференция» түрінде меңгерген дұрыс екендігін түсіндіреді. Оқушыларға баяндамаларды жақсылап тыңдалғаннан кейін сәйкес тақырып бойынша теориялық білімі қалыптасады. Конференцияның әр қатысушысына белсенді қатысу, баяндама тыңдау аяқталғаннан соң сұрақтар қою ұсынылады. Конференция соңында кері байланыс жүргізілу талдау жоспарланады.

ЕСКЕРТУ! Сабақтың осы түрінің маңыздылығын арттыру үшін алдын-ала конференция бағдарламасын дайындаған дұрыс, мамандықтар бойынша ғылыми- тәжірибелік конференциялардың бағдарламаларына ұқсас (егер мүмкіндік болса,типографиялық әдіспен басып шығару немесе сәйкесінше рәсімдеп ПК шығару). Мұны жауапты оқушыға тапсыру (қалауы бойынша, белсенді оқушыға немесе топ старостасына).

Бағдарламада конференция аты,күні мен өткізілетін орны, төрағасы, хатшы, баяндамалар аты мен баяндамашылардың аты-жөні, әр баяндамашыға берілетін уақыт (5-7 мин) беріледі. Төраға оқушылардың дауыс беруі нәтижесінде таңдалады, хатшыны оқытушы тағайындай алады. Егер берілген ұсыныстар қандай да бір себептермен орындалмаған болса, оқытушы келесі 2-қадамға көшеді.

Баяндамашылар үшін «мінбе», «кафедраны» дайындау.

Конференция барысында видеотүсірілім жүргізуге болады.

2 қадам.

Оқытушы «Конференцияны» жүргізу шарттарымен таныстырады:

Ø  оқушылармен төраға тағайындалады;

Ø  баяндамалар нақты және анық, көрнекілермен рәсімделген (электронды презентация түрінде) болуы керек, регламент 5-7 минут;

Ø  баяндама аяқталуына қарай конференция қатысушыларына сұрақтар қойылуы мүмкін;

Ø  баяндамашыны баяндама жасау кезінде үзуге болмайды;

Ø  оқушылар баяндаманы аяқталғаннан соң толықтыра алады;

Ø  талдау кезінде барлық конференцияға қатысқан білім алушылар қатыса алады;

3 қадам.

Конференция төрағасы конференцияның ашылуы туралы хабарлайды және барлық қатысушыларға жақсы жұмыс тілейді. Баяндама тақырыбын хабарлайды және мінбеге баяндамашыны шақырады (кейін баяндама тақырыптары келтіріледі). Кейін төраға баяндамаларды және баяндамашылардың аты-жөнін атайды, аудиториядан сұрақтары бар ма немесе жоқ па деп сұрайды, конференция барысында баяндамаға,сонымен қатар, сұрақтар мен жауаптарға да түзетулер енгізе алады.

4 қадам.

«Созылмалы пилонефрит ауруы». Баяндамашы мінбеге шығып, ауызша түрде баяндама жасайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді.

5 қадам.

Екінші оқушы «Созылмалы пилонефрит» тақырыбына баяндама жасайды, этиологиясын, патогенезін, клиникалық ерекшеліктерін, диагностика және ауруды емдеу әдістері мен салыстырмалы тұрғыда дифференциялық диагностикасын баяндайды.Оқытушы баяндамашымен ұсынылған ақпаратты нақтылап, толықтыра алады.

6  қадам.

Оқытушылар баяндамалармен таныстыру аяқталғандығын хабарлайды, барлық баяндамашылар туралы айтады, қорытынды шығарады. Қатысушыларды конференция тақырыптарының мақсаттарына жеткені және қойылған міндеттердің шешілгендігі туралы ақпараттандырады.

7 қадам.

Оқытушы өзі қорытынды жасайды:

Ø  қаншалықты сұрақтар ашылды;

Ø  жауаптардың нақтылығы мен толықтылығы;

Ø  терминологиялық тұрғыда дұрыс сөйлеуі;

Ø  сұрақтар қою және жауап беру кезінде коммуникативті дағдыларын көрсетуі;

Ø  оқушылардың ішінде кім үздік,кім жақсы дайындалған, кімнің білімінде кемшіліктер бар;

Ø  төрағалық және конференция қатысушыларының белсенділігін талдайды.

8 қадам.

Оқытушы конференция түрінде сабақты жүргізу түрі туралы оқушылардың ойымен бөлісуін сұрайды – не қызық болды,немесе керісінше, не күрделі болды т.б. Егер уақыт жеткіліксіз болса, жазбаша түрде «кері байланыс» жүргізуге болады.

 

Видеотүсірілім ұйымдастырылуымен жүргізілетін мини-конференция

Бұл әдісте видеотүсірілім көрсетіле отырып, топтың басқа мүшелері ойларымен бөліседі.Ұзақтығы – 100 мин.

Оқытушы миниконференция әдісі көмегімен талдауға келетін сабақтың тақырыбын таңдайды, мысалы «Артериалды гипертензия». Алдын-ала қатысушыларға 3-5 минут созылатын хабарлама дайындау ұсынылады. Сабақ тақырыбының нақты тапсырмасын ашу үшін. Ауызша баяндама оқытушымен ұсынылатын электронды презентациямен көркемделуі және талаптарға сәйкес рәсімделуі керек (6-7 слайд, тақырыбы, мақсаты, нәтижесі, қорытындысы, көрнекіліктер).

Миниконференцияға пән оқытушылары шақырылады. Оқытушылар конференция бағдарламасын дайындайды. Сабақтың басында педагог сабақтың өзектілігін негіздейді, мақсаты мен міндеттерін қалыптастырады. Конференция төрағасы мен хатшысы таңдалады. Кейін кезекпен білім алушылар (4-5) баяндама жасайды, бір мезгілде видеожазбаға түсіріледі. Бұл сатының ұзақтығы – 20 мин.көп емес. Әр баяндамадан кейін 3-4 сұрақ қойылуы мүмкін. Білім алушылар  (қатысушылардың) жауаптары нақты және қысқа болуы керек.

Барлық баяндамалар аяқталғаннан кейін кері байланыс жүргізіледі,ол да видеокамераға түсіріледі.

Оппонент баяндамашыны келесі критерийлер бойынша бағалауы керек:

Ø  баяндама мазмұны қаншалықты тақырыпқа сәйкес келеді?

Ø  Алға қойған мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылуы (толық, аздап, орындалмаған)?

Ø  Баяндамалардың құрылымы?

Ø  Баяндау жүйелілігі (анық, анық емес, ретсіз);

Ø  Баяндаманың негізгі сәттерін анықтау (интонациясы, үзіліс жасау, слайдқа назар аудару және басқалары);

Ø  Регламент сақтауы;

Ø  Материалды меңгеруі (мәтінді слайдтан, конспекттен оқыды, материалды толық меңгерген және басқалары);

Ø  Ораторлық шеберлігі (оқу мәнері тартымды, эмоционалдылық, сөйлеу мәдениеті);

Ø  Аудиторияның реакциясы (тыңдарман қызығушылығы);

Ø  Аудиториямен қатынас (толық, толық емес, қатынас жоқ);

Ø  өзін-өзі ұстау мәнері (сенімді, қимылдары, шыдамсыз, мимикасы, монотондылық);

Ø  психикалық жағдайының сыртқы көрінісі (ұстамды,сенімді,тынымсыз);

Ø  сыртқы келбеті.

Осы сұрақтар тізімі барлық миниконференция қатысушыларына қойылады. Оқытушы, бірінші кезекте білім алушылардан  олардың әріптестерінің қалай баяндама жасағандығы туралы ойын сұрайды. Ойларын жеткізу нақты, анық, 3 мин артық болмауы керек. Оқытушы регламент сақтамаған қатысушыны тоқтатып, баяндаманы үзуге құқығы бар. Әр баяндамашы өз баяндама жасауына қатысты ойлары жазылған толтырылған парақтарды алады, оларды меңгереді. Бұл сатының ұзақтығы – 20 мин.

Кері байланыс жүргізілгеннен соң 40 мин аралығында видеожазба қаралады. Миниконференцияның барлық қатысушылары баяндамашы ретінде де, оппонент ретінде де өзінің баяндамасына баға бере алады.

Сонымен қатар, кері байланыс жүріп жатқан кезде, осы кері байланыс объектісінің өз баяндамасы туралы теріс бағаларды түсіндіруге, әріптестерінің әділетсіздігі туралы айтуға мүмкіндігі бар.Видеожазба көмегімен әр қатысушы өзін сырттай көре алады (қалай баяндады, адамдармен қатынасқа қалай түседі, өз көзқарасын дәлелдеуі, сұрақтарға жауап беруі және т.б.) және кейін өзін-өзі ұстау стилін, баяндама жасау мәнерін жасауға болады. Қатысушы өзін жұмысының объективті суреті негізінде бағалай алады. Ереже бойынша, берілген технология, күшті эмоция шақырады, оқуға, өз бетінше дамуға, өз бетінше жетілуге шақырады.

Видеоматериалдар тек теориялық білімін емес (баяндама мәтіні), сонымен қатар, тәжірибелік дағдыларын (ораторлық шеберлік, сөйлеуі, баяндама тәртібі, оппоненттерге жауап беру дағдысы) бекітеді.

Видеожазбаны қатысушылардың келесі жолға баяндамаларын бағалауда қайта көруге болады.

 

Эссе құрастыру. Ұзақтығы – 30 мин.

Оқытушы әр оқушыға тақырып (мәселе) береді, ол оны эссе түрінде жазбаша тапсыруы керек. Эссе құрастыру уақытында оқушыны қажет әдебиеттермен қамтамасыз етуі керек. Эссе жеке парақтарда оқытушыға тапсырылады. Жоғарғы оң жақ бұрышында оқушының аты-жөні, топ нөмірі мен сабақ өткен күні қойылады.

Эссе құрастыру шарты: көлемі үлкен емес (бір А4 парағынан көп емес), нақты тақырып бойынша, тақырыпты ашуда жеке көзқарасы,өз ойы келтіріледі.

Эссе жоспары:

1)      Тақырыбы (мәселе тақырыбы, мысалы, «Жоғарғы мектеп педагогикасының жаңалығы»)

2)      Кіріспе,эссе жазудың мақсаты;

3)      Негізгі бөлімі (мазмұны, мәселе мәнін ашу, тақырыпты ашуға көмектесетін аргументтер, талдаулар, цитаталар, сандар, кестелер, диаграммалар, фактілер);

4)      Мәселеге деген менің көзқарасым (оқушы тек өз көзқарасын білдіреді, моральды, эмоционалды, мәселеге этикалық қатынасы);

5)      Мәселені шешу жолдары (мәселені шешуде қазіргі бар жолдар мен әдістемелерді негіздеу, сонымен қатар өз әдістері мен жолдарын жасау және ұсыну);

6)      Өзін-өзі бағалау (өз жұмысын бағалау, автордың ойымен жұмыстың ашылған және ашылмаған тұстары);

7)      Библиография (қолданылған әдебиеттер тізімі)

 

 

 

«Басқарушы қол» әдісі

Бес саусақтан тұратын жұдырық – еңбек жеңісінің қуатты энергиясына ие:

Саусақтарды ретімен атайық:

Бірінші-мәселе (міндеті,мақсаты).Мәселені түсіну,және одан ең маңызды ақпаратты немесе мәліметті бөлу.

Екінші-адамды шешім шығаруға жігерлендіру.Егер мәселеге эмоционалды қызығушылығы болмаса,оны анықтауда белсенділік болмайды.Тапсырма мақсатын оны жеке құндылықтармен немесе адам қажеттіліктерімен байланыстыра отырып,нақты анықтап алу.

Үшінші-Қиындықтар.Бұл болуы мүмкін барлық кедергілер мен қиындықтар,олар арқылы шешім шығаруға және өз тактикасы мен күтетін нәтижесін өзгеруге мәжбүр болады.

Төртінші-Чек –парақтар.Чек парақтар –бұл істер,стандарттар,дағдылар,аспаптар,ресурстар мен негізі компетенсиялар жинағы,олар мәселені шешу үрдісінде қажет болады.

Бесінші-Үрдіс.Жеңіске жетуді бақылау.Үрдісті түзету және бағалау жүйесі.

 

«Дефектілі тапсырмалар» әдісі.

Қазіргі кезде дефектілі немесе графиктік тапсырмалар,сонымен қатар, «Мылқау фотосуреттер» талдау әдістемесі сияқты оқушыларды белсенді оқыту түрлері ойлап табылды және кең қолданыс тапты.Алдын –ала жоспарланған қателіктері бар дефектілі тапсырмалар оқушылардың назарын белсендіреді,Олардың ойлау қабілеттерін дамытуды,эксперт,рецензент ретінде сөйлеу дағдысын қалыптастырады.Дефектілі тапсырмалар мазмұндық,әдістемелік,басқа да сипаттағы нақты қателіктері болады.Нақты қателіктері таңдалады,олар бірінші орынға шықпайды,Керісінше көленкеленіп тұрады.Оқушылардың міндеті тапсырманы шешу барысында қателіктерді бату болып табылады.Дефектілі,графиктік тапсырманы шешу осы материалды менгерудегі қиыншылықтарды анықтай отырып,жігерлендіруші,бақылаушы және диагностикалық қызметтерді атқаруға мүмкіндік береді.Тәжірибелік сабақтарды жүргізуде қайталаудың рөлі ескертіледі.Бірақ әр түрлі болуы керек.Тәжірибелік сабақ барысында алған білімін бекіту үшін өткен сабақтарды қайталау  бала аурулары кафедрасында жаңа көз қарастарға сәйкес әр түрлі нұсқада жүргізіледі.Power Point  форматындағы презентация көмегімен қайталау меңгерілетін материалдың көрнектілігі мен оқушыларға жетуін арттырады.Мәтіндік,белгілік,графиктік және т.б.Ақпараттармен сипатталатын презентация кезінде оқу үрдісі айтарлықтай артады,менгерілетін тақырып айтарлықтай терең қабылданады.

Мән – жай есеп

Нефрология  бөліміне 52 жастағы ер адам түсті. Диагнозы: бүйрек тас ауруы. Тексеру барысында науқастың шағымдары оң жақ бел аймағының ауырсынуы, ауырсыну шап аймағына, жыныс мүшесіне, оң  жақ санына беріледі. Зәр шығаруы жиі, зәр шығаруы кезінде ауырсыну, жүрек  айну, 1 рет құсқан. Осы айтылған ұстама анда- санда қайталанып тұрады. Ауырғанына 3 жыл болған.

Сыртқы көрінісі: науқас жағдайы орташа ауырлықта, есі анық, қойылған сұрақтарға жауап береді. Мазасыз. Ауырсынуға байланысты төсекте жата алмайды. Қалпы мәжбүр жағдайда. Тері қабаты бозғылт, суық тер басқан,дене қызуы 36,7⁰, демалысы 16 рет/мин.  PS-95’ ырғақты. АҚҚ 120/80 мм.с.б.б., іші жұмсақ ауырсынусыз, демалысқа қатысады. Пастернадский әдісімен тексергенде оң жақта «оң»

Тапсырма:

1.        Мейірбикелік диагноз қою.

2.         Науқастың  проблемасын шешу.

3.        Мейірбике іс-әрекетінің мақсаты.

4.        Мейірбике іс-әрекетінің жоспарын  құрастыру және негіздеу.

5.        Мейірбикенің іс-әрекетінің нәтижесін бағалау.

Жауап  эталоны:

1.        Мейірбикелік диагноз: бүйректің  шаншуы.

2.        Науқастың негізгі  проблемасы: бел аймағының қатты ауырсынуы.

3.        Мейірбикенің іс-әрекетінің мақсаты: 30 минут ішінде бел аймағындағы  ауырсынуды басу .

4.        Жоспарлау:

 

Мейірбикенің іс-әрекетінің жоспары:
Мотивациялау
1.        Тез арада дәрігер шақырту.
Ұстаманы тоқтату үшін білікті дәрігер маманның көмегі қажет.
2.        Психикалық, физикалық тыныштықты сақтау.
Түйілген бел аймағының еттерін жазу.
3.        Дәрігердің нұсқауы бойынша: бел аймағына жылытқыш қою, жылы ванна 15-20 минутқа.
Бел аймағындағы көлденең жұмсақ еттердің тарылуын жазу үшін және зәр шығару жолдарының бұлшық еттерінің тарылуын басу үшін.
4.         Дәрігердің тағайындаған дәрілерін  ауырсынуды басатын және спазмалитиктерді енгізу.
Ауырсынуды басу үшін және бел аймағының  еттерінің түйілуін жазу үшін.
5.        Дәрігердің нұсқауы бойынша үнемі науқастың жағдайын қадағалау: АҚҚ, пульс.
Тағайындалған емнің нәтижесін қадағалау және асқынулардың алдын алу.
5.Мейірбикенің іс-әрекетінің нәтижесін бағалау: ауырсыну ұстамасы  басылды, мақсатына жетті.

 

Бой жазу

Сабақтың жүргізу барысында жүктеме меншаршағыштықтан арылу үшін бой жазуды қолдануға болады.

Бой жазу «Өзің туралы бір жаксы нәрсе айт».Ұзақтығы -10мин.Оқытушы оқушыға кезекпен аяқталмаған сөйлесдермен карточкалар алуын ұсынады…; мен өзімді силаймын,себебі…;мен келесі жақсылықтарды жасадым…;мені сыйлайды, үйткені мен..;мен өзіме… үшін ұнаймын;Оқытушы ой бөлісуге шақырады-оқушылар өзі туралы жақсы нәрсені айтқан кезде қандай сезімде болады екен?Өзі туралы айтқан ұнады ма немесе ұнамады ма?

Бой жазу «БРОНХИТ».Ұзақтығы-10мин.Кез-келген басқа сөз қолданылуы  мүмкін,мысалы, «аллергия», «демікпе», «ринит», «поллиноз»,және т.б. Топтағы оқушылардың санына байланысты.Берілген сөзде  «бронхит» 7әріп,топтағы оқушы санына сәйкес болуы мүмкін.Оқушыларға кезекпен берілген сабақ тақырыбы бойынша сөздің әр әрпіне «б», «р», «о», «н», «х», «и», «т» 3 медициналық термин құрастыруы ұсынылады.

 

Диагноз «Сіздің өзіңіз туралы ойыңыз» .Ұзақтығы 10 мин. Қатысушыға тапсырма беріледі:өз жаныңыды елестетіңіз

Жан өмірдегі сіздің денеңізге тән өлшемдер мен пішінге ие.Бірде адекватты өзін-өзі бақылау.Сіз-бақыттысыз.Сізді ата-анаңыз және ортаңыз бұзған жоқ.Бұл үйлесімді жағдай.Сізбен бірге айналадағы адамдар да өзін жеңіл сезінеді.Біздің көптеген кеңестеріміз сіз үшін ауа тәрізді шынайы.

Жан сіздің денеңіздің пішінін сақтап тұрады,бірақ өлшемдері үлкейеді.Сіз өз өзіңізге, және қазіргі жағдайға қанағаттанбаңыз.Сіздің «Нағыз Меніңіз» шынайы өмірдің сізге қарағанда жоғары.Бұл қанағаттанбаушылық жанның байуына,дәл сол сияқты менсінбеушілік пен мәнсапқорлық пайда болуына себеп болуы мүмкін.Сіздің көңіл-күйіңізді түсіру оңай,сонымен қатар,сіз үшін сізге айтылған критиканы және тұтынушылардың презентацияларын қабылдау қиын.Сондықтан,тұтынушылармен жақсы қатынас орнату үшін айтылған көптеген кеңестер сізге арнап ойлап табылған.

Жан тәні нәзік,адам пішіндегі хор қызы (фея)тәрізді.Сіз өз өзіңізді сенімсіз және сөз бойыңыздан сізді ұлы ететін қасиеттерді көре алмайсыз.Бірақ ол үнемі болады.Сіз үшін тұлғааралық қатынас туралы кеңестер өте маңызды.

Жан тәні лаулаған шар немесе белгілі бір пішіні жоқ бұл тәрізді.Сіздің кемшіліктеріңіз сізді ренжітпейді.Бірақ сізде өз жетістіктеріңізбен қуанбайсыз.Сіз өзіңізді тұлға ретінде сезінуден алі алшақсыз,не болмаса да жаксы.Тұлға ретінде өзіңе қызықпайтын адам басқа адамдардан тұлға ретінде өзіне қызықпайтын адам басқа адамдардың тұлға ретінде бағалауда дәрменсіз.Сондықтан сатушы ретінде сіз бәрінен бұрын тірі жан емес.роботқа ұқсас боласыз ал ақылды адам өзін бағасыз деп қабылдайды.Өкінішке орай,ақылды адамдар әлесде бірен саран ғана.

 

Қорытынды

Ұсынылып отырған дәстүрлі оқыту әдістері ( «тізбек», «балық сүйегі», «конференция» және басқалары) білім алушыларды оқытуда да, қолдануға болады.Кері байланыс натижелері 100% білім алушылардың  белсенді сабақтарға қатыса отырып,оқу қызықты екендігін көрсетті,оларда клиникалық ойлау қабілеті,талдау жүргізу мүмкіндіктері жетіледі,ораторлық шеберлігі қалыптасады және кәсіби сөйлеу қабілеті жетіледі,оқушылар сенімділік және белсендірек бола түседі.Әрине,дәстүрлі  оқыту әдістерін барлық топтарға бірдей жүргізе беру мүмкін емес,себебі олар оқушылардың жеткілікті негізгі компетентілігине және үлгерімінің жақсы,жан-жақты болуына негізделген.Осыған қарамастан, «әлсіз топтар»арасына да оларда өз бетінше даму өз бетінше жетілу потенцалын,оқуда жетістіктерге жету қабілетін арттыра отырып, белсенді оқыту әдістерін енгізуге ұмтылу қажет.Барлығы бірдей сапалы болып шықпауы да мүмкін,барлық кезде мақсаттарға жете бермейміз және тақырып толық ашылмайды, бірақ оқушылар  өзбетінше жетілу қажеттігін түсінеді, оларды оқуға деген қызығушылық пайда болады. «Әлсіздерде» жақсы көзқарасты қалыптастыру үшін сабақ жүргізудің дәстүрлі әдістемесін жақсы оқитын оқушылардың қатысуымен осы санаттағы оқушыларға көрсетуге болады.

Оқу үрдісін белсендіру үшін оқыту әдістерін жетілдіру, оқу бағдарламалары мен оқу құралдарын құрастырудың жаңа принциптерін ойлап табу, деканаттардың жұмысын жетілдіру, психологиялық қызметті құру, оқыту әдістерін жекелендіру және білім алушының  жеке қасиеттерін толық ескере отырып, тәрбиелеуді жетілдіру қажет.

Барлық кездеде орталық тармақ – ол оқушы, студент, қатысушы тұлғасы. Білім алушылардың  жеке психологиялық ерекшеліктерін білу жоғарғы мектептерде, соның ішінде, медициналық сипаттағы, қазіргі жағдайдағы массивті оқытуда шынайы мүмкіндіктерді іздеп табуға көмек береді. Осыған байланысты, оқушылармен жұмыс істеуде жеке әңгімелесуден, анкета жүргізу немесе қатысушының өзін өзі бағалау әдістерінен бастау қажет (анкета төменде келтірілген).

 

Студенттермен әңгімелесу (анкета жүргізу) бағдарламасының мысалы:

Студенттің аты-жөні?
мамандығы, курсы, тобы
өзі туралы мәлімет (жанұя мүшелерінің саны, жанұядағы әр жанұя мүшесіне келетін орташа кіріс, ата-анасының білімі, ата-анасының мамандығы, тәрбиелеу жағдайы-жанұяда, балалар бақшасында, интернатта, балалар үйінде және басқалары).
Мед. колледжге түскенге дейін қандай оқу орнын бітірді, аттестаттың орташа баллы.
Мед. колледжге түскенге дейін кім болып жұмыс істеді?
Сіздің осы мамандықты таңдауыңызға не әсер етті?
Сіз таңдаған мамандығыңыз туралы не білесіз?
Сіз мамандықты дұрыс таңдадым деп санайсыз ба?
Оқуға  түскенге дейін немен айналыстыңыз?
Сіздің қызығушылықтарыңыз бен осы мед. колледжге меңгерілетін пәндер сәйкес келеді ме?
Мамандықты таңдауда сізге қандай ақпараттың жетіспеушілігі сезілді?
Мамандықты дұрыс емес таңдау жағдайларын жою үшін сіздің көзқарасыңыз бойынша не істеу қажет?
Мамандықты таңдауда қателіктер қазір қалай көрінеді?
Сізге оқудағы қиындықтардың себебі қандай?
Білім алушы  ретінде өз мүмкіндіктеріңізді қалай бағалайсыз?
Оқуда сізде қазір қандай қиындықтар бар?
Оқытушыларға қатысты сіздің тілектеріңіз?
Оқу материалы сізге қаншалықты түсінікті?
Сізге қандай пәндерді меңгеру жеңіл?
Сізге қандай пәндерді меңгеру қиынға соғады?
Сіздің қандай жеке қасиеттеріңіз сізге оқуға кедергі келтіреді?
Сіз оларды жою үшін не істейсіз?
Оқу үрдісі кезінде сіздің шаршағыштық дәрежеңіз қандай?
Сіз оқуды жалғастырасыз ба?
Сіз таңдаған мамандығыңыз туралы не білесіз?