«Эндокриндік жүйенің физиологиясы»


 Шакетова Айгуль Шакетовна
«Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы  медицина колледжі» ШЖҚ КМК физиология пәнінің оқытушысы

Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны:

 

1.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті

білім беру стандартынан көшірме.

 

2.  Типтік оқу бағдарламасынан көшірме

 

3.  Жұмыс бағдарламасынан көшірме

 

4.  Теориялық сабақтың жабдықтары

 

5.  Осы тақырыпты оқуға арналған қажетті нұсқаулық құжаттар (бұйрықтар)

МЖБМС  көшірме

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігі 29.07.2016 ж. № 661 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының 2016 жылғы медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандартына сәйкес құрастырылды.

Мамандық: 030100 0 «Емдеуісі » біліктіліктері бойынша кәсіби қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келетін 030101 3 «Фельдшер»мамандығы бойынша білім берудің оқу бағдарламасы келесі құзыреттіліктерді игеруді көздейді:

Базалық құзыреттер:

БҚ-1.1.Өзін-өзі дамыту: оқуды, кәсібу өсуді ұзақ мерзімді жоспарлау машықтарын игерген.

БҚ-3.2.Командада жұмыс жасау: әртүрлі командада жұмыс жасай отырып, жауапкершілігін көрсетеді

Кәсіби құзыреттер:

КҚ-1.1. Саламатты өмір салты: индивидумдарда, отбасында және халық топтарында саламатты өмір салтын құруға бағытталған қызметті атқарады

БҚ-1.2. Ақпарат: ақпаратты жинайды және талдау жүргізеді, практикада білімін қолданады.

БҚ-3.2.Топта жұмыс: әртүрлі топта жұмыс істегенде жауапкершілікті көрсетеді.

Пән: «Физиология»

Пәннің мазмұны:

Адам физиологиясына кіріспе.
Қозғыш  тіндердің физиологиясы.
Қан жүйесінің физиологиясы.
Жүрек- тамыр жүйесінің физиологиясы.
Тыныс алу жүйесінің физиологиясы.
Асқорыту жүйесінің физиологиясы.
Энергия және зат алмасу. Терморегуляция.
Сыртқа бөлу жүйесінің физиологиясы.
Жүйке жүйесінің физиологиясы.
Эндокринді жүйенің физиологиясы.
Сезім мүшелерінің физиологиясы.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Типтік оқу жоспарынан және оқу бағдарламасынан көшірме

 

Мамандық: 030100 0 «Емдеуісі »

Біліктілік: 030101 3 «Фельдшер»

Пән бойынша барлық сағат: 90 сағат

Теория: 54

Тәжірибе: 36

 

 

Жұмыс бағдарламасынан көшірме

Мамандық: 030100 0 «Емдеуісі »

Біліктілік: 030101 3 «Фельдшер»

Пән:  «Физиология»

ІІ курс   ІV семестр

Осы тақырыпқа берілген барлық сағат саны: 6 сағат

Теория:  4

№19 сабақ

Тақырып:«Эндокриндік жүйе физиологиясы»

Сабақтың түрі: теориялық

Сабақтың типі:  аралас сабақ, игерілген білімді пысықтау және жаңа тақырыпты меңгеру.

Сағат саны:  2

Сабақтың өтетін орны: физиология кабинеті

Білім алушы білу керек:

Ø Ішкі сөлініс бездеріне жалпы мінездеме;

Ø Эндокринді жүйедегі бөлек сөлініс бездері мен гормондардың  физиологиялық  маңызы;

Оқытушыларға арналған әдебиеттер:

1.  С. А. Георгиева. «физиология»

2.  Х. Қ. Сәтпаева. «Адам физиологиясы»

3.  Дәріс материалы.

4.  Қалыпты физиология тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар. Сайдахметова А.С.,  Рахымжанова С.О.

Білім алушыларға арналған әдебиеттер:

1.  «Адам физиологиясы» Сәтпаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б.

2.С. А. Георгиева «Физиология».

2.  Дәріс материалдар

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Эндокриндік жүйе физиологиясы»

Сабақтың түрі: Теориялық

Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру

Өткізу әдісі: Түсіндіру, инновациялық технологияларды пайдалану

Сағат саны: 2

Сабақ өтетін орын: Оқу аудиториясы

Сабақтың мақсаты: мемлекеттік стандартпен бекітілген

оқу бағдарламасында берілген тақырып бойынша: «Эндокриндік жүйенің физиологиясы»тақырыбы бойынша білім алушылардың жалпы ұғымдарды меңгерту.

 

Сабақтың әдістемелік мақсаты:«Эндокриндік жүйенің физиологиясы»тақырыбын тсіндіру кезінде инновациялық технологияларды қолдану——-

 

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Теорияны негіздеу болып саналады. Түсінік беру.

Дамытушылық: Қорытындылау, жалпылау, анализ жасау, өздігімен

жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін

жетілдіру. Қатынас негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: білім алушыларды  таңдаған мамандықтарына сүйіспеншіліктерін

медицина қызметкерлеріне сай келетін ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу және істі міндетті түрде орындауды дағдыландыру.

Нақты міндеті: Студент білу керек:

Ø Іщкі сөлініс бездеріне жалпы мінездеме.

Ø Эндокринді жүйедегі бөлек сөлініс бездері мен гормондардың физиологиялық маңызы.

Пәнаралық байланыс: анатомия, жалпы патология, паталогиялық физиология және анатомия, микробиология,латын тілі, клиникалық пәндер.

Пәнішілік байланыс:№20 теориялық сабақ. «Эндокринді жүйе физиологиясы»

Сабақтың жабдықтары: Көрнекті материалдар: оқулық, бейнефильмдер,

слайдтар, кестелер, компьютер, тесттік тапсырмалар, тақырыптар бойынша үлестірілетін материалдар жинағы.

Білім алушылар пайдаланатын оқулықтар:

1.«Адам физиологиясы» Сәтпаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б

2.С. А. Георгиева «Физиология».

3.Дәріс материалдары.

Оқытушы пайдаланатын оқулықтар:

1.     С. А. Георгиева. «физиология»

2.  Х. Қ. Сәтпаева. «Адам физиологиясы».

3.  Дәріс материалы.

4.  Қалыпты физиология тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

Сайдахметова А.С.,  Рахымжанова С.О.

Үй тапсырмасы:

Ø Сәтбаева Х.К Өтепбергенов А.А Нілдібаева Ж.Б  «Адам физиология»  бет 136-178 . Дәріс материал

 

Теориялық сабақтың кезеңдері

Теориялық сабақтың жоспары

1.      Ұйымдастыру кезеңі    – 2минут

2.      Оқытушының кіріспе сөзі-5минут

3.     Үй тапсырмасын тексеру – 15минут

4.      Үй тапсырмасын  қорытындылау, бағалау – 5минут

5.      Жаңа тақырыпты түсіндіру – 45минут

6.     Жаңа тақырыпты  бекіту – 10минут

7.     Жаңа тақырыпты қортындылау, бағалау – 5минут

8.      Үй тапсырмасы – 3минут

 

І. Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушылармен сәлемдесу. Оқу бөлмесінің дайындығын тексеру. Білім алушыларды түгелдеп жоқ оқушылырдың себебін анықтап белгілеу. Жұмыс дәптерлерін оқушылырдың формаларын тексеру. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарды тексеру.

Сабақтың тақырыбы:«Эндокриндік жүйенің физиологиясы»

 

ІІ. Оқытушының кіріспе сөзі.адам ағзасындағы эндокринді бездерін және оларың гормондарының физиологиялық маңызын үйрету.

Негізгі тақырыптың медицина бөлімдерімен байланысын және алған білімін

тәжірибеде қолдануын түсіндіру.

Статистика ——————

 

ІІІ. Білімнің негізін өзектілеу. Үй тапсырмасын тексеру.(Жеке сұрау бойынша)

Білім алушылар сабаққа қатысып отырады, сұрақтар қойылады.

 

1.     Сыртқа шығару жүйесіне түсінік?
Зат алмасу процесі пайда болған қалдық заттарды сыртқа шығарумен аяқталады. Күрделі диссимиляция яғни ыдырау процестері нәтижесінде денеде зат алмасуының ең соңғы өнімдері – қалдық зат шлак пайдаболады. Шлак ағзада пайдаланылмайды, ал қор болып жиналып қалса оны уландырад, әсіресе белок алмасуы барысында түзілетін заттар мочевина,несеп қышқылы,креатинин , аммоний тұздары сияқты заттар өте улы келеді. Барлық зат алмасудың нәтижесінде бөлінген қалдық заттар ағзадан шығару мүшелері арқылы сыртқа шығады.
2.Негізгі экскрециялық мүше?

Экстраренальдық мүше
Бүйрек

Өкпе, тері, ас қорыту түтігі.
3. Бүйрек қызметтері?
Ең бастысы несеп түзу. Бүйрек қан тамырларының тонусы мен түтік кеңдігін реттейді. Соның нәтижесінде қанның қысымын салыстырмалы бір қалыпта сақтайды. Мәселен, бүйрек қызметінің бұзылуы салдарынан кейбір адамдарда ұзақ уақыт қан қысымы шектен тыс көтеріледі. Соның салдарынан бүйрек гипертониясы пайда болады.

Бүйрек эритроцит түзлуі(эритропоэз) үрдісінеде қатысады,яғни эритроциттердің пісіп жетіліп, қан арнасына қосылуына әсер етеді, қан түзілуін күшейтетін ранайы полипептидтер (гемопоэтин, эритропоэтин, лейкопоэтин) бүйректе түзілетіні дәледеніп отыр

Бүйрек аса маңызды биологиялық үрдіс – қан ұюына қатысады.Бүйректе қанның ұюына кедергі жасап, қан тамырына тромба (ұйыған қан)  пайда болуына қарсы тұратын фибрин еріткіш (фибринолиздік) арнайы зат урокиназа ферменті түзіледі
4. Диурездің түрлерін атаңыз және оларға сипаттама?
Олигурия, Анурия, Полиурия

5. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы не? Оған сипаттама?

Нефрон.Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы – нефрон, ол мальпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Әрбір бүйректе 1млн-ға жуық нефрон бар. Олар қан, лимфа тамырларымен жиі торланған және араларында интерстициальдық сұйықтық болады. Әрбір нефронда бір-біріне тәуелді аса күрделі үрдістер жүріп жатады. Соның нәтижесәнде бүйректе несеп түзіледі.

Нефрон құрылысы – өте күрделі. Ол Шумлянский- Боумен капсуласымен, артериялық капилляр шумағынан, яғни Мальпиги шумағынан және түтікшелерден тұрады. Нефронның шумақтық бөлігі гломерулалықбөлім деп аталады. Шумлянский – Боумен капсуласы түктеп келгенде бүйрек түтікшелеріне айналады. Сондықтан оны нефронның түтікше бөлімі деп те атайды. Бұл құрамында (проксимал ) және (дистал)ирек түтіктер бар, бүйректің қыртысы бөлімінде, ал Генле ілмешегі және несеп жиналатын түтіктер милы бөлімінде болады.
6. Зәр мөлшерлеріне сипаттама
-Бүйрек арқылы минутына 1литр қан сүзіледі.

–  5-6 минутта барлық қан сүзіледі.

– Тәулігіне барлық қан бүйрек арқылы 300рет сүзіледі.

– Тәулігіне 1700л қан сүзіліп, тазартылады. Сол уақытта қаннан 180л сұйықтық сүзіліп  1,5-2л зәр түзіледі.
7.Несеп түзілу процестері?
Фильтрация, реабсорбция, секреция.

 

 

IV. Бастапқы білім деңгейінің қорытындысы. (Студент жауап бергеніне байланысты бағалау)

 

 

Ү. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

 

Эндокринді жүйе яғни ішкі сөлініс бездеріне:1.Эпифиз2.Гипофиз3.Қалқанша без

4. Қалқансерік безі 5.Айырша без яғни тимус 6.Бүйрек үсті безі7.Ұйқы безі8.Аналық без9.Аталық без

 

Бездерді тексеретін мамандарды – Эндокринологтар деп атайды.

Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормондеп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.Гормондар – ағзадағы мүшелердің қызметін реттей отырып, оны бірде бәсендетіп немесе үдетіп отыратын жоғары белсенді зат.

Ағзада  бездерді үш топқа бөледі:

Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, асқазан ішек бездері);
Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);
Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).
Эндокриндік жүйенің жалпы қызметтері:

Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.
Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.
Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:
өсуді;
ағзаның дамуын;
жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін;
энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:
эмоционалды реакциялардың;
адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.
Гормондардың қасиеті:

Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тіндер мен ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:

1.     Метаболизмдік-зат алмасу үрдістерінің әр-түрлі жағдайларына

2.     Морфогенетикалық-конформациялық үрдістерде ажырату(тіндердің өсуіне, өзгеріске яғни метаморфозға)әсері.

3.     Кинетикалық-қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері.

4.     Түзелтуші (коррекциялық)-тіндер мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату,төмендету, жылдамдату, тездету,бәсеңдеу қозғалыстары)

 

Гормондардың химиялық құрылым ұқсастығы 3-классқа бөлінеді:

1.Белоктық – пептидті қосылымдар (инсулин,глюкагон,соматотропин)

2. Стероидттар (бүйрек үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары)

3. Амин қышқылының туындылыры (тироксин, катехоламиндер-адреналин,норадреналин)

 

Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. Соңғы екеуі аралас сөлініс бездер.

Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызылады. Екіқабат (жүкті) әйел ағзасында  бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады – экстроген, прогестерон және гонадотропин. Бұлардан басқа ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады – бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы (энтеринді жүйе), бауыр, себебі олар қанға ағза  мүшелерінің қызметіне ерекше  әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда, ренин, гастрин, секретин, панкреозимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т.б.

 

Ішкі сөлініс бездерінің гормондары

 

Бездер
Гормондар
Гипоталамус

Гипофизотропты гормондар (либерин, статин)
Гипофиз

Аденогипофиз (алдыңғы бөлімі)

жүйке гормондары (вазопрессин,окситоцин)

соматропин (өсу гармоны)

тиротропин, кортикотропин, лютропин, фоолитропин, липотропин, пролактин
Ортаңғы немесе аралық бөлімі

мелотропиндер (интермедин)
Артқы бөлімі (нейрогипофиз)

 

вазопрессин (антидиурездік гормон яғни несеп бөлінуін азайтатын гормон), окситоцин (гипоталамуста жасалады)
Қалқанша безі

тироксин, трийодтиронин, тиреокальцитонин (қалқансерік безінің кальцитонин гормонына ұқсас)
Қалқансерік безі

паратгормон, кальцитонин

Ұйқы безі аралшықтары

инсулин, глюкогон

 

Бүйрекүсті безінің милы заты

 

Кортикостероидтер, минералокортикоидтер (альдостерон), глюкокортикоидтар (кортизон),

андрогендер, эксрогендер

катехоламиндер (адреналин, норадреналин)
Аталық ұрық бездері

Андрогендер (тестостерон) андрогендер (тестостерон)

Аналық ұрық бездері

Эстрогендер (эстрон, эстрадиол, прогестерон, (сары денеде жасалады))

Айырша бездер

Тимозин
Эпифиз
мелатонин
Диффузиялық энтериндк жүйелер
паротин, гастрин, энтерогастрин, секритин,

панкреозимин, вазобелсендік пептид, бомбезин
Бауыр және бүйрек
Ренин, соматомединдер, эритропоэтиндер
Плацента
Эстрогендер, релаксин, прогестерон
 

Ішкі секреция (сөлініс) бездері немесе эндокринді бездер
Адам ағзасында көптеген процесстер тек жүйке жүйесінің қызметімен шектеліп қана қоймай,эндокринді жүйемен де қамтамасыз етіліп отырады. Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу гуморалды жолмен жүріп отырады.

Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды ролді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Оладың қызметтерінің өнімі гормондар болып табылады.

Эндокриндік бездердің (гректің endon-ішкі, crineo-бөлемін) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа тамырларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді.

Экзокриндібездердің өзегі бар,әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.

Ішкісөлініс (секреция) бездері:

1.     Гипофиз

2.     Эпифиз

3.     Қалқаншабезі

4.     Қалқаншамаңыбездері

5.     Айырша без

6.     Бүйрекүстібезі

7.     Ұйқыбезі

8.     Жынысбездері

Соңғы екеуі аралас бездерге жатады.

Сондай-ақ, ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Жүкті әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады. Плацентаның гормондары хорионда жасалады. Адам плацентасы қанға екі топ гормондарды бөліп шығарады: белоктық және стероидты. Белоктық түріне хорионды гонадотропин, плацентарлық лактогенді гормон және релаксин жатады. Лактогенді гормон сүт бездерінің өсуін реттейді, оларды сүт шығаруға дайындайды. Релаксин жүктілік кезінде жатыр етінің және жамбас сүйегінің біріккен жеріндегі буын байланысының біртіндеп босаңсынуына әсер етеді, жатырдың мойын еттерін босаңсытып, тууды жеңілдетуге себепші болады. Стероидтық түріне: прогестерон және эстроген жатады. Олар жүктілік кезінде зат алмасудың барлық түріне қатысады.

Гипофиз
Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, самағы 0,5-0,6 г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Аденогипофиз, меланогипофиз, нейрогипофиз деп аталады. Гипофизде соматотроптық, тиреотроптық, адренокортикотроптық, гонадотроптық, фоллитропин, лютеиндейтін, пролактин бағыттаушы гормондары түзіледі.

Гипофиз гормондарының физиологиялық әсері Соматотропин денеде биосинтезді күшейтеді, органикалық, минералдық алмасуға әсер етеді; амин қышқылдардың қаннан жасушаларға өтуін, сіңуін тездетеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-теңдігін өзгертіп, тұздардың сақталуына себепкер, бүйрек тінінің өсіп дамуын, қатаюын тездетеді. СТГ аз түзілетін болса, адамның бойы өспей қалады. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді.

СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250см-ге, ал самағы 150кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизаралық алыптық дейді. Өсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсөлінісі акромегалия дертіне әкеп соғады.

Эпифиз
Эпифиз толық зерттелмеген безге жатады. Ол төрт төмпешіктің жоғары аралығындағы тереңдікте орналасқан. Салмағы 100-180 мг. Көне ғасырларда эпифизді ақыл-ойды бақылайтын қақпақ, интеллектінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуші, адамның”жаны” орналасқан сауыт деп есептеген. Эпифиз бірнеше биологиялық белсенді заттар-мелатонин, серотонин, адреналин, гистамин бөлетіні анықталды.

Эпифиз гормондарының физиологиялық әсері: Эпифиз организмде биологиялық “сағат” рөлін атқарады, яғни биологиялық үрдістердің белсенділігі күн мен түннің ауысуына қарай өзгеріп отырады. Ол эпифиздегі мелатонин мен серотонин мөлшерінің күн жарығына өзгеруіне байланысты. Эпифиз-’’биологиялық термометр”,яғнижылуреттелугеқатысадыдегенмәлімет бар.

Қалқанша без
Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан ірі без. Ересектерде салмағы 20-30гр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) 1,5-2гр. Қартайғанда салмағы азаяды.  Қалқанша без тіні 25-500 мкм болатын фолликулалардан тұрады. Оларқұрамында йод бар гормондарынтүзеді. Бұлар: трийодтиронин, тироксин, тирокальцитонин, катокальцин.

Қалқанша без жүйке талшықтарымен жиі торланған, оның жүйке қызметінің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық және денелік жүйкелер арқылы реттеледі. Фолликулада йод бар тиреоидты гормондардың түзілуі ағзаға бейорганикалық йодтың келуімен тығыз байланысты. Адам оны йодты калий және йодты натрий түрінде тамақ пен су арқылы алады. Оның орташа тәуліктік мөлшері 100-200 мг болады.

Қалқанша безі гормондарының физиологиялық әсері: Тиреоидты гормондар түрлі минералды  алмасу үрдістеріне, өсу және дамуға ықпал етеді. Эмбриондық даму кезінде осы гормондар жетіспесе, ақыл-ойдың мешеулігінің ауыр түрі (кретинизм) байқалады. Қалқанша безінің сөл бөлу қызметінің гипо-немесе гиперсөлініс жағдайларында түрлі бұзылулар салдарынан әртүрлі патологиялық жағдайлар және аурулар туады. Мысалы, гипертиреоз кезінде Базеда ауруы, гипотиреоз кезінде кретинизм және микседема, эндемиялық зоб ауруы. Мәселен, біздің Шығыс Қазақстан халқының барлығында дерлік эндемиялық зоб кездеседі.

Қалқаншамаңы без
Қалқаншамаңы безі қалқанша безінің арт жағында жұптап орналасқан. Саны 2-6, салмағы 20-50мг. Оның гормоны: паратгормон.Қалқанша маңы безінің секреция қызметінің төмендеуін гипопаратиреоз, жоғарлауын гиперпаратиреоз дейді. Туа пайда болған қалқаншамаңы безінің тапшылығынан балаларда қандағы кальцийдің деңгейі төмендеп, сүйек, тіс өсуі баяулап, тырнақтары мен шаштары морт сынғыш келеді. Гиперпаратиреоз кезінде қандағы кальцийдің мөлшері көбейіп, бейорганикалық фосфат мөлшері азаяды.

Айырша без (тимус)
Айырша без-көптеген бөлікшелерден тұратын қос без. Төстің ішкі бетінде орналасқан. Тимус денеде кальций алмасуын реттеуге қатысады. Сондай-ақ, ол денеде стероидтар, нуклейн қышқылдары, С витамині алмасуын реттеуге, иммундық, қорғаныс, бейімделу әсерленістеріне  қатысады. Айырша безде Т-лимфоциттер пісіп жетіледі. Айырша без гормоны-тимозин:  Лейкоциттердің фагоциттік қызметін жақсартады; гормон бөлініп шығуын үдетеді; иммундық қабілеті бар лимфоциттер түзілуіне септігін тигізеді.

Бүйрекүстібезі
Саны екеу, салмақтары 6-12 гр. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Оның қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтарды түзеді. Физиологиялық қызметіне қарай  кортикостероидтар 3 топқа  бөлінеді:

1.     Глюкокортикостероидтар

2.     Минералокортикостероидтар

3.     Андрокортикостероидтар

Глюкокортикостероидтар физиологиялық  әсері:  заталмасуының  барлық түріне ықпалын тигізеді; қабынуға, аллергияға қарсы тұру қабілеттерін арттыру, иммунодепрессивтік  әсерінің  маңызы  ерекше.

Минералокортикостероидтар  физиологиялық  әсері: су-тұз алмасуына қатысады. Ол альдостерон мен ІІ-дезоксикортикостерон мен жүзеге асады. Олардың түрлі  сұйықтықтардың осмостық қысымының әсерінен туатын тамырлардағы қан көлемі мен жасуша ішіндегі және жасушааралық сұйықтықтардың мөлшерлерін реттеу қабілеттері бар.

Андрокортикостероидтар физиологиялық әсері:Андростерон, эстрол, прогестерон жыныс гормондарына қарағанда әлсіздеу, бірақ адам қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрек үсті бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші ағза болып қалады.

Бүйрекүсті безінің милы қабатында негізгі 2 гормон-адреналин мен норадреналин түзіледі. Катехоламиндер организмдегі барлық тіндер мен жасушаларға әсер етіп, оларда биохимиялық үрдістерді тудырады және көптеген физиологиялық құбылыстардың ерекшеліктерін айқындайды. Әсіресе, экстремалды жағдайларда катехоламиндер:

Бұлшық еттердің жұмысын күшейтеді
Рецепторлардың сезімталдығын (көру,есту), вестибулярлық аппараттардың жүйесін күшейтеді.
Ұйқыбезі
Аралас безге жатады. Сыртқы сөлініс қызметіне асқорыту сөлін өндіру жатады, ішкі сөлініс қызметін Лангерганс аралшықтары атқарады.  Онда инсулин мен глюкагон түзіледі. Инсулиннің физиологиялық  әсері: бауырдың гликоген түзу қызметін күшейтеді, бұлшықеттерде қорының жиналуын арттырады;  қант деңгейін реттеу; көмірсулардың майға айналуына әсер етеді; гликонеогенезді тежейді. Инсулин гормоны жетіспегенде қант диабеті ауруы  туындайды.

Глюкагон  қандағы қанттың мөлшерін көбейтіп, бауырда гликогеннің  ыдырауын  күшейтеді. Оның  гипергликемиялық адреналинге ұқсас, ал инсулинге қарама-қарсы. Бұл гормонның физиологиялық маңызы  әлі онша анықталған жоқ, бірақ  қанда  түрлі әсерге байланысты инсулин көбейгенде глюкогонның да мөлшері артып гипогликемияға жол берілмейді.

Жыныс бездері
Аралас бездерге жатады. Олардың сыртқы сөліністік қызметі-жыныс жасушаларын жасау және шығару. Еркек организмде сперматозоидтар, ал әйел организмінде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі. Жыныс  бездерінің негізгі қызметтерінің бірі-көбею немесе репродуктивтік қыметі. Сонымен қатар, эндокринді қызмет атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді  реттейтін жыныс гормондарын шығарады. Еркек жыныс гормонын-тестостерон, аналық жыныс гормонын-эстроген дейді.

Осы  кезде белгілі ішкі сөлініс бездеріне жатпайтын тіндердің тіндік не арагормон деп аталатын көптеген гормон және гормон тәрізді заттарды бөлетіні айқын. Бұлардың ішінде гастроинтестиналды гормондар жақсы зерттелген. Бұл гормондардың көп валентті әрі арнаулы әсері бар екендігі дәлелденген. Ішінде практикалық жағынан ең көп қызықтыратындары: паротин және 12-елі ішек жасап шығаратын гормондар.

Паротиннің  қандағы кальцийдің деңгейін төмендетіп, сүйек пен тістердің өсуіне жәнеолардағы Са2+ мөлшерінің азаюына көмектесетіні дәлелденген. Эндокринді жүйенің бұзылуынан пардонтоз ауруы туады, сонымен қатар, тірек–қимыл аппаратының кейбір   зақымданулары да туады.

Секретиннің әсері кең түрде зерттелген. Ұйқы безінің сөл бөлінуіне әсерінен басқа, бұл гормонның асқазан бездерінің гастрин арқылы тұз қышқылын жасап шығаруын тежеп, қарында қорытылған тамақтың ілгері қарай жылжуына бөгет келтіретіні дәлелденген. Оның көп дозасы  инсулин бөлінуін күшейтеді. 12елі ішектен сонымен қатар, энергия алмасуын күшейтетін диэнтерин, тәбетті реттейтін арэнтерин дейтін гормондық заттар бөлінеді.

 

 

VI.  Жаңа тақырыпты бекіту: (Тест жұмысы)

ҮІII. Жаңа тақырыпты қортындылау, бағалау.

ҮІІ. Үй тапсырмасы.

Ү. Тәжірибелік дағдыны орындауға арналған нұсқаулық:

·          Суреттер, жағдаяттық есептер, сызба нұсқалар, ойлау қабілетін жетілдіруге арналған кестелер.

ҮІ. Шеберлік пен дағдыны бекітуге арналған тапсырмаларды орындау:

·          Көрнекті материалдар қолдану: слайдтар, тақырыпқа арналған суреттер, бейнефильмдер.

ҮІI    Дағдыны орындаудағы қорытынды бақылау:

Тақырып бойынша ашық тест сұрақтарын шешу

ҮІІІ. Үй тапсырмасы:

Ø С.А.Георгиева «Физиология»  бет 52-57, 60-118;

Ø Дәріс материалы

Тақырып: «Энергия және зат алмасу. Терморегуляция»

Пайдаланатын оқулықтар

1.Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. 2011.Б. 99-106.

2.Дәріс.

Жұмыс орнын жинастыру.