«Мектеп жасына дейінгі балаларда патриоттық тәрбиенің маңызы»


Кудайкулова Акгуль Достияровна
КМҚК №3 «Балбөбек» бөбекжайы тәрбиешіcі

Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, адамгершілік мұраты биік патриот, намысты қаһарман, қайсар,жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата – ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани – патриоттық сана – сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде, рухани патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.

Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің  мақсаты- дені сау,ұлттық сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік ,мәдениетті , парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.

Біздің № 3 «Балбөбек»бөбкежайы балабақшасында балаларды ұлт жандылыққа тәрбиелеу мақсатында еліміздің болашақ ұрпағын елін, жерін,ана тілін сүйетін қадірлейтін,үлкенге құрмет,кішіге ізет,көрсете білетін қасиеттерді бойына сіңіре отырып, балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында көптеген тәрбиелік іс-шаралар ,

«Менің Отаным», «Тәуелсіздік тұғырым», «Тілім менің тірегім» атты

тәрбиелік іс-шаралар ,ұйымдастырылып отырады.
Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек – бұл еңбегіміздің жанғаны, тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білемін.

Біздің алдымызда тұрған басты міндет – тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. «Әрбір қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайды, ал әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты» деген ұғымды жас ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет.

Балаларға отансүйгіштік тәрбие беруде, ертеңгіліктер, ұлттық ойындар, патриоттық әндер, және тағы басқа іс – шаралардың маңызы зор.

Жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық тәрбие беру біздің басты мақсатымыз.