«АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ҚҰРАЛДАРЫМЕН БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ».


Утегенова Карлыгаш Кыдырбаевна
КМҚК №3 «Балбөбек» бөбекжайы тәрбиешісі

Патриоттық  тәрбие дегеніміз – адамдардың өз елін, өз халқына, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі. Баланың алғашқы патриоттық рухта тәрбиеленуі, оның ата-анасына, жақын туыстарына, аға-апаларына, бауырларына деген сүйіспеншілік сезімінен басталады. Еліміздің болашағы –жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы,ата-ана тәрбиесі болса,екінші бесік-білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі  тәрбие-тұлғанын қалыптасуының  алғашқы баспалдағы. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын  кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды,идеялармен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Балабақшаларда берілетін  патриоттық тәрбие –барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Баланың бойындағы жақсы қасиеттермен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақшанын тигіер әсері мол. Халықта «Ағаш түзү өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсын» деп бекер айтылмаған. Балабақшада тәрбиеленип жатқан балаларды, жас ұрпақты отан сүйгіштіктікке тәрбиелеу  маңыздыда  жауапты істердің бірі. Баланы өз елінің  бай табиғатын, туған өлкесін  өмір сүрген жерін сүюге уйретуде  патриоттық сезімін оятады. Балабақшаның жаңа оқу бағдарламары мен оқулықтарында  қазақстандық патриотизмнің негізі мұраттарына мән беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында қалыптасуқа тиісті  мына ізгіліктерге  көңіл аударамыз:

-Ана тіліне сүйіспеншілік, туған тілін білу, сөйлеу.

-Туған жерге сүйіспеншілік, туған өлке табиғатын сүю, туған жердің орман көлі, тау-тасы, аң-құстарына қамқорлық көрсету, оны аялау мен қорғау, күтіп баптау.

-Туған елге сүйіспеншілік, өз ұлтын сүю. Отанын сүю,ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу.

-Өз отбасына сүйіспеншілік, ата-анасын, бауырларына құрметтеу, сыйласттық қатынас орната білу.

 

Патриотизмге тәрбиелеудің негізгі бағыттары :

1)Балабақшадағы балаларда патриоттық сана қалыптастыру.

2)Балабақшадағы балалардың патриоттық сезімдеріне түрткі беріп отыру.

3)Балабақшадағы өсіп келе жатқан жас буындардың патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру және оны өмір салтына ендіру арқылы әдетдағдыға айналдыру.

4)Балабақшадағы әр баланың өз іс-әрекетін санамен талдауыарқылы өзін-өзі тәрбиелеуі.

Біз мектепке дейінгі тәрбие және Балбөбек бөбекжайы  «Біз мектепке барамыз», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу  бағдарламасына сүйене отырып  патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргіземіз. Балаларды патриоттық тәрбие күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті,ертеңгіліктер,іс-шаралар арқылы беріліп отырылады. Мен өз жұмыс барысымда : «Желтосан желі», «Тілді қадірлейік», «Біздің ұландар», «Жеңіс күні», «Астана күні» тақырыбында мерекелік ертеңгіліктер мен іс-шараларды шеберлікпен ұйымдастыра білдім. Ата-анамен бірлесе жүргізілетін  «Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер», «Отбасылық шаңырақ сайысы», «Асыл әжем»тақырыбында іс шаралар өткізіліп тұрды.

Өзімнің тәжірбиемде балалардың шығармашылық жұмыстары өз нәтижесін беруде.Мектепке дейінгі балабақшада патриоттық тәрбиені оқу-тәрбие жұмысымен ұштастыра жүрзізудің тиімділігін өз тәжірбиемде көріп келемін.

Тәрбиелеп отырған жас жеткіншекке бала деп қарамай,сәби шағынан бастап жан-жақты тәлім-тәрбие беріп,елінің мақтанышына айналар отаншыл азамат болып қалыптасуына ықпал ету баршамызға ортақ абыройлы міндет.