Тәуелсіздік – ел бірлігі!


Жуматаева Айганым Алиаскаровна
Астана қаласы №51 «Алтын сандық» балабақшасы тәрбиешіcі

Балалар жалаушаларды ұстап, әунмен ән-күй залына кіреді.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік -11 әріптен құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа  боп  арман.

Талай дара, даналардың көз жасы

Қаныменен атты таң боп бізге алдан – деп барлығыңызды

Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, ашық аспан, жүздеріңізге  күлкі, құшақтарыңызға зор қуаныш тілеймін.

Бақыт – тірлік күн талабы,

Тоқтамайды шаттық әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам Әнұраны.

ҚР – ның  мемлекеттік әнұраны орындалады.

Жүргізуші:

1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етіп, өмірлерін қиды. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т.б.

Слайд көрсету

1 мин үнсіздік

Тақпақтар:

1-бала:

Атыңнан  айналайын, егеменді ел,                Асыл

Тәуелсіз күнің  туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы  келе берер!

2-бала:

Тәуелсіздік жолында                                   Аруна

Талай, талай тер тамған.

Билігің өз қолында

Еркіндігім –елтаңбам.

3-бала:

Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,          Медина
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.

 

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын                   Батыр

Алдымызға барлық үміт ақталсын.

Тату-тәтті бірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

 

Ән «Сәлем, Қазақстан!»

 

Залға Ата кіреді, терме әні орындалады.

Ата: Ой жаратқан не деген қилы кезеңдер болды десеңші. Ой заман-ау, тәуба, тәуба.Жаратқанға мың тәубә. Бейбітшілік орнап, міне жайқалған егіндерді, жайнаған табиғатты көргенде жүрегім орнында болады. Есімде, есімде, аш қалған елім, боздаған халық, елім-ай, әлі есімде. Анау, біздің жүгірмек қайда екен? Көрінбейді ғой?

Бала: Ата, ата мен мындамын!

(атамен амандасады)

-Ата, біздің еліміз неге бай?

Ата: А-а, біздің еліміздің табиғатына, жеріне қызыққан жаулар да болған.

Маған Қазыбек бидің сөзі әлі де жүрегімде: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, дәм, тұзды сақтай білген елміз».

Бала: -Ата, ал біздің елімізді кім қорғаған?

Ата: Қабанбай, Бөгенбай басқа да ер жүрек аталарымыз болған.

Бала: Мен де біздің батырлар сияқты батыр болғым келеді.

Ата: Жүр, балам, сен әрине батыр боласың. Мен оған сенемін. Әже сені іздеп жүрген сияқты.

Жүргізуші: Иә, біздің еліміз өз ерекшеліктеріне өте бай. Оның ішінде қазақ халқының билері де өте әдемі.

Қыздардың орындауында қазақ биі «Асатаяқ»

 

Қазақ биі «Асатаяқ»

Жүргізуші:

Туған жер – әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген мекені. Ең алғаш жұтқан ауасы, табанының табы қалған, аялаған өмір бесігі.Туған жердің барлық табиғи қадір – қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойыңа  тарайды.

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаны жайсаң, жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып  туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің.

Тақпақтар:

1-бала:

Тамаша  аспан менен жері қандай,              Инабат

Зеңгір тау, дария менен көлі қандай!

Орман, тоғай, гүлденген бақшалары,

Пайдаланған бұлармен  елі қандай!

2-бала:

Тәңіріме бас иіп бағынамын,                        Әділхан

Туған жерді аңсаймын сағынамын.

Туған жер деп соғады жүрегімде

Басымды иіп өзіңе табынамын.

3-бала:

Адамзатқа дүниеде                                       Ануар

Өмір-ау десем ең қымбат.

Дарқан тірлік мекенім,

Бәрінен Отан сен қымбат.

4-бала:

Отан деген от басынан басталар,              Адия

Отбасыма от салмасын басқалар.

Отан деген қасиетті, киелі,

Отан десем оянады асқақ ар!

 

«Тәуелсіз елдің ұланы» өлеңі

Жүргізуші: Қазақ еліміз ұлттық ойындарымен де қызықты.

 

Ұлттық ойын: «Шаңырақ».

 

Жүргізуші:

–         Балалар, біз қандай елде тұрамыз?

–         Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Ән: «Отан»

Жүргізуші: Ал енді, біздің батыр болатын ұлдардың білек күштерін бағалайық. Ұлттық ойын «Арқан тарту»

 

Ұлттық ойын «Арқан тарту»

Жүргізуші: Тәуелсіздік күніне біздің балалар тақпақтарын дайындады.

Тақпақтар:

1-бала:

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын                         Айбар.С

Алдымызға барлық үміт ақталсын.

Тату-тәтті бірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

2-бала:

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,                               Рахим

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

Жүргізуші:

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге  өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың! -деп бәріңізге еліміздің көркее беруін  тілеймін.

«Балдырған» өлеңі