Саяхат сабақ


Ақмола облысы Зеренді ауданы

Баратай негізгі мектебі

Какенова Алмагүл Манапқызы

Жорғалаушылар класына жататын отряд өкілдерінің ерекшкліктерін,түрлерін,таралуын қортындылау арқылы оқушылардың білім қорларын толықтыру,табигаттағы пайдасы жөнінде айта отырып, табиғатты қорғауға,айналадағы ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға үйрету,өз бетінше еңбектетуге тәрбиелеу мақсатына саяхат өткіздім.

Құрметті оқушылар!Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр.Мен сендерге жұмбақ жасырамын,егер жұмбақты дұрыс шешеңдер саяхатқа шығамыз.

Жауабы:Жорғалаушылар класы.

Олай болса «Жорғалаушылар» ханшасының сарайына жетіп   білім қоймасынын көзін ашайық.

Бұл сапар «Эйр-Қазақстан» бағыты 4 қала арқылы жорғалаушылар сарайына жетеді.

       Әр қалада сендерге тапсырмалар бар.Сол тапсырмаларға жауап беру арқылы  қалаларға өте аласыңдар.

  1. «Тұмсық бастылар» қаласы.

Мұнда екі тапсырма бар.

1-тапсырма.Жорғалаушылар туралы мәліметтер.

1.Класс неге жорғалаушылар деп аталады?

2.Қазақстанда жорғалаушылардың неше түрі бар?

3.Жорғалаушылардың тері жабынының ерекшеліктерін атаңдар.?

4.Жорғалаушылардың сезім мүшелері?

5.Жорғалаушылардың қанша отряды бар?

2-тапсырма. Берілген белгілердің қай жануарға тән екендігін «Венн диаграммасы» арқылы салыстырыңдар.

Новый рисунок (5)

  1. Қарыншасының арасында жартылай пердесі бар
  2. Терісі құрғақ, мүйізді қабыршақтармен қапталған
  3. Өкпесі арқылы ғана тыныс алады
  4. 2 жамбас бүйрегі бар
  5. Ми қыртысының нышаны бар
  6. Клоакасы бар
  7. Іштей ұрықтанады
  8. Түрленіп дамиды
  9. Кеңірдек, бронхы мүшелері бар
  10. Өкпесімен де терісімен де дем алады.
  11. Омыртқа жотасы-мойын, тұлға, сегізкөз, құйрық бөлімдеріне бөлінген
  12. Алғаш кеуде қуысы пайда болған
  13. Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары болмайды
  14. Саусақтарында мүйізді тырнақтары болады
  15. Сырттай ұрықтанады. Қосмекенділер, Жорғалаушылар
  16. Өте жақсы балалар, біз сендердің сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңнің арқасында келесі қалаға ұшатын болдық.

ІІ. «Қабыршақтылар» класы.

Сұрақтарға жауап бере отырып, жорғалаушыларға тән белгілерді сызбаға түсіріңдер.

Жорғалаушылар:

1.           6.

2.           7.

3.           8.

4.           9.

5.            10.

1.Жорғалаушылар туралы ғылым қалай аталады?(Герпетология)

2.Жорғалаушылар қандай мүшесі арқылы тыныс алады?(Өкпемен)

3.ЖЭорғалаушылардың күрделі қозғалыс әрекеттер жасайтын қай ми бөлігі жақсы дамыған?(Мишық)

4.Қазақстанның Қызыл кітапқа енген жорғалаушылардың саны. (10)

5.Жорғалаушылардың журегі неше куысты?(уш)

6.Құбылғылар,кесіртке,жыландар жорғалаушылардың қай отрядына жатады?(қабыршақтылар отряды)

7.Жорғалаушылардың зәрі қайда түзіледі?(бүйректе)

8.Жорғалаушылар қалай ұрықтанады?(іштей ұрықтанады)

9.Жорғалаушылардың есту мүшесіЮ?(ішкі және ортанғы құлақтар)

10.Жорғалаушылардың қаңқасына алғаш қандай бөлім пайда болған?(кеуде торы)

ІІІ. “Тасбақалар” қаласы.

1-тапсырма.Қазақстанда кездестін жыландар туралы хабарлама.

2-тапсырма.Сөзжұмбақ-«Тасбақа»

Новый рисунок (6)

Бұл сөзжұмбақты дұрыс шешендер өзауылымыздағы жорғалаушылар класына жататын жануардың атын оқисыңдар.

1.Жыланның сипап сезу мүшесі.(тіл)

2.Қазақта басына ақ құйып шығарып салатыни жануар.(Жылан)

3.Республикамызда мекендейтін улы жылан.(Қалқантұмсық)

4.Зәр шығару мүшесі.(Бүйрек)

5.Аяқсыз кесіртке.(Сарлан)

6.Терісінің тусин өзгерте алатын кесіртке.(Құбылғы)

7.Тұмсықбастылар отрядының өкілі.(гаттерия)

Негізгі жолдағы сөз;Тасбақа

Келесі біздің қала: «Қолтырауындар» қаласы.

1-тапсырма.Сурет арқылы тапсырма беріледі.Қолтырауынның басқа жорғалаушылардын айырмашылықтарын табыңдар.

Балалар барлығымыз 4 қаладағы сұрақтарға жауап бердік.Енді қақпа ашылып біз «Жорғаушылар» сарайына кіруге рұқсат алдық.Жорғалаушылар сарайына келген соңханша мен ханшайым риза болып,бізді күтіп алып,ауылының қандац пайдасы барын сұрады.

Новый рисунок

Сабақты бекіту.

Ерте кезден бері кейбір тасбақа түрлері сауытының мүйізді тақташалар қолданылады.Арнайы өндеу арқылы олардан көзілдіріктерге оправа,тарақтар және басқа да заттар жасайды.Кейбір елдерде тасбақаның етімен жұмыртқасын тамаққа пайдаланады.

  • Ең ұзақ жасайтын бауырымен жорғалаушы-тасбақа
  • Үндістандағы Калькутта зоопаркінде өмір сүретін 250 келі салмақтағы алып тасбақа,әлемдегі ең кәрі жануарларының қатарында – 256 жас жасаған.
  • Жыландар қоректенбей 3 жыл ұйықтай алады.

Үйге:Жорғалаушыларды қорғау тақырыбында эссе жазу тапсырмасын бердім.

Бағалау.  

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *