Сиқырлы бояу


Тауманова Гульжансара Куанбаевна
Алматы облысы.Талдықорған қаласы, №7 ясли-бақшасы бейнелеу  өнері пәні мұғалімі

Қамтылуы:Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиеленушілеріне арналған.

Құрылымы:жас ерекшелігіне қарай бөлінген.Бейнелеу өнерінің барлық түрі қамтылған.Мазмұндылығына қарай сағат саны бөлінген.

Бағдарлама түрі:Ақпараттық,толықтыру(қолданыстағы бағдарламаларды толықтыру).

Оқу жүктемесі:ҚР мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы ҚР білім және ғылым министрінің 22.06.2016 жылғы №391 бұйрығы негізінде ортаңғы,ересек топтарының вариативтік оқу сағатының 1сағаты қамтылады.Апталық жүктеме 1сағат.Жылдық жүктеме 36 сағат.Күннің екінші жартысында іске асырылады.

Авторы туралы мәлімет

Аты-жөні: Тауманова ГульжансараКуанбаевна

Білімі: Жоғары.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институты.Жалпы техникалық пәндер мен еңбек пәнінің мұғалімі.

Мамандығы бойынша еңбек өтілі: 22 жыл.

Санаты: Бірінші біліктілік санатты.

Қызметі: Бейнелеу өнері пәні мұғалімі.

Түсінік хат

Балалардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың бірден-бір тиімді жолы көркемөнер болып табылады. Эстетикалық тәрбиеде көркемөнерге ерекше орын беріледі. Ол әр түрлі сезімге бөлей отырып, балаларға өмір құбылыстары мәнін ашады, оларды қоршаған ортаға мұқият қарауға үйретеді. Әсемдікті түсініп, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Баланың көркем ойлау жүйесі тұрақты даму үшін педагог оның жасына сәйкес іс-әрекет түрлерін дұрыс таңдай білуі қажет.

Бейнелеу өнерінің түрлері-кескіндеме,мүсіндеу,сәулет өнері,сәндік-қолданбалы өнері туындыларын,шеберлердің(мүсіншілер,суретшілер) қолынан шыққан туындыларды көрсету арқылы балаға бейнелеу өнерінің сипатын,оның ерекшелігін,әсемдігін таныту сезімін ояту,шығармашылық қабілетін дамыту бағытындағы жұмыстар жүргізіледі.Сонымен қатар бейнелеу өнерінің жанрларымен таныстырылып,сурет салудың дәстүрден тыс әдістері де үйретіледі. Аталған талаптарды тәрбие жұмысының негізгі арқауы ете отырып бағдарламада көркемдік тәрбиенің әдіс-тәсілдері және бейнелеу іс әрекетін ұйымдастыруға арналған сабақтар жоспарланған.

Мазмұнды сурет салған кезде айналада көргендерін,   алған әсерлерін, ертегі өлең тақпақтар мазмұны бойынша сурет салу дағдылары қалыптасады, балалар қағаз бетін толық пайдалануға, сурет салу барысында және өз бетімен көркемөнер бұрышын дайындағанда таяқшаларды, қауырсынды, түрлі түсті борларды, көмір қарындаштарды, ретушь қарындаштарын пайдаланып жұмыс жасауға әрекеттенеді.

Мақсаты:

–         Тұрмыста, еңбекте, ойын барысында қоғамдық және табиғи құбылыстармен, заттармен таныстыру арқылы балалардың бойында қоршаған ортаға деген эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;

–         Өнер құралдары арқылы көркемдік тәрбие беру  (көркемдік талғамды қалыптастыру, щығармашылық қабілеттерін дамыту);

Міндеттері:

–         Көркемөнер туындылары жайында қарапайым түсінік беру және әсер алу, сезінуге баулу, бейнелеу әрекеті негізінде іскерлік дағдыларды меңгерту, музыка, әдебиет т.б. өнер түрлері арқылы өмірдегі әдемілікті, сұлулықты қабылдау мен түсінуге, сезінуге дағдыландыру, қарапайым эстетикалық әсерлер, көру мен есту түйсіктерін жинақтауға жаттықтыру;

–         Сәндік қолданбалы өнер арқылы ұлттық салт-дәстүрлермен таныстырып,үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу,көркемдік талғамын қалыптастыруға көңіл бөлу,ауыз әдебиеті үлгілерін,көркем шығармаларды тиімді қолдану.

–         Эмоциялық және танымдық үдерістерді белгілі бір шамада дамыту.

Ішкі рецензия

Бағдарлама авторы Гульжансара Тауманова бірінші санатты бейнелеу өнері пәні мұғалімі.Еңбек өтілі және кәсіби тәжірибелік жұмыстары өз бетінше бағдарлама жазуға мүмкіншілік береді.Әдістемелік отырыс кеңесінің қатысушылары және төрайымы ясли-бақша меңгерушісі Ұ.Мамекова«Сиқырлы бояу» атты авторлық бағдарламасын оқып,танысу барысында бірауыздан төмендегідей шешім қабылдады:

-бағдарлама құрылымы тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сәйкес,балалардың көру,есте сақтау қабілеті мен қатар интелектуалды дамуына жағдай жасайды.

-шығармашылық қабілетін,ұсақ қол бұлшық еттерін дамытады.

-өз ойларын бейнелеу арқылы еркін жеткізе білуге,өз қиялындағы сурет салуға дағдыланады.

-бейнелеу өнерінің түрлерімен танысуға және әр түрлі материалдармен кеңінен жұмыс жасауға мүмкіндік алады.

-бейнелеу өнерінің жанрлары туралы мағұлмат алады және сол бойынша суреттер салып үйренеді.

-балаларды шыдамдылыққа,әсемдікті түсінуге,әдемілікке,ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу.

-эстетикалық тәрбие беру.

Жоғарыда аталған жағдайларды қорытындылай келе №7 ясли-бақшасының әдістемелік кеңес мүшелері нормативтік құжатты басшылыққа ала отырып бағдарламаның оқу-әдістемелік мазмұны жағынан құнды,өзекті екенін ескере отырып,ясли-бақшаның ортаңғы,ересек,мектепалды даярлық топтарында ҚР метепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы ҚР білім және ғылым министрінің 13.05.2016 жылғы №292 қаулысы негізінде ортаңғы,ересек,мектепалды даярлық топтарындағы вариативтік оқу сағатының 1 сағатын қамтуға және оқу іс-әрекетін күннің екінші жартысында іске асыруға келіседі.

«№7 ясли-бақшасы» МКҚК меңгерушісі Ұ.Мамекова ________________

Әдістемелік кеңес мүшелері:

Жоғары санатты мектепке дейінгі мекеме әдіскері Г.Манджекова __________

Жоғары санатты тәрбиеші Д.Нұржанова __________

Жоғары санатты музыка жетекшісі М.Валитова _________

Ортаңғы топқа арналған «Сиқырлы бояу»үйірмесінінің тақырыптық        жоспары

Қыркүйек


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар мен құрал-жабдықтар
1
«Егін жинау» – аппликация
Жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру, оларды ажырата білуге үйрету.
Жемістер мен көкөністер муляжі, қағаз А4, дайын суреттер, желім.
2
«Алтын күз» – аппликация
Заттарды пішініне қарай ажырата білуге үйрету, күзгі табиғатты бейнелеуге үйрету.
Үлгі, жапырақсыз ағаштын суреті бар қағаз, жапырақтар желім.
3
«Әтеш» – аппликация
Негізгі түстер туралы білімді бекіту, дайын бөліктерден сурет құрастыруға үйрету.
Үлгі, қағаз, әтеш суретінің дайын бөліктері, желім.
4
«Ыдыстар» – аппликация
Дайын бөліктерді ұқыпты жабыстыруға үйренуді аяқтау.
Үлгі, қағаз, дайын бөліктер, желім.
Қазан


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар мен құрал-жабдықтар
5
Табиғи материалдармен жұмыс. «Құс»
Жапырақтардан картина жасап үйрену.Құсты бейнелеу.
Қатты қағаз,ПВА желімі,лак,кепкен жапырақтар.
6
Табиғи материалдармен жұмыс. «Балықтар»
Жапырақтардан картина жасап үйрену.Балықты бейнелеу.
Қатты қағаз,ПВА желімі,лак,кепкен жапырақтар.
7
Табиғи материалдармен жұмыс. «Үнді портреті»
Жапырақтардан адамның бетін бейнелеп үйрену.
Қатты қағаз,ПВА желімі,лак,кепкен жапырақтар
8
Табиғи материалдардан жануарлар жасау.
Грек жаңғағынан жануарлар жасап үйрену.
Қағаз,ПВА желімі грек жаңғағы,бояу,қылқалам,қайшы.
Қараша


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар мен құрал-жабдықтар
9
Ермексаздан жануарлар мүсіндеу. «Жылан»
Мүсіндеу әдісін үйрену.Жылан бейнесін шиыршықтау арқылы мүсіндеу.
Ермексаз,пышақ,сірінке.
10
Ермексаздан жануарлар мүсіндеу. «Балапан»
Мүсіндеу әдісін үйрену.Балапанды домалақтау әдісімен мүсіндеп үйрену.
Ермексаз,пышақ,сірінке.
11
Ермексаздан жануарлар мүсіндеу. «Тышқан»
Мүсіндеу әдісін үйрену.Тышқанды домалақтау,саусақпен домалақтау арқылы мүсіндеп үйрену.
Ермексаз,пышақ,сірінке.
12
Ермексаздан жануарлар мүсіндеу. «Ұлу»
Ұлуды мүсіндеп үйрену.Мүсіндеу әдісін үйренуді қортындылау.
Ермексаз,пышақ,сірінке.
Желтоқсан


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар мен құрал-жабдықтар
13
Картоннан маска жасау. «Құс»» «Тауық»
Картоннан маска жасап үйрену.
Картон, желім, қайшы, қарындаш, гуашь, скотч, резенке.
14
Картоннан маска жасау. «Мысық»
Картоннан маска жасап үйрену.
Картон, желім, қайшы, қарындаш, гуашь, скотч, резенке.
15
Картоннан маска жасау. «Көбелек»
Картоннан маска жасап үйрену.
Картон, желім, қайшы, қарындаш, гуашь, скотч, резенке.
16
Картоннан маска жасау. «Сайқымазақ»
Картоннан маска жасап үйрену.
Картон, желім, қайшы, қарындаш, гуашь, скотч, резенке.
Қаңтар


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар
17
«Шырша» – ермексаздан мозайка
Ермексаздың үлкен бөлігінен ұсақ бөліктер жұлып алып екі саусақпен дөңгелетіп  кішкентай шарлар жасап үйрену, шарларды дайын пішінге орналастыру.
Ермексаз, шыршаның суреті салынған картон қағазы.
18
«Аяз ата» – ермексаздан мозайка
Ермексаздың үлкен бөлігінен ұсақ бөліктер жұлып алып екі саусақпен дөңгелетіп  кішкентай шарлар жасап үйрену, шарларды дайын пішінге орналастыру.
Ермексаз, аяз атаның суреті салынған картон қағазы.
19
«Қысқы ертегі» – саусақпен сурет салу
Ағаштардың суретін салып үйренуді жалғастыру, қарды саусақпен бейнелеу.
А4 қағазы, тушь, гуашь, қылқалам, фотосуреттер.
20
«Қояндар» – саусақпен сурет салу
Қоянның суретін саусақпен салу.
А4 қағазы, тушь, гуашь, қылқалам, фотосуреттер.
Ақпан


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар
21
Тұзды қамырдан жануарлар мүсіндеу «Ұлу»
Тұзды қамырмен шиыршықтап мүсіндеп үйрену. Дайын мүсіндерді кептіріп, бояп үйрену.
2 ст. Ұн, 1 ст. Тұз, 1 ст. Су, гуашь, қылқалам.
22
Тұзды қамырдан жануарлар мүсіндеу «Тасбақа»
Тұзды қамырмен домалақтау әдісі арқылы мүсіндеп үйрену. Дайын мүсіндерді кептіріп, бояп үйрену.
2 ст. Ұн, 1 ст. Тұз, 1 ст. Су, гуашь, қылқалам.
23
Тұзды қамырдан жануарлар мүсіндеу «Тышқан»
Тұзды қамырмен мүсіндеп үйрену. Дайын мүсіндерді кептіріп, бояп үйрену.
2 ст. Ұн, 1 ст. Тұз, 1 ст. Су, гуашь, қылқалам.
24
Тұзды қамырдан жануарлар мүсіндеу «Көбелек»
Тұзды қамырмен алақанмен басу арқылы мүсіндеп үйрену. Дайын мүсіндерді кептіріп, бояп үйрену.
2 ст. Ұн, 1 ст. Тұз, 1 ст. Су, гуашь, қылқалам.
Наурыз


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар
25
«8- наурызға құттықтау» – көлемді аппликация
Қағаз жолақтарынан гүл жасап үйрену.
Т-т қағаздар, қайшы, желім, салфетка.
26
«Киіз үй» – аппликация
Киіз үйді ою өрнектермен безендіру.
Т-т қағаздар, қайшы, желім, киіз үйдің суреті салынған қағаз.
27
Картоннан сыйлық қорабын жасау
Картоннан сандықша жасап үйрену.
Үлкен сіріңке қорабы, гуашь, фломастер.
28
Картоннан сөмке жасау
Картоннан сөмке жасап үйрену.
Т-т. Картон, степлер, жабыстыратын қағаздар.
Сәуір


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар
29
«Зымыран» – аппликация
Дайын ұшбұрыштардан зымыранның суретін жабыстыру.
Ұшбұрыш қағаздар, желім, картон.
30
«Гүл шоғы» – аппликация
Дайын дөңгелектерден гүлдің суретін жабыстыру.
Дөңгелек қағаздар, желім, картон.
31
«Күнбағыс» – дәндерден аппликация
Күнбағыстың күлтешесін қағаздан қиып картонға ұқыпты орналастыру. Ортасына қарақұмықты себу.
Желім ПВА, картон, сары түсті қағаз, қайшы, қарақұмық.
32
«Ваза»
Ыдысқа ермексазды жағып, өз қиялымен безендіру(дәндермен, моншақтармен).
Ермексаз, ыдыс, моншақтар, дәндер.

Мамыр


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар
33
«Қағаздан кемелер жасау»
Қағаздан кеме жасап үйрену, оларды безендіру.
Ақ қағаз, фломастер.
34
«Қағаздан ұшақ жасау»
Қағаздан ұшақ жасап үйрену, оларды безендіру.
Ақ қағаз, фломастер.
35
Трафарет арқылы сурет салу. «Машина» «Кеме»
Трафарет арқылы сурет салып үйрену.
Қағаз, картон, қайшы, қылқалам, гуашь, скотчь, фломастер, паролон.
36
Трафарет арқылы сурет салу. «Орманда»
Трафарет арқылы сурет салып үйрену.
Қағаз, картон, қайшы, қылқалам, гуашь, скотчь, фломастер, паролон, мақта таяқшалары.
 

 

Ересектер тобына арналған «Сиқырлы бояу» үйірмесінінің тақырыптық жоспары

Қыркүйек


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар мен құрал-жабдықтар
1
«Саңырауқұлақтар» – Аппликация
Трафаретпен, кепкен жапырақтармен жұмыс істеп үйрену.
Ватман, кепкен жапырақтар, силуэт (саңырауқұлақ), ақ қағаз, қызыл, ақ, жасыл картон, қайшы , желім.
2
«Қызыл жидек» – сурет салу
Майлы қарындаштармен  сурет салуға уйрету.
Жидек бұтағының силуэті, ақ қағаз, жай қарындаш, майлы қарындаш , стек.
3
«Алтын күз» – аппликация
Тарфаретпен жұмыс істеуді жалғастыру матаны қию, ермексазбен сурет салуға үйрету.
Емен, ақ қайың  ағашының  силуэттері, мата жапырақтар трафареті, қайшы, ПВА желімі, қарындаш, ермексаз.
4
«Көлдегі аққулар» – құрастыру
Оригами жасау жолдарын үйрету.
Ватман, ақ түсті шаршы қағаз, жасыл, қоңыр қағаздар, фломастер, қайшы, желім, қарындаш.
Қазан


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар мен құрал-жабдықтар
5
«Көлдегі аққулар» – құрастыру
Оригами жасау жолдарын үйрету.
Ватман, ақ түсті шаршы қағаз, жасыл, қоңыр қағаздар, фломастер, қайшы, желім, қарындаш.
6
«Аулада» – құрастыру

Мысық
Оригами жасау жолын үйретуді жалғастыру.
Ақ, сұр, сары қағаздар (шаршы), желім, фломастер, т-т қағаз, қарындаш, қайшы, ватман
7
«Аулада» – құрастыру Күшік
Оригами жасау жолын үйретуді жалғастыру.
Қоңыр қағаздар (шаршы), желім, фломастер, т-т қағаз, қарындаш, қайшы, ватман
8
«Аулада» – құрастыру

Тауық
Оригами жасау жолын үйретуді жалғастыру.
Сары, ақ қағаздар (шаршы), желім, фломастер, т-т қағаз, қарындаш, қайшы, ватман
Қараша


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар мен құрал-жабдықтар
9
«Тасбақа» – ермексазбен сурет салу
Ермексазбен сурет салуға үйрету.
Тасбақаның силуэті, ермексаз, түтік.
10
««Қоржынды сәндейміз» – сурет салу»
Ұлттық ою-өрнектерді салып үйрену
Бояу,қағаз,ою-өрнектердің үлгі суреттері.
11
«Біз осындаймыз» – аппликация
Трафаретпен жұмыс істеуді жалғастыру, автопортрет жасауды үйрету.
Шаш үлгілері, ерін, көз, бет әлпетінің силуэттері, картон, қайшы, желім қарындаш, обой.
12
«Алғашқы қар»-сурет салу.
Монотипия әдісімен сурет салып үйрену.
Бояулар,қағаз,су,әйнек,суреттер.
Желтоқсан


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар мен құрал-жабдықтар
13
«Менің Отаным-Қазақстан» – сурет салу.
Ел, жер,Отан туралы суреттер салуға үйрету.
Қарындаштар, гуаш, акварель, алдын ала дайындалған қағаздар.
14
«Қысқы ормандағы аңдар» – аппликация
Трафаретпен жұмыс істеуді жалғастыру
Көк түсті картон, ғоңыр және жасыл түсті маталар, ақ, сарғыш және сұр түсті жұмыртқа қабығы, желім ПВА, трафареттер.
15
«Шырша безендіру» – құастыру
Қағаздан құрастыруға үйретуді жалғастыру.
Конус, жасыл қағаздан шаршылар, т-т қағаздар, қайшы, желім.
16
«Қысқы әуендер»
Шашырату әдісімен сурет салып үйрену.
Бояулар,қағаз,суреттер..
Қаңтар


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар
17
«Айлы түн» – сурет салу
Трафаретпен жұмыс істеуді жалғастыру, губкамен бояу әдісін үйрету.
Трафарет, қара картон, поролон, ақ гуашь, ақ картон, қайшы, желім.
18
«Қысқы кеш» – сурет салу
Сурет салудың жаңа әдісі – гратаж бен таныстыру.
Ақ қағаз, май шам, стек,тушьпен гуашь қоспасы, паралон.
19
«Қысқы кеш» – сурет салу
Сурет салудың жаңа әдісі – гратаж бен таныстыру.
Ақ қағаз, май шам, стек,тушьпен гуашь қоспасы, паралон.
20
«Қысқы ертегі» – панно
Қағаз салфеткалардан панно жасап үйрену
Салфетка, журналдар, картон, желім.
Ақпан


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар
21
«Біздің аулада»-аппликация
Трафаретпен жұмыс істеуге, силуэттерді қиуға үйрету.
Ватман, үй жануарларының трафареті, т-т қағаз, қарындаш, қайшы, желім.
22
«Аңдар» -аппликация
Трафаретпен жұмыс істеудіқорытындылау
Ватман,аңдардың  трафареті, қарындаш, т-т жіптер, желім ПВА,қайшы.
23
«Пудель иті»-аппликация
Қағазды дөңгелету арқылы аппликация жасап үйрену.
Жасыл картон,иттің трафареті,сұр тусті қағаз,қарындаш, фломастер, қайшы,ақ түсті салфетка, желім, ақ жіп.
24
«Серуенде»-аппликация
Әртүрлі материалдардан аппликацияжасап үйрену.
Трафарет, ақ түсті картон, киімдердің трафареті, түрлі – түсті жіптер, т-т қарындаштар, қайшы,  ПВА желімі.
Наурыз


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар
25
«Вазадағы бәйшешектер»
Қағазды бүктеп, суретті симетриялы түрде қиюға үйрету.
Үлгі, т-т картон, ақ қағаз, т-т қағаз, вазаның трафареті, көгілдір қағаз, жасыл, қара қарындаш, желім, қайшы.
26
«Қуыршақтың камзолы»
Ұлттық киімдермен таныстырып,олардың суреттерін оюлармен безендіріп үйрету.
Камзолдың суреті салынған қағаз,бояулар.
27
«Үй құстары»
Тарыдан аппликация жасап үйрену.
Картон, үй құстарының трафареті, қарындаш, фломастер, тары, сары түсті салфетка, ПВА желімі, гуашь, қылқалам,
28
«Мысық»
Мақтадан аппликация жасап үйрену
Бархат қағазы, сабын, мысық силуэті, мақта, файл.
Сәуір


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар
29
«Көктем келді» – сурет салу
Сурет салудың жаңа әдісі – монотипиямен таныстыру, әйнек бетіне сурет салуды үйрету.
Әйнек, көктем туралы суреттер, акварель, су, қылқалам №3, 10, альбом беті, поролон.
30
«Ғарыш» – аппликация
Қағазды бүктеп қиюға трафаретпен жұмыс істеуге, шаршыдан дөңгелектер қиюға үйретуді қорытындылау.
Қара картон, т-т қағаз, шаршылар, ғарышкердің, зымыранның силуэттері, жай қарындаш, қайшы, желім.
31
«Жайылымдағы  сиырлар» – оригами
Қағазды бүктеуді, шаршыдан дөңгелек қиюды үйретуді жалғастыру, кеңістік туралы түсінік беру.
Ватман, т-т мата, ақ, сарғыш, қоңыр, қара қағаздар(шаршы, тік бұрышты), мақта, қара фломастер, қайшы, желім.
32
«Жайылымдағы  сиырлар» – оригами
Қағазды бүктеуді, шаршыдан дөңгелек қиюды үйретуді жалғастыру, кеңістік туралы түсінік беру.
Ватман, т-т мата, ақ, сарғыш, қоңыр, қара қағаздар(шаршы, тік бұрышты), мақта, қара фломастер, қайшы, желім.

Мамыр


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар
33
«Көбелектер» – сурет салу
Жылы және суық түстер туралы түсінік беру
Альбом беті, акварель, қылқалам, ½ көбелек силуэті, қарындаш, қайшы.
34
«Түймедақ»
Жаңа материялмен(гофро картон) таныстыру. Силуэтті қию.
Түймедақ силуэті, сары, жасыл, ақ түсті қағаз, қарындаш, қайшы, желім.
35
«Түймедақ»
Жаңа материялмен(гофро картон) таныстыру. Түймедақтың сабағын, гүлін жабыстыру.
Түймедақ силуэті, сары, жасыл, ақ түсті қағаз, қарындаш, қайшы, желім.
36
«Жайдарлы жаз келді» – көрме
Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Мектепалды даярлық тобына арналған «Сиқырлы бояу» үйірмесінінің тақырыптық жоспары

Қыркүйек


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар мен құрал-жабдықтар
1
«Мен жазды қалай өткіздім» – Сурет салу
Тақырып бойынша сурет салып үйрену.
Қағаз,т-т майлы бояулар.
2
«Күнбағыстар» – құрастыру
Трафаретпен жұмыс істеуді жалғастыру,қағазды шахмат тәрізді тоқуды үйрету .
Трафареттер,сары,жасыл,қара түсті қағаздар,қайшы,желім,қарындаш,түс қағаз.

3
«Күнбағыстар» – құрастыру
Трафаретпен жұмыс істеуді жалғастыру,қағазды шахмат тәрізді тоқуды үйрету .
Трафареттер,сары,жасыл,қара түсті қағаздар,қайшы,желім,қарындаш,түс қағаз.
4
«Алтын күз» – сурет салу
Монотипия әдісімен сурет салуға үйрету.
Әйнек,акварель бояуы,су,қағаз.
Қазан


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар мен құрал-жабдықтар
5
«Менің қалам»-коллаж
Коллаж жасап үйрену, трафаретпен жұмыс жасау.
1:2 ватман, майлы қарындаш, фотосуреттер, силуэт, адам суреттері.
6
«Бейнелер неге ұқсайды» – сурет салу
Геометриялық пішіндерге ұқсас заттардың суретін салып үйрену.
Ватман, акварель, гуашь, бояулары, паралон, қылқалам, су.
7
«Бейнелер неге ұқсайды» – сурет салу
Үрлеу әдісімен(кляксография) сурет салуды үйрену.
Ватман, акварель, гуашь, бояулары, паралон, қылқалам, су.
8
«Аквариумдағы балықтар» – аппликация
Трафаретпен жұмыс істеуді жалғастыру, қағазды гармошка тәрізді бүктеп және оларды қиып үйрену.
Ватман, балықтар силуэті, т-т қағаздар, желім, қайшы, жасыл серпантин.
Қараша


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар мен құрал-жабдықтар
9
«Аквариумдағы балықтар» – аппликация
Трафаретпен жұмыс істеуді жалғастыру, қағазды гармошка тәрізді бүктеп және оларды қиып үйрену.
Ватман, балықтар силуэті, т-т қағаздар, желім, қайшы, жасыл серпантин.
10
«Тасбақа» – оригами
Қағазды әр түрлі бағытта бүктеп үйрену
Жасыл түсті қағаз.
11
«Жылан» – оригами
Қағазды әр түрлі бағытта бүктеп үйрену
Жасыл түсті қағаз.
12
«Түйе» – оригами
Қағазды әр түрлі бағытта бүктеп үйрену
Қоңыр түсті қағаз.
Желтоқсан


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар мен құрал-жабдықтар
13
«Жылы жақтың жануарлары» – қорытынды сабақ
Оригами әдісімен жасалған дайын жануарлардан ұжымдық жұмыс жасауға үйрету
Ватман, қағаздар, қара және жасыл фломастер, жасыл қағаз, желім.
14
«Тәуелсіз ел-Қазақстан» – сурет салу
Тақырыптық сурет салуға үйрету.
Түрлі түсті бояулар, қағаз, суреттер.
15
«Аққала» – аппликация
Қалдық материалдармен  жұмыс істеп үйрену.
Пенопласт, т-т қағаз, трафарет, желім.
16
«Шырша мерекесі» – коллаж
Коллаж жасап үйрену, шығармашылық қабілетін дамыту.
Фотосуреттер, т-т қағаз, қарындаш, қайшы, желім.
Қаңтар


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар
17
«Шырша мерекесі» – коллаж
Коллаж жасап үйрену, шығармашылық қабілетін дамыту.
Фотосуреттер, т-т қағаз, қарындаш, қайшы, желім.
18
«Қысқы орман»-оригами және аппликация
Қағаз бүктеу әдістерін үйретуді,трафаретпен жұмыс істеуді жалғастыру.
Картон,жануарлар силуеті,жасыл түсті қағаз,мақта,желім,қайшы.
19
«Қысқы орман»-оригами және аппликация
Қағаз бүктеу әдістерін үйретуді,трафаретпен жұмыс істеуді жалғастыру.
Картон,жануарлар силуеті,жасыл түсті қағаз,мақта,желім,қайшы.
20
«Ормандағы аяз»-сурет салу
Әйнектің көмегімен сурет салуға үйретуді жалғастыру,бастырмамен сурет салуға үйрету.
Әйнек,акварель,гуашь,поролон,бастырмалар,су,қағаз.
Ақпан


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар
21
«Солтүстік жануарлары»-оригами. «Пингвин»
Қағазды әр түрлі бағытта бүктеп үйрену.
Қағаздар,фломастер,желім,ватман.
22
«Тюлень»-оригами
Қағазды әр түрлі бағытта бүктеп үйрену.
Қағаздар,фломастер,желім,ватман.
23
«Кит»-оригами
Қағазды әр түрлі бағытта бүктеп үйрену.
Қағаздар,фломастер,желім,ватман.
24
«Ақ аю»-оригами.Қорытынды сабақ.
Қағазды әр түрлі бағытта бүктеп үйрену.Дайын болған жануарлардан «Арктика» атты  ұжымдық жұмыс орындау.
Қағаздар,фломастер,желім,ватман.
Наурыз


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар
25
«Анамызға арналған гүл шоғы»-сурет салу
Бояуды шашыратып сурет салу әдісін үйрету.
Гүлдердің трафареті,т-т гуашь,тіс щеткасы.
26
«Анашым»-сурет салу
Портрет салуды үйрету.
Қағаз,гуашь,акварель,су.
27
«Қош келдің ,Наурыз»
Тақырып бойынша сурет салып үйрену.
Суреттер,бояулар,қағаз,трафареттер.
28
«Киіз үйді оюлармен безендір
Қошқар мүйіз оюын салып үйрету.
Оюлардың суреттері,бояулар,қағаз.
Сәуір


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар
29
«Су асты патшалығы»
Сурет салудың жаңа әдісі – монотипиямен таныстыру, әйнек бетіне сурет салуды үйрету.
Әйнек, көктем туралы суреттер, акварель, су, қылқалам №3, 10, альбом беті, поролон.
30
«Ғарыш» – аппликация
Қағазды бүктеп қиюға трафаретпен жұмыс істеуге, шаршыдан дөңгелектер қиюға үйретуді қорытындылау,кеңістік туралы түсінік беру.
Қара картон, т-т қағаз, шаршылар, ғарышкердің, зымыранның силуэттері, жай қарындаш, қайшы, желім.
31
«Жайдарлы жаз келді»-ұжымдық жұмыс «Ағаштар»-оригами
Қағазды бүктеуді үйретуді жалғастыру,оригами әдісімен жасалған пішіндерден жаз туралы ұжымдық жұмыс жасауға үйрету.Ағаштар жасап үйрену.
Ватман,жасыл , ақ, сарғыш, қоңыр, қара қағаздар(шаршы, тік бұрышты), қара фломастер, қайшы, желім.
32
«Түлкі және қасқыр»-оригами
Қағазды бүктеуді үйретуді жалғастыру,оригами әдісімен жасалған пішіндерден жаз туралы ұжымдық жұмыс жасауға үйрету.Түлкі мен қасқыр пішінін жасап үйрену.
Ватман,  сарғыш,  сұр қағаздар(шаршы, тік бұрышты), қара фломастер, қайшы, желім.

Мамыр


Тақырыбы
Мақсаты
Материалдар
33
«Қоян және ақ тиін»-оригами
Қағазды бүктеуді үйретуді жалғастыру,оригами әдісімен жасалған пішіндерден жаз туралы ұжымдық жұмыс жасауға үйрету.Қоян мен ақ тиін пішінін жасап үйрену.
Ватман,  сарғыш,  ақ,сары қағаздар(шаршы, тік бұрышты), қара фломастер, қайшы, желім.
34
«Аю және көбелек»-оригами
Қағазды бүктеуді үйретуді жалғастыру,оригами әдісімен жасалған пішіндерден жаз туралы ұжымдық жұмыс жасауға үйрету.Аю мен көбелек пішінін жасап үйрену.
Ватман,  сарғыш,  ақ,сары,қоңыр қағаздар(шаршы, тік бұрышты), қара фломастер, қайшы, желім.
35
«Күн және саңырауқұлақ»
Қағазды бүктеуді үйретуді жалғастыру,оригами әдісімен жасалған пішіндерден жаз туралы ұжымдық жұмыс жасауға үйрету.Күн мен саңырауқұлақ пішінін жасап үйрену.
Ватман,  сарғыш,  ақ,сары қағаздар(шаршы, тік бұрышты), қара фломастер, қайшы, желім.
36
«Кірпі және торғай»-оригами.Қорытынды сабақ.
Кірпі мен торғай пішінін жасап үйрену.Дайын болған пішіндерден «Жайдарлы жаз келді» атты ұжымдық жұмыс жасау.
Ватман,  сарғыш,  ақ,сары қағаздар(шаршы, тік бұрышты), қара фломастер, қайшы, желім.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Р.Ж.Байғұлбекова,А.Х.Шакирбекова «Сурет салу»,Алматыкітап баспасы,2015 жыл

2.Е.А.Короткова.Рисование,аппликация,конструрование в детском саду.г.Ярославль.2009г.

3.А.Н.Малышева,Э.М.Поварченкова.Заниятия по аппликации в детском саду.г.Ярославль.2009г.

4.И.А.Лыкова.Изобразительная деятельность в детском саду.г.Москва.2007г.

5.Интернет материалдары.