Математика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары «Массаны қалай өлшейміз?»


 Иманбаева Алина Тауэкелқызы
 Есіл қаласы №3 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Пәні: Математика
Мектеп: Есіл қалалық № 3орта мектеп КММ
Күні:
Мұғалім: Алина  Тауэкеловна  Иманбаева
Сынып: 1
Қатысқаны: 12
Қатыспағаны: 3
Сабақтың тақырыбы:
Массаны қалай өлшейміз?
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары
1.1.3.2, Масса, көлем (сыйымдылық)  шамаларын ажыратады; оларды таңдайды, өлшемдер жүргізеді.

Өлшем бірліктері және құралдарды таңдау арқылы /масса/сыйымдылықты қолданып салыстырады.
Табыс критерийлері
Барлық оқушылар:Шамалар туралы және олардың өлшем бірліктері  \кг\ туралы түсінігі болады және салмақты салыстырады. Салмақ өлшеу үшін бірлік пен құрал таңдайды,өзі түсіндіреді.

Көптеген оқушылар:Табақшалы таразыларды пайдаланып (кір тастарымен) белгілі заттарды өлшейді.

Кейбір оқушылар:Белгілі- бір салмақтағы заттарды өлшейді және салыстыра алады.
Өткен сабақты пысықтау.
Заттың массасы бойынша салыстыру.
Жоспар

Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар: Үлестірмелі қағаздар, таразы,1л су, 1 кг шақпақ қант, 1 кг картоп, 1 л шырын.
Басы (5мин.)

(5 мин)

(5 мин)

(3 мин)

(8 мин)

(5мин)

(5 мин)
Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн,достым,

Қайырлы күн болсын.

Сейсенбінің сабағы,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестіктер болсын!!!

 

Топқа бөліну. ( геометриялық фигуралар арқылы)  дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.

1.Уақытты тиімді пайдалану.

2.Сыныптастарың сөйлегенде  кедергі жасамау.

3.Тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысу.

Қызығушылықты ояту.

-Балалар сендер аналарыңа еріп дүкенге бардыңдар ма?

-Аналарың печенье, кәмпит, алма сатып алғандарын көрдіңдер ме? (сол туралы айтқызып көру)

-Ендеше заттың массасын өлшеуге болады екен.

-Демек бүгінгі біздің сабағымыз масса туралы болмақ. Массаны өлшейміз де оны санмен жазамыз, Ол- шама екен.

Екі бірдей қорап немесе екі бірдей ыдысты салыстыруға ұсыну.Олардың біреуіне ауыр зат салынады, екіншісі бос қалады.

Екі ыдыс туралы не айтуға болады?

Бірдей

Екеуін көтеріп көрсетуді ұсынамын.

Біреуі ауыр. Екіншісі жеңіл,

Қандай шама туралы айтпақшымыз?

Масса немесе салмақ

Массаны қалай өлшейтінін білеміз бе?

Қандай өлшем бірліктер қажет?

Масса бірлігі- килограмм

Есте сақта!

1.Масса килограммен өлшенеді.

2. «килограмм» қысқаша «кг» деп белгіленеді.

Оқулықпен жұмыс.

Сурет бойынша қорытынды жасау. Қапшықтағы ұнның массасы – 1 килограмм. Таразы арқылы өлшеуге болады, таразы басы теңесіп тұр.

Практикалық жұмыс :

Белгілі заттарды таразыда өлшеу, жазу.

(Т) 1 топ: Кітап салынған қорап пен бөлме гүлінің  массасын анықтап, салыстырулары  керек.

2 топ: Қауынның массасы арқылы қауынның  массасын анықтап, салыстырады.

3 топ:  Таразыдағы  асқабақ пен алманың массасын анықтап, салыстырулары керек.

Дескриптор

1.     Оқушылар топпен жұмыс жасай алады.

2.     Заттардың массасын анықтап, салыстыра алады.

(Ж)  Доп салынған тордың қайсысы ауыр? Неліктен екенін дәлелдеп беру.

Дескриптор:

1.Заттарды көлемі мен санына қарай салыстыра алады.

2.Жеңіл , ауыр ұғымын  ажыратады.

Дәптермен жұмыс:

АКТ қолдану   1слайд

2 слайд

 

Bilimland сайтына кіру

(масса ұғымы)

Массаның өлшем бірлігі –килограмм (кг) 3-4 слайд

1л су, 1 кг шақпақ қант, 1 кг картоп, 1 л шырын.

Үлестірмелі қағаздар

Оқулықпен жұмыс. 4 слайд

63-64 жұмыс парағы

Қорытындылау

(4 мин.)

Бағалау.
-Бүгінгі сабағымызда қандай өлшем бірлікпен таныстық?

-Масса өлшем бірліктері қалай аталады?                                                         -Қандай құралдарды пайдаланамыз?

Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендерін анықтау мақсатында бағдаршам көздерін пайдаланамын.                                                       Толық түсінген болсақ- жасыл                                                                Жартылай түсінген болсақ-сары                                                          Мүлдем түсінбеген болсақ-қызыл көздерінің тұсына жасырамыз.