«Жаңа жылдық бағдарлама»


Бигабылова Меруерт Бейсенбекқызы
Абай атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылы Абай атындағы орта мектебі

Жаңа жылдық мерекенің бағдарламасы

 

Қатысушылар:

Аяз ата, Ақша қар,  ит, күшіктер,Алтын адам, Бәйтерек,  Стервелла, екі қарақшы,  аққала, қасқыр, қоян, мыстан кемпір, қошқар , теке,роботтар,крокодил Гена, Шапокляк,доңыздар.

 

Қойылатын көріністер:

1. «Стервелла, ит пен күшіктері»

2. «Алтын адам,  Бәйтерек »

3. «Аққала»

4. «Қошқар мен теке, қасқыр»

5. «Роботтар»

6. « Жағымсыз кейіпкерлер» флешмоб

7. « Крокодил Гена мен Чебурашка, Шапокляк»

8.  «Ну, погоди!» мультфильм кейіпкерлері

9.   «Зверопой» мультфильм кейіпкерлері.

 

Сахнада «Шыршалар» сюжеттік би көрінісі.  Ортаға  шыршалар  шығады. Билейді.

 

Жаңа жылдық фанфар

 

1 жүргізуші:

Ау, жарандар,ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.

 

2 жүргізуші:

Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап, билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!

 

Ән . Балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері, республикалық байқаулардың жүлдегері  «       »  дуэтінің орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар!

 

2 жүргізуші:

Олай болса, жаңа жылдық  кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

 

1 жүргізуші:

Қадірлі халайық, баршаңызды 2019 жаңа  жылдарыңызбен шын жүректен  құттықтай отырып,  бүгінгі жаңа жылдық жасыл шырша кешінің ұйымдастырушы және демеушісі болып отырған ауданымыздың әкімі  Қрықпаев Асқар Санатұлына сөз беріледі.

 

2жүргізуші:

Сіздің құрметіңізге Халықаралық «Ғұмырдария» ән байқауының жүлдегерлері, Балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері «              » триосының  орындауында «              » әнін қабыл алыңыздар.

 

(Музыкамен Стервелла    шығады)

 

Стервелла: Қандай әдемі безендірілген шырша, көңілді балалар, киімдері қандай әдемі?!

 

Алтын адам: Стервелла қош келдің, қайдан адасып жүрсің?

 

Стервелла : Мен өзі қайда келдім?

 

Бәйтерек: Сен жаңа жылдық шыршаға келдің.

 

Стервелла: Тамаша! Балалар сендер үшін ескі жыл қалай жыл өтті? Қандай жетістіктерге жеттіңдер?

 

Алтын адам: Стервелла ол үшін ортаға ескі жылды шақырайық. Ескі жыл иесі кім  болып еді, айтыңдаршы? Әрине, ит болды. Ендеше ортаға итті шақырайық!

 

Осы кезде күшіктерімен дәу ит билеп кіреді

 

Ит: Сәлематсыңдар ма балалар, мереке қонақтары! Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын! Балалар мен өз жылымды бүгін өз өнерін тамаша көрсеткен өнерпазға беремін. Қане кімнің қандай өнері бар?

 

Аудан мектептерінен келген оқушылардың өнерін тамашалау (1-2 номер)

 

Стервелла: Жарайсыңдар балалар ! Өнерлерің өрге жүзе берсін! Қазір балалар біз бәріміз  ортаға жаңа жыл мерекесінің сәні- Аяз ата мен қарша қызды шақырып алайық

 

Бәрі: Аяз ата қарша қыз -3 рет!

 

2 жүргізуші:

Бүгінгі жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен Қарша қыз келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

 

1жүргізуші:

Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді қарша қызбен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алайық!

 

( Ұлыған боранның дауысы естіледі.

Шанамен Аяз ата мен Қарша қыз қоңыраулатып келеді)

 

Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Жас бишілер» тобы «———-»   ортаға Аяз ата мен Қарша қызды әкеледі.

 

Аяз ата:

Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт – жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

 

Алтын адам: Армысыз Ата, армысың  Қарша қыз!

 

Бәйтерек: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата мен Қарша қыз! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

 

 

Аяз ата: Амансындарма! Бар болыңдар! Біз қай жерге келдік қарағым?

 

Бәйтерек:   Киелі Құлан жеріне келдіңіз!

 

Аяз ата: Бәрекелді, балам! Құлан ән мен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?

 

Алтын адам: Әрине, ата! Әнші балаларымыз да биші қыздарымызда барлығы осында.

 

Бәйтерек: Енді Қарша қыз балалармен бірге шыршаның шамын жағайық.

 

Қарша қыз:

Қызықты барлық ойға алып,

Жаңа жыл жатыр тойланып.

Қанекей әсем шыршаны,

Ән салайық айналып.

Аяз ата:

Жасыл шырша жанында

Барлығы тұр жараса!

Достарды бір қуантып,

Шырша, қане, жарқыра!

Бәрі:

Жарқыра! Жарқыра! ( шыршаның шырағы жанады)

 

2жүргізуші:

Балалар бәріміз бірге  «Шырша әнін» шыршаны айнала орындайық.

 

Хор «Шырша әнін» орындайды.

 

 

Алтын адам: Балалар! Бір жыл деген зымырап өте шықты. Осы жыл ішінде  қандай жетістіктерге қол жеткіздіңдер? Қандай жаңалықтар болды ауданымызда?

 

1 оқушы : Осы жылы  Астана қаласының 20 жылдық және ауданымыздың 80 жылдығын жоғары деңгейде атап өттік…тб. айту

 

Алтын адам: Міне, біздің ауданымыздың бүгінгі тыныс–тіршілігі дәл осындай!

 

Аяз ата:

Жарайсыңдар! Мен де сендерге ризамын. Осылай толағай табыстарға жетіп, биік белестерден көріне  беріңдер!

 

***

Ортаға музыкамен «Аққала»  шығады. Қолында хабарландыру айтатын құрал.

 

Аққала: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кастинг. Кімде қандай өнер бар, ортаға шақырамын.  Қазылар алқасында: Аяз ата, Қарша қыз, Алтын адам, Бәйтерек, Стервелла, ит.

 

Ит: Және ең жақсы өнер көрсеткен өнерпазға мен өз жылымды беремін. Кімнің қандай өнері бар екен көрейік қане?!

 

***

Осы кезде музыкамен «Қошқар мен теке, қасқыр» м/ф. кейіпкерлері кіреді . Олар бір-бірімен таласып, жанжалдасып кіреді.

 

Қошқар : Мен биімді көрсетемін

 

Теке: Жоқ, мен билеймін

 

Қасқыр: Мен билеймін

 

Қошқар: Жоқ-жоқ, мен билеймін ! -деп тұрғанда Аяз ата мен Алтын адам араласады.

 

Аяз ата: Бұл не шу ? Достар жаңа жылдың алдында ұрысуға болмайды.

 

Алтын адам: Ия, табысқандарың дұрыс! Ал ендеше өнерлеріңді көрсетіңдер.

 

Өз музыкаларымен билейді.

 

 

Аққала: Қошқар, теке, қасқыр сендердің өнерлерің ұнады. Рақмет.Сендер бізбен бірге басқа кейіпкерлердің де  өнерін тамашалаңдар…

 

Аққала:  Ендеше келесі ертегі кейіпкерлеріне кезек берейік балалар.

 

***

Музыкасымен «3 робот» шығады.

 

1 робот: Біз жаңа жыл иесі болуымыз керек!

 

2 робот: Біз келе жатқан жаңа жылда елімізге керек күшті жаңалықтар ашамыз

 

3 робот: Ия, біз жаңа жылда көп пайдалы істер жасаймыз

 

Стервелла: Роботтар сендер тамаша жаңалықтар ашатындарыңды білеміз, бірақ жаңа жыл иесі болу үшін сендер өз өнерлеріңді мына балаларға көрсетулерің қажет.

 

Аққала: Алтын адам дұрыс айтады, қандай өнерлерің бар? ( би?)

 

Стервелла: Роботтар сендер де жыл басына лайықсыңдар, бірақ  тағы ертегі кейіпкерлеріне кезек берейік!

 

 

***

Ортаға жағымсыз кейіпкерлер  (мыстан, шайтан, қарақшы) шығады  бір-бірімен жанжалдасып , таласып кіреді

 

Мыстан: Мен жыл басына лайықпын!

 

Шайтан: Жоқ, мен боламын!

 

Аққала: Тыңдаңыздар, 1-ші өнерлеріңізді көрсетесіздер. Шешімін мына балалар мен қазылар алқасы айтады.

 

Мыстан: Кел, шайтан екеуміз бірігіп мына балалармен флешмоб билейік.

 

Шайтан: Жарайды, көрейік кім күшті билейді екен?! ( флешмоб)

 

Стервелла: Мыстан, шайтан, қарақшы сендердің билерің ұнады бәрімізге.

 

Аққала: Сендер балалармен ойын ойнатып жіберсеңдер дұрыс болар еді.

 

Мыстан: Мақұл. Ендеше ойын ойнайық!  «Сыпырғыш» ойыны. Ойынның шартын айтады.

 

***

 

Музыкасымен «Крокодил Гена мен Чебурашка, Шапокляк» м/ф.кейіпкерлер кіреді.

 

Крокодил Гена:

Саламатсыңдар ма, балалар! Қандай әдемісіңдер, көңілдісіңдер!

 

Чебурашка:

Сәлем, балақайлар! Жаңа жылдарың құтты болсын!

 

Крокодил Гена: Жаңа жыл иесіЧебурашка болуы үшін біз өз өнерімізді көрсетуге келдік.

 

Аққала: Қандай өнерлерің бар?

 

Гена: Ал, бір, екі, үш…

Крокодил Гена  гармошкасымен «Туған күн» өлеңін айтады. Балалар сол музыканың әуенімен бәрі бірге шеңбер жасап неше түрлі би қимылдарын жасайды.

 

Ит : Рақмет, әндерің өте тамаша  екен! Келесі кейіпкерлердің өнерін тамашалайық  …

 

 

 

***

 

Музыкасымен «Ну, погоди!» м/ф.

 

Қасқыр: Балалар бізде жыл басы болғымыз келеді

 

Қоян: Мүмкін біз жыл басы боламыз. Біздің де жақсы өнеріміз бар.

 

Аққала: Қасқыр, қоян! Алдымен өнерлеріңді көрсетіңдер

 

Қасқыр: Жарайды, кел қоян екеуміз жаңа жылдық әнімізді айтайық.

 

Музыка қойылады. Екеуі ән айтады.

 

Қасқыр:

Айтшы қоян қайда болдың?

Айтшы қоян кіммен болдың?

 

Қоян:

Мерекелік жаңа жылдық ортада,

Көңілді шаттық думанда!

Бірге:

Ал, қанекей бірге

Билейік күнде!

Құтты болсын баршаға,

Кездесейік күнде! Ех…

 

Стервелла: Керемет ән екен, қасқыр сендердің өнерлеріңе тәнтіміз. Қасқыр тамағың ауырып тұрған сияқты.

 

Аққала: Бірге келесі өнер иелерінің өнерін тамашалайық!

 

 

***

Музыкасымен «Зверопой» м/ф.кейіпкерлері доңыздар шығады да өлеңдерін айтады.

 

Барлық кейіпкерлер бірге қуана қошеметтейді.

 

Ит: Өте керемет орындадыңдар. Сендер жыл басы болуға лайықсыңдар! Балалар мен өз жылымды доңызға беріп,   тарих қойнауына кетемін…   Келесі кездескенше сау-саламатта болыңдар!

 

 

 

1жүргізуші:

Міне, жаңа 2019 жыл иесі Доңыз ортамызға келді.

 

Ортада Жаңа жыл әні орындалады

 

Доңыз:

Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!

 

 

1 жүргізуші:Ендеше кешке келген балаларға арналған сыйлық тапсыру рәсімін ел азаматы  Қрықпаев Асқар Санатұлына  берейік.

Сыйлықтар тапсыру.

 

1жүргізуші:

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері,

Шарпылмасын жүректердің мұң лебі.

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары,

Таусылмасын Жаңа жылдың дүрмегі.

2жүргізуші:

Осымен  мерекелік кешімізді аяқтаймыз.Балалар бәріңізд