«Ұстазға тағзым! » атты мұғалімдер күніне арналған мерекелік бағдарлама»

Бигабылова Меруерт Бейсенбекқызы
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылы Абай атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қатысушылар: аудан ұстаздары, еңбек ардагерлері және тб., ауданымыздың танымал өнер саңлақтары.

 

Сахна сыртынан:Сахна төрінде ҚР мәдениет қайраткері, жыршы-термеші Бейбіт Шошабаев . Өңіріміздің өнер майталманы қара домбырасын күмбірлете ұстаздар қауымына мерекемен құттықтап,  арнау өлеңін паш етіп, мерекенің шымылдығын ашпақшы, қабыл алыңыздар!

 

( шымылдықтың сыртында әнін орындайды)

 

«Арнау» Б.Шошабаев.

 

Шымылдық ашылады.

 

Хор«Ұстазым»әні.Құлан о/м. орындайды.

(Хор орындалып жатқанда лэдэкранда  аудан мұғалімдернің жұмыс барысындағы суреттері слайд арқылы көрсетіліп тұрады. )

 

Хор біткенде ортаға 1 оқушы шығады. Құлан мектеп-гимназиясының оқушысы үш тілде ұстазға құттықтау сөзін айтады.

 

Фанфар қойылады да жүргізушілер шығады.

 

 

Фанфар.Жүргізушілердің шығуы

 

Асылбек: Армысыздар,ардақты да,ұлағатты ұстаздар мен қонақтар!

 

Гүлсім: Қайырлы күн, жиналған қауым!

 

Асылбек: Мұғалім- бұл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты,

Ең алғаш басталады осы адамнан.

Сүйеді сондықтан да жақын-жаты…

 

Гүлсім: Ұстаз жұрты бақыты ғой әлемнің,

Ұстаздықтан бақыт отын көремін.

Мектептердің ұстаздары ғажайып,

Тамсанады сізге қарап өз елің!

 

Асылбек: Ендеше, осы қадірлі де қымбатты ұстаздарға арналған «Ұстазға тағзым!» атты мерекелік бағдарламаға

 

Бірге: ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

 

Ән  Трио: «Ұстазым» әні. Қонысбаев Ержан, Әшіралы Тоқтар, Құлмаханбет Елтай.

 

Асылбек: Гүлсім,сен білесің бе? Біздің Құлан көненің көзіндей.  Ұлы Жібек Жолы бойындағы жеті қала ішінде қытайлар «Сұлу қала» деп атаған шахар.

 

(Лэдэкраннан спорт, өнер майталмандарының суреттері көрсетіліп тұрады слайд арқылы.)

 

Гүлсім: Иә, рас. Биыл біздің Т.Рысқұлов ауданының 80 жылдығын тойлағалы отырмыз. Осында отырған барша ұстаздар қауымын ОСЫ АТАУЛЫ МЕРЕКЕМЕН құттықтап қояйық.

 

Асылбек:   Қасиетті Құлан топырағы дарынға да кенде емес, еліміздің өнері мен ғылымына, спорттық жетістіктері мен экономикасына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар баршылық.

 

Гүлсім: Ат тұяғы тай басқан Басқардай ұлы, Мелістей сазгері, Ермахандай өрені бар бұл Сұлутөрдің.

 

Асылбек: Күміс көмей әншілер Досымжан Таңатаров, Тахмина Әшімбекова, Гүлмира Ақүрпекова, Гүлнұр Өмірбекова  өнер еліне өз үлестерін қосып келеді емес пе… Біз олармен  мақтанамыз!

 

Гүлсім :Ал, жарандар тамсанып бізге қарайық,

Бүгін осы әсем әнге салайық.

Қуанышты бүгінгі төл мереке,

Құтты болсын, құтты болсын халайық!-дей келе, Балалар мен жасөспірімдер орталығының мұғалімдері Үмбеталиев Асылбек пен Есболова Жазираның орындауында «Киелі менің Құланым» әнін қабыл алыңыздар.

 

Гүлсім:  Біздің аудан ұлттық өнерді қатты құрметтеп қолдайды. Асылбек! «Өнер- таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді,  халық даналығы.  Ауданның абыройын асқақтатқан аудан түлектерінің ішіндегі өнер азаматтарының орын ерекше.

 

Асылбек: Ендеше ортаға  Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Францияның «Сизок» халықаралық авторлар қоғамының мүшесі, елімізге еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, жерлесіміз, тереңөзектік Нұрлан Байгөзовті шақырамыз.  (Құлан сахнасында сазгер Нұрлан Байгөзов!)

Құттықтау сөз. (Өзімен келген әншісі ән орындайды)

Гүлсім:       Ұстаздар-ұлттың тірегі,

Ұстаздар-елдің жүрегі!

Ұрпаққа жетер ұстазбен,

Халықтың ұлы тілегі!

 

 

Асылбек: Ортамызға осынау  елеулі мерекемен  ұстаздар қауымын құттықтау үшін сөз кезегін  аудан әкімі   Қрықбаев Асқар Санатұлына береміз.

(Әкім өз ұстазын құттықтайды. Ұстаздарын құттықтайды, грамоталар береді.)

 

I. Т.Рысқұлов аудан әкімінің құрмет грамотасына:

1. Тілеубаева Эльзат  БмЖО

2. Қудабаева Жазира  Жамбыл мектебі

3. Оңалбаева Гүлім Бөкейханов мектебі

4. Федченко Оля   № 1 мектеп- лицейі

5. Тулеева Кежекүл  Абай мектебі

6. Джаңгурбаева Ая Б.Момышұлы

7. Құрақбаева Алмагүл   «Алтын сақа» балабақшасы.

 

Т.Рысқұлов ауданы филиалы Нұр Отан партиясының   Құрмет грамотасына:

1. Әбілдаева Ақбота             Қ. Сатпаев орта мектебі

2. Құдайбергенова  Айгүл    «Ақбота» балабақшасы

3. Абдіқұлов Нура Бакиранкулович  Мамай-Қайыңды бастауыш мектебі

 

Гүлсім: М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінің «Әдемі-ау» бишілер тобының «Кесе»биін қабыл алыңыздар!

 

Асылбек: Келесі құттықтау сөз кезегі Т.Рысқұлов ауданы Маслихатының хатшысы Жаманбаев ТұрсынханЕсімханұлынаберіледі.  Алғыс хаты:

1. Айтпаев Серік Ақтоған орта мектебі

2. Көпбаева Эльвира  Құлан мектеп- гимназиясы

3. Әбілдаева Айсұлу        Р. Смаилов орта мектебі

 

Гүлсім: Марапаттарыңыз құтты болсын!

 

Асылбек: Келесі кезекте әнші – сазгер,ән өңдеуші –  Мейіржан Самылтыров.Қарсы алыңыздар!

 

Гүлсім: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Асылбек: Ендеше,сахнада мерекелік ән-шашуымен М.Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің мұғалімі Орманова Айшаның орындауында «Қазақстан-қыраным» авторлық әнін қабыл алыңыздар!

 

Гүлсім: Асылбек!  Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.

 

Асылбек:Ия, әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді.

 

Гүлсім:Құрметті қауым,Елбасы Жарлығымен бастау алған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары Қазақ ауылының  педагогтар отбасы- Ниязқұловтар әулеті ортамызда.

 

Асылбек:  Өмірін бала тәрбиесі мен ұстаздық жолға арнаған жанұя мақтауға лайық! 12 ұл-қыз,32 немере,20 шөбересінің қызығын көріп отырған ұлағатты ұстаздар Өмен ағай мен Баян апайды сахна төріне шақырсақ.

 

Гүлсім:Ендеше,сөз кезегі өздеріңізде…

 

(Сахнаға «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары шығады.)

 

Гүлсім: Сіздердің құрметтеріңізге облыстық «Үлгілі отбасы» байқауының жеңімпаздары, Балалар мен жасөспірімдер орталығының қосымша білім беру педагогтары Үмбеталиев Асылбек пен Есболова Жазираның орындауында  «Сыңарым» әнін қабыл алыңыздар.  (көркемдеуші. Пузырки)

 

Гүлсім: Қазақ зиялысы Мағжан  Жұмабаев: «Алты алаштың басы қосылса, төр мұғалімдікі» деген ғой. Демек, осындай қадыр-қасиетке, құрметке ие бұл кәсіптің ұлылығын таныту үшін алғаш педагогикалық еңбек жолын бастағалы отырған жас мамандарды ұстаздар қатарына қабылдау сәті де келген сияқты.

 

Асылбек: Ендеше, жас мамандарды ұстаздар қатарына салтанатты қабылдау құрметі Қазақстан Республикасының «Үздік педагог» атағының иегерлері   Райма Арыстанбайқызы Мамбетиярова мен Скребец Светлана Николаевнаға беріледі.

Құттықтау сөз.

Асылбек: Ортаға еңбек жолын бастағалы отырған жас мамандарды шақырайық:

1. Жанділда Тұрар Сейділдаұлы Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің музыка пәнінің мұғалімі;

2. Оразбай Назерке-№1 м/л. мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі;

3.Нұрбаев Азамат Елубайқызы №1мектеп-лицейінің  денешынықтыру пәнінің мұғалімі;

4.Байбосын Улдаркүл Умирбекқызы Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі;

5.Қыдыралы Нұрдос-Б.Момышұлы о/м. денешынықтыру пәнінің мұғалімі;

6.Сейсен Әсел- Жалпақсаз б/м. мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі;

7.Сарқұлов Бақытжан Қанатұлы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі.

 

Жас мамандарға лента тағылады, ант айтады.

 

Гүлсім:Фольклор «Күткенде»

М.Төлебаев атындағы балалар саз мектебінің ұстаздарының орындауында.

 

 

Асылбек:Білімнің  кәусәр бұлағын

Жүресің құйып санама.

Біз үшін сенсің мұғалім

Ұстаз да, ғалым, дана да.

 

 

Гүлсім:                      Ұстаздарым, еңбегіңіз сөнбесін,

Табыстарыңыз бүршік жарып гүлденсін.

Сіз жолдаған жолыңызға киелі

Буырқанған кіршік лайы төнбесін!

 

Асылбек:ҚР-ң Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттау құрметі аудандық білім бөлімінің басшысы Сейтжапаров Еркін Серікханұлына беріледі.

(Марапаттайды)

 

I.ҚР-ң Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен

 

1.Қожакеева Арай  -Тұрар Рысқұлов атындағы  мектеп – лицейі

2.Тегешов Ескендір Шайдарұлы-Бөкейханов атындағы орта мектебі

 

II.ҚР-ң Білім және ғылым министрлігінің  Алғыс хатымен

 

1.     Салықбаев Ғалымжан – №3  орта мектебі

 

III. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының  Құрмет грамотасымен

 

1.  Кентаева Жазира   –          М. Горький атындағы орта мектебі;

2.  Ускенбаева Гүлзира   –     Аудандық білім бөлімінің әдіскері

 

IV. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының  Алғыс хатымен

1. Алашов Жанболат  – Тұрар Рысқұлов атындағы  мектеп – лицейі;

2. Халықова Меруерт   –   Алғабас орта мектебі;

3. Тагибаева Айгуль   –    М.Төлебаев атындағы балалар музыка мектебі

 

Асылбек:М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінің «Әдемі-ау» ән-би тобының «Шәмшінің әндерінен попуриін» қабыл алыңыздар!

 

Гүлсім: Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымы» қоғамдық бірлесігінің құрмет грамотасы табыстау құрметі аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Баймұратова Айнур Манатбекқызына беріледі…

 

1. Шәкірт Мансұр Шайисламұлы

2. Дайрабаева Шолпан Еркетайқызы

3. Үмбетова Перизат Өмірбекқызы

4. Текебаева Шолпан Қаңтарбекқызы

5. Тобықов Маулен Тілеубайұлы

6. Сазанбаев Нұржан Қырғызбайқызы

7. Сегізбаева Мейраш Мұратайқызы

8. Қуандықова Ақмарал Қайратқызы

 

Асылбек:

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

Зейнетемесбейнеттенарылмаған.

Тәңірімдейтабыныпөтеммәңгі,

Қарияларөзіңді ел сыйлаған- дей келе,құрметті  ардагер ұстаздар біз сіздердің еңбектеріңізді еш уақытта ұмытпаймыз. Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының атынан естелік сыйлықтарды қабыл алыңыздар.

 

Зейнеткер ұстаздар

 

1.Акимбекова Роза – А.Байтұрсынов  орта мектебі

2. Тұрманбетов Әнуар –Қ.Сұлтанбеков орта мектебі

3.Бурбекова Гаухар – Ақтоған орта мектебі

4. Жекебаева Беріккүл –Ә.Бөкейханов орта мектебі

5.Жапарқұлова Мейрамкүл- № 2 орта мектебі

6.Таранова Ирина –Т.Әубакиров негізгі мектебі

7.Абаева Оразкүл – Малдыбай орта мектебі

8. Айжанова Гүлбағира – Ы.Алтынсарин орта мектебі

9. Прокопьева Светлана – № 5 орта мектебі

10. Тлешова Балықкүл- Тасшолақ бастауыш мектебі

11. Абдуллаева Гүлсара –Байтелі бастауыш мектебі

12.Беркімбаева Бейсекүл –Жалпақсаз бастауыш мектебі

13.Бөлбекова Жақан- Тубсанаторий негізгі мектебі

14. Даубаева Фатима –Ақбұлақ орта мектебі

15.Төлендібаев Күзеухан –М.Төлебаев музыка мектебі

16.Туттева Заурекүл –Балалрмен жас өспірімдер орталығы

17.Нұрғасқаева Күмісхан  АББ

18.Мұхтарова Есенкүл АББ

19. Қойшыманова Жібек –Балдырған бала бақшасы

20.Ибраимова Мейрамкүл –Балауса бала бақшасы

 

 

 

Гүлсім:

Ардагер ұстаз, қабыл ал жастар үнін,

Алдыңыздан алғыр шәкірт аттанды мың.

Ақ шаштар кәріліктің белгісі емес,

Ол менің тентектігім, аңқаулығым.

 

Асылбек: Акопелла «Айттым саған Қаламқас».

Аудан ұстаздарының  орындауында.

 

 

Гүлсім: Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.

Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру  үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі деп М. Жұмабаев атап өткендей, ұстаздықтың даңғыл сара жолын салуға өз үлестерін қосып жүрген ардақты ұстаздарымыздың орны тіпті бөлек.

 

Асылбек : Иә, ауданымыздың өркендеуіне, жас ұрпақтың ой – санасының, парасат-пайымының қалыптасуына өздерінің өлшеусіз еңбектерін қосып келе жатқан шығармашыл – мұғалімдер , үздік мұғалімдер марапатталады.

 

1. Нурбалиев Анна Хдырбергенович – М.Горький орта мектебінің химия пәні мұғалімі

2.Тасқанбаева Гаухартас Мелдебекқызы  – Құлан орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі

3.Жумалиева Ақтоты Әлімханқызы – М.Төлебаев музыка мектебінің музыка піні мұғалімі

4.Бисембаева Халида  Ереуовна – Сөгетті бастауш мектебінің бастау пәні мұғалімі .

5.Федченко Ольга Петровна – № 1 мектеп –лицей мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі

 

 

 

Гүлсім: Осы бір ізгілік мерекесі қарсаңында ұстаздарды қалай марапаттаса да артықшылығы жоқ . Көкірек көзі ояу адамдардың барлығы сіздерді құрмет тұтатыны анық.

 

Асылбек: Қадірменді шығармашыл ұстаздар! Келесі орындалар ән сіздер үшін . Самылтыров Мейіржан

 

Гүлсім:

Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді еліміздің кәсіби мерекесі-Ұстаздар күнімен тағы да шын жүректен құттықтаймыз!

 

( пузырки көбікті шарлар шашылады)

 

Асылбек:

Білім саласын өркендетуге сіңірген еңбектеріңізге табыс, сәттілік және қуат, зор денсаулық пен отбасылық амандық, береке-бірлік тілей отырып, «Ұстазға тағзым»атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше күн жақсы болсын, ұстаздар мерекесі құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Концерттік бағдарламада:

 

 

1) «Арнау» Б.Шошабаев.

 

2) Хор «Ұстазым»әні.  Құлан о/м.

 

3) 1 оқушы.Үш тілде ұстазға құттықтау оқиды.

 

4)  Трио: «Ұстазым» әні. Қонысбаев Ержан, Әшіралы Тоқтар, Құлмаханбет Елтай.

5) Балалар мен жасөспірімдер орталығының мұғалімдері Үмбеталиев Асылбек пен Есболова Жазира «Киелі менің Құланым»

6)Сазгер Нұрлан Байгөзовтің қонақтары

7) М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінің «Әдемі-ау» бишілер тобының «Кесе»биін

8)Мейіржан Самылтыров

9) М.Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің мұғалімі Орманова Айшаның орындауында «Қазақстан-қыраным» авторлық әнін

10) Үмбеталиев Асылбек пен Есболова Жазираның орындауында  «Сыңарым» әнін

11)  Фольклор «Күткенде». М.Төлебаев атындағы балалар саз мектебінің ұстаздарының орындауында.

 

12) М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінің «Әдемі-ау» ән-би тобының «Шәмшінің әндерінен попуриін»

13) Акопелла «Айттым саған Қаламқас». Аудан ұстаздарының  орындауында.

 

14) Самылтыров Мейіржан