А.Құнанбаевтың өлеңдері «Әсемпаз болма әрнеге»


Шекіртова Бағдат Қабдығалиқызы
№ 14 орта мектеп,
Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы,
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Сабақтың мақсаты: а) Абайдың шығармашылығы туралы түсінік беру, өлеңдерінің

мазмұнын игерту,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау,ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру;

б) оқушылардың көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, баяндау, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:, ақын портреті, суреттер т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу, сөз өнері

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Абай кім?
  2. Абайдың туған жылы, туған жері
  3. Абайдың ұлы ақын болуына ықпал еткен орта

Абай ақынның сан қырын топтастыру.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

А. Құнанбайұлының алдына қойған мақсаты қараңғы қазақтың көзін ашу,көңілін ояту оларды мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Осы мақсатпен ол оқушыларды оқу-білімге шақырған «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі еді.

Хронологиялық таблицамен жұмыс:

Өлеңдері Қара сөзі поэмалары күйі
176 өлеңі бар 45 қара сөзі бар «Ескендір»

«Масғұт»

«Әзімнің әңгімесі»

«Май түні»

«Тор жорға»

«Абай желдірмесі»

 

Ойталқы

  1. «Әсем» және «әсемпаз» сөздерінің мағынасын ашып түсіндіріңдер
  2. Мына сөз тіркестерінің мағынасын түсіндір.

Әсем қала, Әсем табиғат ,Әсем мінезі

Әсемпаз сөзінің мағынасын салыстыр.

  • Әсем киінетін адам
  • Әр нәрсемен айналысып, істі аяқтамайтын адам.
  • Әсемдікті жақсы көретін адам.
  • Әсемдікті жасайтын адам.
  • Әр нәрсеге қызығатын адам

Өлеңді мәнерлеп оқу
Әсемпаз болма әрнеге

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың — жалын, артың — мұз,
Барар едің қай жаққа?
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйгі алма
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.
Акырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.

Адамға өмірде керек қасиеттерді және керек емес қасиеттерді теріп жаздырту.

Білім сөзімен келетін ассоциацияларды жазыңдар.

Сұрақтарды топта талқылаңдар.

  1. Адамға білім қалай келеді?
  2. Білімді қандай адам іздейді?
  3. Талапты бала деп кімді айтады?
  4. Бұл сөзді қай уақытта кімнен естідің?

Білімді адам болудың маршрутын сызып көріңдер. Баспалдақтар санын көбейтуге болады.

Новый рисунок (2)

Ситуациялық сұрақ. Барлық адам мектепте оқиды? Бірақ бәрі білімді адам болады ма?Білімді адам болуы мұғалімге байланысты ма, адамға байланысты ма?

Білімді адам болуы қандай қабілеттер болу керек?Төмендегі сөздерді тізімін қара, қандай сөздер сіздің ойыңызға сай келеді?

  • Талапты
  • білімді
  • тез ұғып алатын
  • зерек
  • ұқыпты
  • сабырлы
  • ойлы
  • тойшыл
  • қыдырымпаз
  • салмақты
  • тынымсыз
  • ерме

Осы сөздердің ішінен білімді адам болу үшін керекті сөздерді табыңдар.

Үйге тапсырма «Әемпаз болма әрнеге» өлеңін жаттау.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *