«Жеті лақ» ертегісі


Абдрахманова Нуржамал Серикбаевна
«Жаңаталап» жалпы орта білім беретін мектеп» КММ мектеп алды даярлық тәрбиешісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу,тиянақтау.

Дамытушылығы: Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, дағдыларын жетілдіру,сөздік қорларын молайту,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру,сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелігі:Өз білімдерін пайдалана білуге,іздемпаздыққа,еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,ертегі

Сабақтың көрнекілігі:сызбалар,тапсырмалар, сурет, үлестірмелі тапсырмалар, ешкі және жеті лақ, плакаттағы тапсырмалар

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сабаққа назарын аудару.

Бүгін бізде ерекше сабақ болады.Сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр.            Бір сабақта бірнеше пәннен білімдерімізді қайталап ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Сабағымыздың мақсаты: Өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу,тиянақтау Сабақта алаңдамай,еркін еңбек етіңдер.Өз ойларыңды қысылмай,ашық айтыңдар.Мен сендерге сәттілік тілеймін.

 

2.Психологиялық дайындық.

Мұғалім: – Екі көз не үшін керек ?

Балалар: – Жақсылықты көру үшін.

Мұғалім: – Екі құлақ не үшін керек?

Балалар: – Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: – Екі қол не үшін керек?

Балалар: – Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: – Екі аяқ не үшін керек?

Балалар: – Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін.

– Балалар, бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап, көздеріңді жұмып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейік.Бір-бірлерімізге жақсы тілектер айтсақ  бүгінгі сабағымызда «Жеті лақ»ертегісіне саяхат жасаймыз.Ертегі тыңдауға дайынбыз ба?

Ертеде бір ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті.

Бірде ешкі лақтарына азық әкелуге орман аралауға кетерде есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп ән саламын»,-дейді.

Осы кезде ешкі үйінің маңында қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген.Ол лақтарды алдамақ болды.Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп,лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.Қасқыр үйге жақындап келіп,өзінің қарлыққан,қырылдаған даусымен:

-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!,-деді.

Лақтар:

-Естідік!Тыңдадық! Бұл-анамыздың дауысы емес.Біздің анамыз жіңішке,нәзік дауысымен әндетеді.Кет,қасқыр,біз саған есікті ашпаймыз,-деп жауап қатты.

Қасқыр ісмер аюға келіп,жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады.Ісмер таң-тамаша болды,бірақ тамағын қағып,оның дауысын жіңішкертті.

Қасқыр ешкі үйіне жақындап келіп,есігін қақты.Сонан соң жіңішке,нәзік дауысымен:

-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп әндетті.

Лақтар есікті ашты.

Жауыз қасқырға керегі сол еді.Ол үйге баса көктей,кимелей кірді де,лақтарды бірінен соң бірін қылғытып алды.Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді.Сұрқия қасқыр жетінші лақты ұзақ іздеді,бірақ таба алмады.Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын.Сондықтан ол зытыа жөнелді.Ешкі үйіне келсе,есік айқара ашық жатыр.Үй ішінде ешкі көрінбейді.Пеш ішінен лағын тауып алды. Ешкі  басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып,зарлы үнмен жылады.

 

-«Лақтарым,шұнақтарым,көлге біткен құрақтарым!Есікті ашып қасқырға жем болдыңдар!

Енді не істеймін деп, орманға қарай жөнеледі, қасқырды тауып алады,қасқырдан балаларын қайтарып беруін сұрайды. Ешкі қасқырға ойын ойнауын сұрайды,ордан кім секіре алады деп, ешкі секіре жөнеледі ал қасқыр орға түсіп кетеді іші жарылып лақтарын қайтарып алады, мұрат мақсатына жеді.