1наурыз – Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиын


Сулейменова Сәния Ырзықбекқызы
Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы техникалық колледжі оқытушысы

1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған

салтанатты жиын

Мақсаты:  Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары, ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін кеңейту. Үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

ВИДЕО «Алғыс айту күні»

– Армысыздар құрметті ұстаздар және студенттер! Бүгінгі мерекеде туып өскен жерімізге, ата-анамызға, ұстаздарға, достарымызға  қатар жүргеніміз үшін, достығымыз үшін әрқайсымыз өз алғысымды білдіре аламыз! 1 наурыз – ҚР тұңғыш тойланғалы отырған Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

– Уважаемые преподаватели, дорогие студенты! Мы приветствуем вас на замечательном празднике День Благодарности! От всей души желаем в этот особенный день много радости, веселья и приятных сюрпризов! Пусть этот прекрасный праздник остаётся для всех самым любимым праздником!

– 2016  жылғы 14қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті              Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні                     1 наурызды Қазақстанда Алғыс айту күні деп жариялау туралы  №173 Жарлыққа қол қойды. Осыдан бері атаулы датаны қазақ халқы мерейлі атап өтуге ат салысуда. Жаңалықтарға назар аударайық.

(ВИДЕО «1 наурыз  –  Алғыс айту күні»)

– Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең  тағзым белгісі.

Ақмола лагерінің бұрынғы тұтқындарының бірі Гертруда Платайс Қазақстанға келіп кеткен сапарында «Алжир» мұражайының қызметкерлеріне жергілікті қазақтың балалары өз өмірлерін тәуекелге тіге тұтқындарға тастың орнына құрт лақтырғаны туралы оқиғаны айтып, оларға қалай қамқорлық танытқанын жеткізген.  Осыдан «Құрт – қазақтың құты» аталып кеткен.

(өлең оқылады «Құрт – асыл тас»)

– Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 25жылдық мерейлі жылында Алғыс айту күнін тұңғыш рет мерекелейді.

Мерекелеу мақсаты: қоғам  бірігіуінің, азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюының, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының және халықтың жалпы ұлттық игілігі ретінде Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің принциптерін бекіту.

– На Востоке говорят «Если вы загадаете на год вперед- сажайте рис, если вы загадываете на сто лет- сажайте деревья, если вы загадываете на вечность – воспитайте человека». Поэтому ребята, все люди на свете,  говорят: когда получаешь что-то, говори спасибо, учись быть благодарным. Только добрые, умеющие от чистого сердца выражать слова благодарности люди дарят внимание и заботу друг-другу, родителям, природе, и своей Родине.

(өлең оқылады ) қазақ, ағылшын тілдерінде

– Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

– Дорогие студенты, это хорошая традиция – отмечать еще один замечательный праздник, который объединяет людей в едином порыве сделать что-то доброе, хорошее для другого человека. Когда нам нечего дарить, у нас всегда есть «Благодарю», и это само по себе подымает в глазах других дарителя. А в будущем побуждает к еще большей щедрости. Поделитесь радостью с другими, подарите им Вашу любовь, мир и… «Благодарю»!

– Алғыс айту күні күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

–  Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

(Ән орындалады «Ризамын»)

 

(Шашу шашу)

 

–         В  День  Благодарности  хочется  сказать,

Что  этим  словом  стоит  дорожить  нам.

Вы  будьте  вежливей  и  станут  Вам  здоровье,  сила.

Дарите  добрые  слова.

Чтоб  сделать  этот  мир  красивым! Спасибо!

 

–  Алғыс айту күні  – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. 1наурыз –  Алғыс айту күні мерекесі құтты болсын!!!

 

–       Құттықтау сөз кезегі директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары Игембекова Раиса Елубайқызына беріледі.

 

(құттықтау сөз)

 

Туған еліме мың алғыс!

Жанұяма мың алғыс!

Ұстаздарға мың алғыс!

Құрметті студенттер, бірі-бірімізді сыйлап, бағалап, әдептілік танытып, ынтымағымыз жарасып, мәдениетімізді өркендете берейік. Әр адал іске, ақ ниетке алғыс білдіріп, ризашылық танытайық!

–         Біз бақытты күндерімізге ризамыз!

–         Алғыс айту мерекесіне арналған салтанатты жиынымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!!!

 

–         Большое  спасибо  Всем  за участие!