Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері (кесімді, мерзімді), үстеме ақы және қосымша ақы. Сыйақы түрлері.


Касымова Гульнара Абылгазиевна

Семей қаласы, «Гуманитарлы-экономикалық колледж» мекемесі оқытушысы

Пән: «Кәсіпорын экономикасы»

Топ:   3 Мк

Аудитория: № 307

Сабақ тақырыбы: Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері (кесімді, мерзімді), үстеме ақы және қосымша ақы. Сыйақы түрлері.

Сабақтың мақсаттары:

Оқыту стандарттары:

Білімділік: Білім алушылардың еңбекақының экономикалық мазмұның ерекшелігін, еңбекақыны ұйымдастырудың  негізгі принциптері мен мақсатын

және жұмысшылардың еңбекақысының әділетті төленуі маңызды экономикалық мәселелердің бірі екендігін түсіндіру.

Тәрбиелік: Білім алушылардың экономикалық білімдерін арттырып,

нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытының қазіргі жағдайын танып білуге тәрбиелеу.

Дамыту:  Экономикалық ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Сабақ түрі: тәжірибелік

1.Ұйымдастыру         –                      –   5 мин

2.Үй тапсырмасын тексеру               – 20 мин.

2.1. Деңгейлі сұрақтар.

2.2 Карточкамен жұмыс

3.Жаңа тақырып түсіндіру              –  30 мин

1 Еңбек ақы туралы жалпы түсінік.

2. Кәсіпорында еңбекақы жүйесін  ұйымдастыру

3. Еңбекақы   түрлері

4. Жаңа тақырыпты бекіту              –   25 мин

4.1.Есептер шығару

4.2. «Ғажайып жетілік»

5.Сабақты қортындылау                   – 7 мин

5.1.Білім алушылардың  білімін бағалау.

6. Үй тапсырмасы.                             –   3 мин.

Құрал-жабдықтар, көрнекілік құралдар: тақта, бор ,ТСО,үлестірмелер

Пайдаланылатын әдебиеттер:

К.Ж.Оразалин «Кәсіпорын экономикасы» Алматы -2007 ж

Г.Ә.Жолдасбаева «Кәсіпорын экономикасы» Алматы -2002 ж

Т.Түсіпбеков « Кәсіпорын экономикасы» « Фолиант» баспасы Астана-2010

Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) білім алушылармен  амандасу

б) білім алушыларды түгендеу

в) аудиторияның дайындығын бақылау

2. Үй тапсырмасын тексеру.

2.1.Деңгейлі сұрақтар.

 

 

I.10   Еңбек өнімділігі деген не?

1.20.  Еңбек өнімділігі түрлері?

I.30. Еңбек сиымдылығы деген не?

II.10.Кадрлар ағымдылығы деген не?

II.20. Еңбек өнімділігі қалай анықталады?

II.30. Еңбек өнімділігін жоғарлату шаралары.

III.10.Еңбек өнімділігінің өсу резервтерін анықтау үшін қолданылатын көрсеткіштер

III.20.Еңбек ресурстарын басқару бағыттары

III.30.Еңбекті нормалау

IV.10. Еңбекті нормалаудың әдістері.

IV.20.Өндірістің ішкі резервтері.

IV.30.Кәсіпорындағы еңбек ресурстарын  басқару әдістері.

 

2.2 Карточка

1.Кәсіпорындарда жұмыс жасайтын барлық жұмыскерді қандай категорияға бөлуге болады?

2.Кадрларды жұмысқа қабылдау.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

3.1.   Еңбек ақы  бұл жұмыскерге  оның еңбегі үшін сапасына, санына  және шығарған қажетті  өнім көлеміне сәйкес берілетің  төлем. Еңбек ақыны дұрыс төлеудің екі түрлі маңызы бар. Біріншісі жұмысшының ынталануын қамтамасыз ету, демек еңбек өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік беру.

Екіншісі кәсіпорынның экономикасына оңды, не кері әсер етуінде. Егер еңбекақы әділетті төленсе экономиканың заңдылықтарына сәйкес келеді. Ол еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті туындату, бұлардың сақталуы оңды жағдай.

Ал кері әсері кем, не артық төлеуге байланысты. Ақы бағаланбаса немқұрайдылық пайда болады, өндіріс нәтижесі төмен болады. Еңбек ақы шамадан артық төленсе, ысырап, орынсыз шығын, нәтижесі зиян. Сондықтан жұмысшылардың еңбек ақысының әділеттілік негізінде нәтижесіне байланысты төленуі маңызды экономикалық мәселелердің бірі.

Әлеуметтік экономикалық  категория бойынша еңбекақының  маңызын  қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет.

Қызметкер үшін еңбекақы  оның жеке  табысының  негізі және басты бөлігі  болып табылады,  сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың  әл-ауқат деңгейін  жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының  ынталандырушы  ролі  алынатын   сыйақының    көлемін  көбейту   үшін    еңбек   нәтижесін     жақсартудан   тұрады.

Жұмыс беруші үшін  еңбекақы өндіріс шығындары  болып саналады. Жұмыс  беруші әсіресе бұйымның бірлігіне  кететін  шығындарды барынша азайтуға  тырысады.

Еңбекақы кәсіпорын  қызметкерлері үшін  маңызды ынта және еңбек төлемінің  нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік  қызмет  атқарады.

Еңбекақының номиналды және нақты түрлері болады.

Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды еңбекақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

Нақты еңбек ақы – алған ақшаға сатып алуға  болатын  өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды еңбекақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.

Еңбекақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да еңбекақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.

Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:

·        мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы  төлеу кезінде орындалған  жұмыстың  сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін  төлемдер;

·        еңбектің  қалыпты жағдайынан  ауытқуымен  байланысты  төлемдер,  яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін  төленетін  төлемдер;

·        қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;

·        сыйлықтар, сыйлықақылы  үстемелер және т.б.

Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда  және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған  уақыттар үшін төлемдер жатады:

·         демалыс уақыттарына ақы төлеу;

·         мемлекеттік және қоғамдық   міндеттерді орындаған уақыттары  үшін  ақы төлеу;

·        кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы  үзілістері үшін ақы төлеу;

·         жасөспірімдерге белгіленген  жеңілдік сағаттарға  ақы төлеу.

Еңбекақы деңгейі негізінен мына төмендегі факторларға байланысты:

Ø Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесі, оның тиімділік деңгейі;

Ø Кәсіпорынның кадр саясаты;

Ø Аймақта, облыста мамандықтары сәйкес келетін қызметкерлер арасындағы жұмыссыздық;

Ø Мемлекет, кәсіподақ және бәсекелестіктердің ықпалы;

Ø Қоғаммен байланысты кәсіпорынның жалпы хал-ақуалы.

3.2. Кәсіпорында еңбекақы жүйесін дұрыс ұйымдастыру қызметкерлерді еңбектің түпкі нәтижесіне ең қолайлы ынталандыруға, олардың еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуге, тиімділік деңгейін анағұрлым арттыруға жағдай жасайды.

Еңбекақыны үйлесімді түрде үлестіруді ұйымдастырудың мақсаты – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жалпы нәтижесінде қызметкер қабілетінің қосқан еңбек үлесіне сәйкес келуін қамтамасыз ету, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемінің арасында сәйкестік орнату.

Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі принциптері:

Ø Төлемнің еңбектің саны мен сапасына сәйкес келуін қамтамасыз ету;

Ø Еңбекақыны кәсіпорынның салалық немесе аймақтық қатыстылығына, еңбек шарттарына, қызметкерлердің біліктілігіне қарай саралау;

Ø нақты еңбекақы жүйелі түрде көтермелеу, яғни еңбекақының номиналды мөлшерін инфляцияға сәйкес арттыру;

Ø еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбекақының орташа өсу қарқынынан жоғары болуы.

Ø Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру үш өзара  байланысты және өзара тәуелді элементтермен  анықталады:

•   тарифтік жүйе;

•   еңбекті нормалау;

•   еңбек ақы төлеудің нысаны.

Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің  сапалық сипаттамасына тәуелді және олардың еңбекақыларын  саралауды, реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамассыз ететін нормативтердің жиынтығын көрсетеді.

Тарифтік жүйеге:

·                  сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік мөлшерлеме;

·                  еңбекақы төлеудегі жұмыстың  және жұмысшылардың әр түрлі разряд  арасындағы ара қатнастарын көрсететін  тарифтік тор;

·                  тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың  және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік  анықтамалар кіреді.

Еңбекшілер табысын кепілденген деңгейін қорғауды жүзеге асыратын бірыңғай тарифтік тор еңбекақы төлеу реформасының негізі болып табылады.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бірыңғай тарифтік тор халық шаруашылығындағы қызметкерлердің барлық  дәрежесіне қосылған болатын.

Бірыңғай тарифтік торда бірнеше разрядтағы жұмысшылардан басталып, басшылардың аяқталатын, қызметкерлердің разрядтарының тарифтік коэффициенттерінің мәтіні көрсетіледі.

Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд шаруашылықтағы жүргізу  нышанына, меншік  нышанына  және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған:

§  1-8 разрядтар бойынша – жұмысшыларға төлемдер;

§  6-15 разрядтар бойынша – сызықтық қызметкерлер;

§  4-11 разрядтар бойынша – орта білімді мамандар;

§  7-15 разрядтар бойынша – жоғары білімді мамандар;

§  10-20 разрядтар бойынша – кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық  қызметтердің  басшылары;

§  9-12 разрядтар бойынша – ғылыми қызметкерлер.

Қазақстан Республикасының бюджеттік салаларындағы  қызметкерлердің еңбекақыларына арналған бірыңғай тарифтік  тор қызметкерлердің  дәрежесін, міндетін, разрядтар санын (21) және разрядтарға қатысты тарифтік коэффициенттерін көрсете отырып, әр түрлі топтардағы қызметкерлердің еңбекақысындағы ара-қатынастардың мәтінін көрсетеді:

Еңбекақы төлеудің разрядтары
Тарифтік коэффициенттер
Еңбекақы төлеудің разрядтары
Тарифтік коэффициенттер
1
1,0
12
2,20
2
1,07
13
2,37
3
1,15
14
2,55
4
1,24
15
2,74
5
1,33
16
2,95
6
1,43
17
3,17
7
1,54
18
3,43
8
1,66
19
3,67
9
1,78
20
3,94
10
1,91
21
4,24
11
2,05
Тарифтік торға тарифтік  коэффициенттердің абсолюттік және салыстырмалы өсуі, разрядтардың саны және  диапозон (ауқым) жатады.

Айлық жалақыны есептеу үшін ұйымның 1-ші разрядқа белгілеген мөлшерлемесін тарифтік коэффициенттің бірыңғай тарифтік тордың разрядтарына сәйкес көбейтеміз.

Қазақстанда экономикалық реформаны жүргізу кезінде, кәсіпорындарға  еңбекақы төлемдерін өздері еркін реттеген. Мемлекеттің  бюджет саласындағы қызметкерлерге еңбекақы  төлеу бойынша бірыңғай тарифтік тор  көрсетілген. Еңбекақы күрделі еңбекті жақсы  ынталандыру  үшін, кәсіпорындарда жауапкершіліктің деңгейі, орындалатын жұмыстың  күрделілігі, қызметкердің біліктілігі және еңбекақының  деңгейі  арасындағы тікелей байланыстарды орнатқан.

3.3 Кәсіпорындарында еңбекақы төлеудің  кең тараған түрі: кесімді еңбекақы мен мерзімді еңбекақы төлеу. Қандай да бір нысанын таңдап алу өндірістің ұйымдастырылу және технологиялық ерекшеліктеріне, еңбекті ұйымдастыру түріне және жұмыс күшімен қамтылу деңгейіне қатысты анықталады.

Мерзімдік нысан кезінде еңбек ақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбек ақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады:

1.     Жұмысшы өнім шығарудың артуына тікелей әсер ете алмайды;

2.     Кесімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес;

3.     Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген  уақытына қатаң есеп жүргізіледі;

4.     Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу;

5.     Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін;

Мерзімді еңбек ақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.

Жай мерзімдік еңбек ақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:

–         Сағаттық;

–         Күндік ақы;

–         Айлық ақы;

Мерзімдік – сыйақылық еңбек ақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).

Мерзімді төлемақы кезінде еңбек мөлшері болып жұмыс атқарылған уакыт саналады, ал еңбекакы тарифтік мөлшері бойынша немесе іс жүзінде жүмыспен өтелген уакыттыц төлемі түрінде жүргізіледі. Еңбекақыны есептеу тәсіліне қарай жай мерзімді еңбекақы төлеу жүйесі – сағаттық, күндік, айлық болып бөлінеді.

Мерзім бойынша еңбекақы төлеу кезінде келесі келтірілгендердің маңызы зор:

1) жұмыскерлердің нақты орындайтын жұмысының мамандық деңгейін ескеріп, дұрыс тарифтік разряд беру, себебі олардың еңбегін дұрыс бағалау осы факторға байланысты;

2) әр жұмыскердің нақты атқарған жұмыс уақытын дәл есептеу.

Мерзімді еңбекақы төлеу кезінде жұмыскердің еңбекақысы келесітүрде анықталады:

Мұнда: ЕА – жұмыскердің белгілі бір кезең ішіндегі еңбекақысы;

Тм уақыт бірлігіндегі разрядтың тарифтік мөлшері (теңге/сағат, ай);

Ф- нақты атқарылған жұмыс уақыт қоры (күн, сағат).

Кесімді акы төлеу кезіңде еңбек мөлшері жұмыскердің өндірген өнімі (аткарған жұмыс көлемі) болып табылады, еңбекақы келісілген багамдау бойынша өндірілген онімнің көлемі мен сапасына тікелей тәуелді болады.

Кесімді еңбекақы төлеу мұнда еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына сәйкес, оның күрделігі мен еңбек жағдайы ескеріліп,  арнулы бағалау арқылы төленеді. Кесімді еңбек ақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.

Кесімді еңбекақы өнімнің саны мен сапасына тәуелді, ол төмендегі формула бойынша анықталады:

Еа=Кб*Өм

Мұнда Еа  – еңбекақы;

Кб  – өнім бірлігінің кесімді бағалануы;

Өм – өндірілген өнімнің (қызметтің) мөлшері;

Берілген еңбекақы төлеу жүйесінде жұмыскердің еңбекақысы нақты өндірілген өнім көлеміне кесімді негізгі (тікелей) бағамға сәйкес есептелген еңбекақысы мен өндірістік тапсырманы немесе сапалық көрсеткіштерін асы­ра орындағаны үшін қосымша сыйақыдан құралады. Өндіріс ерекшеліктері мен орындалатын тапсырманын сипатына қа­рай жеке сыйақы мөлшері мен көрсеткіштері анықталады.

4. Жаңа тақырыпты бекіту.

Есептер:

Мерзімдік нысан кезінде еңбек ақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі.

Мерзімдік еңбек ақыны есептеу

1-есеп Жай мерзімдік

Қызметақысы 21300 теңге фирма менеджері айдағы 26 жұмыс күнінің 20 күнінде жұмыс істеген. Еңбекақысын табу керек.

Айдың орташа күндік еңбек ақысы: 21300/26 =819,23 теңге. Менеджердің жалақысы 819,23 *20=16384,61 теңге құрайды.

2-есеп

Кәсіпорынның жұмыс тәртібі бойынша аптаның 5 күнін жұмыс күні етіп белгілеген. 1-ші разрядтың мөлшерлемесі ұжымдық келісім шартта 25000 теңге мөлшерінде бекітілген. 14-ші разряды бар маман ағымдағы айда 18-ақ күн жұмыс істеген.Еңбекақысын табу керек.

25000*2,55=63750 тенге

63750/21=3035,71 тенге

3035,71 *18=54642,86 тенге

3-есеп:   Мерзімнен тыс жұмысқа есептеулер.

Бесінші разряды бар жұмысшы апрель айында 12 сағат артық жұмыс істеді.Сағаттық тарифтік мөлшерлеме келісімшарт бойынша 165,25тенге.

Ұжымдық келісімшарт бойынша мерзімнен тыс жұмысқа 1,5 есе төленеді. Жұмысшыға мерзімнен тыс істеген жұмысының ақысын есептеу керек.

165,25т*12 с*1,5= 2974,50

4-есеп:Демалыс және мейрам күндеріне есептеулер.

Төртінші разряды бар жұмысшы 8 наурыз күні 8.00ден 17.00дейін жұмыс істеді. Жұмыс күнінің ұзақтығы 8 сағат.Мекемеде 5 күндік жұмыс уақыты белгіленген. Ұжымдық келісімшарт бойынша мейрам күндеріне екі есе төленеді. Сағаттық тарифтік мөлшерлеме келісімшарт бойынша 154,35тенге.

154,35*8 сағат * 2=2469,60 тенге

Кесімді еңбек ақыны есептеу.

1-есеп: Кесімді ақы алатын жұмысшыға белгілі 250,56 теңге бағаланатын 30 бөлшекті әзірлеу тапсырылды. Жалақысын табу керек.

5.Сабақты қорытындылау

Білім алушылардың  жауабын түсіндіре отырып бағалау

6.Үй тапсырмасы.

Қолданылған әдебиеттер:

К.Ж.Оразалин «Кәсіпорын экономикасы» Алматы -2007ж      125- 130 бет

Г.Ә.Жолдасбаева «Кәсіпорын экономикасы» Алматы -2002 ж   36-43 бет

Т.Түсіпбеков « Кәсіпорын экономикасы» Астана-2010ж     85-90 бет