«Тәуелсіздік туын тік ұста!» (интеллектуалды ойын)


Жунусова Майрагуль Садырбаевна

Семей қаласы, «Гуманитарлы-экономикалық колледж» мекемесі оқытушысы

Сайыстың мақсаты: Білім алушылардың білімін саралау, пәндерге деген қызығушылығын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”озып шығып, “Тоқсандық көшбасшы” атағын алатын білім алушыны анықтау.

Көрнекіліктері:  слайдтар, нақыл   сөздер
Әдісі:сайыс
Жүргізуші:

-Армысыздар құрметті оқытушылар, білім алушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік туын тік ұста!» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Адамзат тарихында қай кезеңде болсын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.Пайғамбарымыздың хадистерінде білім алуға ұмтылу әрбір мұсылманның парызы делінген. Қазіргі ғаламдық заманда дамыған 30  елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Ә.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болуы үшін ең бастысы-білімді болу. Білім – патриотизм негізі. Білімді болу- жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зерделеуге, миға тоқудың нәтижесі.

 

Ақыл –тон аңдағанға  тозбайтұғын,

Білім- кен қанша алсаң азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,-деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді білім алушыларымызды ортаға шақырамыз.

-Бүгінгі ойынымызға қатысатын сайыскерлермен таныс болыңыздар! ( сайыскелер ортаға щығып, үстел басына отырады)

-Бүгінгі интеллектуалдық ойынымызға төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
-Құрметті сайыскерлер ойынымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.

– Ойынға 3 топ қатысады, әрқайсысында 5 мүшелері бар.Проекторлық тақтадан табло шығады. 7 тақырыпта 5 сұрақтан болады. Әр жауаптың ұпай сандары әр түрлі.

( 10,25,50,75,100) Топ мүшелері ақылдаса отырып белгілі ұпайды таңдап сұраққа жауап бересіздер. Ал, жауап берілмеген жағдайда қарсылас топтар жауап беру мүмкіншідігіне ие болады. Үш топ жауап бере алмаса көрермендерден көмек алуға болады.Ойлану уақыты 10 секунд.

Ойынның барысы:

І.Таныстыру.

ІІ. Ойын барысы

ІІІ. Көрермендермен ойын

ІV. Қортындысын шығару, марапаттау

І.Таныстыру.(Әр топтың топ басшылары қысқаша таныстырады. ұраны, эмблемасы)

 

Білімдіден шығады алғыр шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

Сайра шәкірт, суырып шарықташы,

Қалмасын бұл сайыста сенің есең. деп

Сайыскерлерге сәттілік тілейміз.

Ойын  шарты:

1Келесі сайыста  ойыншыларға экранда көрсетілген бір пәнді  таңдау ұсынылады.

2. Ойыншылар кезегімен әр пән бойынша тек 1 сұрақты ғана таңдайды.

3. Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.

Сұраққа жауап берілмеген жағдайда біздің «қарсыластар» деген сөзімізден кейін бірінші болып қамшыны көтерген ойыншы сұраққа жауап бере алады ойын шарты түсінікті болса бастаймыз .

Мәңгі  бақи  есте  қалар

Ғажайып  бір  сайыс  болсын.

Білімдірек  шәкірт  озар,

Қиынырақ  сұрақ  болсын.

 

1.Қазақ тілі мен әдебиеті

10. Жаяу Мұса Ы. Алтынсариннің қай өлеңіне ән шығарған. («Кел балалар, оқылық»)

25.Сөз құрамын зерттейтін сала? Морфология

50. Қазақ тілінде тұңғыш «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға қазақ тілін үйретудің құралы» атты оқулықтар жазған ғалым-ағартушы. Алтынсарин

75. «Қалқаман-Мамыр» поэмасының авторы?  (Ш. Құдайбердиев)

100.“Ақ сиса” өлеңінің 4 жолын айтыңыз?

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,

Жарасар қамзол сұлу, белін буса.

Шорманның Мұстафасы атымды алып,

Атандым сол себептен Жаяу Муса

 

2.Математика, физика

10.Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? Ньютон

25.Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген 10,15,7 оның периметрін тап? 32

50. Ток күшінің өлшем бірлігі? Ампер

75.Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем? Аксиома

100.Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді? Архимед күші

 

 

3.Информатика

10.Компьютердің негізгі бөліктерін ата? Монитор, пернетақта, жүйелік блок

25.Принтердің неше түрі бар? 3

50.Вирустың кері әсерін жоятын программа? Антивирус

75. Компьютерде ақпаратты сақтау үшін арналған арнайы құрылғы? Жады

100.Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoft компаниясының президенті? Билл Гейтс

 

4.Орыс тілі мен әдебиеті

10. Исправь пословицу После драки шапками не машут. кулаками

25. Согласно какой поговорке слова находятся в кармане? За словом в карман не полезешь.

50. Остаться у разбитого корыта. А.С.Пушкин «Сказка о рыбаке и рыбке»

75. Замените фразеологизм синонимом. Путаться под ногами мешать

100. Количество пропущенных знаков препинания. “Мне тогда в голову не приходило что человек не растение что процветать ему долго нельзя”. 2

 

5.Химия, Биология

 

10. Шылым түтінінің ішінде болады?   улы газ, шаң, күйе

25.Орыстың атақты ғалымы, атом – молекулалық ілімінің негізін қалаушы? М.В Ломоносов

50.Натрий атомының натрий ионынан айырмашылығы? тотығады

75. Денедегі қанды жүрекке апаратын тамыр? көктамыр

100. Орталық Америка орталығынан шыққан өсімдік (отаны)? Жүгері

6.Тарих, география

10.«Семей» бекінісі қашан салынды? 1718ж.

25. Бұл тау Ақмола облысында орналасқан қырат.Орташа биіктігі 300-500м.Бұл         жер туралы Сәкен Сейфуллин поэма жазды.Бұл жерде Қазақстанның ірі демалыс орны бар.Сұрақ: осы жерді ата.Жауабы:Көкшетау.

50. Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл? Қызылқұм

75.«Тәуелсіз монументінің» ұшар басындағы бейнелер?(алтын адам және жолбарыс)

100. ХVIII ғ. қазақтардың әдет-ғұрып заңдары? (Жеті Жарғы)

 

7.«Тұлғаны таны»  тарихи тұлғалар.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай

 

10. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы, Автономиялық қазақ үкіметінің басшысы, «Айқап», «Қазақ», «Қазақстан» газеттеріне мақалалар жазып тұрған, 1894 жылы Петербургтегі Орман шаруашылығы институтын бітірген кім?
(Ә. Бөкейханов).
25. Орта жүздің султаны Уәлидің баласы, атасы Түркістан билеушісі болған, 1778 ж. ІІ Екатерина оны орта жүздің ханы етіп бекітті. Бұл кім? (Абылай).
50. «Алаш» партиясының танымал басшысы, қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамал»-дың авторы, Сталиндік жазалаудың құрбаны, Соловки лагерінде қайтыс болған кім? (М. Дулатов).

75. Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. Шығыс Түркістанды Орта Азияны зерттеген ойшыл, қаламгер ғалым. 1853ж оқуды бітіріп, офицерлік атағын алып, Батыс Сібір генерал губернаторы Төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарды. 1856ж Ыстықкөлдің топографиялық суретін түсірген тарихи тұлға кім? : Ол 1858-59ж Қашқарияға барып, әлемге аты әйгілі елдің тарихын ашады.

(Шоқан Уалиханов)

100.Қазақ хандығының өркендеген және тыныштық орынаған кезі. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп еске алады. .Көрнекті орыс тарихшысы В.И. Левшин даналығы, ол билеудегі шеберлігі үшін грек жеріндегі Спарта мемлекетінің ақылгөйі, заңгер Ликургке теңеген. Осы тарихи тұлғаны атаңыз (Тәуке хан)

 

-Әділқазы алқасы ойын жеңімпаздарын анықтағанша көрермендермен ойын ойналық.

«Тарихи көмбе» Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады .

А       Ә       Б       В       Г       Ғ

Д       Е                Ж      З       И

Й       К       Қ       Л       М      Н

О       Ө       П       Р       С

Т       У       Ұ       Ү       Ф      Х

Һ       Ц                Ш      Щ

Ы      І        Ь       Э       Ю     Я

(сұрақ  таңдайды)

А- Еліміздің оңтүстік астанасы /Алматы/

Ә- Абылай ханның шын есімі /Әбілмансұр/

Б- Астана қаласының символы /Бәйтерек/

В- 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға /Валюта енгізілді/

Г- Тарихтың атасы /Герадот/

Ғ- Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ  /Ғасыр Адамы/

Д- Адамзаттың жаратушыға, табиғаттың тылсым күштеріне табынуы, оларға деген наным-сенім /Дін/

Е-  Ғұндар  арасынан   шыққан  билеуші (Еділ патша)

Ж- Қазақтан   шыққан  пулметші қыз ( Маншүк)

З-  Сиырдың пірі /Зеңгі баба/

И- Елбасымыздың мамандығы /Инжинер- металлург/

Й-  «Әзіреті сұлтан» аталатын құрылыс кімге арнап салынды (Ахмет Йасауи)

К- Қазақтың   саудагер  қаласы / Тараз/

Қ- Төкпе күйдің майталман шебері(Құрманғазы)

Л- Кеңес үкіметінің басшысы (В.И. Ленин)

М- Кеңес Одағының Батыры (М. Мәметова)

Н- Көне иран сөзі, «жаңа күн» дегендібілдіреді (наурыз)

О-Қазақстанның батысындағы кезінде Текелі /Орал/

Ө-Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы /Өскемен/

П-Жоғарғы заң шығарушы орган /Парламент/

Р-1995 жылы «Әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген әйгілі әнші  /Р.Бағланова/

С- Б.з.б. І мыңжылдықтағы қазақстанның тұрғындары (сақтар)

Т- Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел  /Түркия/

У- Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті  /Уыз/

Ұ- Абайдың анасы (Ұлжан)

Ү- Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген /Үркер/

Ф-«Екінші ұстаз» атанған ғұлама  /Фараби/

Х- Парсы деректерінде сақтардың бір тобы қалай аталады (хаумаварга)

Һ- Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден /Халық қаһарманы/

Ц- Астана қаласының бұрынғы атауы /Целиноград/

Ш -1835-1865 жылдарда өмір сүрген  қазақтың көрнекті ғалымы (Ш. Уәлиханов)

Щ- Каспий теңізінің жағасында орналасқан порты қала Ақтаудың 1992 жылға дейінгі атауы (Щевченко)

Ы- ХІХ ғасырда өмір сүрген дәулескер кұйші – қобызшы (Ықылас Дүкенұлы)

І- Сүттен жасалатын тағам (Ірімшік)

Ь-Қазақстанның ең биік тауы /Тянь-Шань/

Э-Халықтардың әдет- ғұрып, салт- дәстүрін зерттейтін ғылым /Этнография/

Ю- Планета (Юпитер)

( жақсы қатысқан көрермендерді марапаттау)

Жүргізуші:

Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін.
Барыс текті жастар, сендер, білемін,
Жалындатып биік шыңда жүрерін,- дей отырып, бүгінгі додадан кім озып шыққанын білу үшін сөз кезегін әділқазы алқасына берелік.

(Марапаттау рәсімі )

-Осымен бүгінгі іс- шарамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты болсын! Қош сау болыңыздар.